Материалдар / Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану — заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану — заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Әрбір ұстаз білім алушыларға қолдан келгенше бар күшін салып білім беруге міндетті. Сапалы білім беру үшін заман талабына сай сабақ жүргізу керек. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2022
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану — заман талабы

Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Әрбір ұстаз білім алушыларға қолдан келгенше бар күшін салып білім беруге міндетті. Сапалы білім беру үшін заман талабына сай сабақ жүргізу керек.

Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:

  • оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;

  • ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;

  • деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Мен _________________________________ пәнінің мұғалімімін. Ұстаздық қызметті атқарып жүргеніме ____ жыл болды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден» балаға дегендей, әрдайым білім беруді жаңартып, жаңа технологияларды игеруден еш жалыққан емеспіз.

Оқушыларға әрдайым бір сарынды сабақ жүргізу білім алушыларды жалықтырады. Сол себепті, балаларды жалықтырмай қызықты әрі сапалы білім беру үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып отыруымыз қажет.

Біздің мектептің ұстаздарын, әсіресе __________ пәнінің мұғалімі мені «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды:

  • кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;

  • оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Сол əдіс-тəсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

  • «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері;

  • сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:

  • Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

  • Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

  • Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

  • Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.

  • Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

  • Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

  • Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.

  • Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Негізгі үш сатының маңыздылығы. Бұл жаңаша оқыту технологиясында барлық стратегиялар үш саты бойынша қолданылады.

І-саты — баланың қызығушылығын ояту — ой шақыру, бұл əрбір сабақта қажет. Сатының мүмкіндіктері: қаралып отырған тақырып немесе проблема бойынша оқушының бар білім қорын қорыту, өзектендіру, оқып отырған тақырыпқа тұрақты қызығушылық тудыра отырып, оқушының оқу іс-əрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін ояту.

ІІ-саты — мағынаны ажырата білу. Бұл жердегі міндеттер мүлде бөлек. Саты оқушыға жаңа ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік береді, мəтінді жан-жақты жəне əр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

ІІІ-саты — ой толғаныс-рефлексия. Мұнда, негізінен, алынған ақпаратты қорыту, жалпы ой елегінен өткізу; оқушыға жаңа ақпарат, жаңа білім беру, оқып отырған материалға əрбір оқушының өзіндік қатынасын қалыптастыру т.б. мəн беріледі.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын және оның әдіс-тәсілдерін сабақ процесігде әрдайым қолданып отырамын. Бұл технология арқылы оқушыларымның белсенділігі артып, сабаққа деген қызығушылығы да оянғанын байқадым.

Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - əр мұғалімнің борышы. Ол өз кəсібін, өз пəнін , барлық шəкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!