Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Білім беру мазмұнын жаңарту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кіріспе
І тарау
Білім беру мазмұнын жаңарту
ІІ тарау
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың мектепішілік біліктілігін арттыру мазмұны мен технологиясын ұйымдастыру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.
Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.
2011 жылы қабылданған "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Қазақстандық ғылымды экономика мен бизнестің мүддесі үшін дамыту "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңындакөрсетілген.
2015 жылы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу, дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі.
Жастардың ерекше мәртебесі және оларды мемлекеттік қолдау жаңа "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген.
Сол арқылы жаңа білім беру стратегиялары мен ғылыми жетістіктерді іске асыру үшін негіз жасалды.
Бағдарлама әлемдік жетекші трендтерді ескере отырып, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары негізінде әзірленді.
Бағдарлама педагогикалық және ғылыми қауымдастықта кеңінен талқыланды. Жұмыс берушілердің, бизнес-қауымдастықтардың және халықаралық сарапшылардың ұсыныстары ескерілді.
І тарау
Білім беру мазмұнын жаңарту
Қазіргі ақпараттар ағыны толастамайтын «XXI ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?» деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Міне осындай заманда мектеп директорлары мектепке батыл түрде өзгеріс енгізуді бастайтын көшбасшысы бола алулары керек. Оқыту мен оқу үрдісіндегі жаңа әдіс тәсілдерді ұжым мүшелері болып іске асыру үшін мектеп директорының иығына артылар жүк те аз емес.
Мектептегі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдермен және де деңгейлік курсты бітіріп келген мұғалімдерімен бірлесе отырып атқарылған жұмыстардың әлсіз тұстарын, жіберген кемшіліктерімізді саралай алдық.
Диалогтік қарым қатынасқа түсудің барысында мектеп мұғалімдерінің өзгеріс енгізуді қолдап, оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісіне қолданудың ықпалы зор екендігін айтты.
Мектеп мұғалімдері орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жасауды үйренді. Оқыту мен оқуда жеті модульді ықпалдастыра отырып, жаңа әдіс –тәсілдерді сабақта қолдануды жүзеге асыра бастады. «МДЖ-1» жоспарын іске асыру кезеңінде өткізілген коучингтерден мұғалімдер осы бағдарлама туралы нақты ұғымдары қалыптасып,кәсіби шеберліктерін арттыра бастады.
Таллис сауалнамасын алу барысында түсінгенім: мұғалімдердің курсқа барып келгендердерінің өзі алған білімдерін өз дәрежесінде пайдалана алмайтындығы және алған білімдерін сабақ үрдісінде, іс-тәжірибе кезіндегі іс-әрекетті зерттеуде, сыныпты қадағалауда, қоғамдастықта қолдануы өз дәрежесінде емес екендігі.
Осыдан шығатын қорытынды мұғалімдерге жетілдірген кәсіби білімін практикамен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған мақсаты мен табысы айқын көрінетін тәлімгерлік пен коучингті жүргізу дағдыларын қалыптастыру керек екенін ұқтым.
Осы сауалнамадағы сұрақтарды алу барысында, мұғалімдердің әлі
де білім беру үрдісінде жаңа әдіс тәсілдерді, оқыту мен оқудағы өзгерістерді сабақ үрдісіне бірден енгізе алмайтындықтарын және де ақпараттық коммуникациялық технологияны аз қолданатындықтарынан кәсіби дамуларына көп көңіл бөлмейтіндіктерін байқадым. Сонымен қатар мұғалімдер үйреніп қалған дәстүрлі сабақ өткізу әдістемесімен жұмыс істеп жүргендерін көре алдым. Мектепті басқару және әкімдеу деген сұраққа кейбір мұғалімдер қажеттілігі орташа деп жауап берсе, оқушылардан кеңес алу қажет емес деген сұраққа да қажеттілігі орташа деп жауап берген мұғалімдерім болды.
Бұдан шығатын қорытынды: Мектептегі оқушы үніне әлі де болса құлақ салмайтынымыз және де оқушылардың қажеттіліктерін толық ескере отырып, зерттеп анықтай алмауымыздан деп ойлаймын. Алдағы уақытта, мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуы үшін табыс критерийлерінің, оқушыларды бағалау әдістемесінің, сыныпты басқару туралы нұсқаулықтың, негізгі пәндер бойынша білім және түсініктерін кеңейте отырып кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруын және де оны сабақ үрдісіне пайдалануын, оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын шешуде психологиялық зерттеу жүргізе отырып,оқытуда АКТ-ны пайдалану дағдыларын қалыптастыруды аса қажет ететіндіктерін көре алдым.
Сыныпты басқару тәжірибесі, сабақ беретін негізгі пәндер бойынша білім мен түсінік, сабақ беретін негізгі пәндерді оқыту тәжірибесі бойынша білім және түсінік,оқыту тәжірибесін жақсартуға бағытталған кәсіби даму жоспары немесе оқу жоспары,білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту тәжірибесі, оқыту тәжірибесінде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл бөлу деген сұрақтарға сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің 40%-ы орташа өзгерді деп жауап берсе, 60%-ы қатты өзгерді деп жауап берген.
Менің бұдан түсінгенім мұғалімдердің оқыту мен оқудағы өзгерістерге бейімделе бастағанын, қазіргі ақпараттар ағыны толастамайтын ХХІ-ші ғасыр оқушыларына білім беруде өзінің үнемі кәсіби білімдерін жетілдіріп отыру қажеттілікке практикамен ұштастыру дағдыға айналу керектігіне көз жеткізе алғандары болды.
Коучингтен ұстаздар оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдерді,АКТ, Диалогтық оқыту туралы, Жеті модуль туралы ақпараттар ала отырып, жаңа идеялармен ой бөлісті.
Қоғамдастық мүшелері ақылдаса келе «Lessоn stady» әдісі арқылы А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеуді қолға алды. Сондай-ақ , жұмыс жоспары жасалды.Тізбектелген үш сабақтың қысқа мерзімді жоспары жасалып , зерттеуге алу үшін А,В,С деңгейдегі оқушылар белгіленді. Зерттеу сабағына қатысқан мұғалімдер балалардың жас ерекшелігі бойынша таңдап алынған әдіс-тәсілдердің қаншалықты тиімді болғандығын, зерттеуге алынған оқушылардың жауаптарын , іс-әрекеттерін саралады. Келесі сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қайсысын қолдану тиімді болатындығын талқылады. Өз білім қорларын жаңа ақпараттармен толықтырды. Мұғалімдер бәріне оңтайлы нәтиже алуға мүмкіндік беретін шығармашыл және жаңашыл шешім іздеу мақсатында басқалармен бірлесіп жұмыс істеудің тиімділігіне көз жеткізді. Мектеп ұжымы қауымдастықта жұмыс істеу арқылы біріне-бірі қолдау көрсете отырып ,өзгеріске қол жеткізуге болатындығын айқын сезді.
Оқушылар тізбектелген сабақтар топтамасы соңында нені біліп шықты ,мұғалім өзі жоспарлаған оқу бағдарламасын оқушы меңгерген,меңгермегенін қалай анықтады,қандай тәсілдермен бағалады, сабаққа барлық оқушылардың қатысқанын қалай білді деген мәселерді анықтау үшін сабақ соңынан балалармен кері байланыс жасадым. «Егер ұстаз осы сабақты қайта өткізсе, қай тапсырмадағы жауаптарыңды өзгертер едің?»,« Мұғалімнің бұрынғы өткізген сабақтары мен қазіргі сабақтарының қайсысы ұнайды?», «Егер мен осы сабаққа қатыспағанда, онда нені көрмей қалар едім?» деген жетекші сұрақтарды пайдалана отырып, балалардың көзқарастарын, ой-пікірлерін тыңдадым. Оқушылардың жаңа әдіс тәсілдерді қолдану арқылы өткізген сабақтарға деген құлшынысын байқадым. Нәтижесінде нысаналы сыныптардағы білім сапасының аз да болса артып келе жатқанын көрдім.
Мұғалімдер жеті модульді сабақта қолданып , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жақсы жұмыс істей білді. Бағалау нәтижелері бойынша жекелеген оқушыларды оқыту үшін тиісті қадамдар жасалады. Оқушының қызығушылығы есепке алынды, келесі сабақты жоспарлағанда оқушы пкірлерін ескеріп отырды. Жаңа әдіс тәсілдерді пайдаланып сабақ беруші мұғалімдер сыныпта қолайлы жағдай жасап ,жағымды орта қалыптастыра алды. Оқушылар білім алуда топтық, жұптық жұмыс істеуді үйренді. Атқарылған жұмыстар негізінде мектептің даму жоспары, коучинг жоспарлары, тәлімгерлік, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар және де жаңа әдіс тәсілдермен өткен іс шаралар жоспарлары жасалды.
Тәжірибелі мұғалімдер мен шығармашылық бағыттағы ұстаздар мектепті дамыту жөніндегі жоспарлауды жүзеге асыра алады. Мұғалімдер алған білімдерін пайдаланумен бірге білімді меңгерту мүмкіндігіне ие болды. Білім беру қоғамдастығының қызметі оқушылардың оқу үлгеріміне қойылатын талаптарын арттырып ,табысты оқудың кілті өзгеріске байланысты екендігін көрсету болды. Жоспар құруда нақты деректер мен өзгерістер ескерілді. Қоғамдастықта бірлескен жұмыстар ынтымақтастықты дамытты, мұғалімдердің бір-бірімен тиімді тәжірибе алмасуларына әсер етті.Бұл бірлескен зерттеулер белгілі мақсатқа жету үшін пайдалы құрал болып табылатындығын тағы да дәлелдеп шықты.
ІІ тарау
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың мектепішілік біліктілігін арттыру мазмұны мен технологиясын ұйымдастыру.
Қазіргі ақпараттар ағыны толастамайтын әлемде күнделікті өзгерістерге төтеп беретіндей жас ұрпақты тәрбиелеуде бүкіл әлем елдері өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Қазіргі кезде мектеп директорлары үшін де, мұғалімдер үшін де өзекті мәселе : « XXI ғасырда нені оқыту керек ?» , « XXI ғасырда мұғалімдер оқушыларды өмір сүруге қалай дайындайды ?» деген сұрақтар төңірегінде болып отыр. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасының мазмұны да осы мәселені шешуге бағытталған.
Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсынан ойыма түйгенім: Деңгейлік бағдарлама курсынан өткен, сертификат алған мұғалімдердің іс тәжірибесін мектеп мұғалімдеріне үйрете отырып, кәсіби білімдері мен біліктіліктерін арттыру барысында болашақта мектептің дамуы үшін қажетті өзгерістер мен соған байланысты дағдыларды қалыптастыру екенін анықтай алдым.
Менің мектептің деректерін қорытындылау барысында көзімнің жеткені мектептің басымдылығына баса назар аудару керек екендігін түсіндім.
Мектепте 1деңгейлік курсты бітірген -1 мұғалім, 3деңгейлік курсты бітірген -2 мұғалім жұмыс істейді. Осы мұғалімдердің көмегімен жұмысты кәсіби қоғамдастық құрудан бастадым. Кәсіби қоғамдастыққа оқу ісінің меңгерушісі, тәрбие ісінің меңгерушісі, психолог, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мен шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қамтылды. Шығармашылық топ мүшелерімен бірлесе отырып Коучинг №1 «Оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа инновациялық технологияларды қолдану – ұстаз шеберлігі» деген тақырыпта жаратылыстану пән бірлестігімен семинар ұйымдастырдым. Бұл семинардың мақсаты мектептегі пән мұғалімдеріне осы деңгейлік курстан үйренген сабақ берудің жаңа әдіс –тәсілдерін пайдалана отырып оқу мен оқытудағы көшбасшылық, бөлінген көшбасшылық, топтық, жұптық жұмыстардың білім сапасын көтеруде, оқушылардың ынтымақтаса отырып жұмыс істеу барысында оқуға, білім алуға ынталарының артқанын көре білдім.
Коучинг №2 де «ОМЖ», «ҚМЖ» жоспарларын қалай жасау керектігі туралы деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер өздерінің жасаған жоспарларын әріптестеріне көрсете отырып үйретті. Орта мерзімді жоспарды жасағаннан кейін тізбектелген сабақтардың жоспарын жасауға болатынын және де осы арқылы сыныптаға оқушы мен мұғалімнің іс – әрекетін зерттеу арқылы қандай өзгерістерге қол жеткізуге болатынын айтып өтті. Осының барысында мектеп мұғалімдері ҚМЖ,ОМЖ жасап үйренуге мүмкіндік ала отырып өз пәндері бойынша сабақ жоспарларын жасауға қолжеткізе алды.
«Тізбектелген сабақтар ұйымдастыру, мұғалімнің оқытудағы тиімділігін қадағалау» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырылды. Осы пікірталас кезінде мектеп мұғалімдері өздерін мазалап жүрген жаңа сабақты ұйымдастырудағы көптеген сұрақтарына жауап таба алды. Пікірталастан кейін тізбектелген сабақтар негізінде жасалған жоспарларын пайдаланып сабақтар өткізе отырып мұғалімдер өз сабақтарындағы өзгерістерді бақылай бастады.
«Мұғалімнің үздіксіз дамуындағы кәсіби құзыреттілік деңгейі» деген тақырыппен мектеп мұғалімдері арасында дөңгелек стол ұйымдастырдым. Дөңгелек стол төмендегі үш сұрақтың маңайында өрбіді.
-
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған білім беру негізі?
-
Құзіреттілік, құзіреттіліктің қандай түрлерімен жұмыс жасауға болады?
-
Жаңа әдіс-тәсілдердің білім сапасын арттырудағы ролі қандай?
Осының барысында мұғалімдер кері байланысқа түсе отырып рефлексиялық баға беруді үйрене бастады.
Коучинг №3-те «7 модуль - тиімді оқыту әдісі» деген тақырыпқа арналды. Жеті модульды сабаққа пайдалану кезінде әрбір модульдың бір-бірімен тығыз байланыста екеніне мұғалімдердің көздері жетті Осы коучингте деңгейлік курстың бірінші бағдарламасын бітірген математика пәнінің мұғалімі мен үшінші деңгейді аяқтаған география пәні мұғалімі және математика пәнінің мұғалімі өткізген сабақтарында көрген, үйренген тәсілдерін, ондағы топтың жұмыстардың, жеке және жұптық жұмыстардың, бөлінген көшбасшылықтың жаңа білімді мегерудегі ұтымды жақтарын көре білгендіктерін кері байланыс арқылы жеткізді. Кәсіби қоғамдастықтағы шығармашылық топтар арқылы барлық пән мұғалімдері ОМЖ,ҚМЖ жасауды меңгере бастағанын бақыладым.
Сапалы білім - құзырлы мұғалім табысы. Мектепте жекелеме сыныптарда мектепішілік бақылауға байланысты барлық пәндерден жазба жұмыстары және тест тапсырмалары алынып, қорытындысы шығарылып, сараптама жасалғаннан кейін білім сапасының біртіндеп көтерілгеніне көз жеткізе бастадым.
Тәжірибедегі оқу мен оқытудағы көшбасшылық арқылы жағымды орта қалыптастыра отырып білім сапасының өзгерісіне бақылау жасай алдық па? (мектептің дамуындағы өзгеріс нәтижесі)деген сұраққа жауап:
Мектепте жүргізілген тәжірибе нәтижесінде оқу мен оқытудағы көшбасшылық арқылы жағымды орта қалыптастыра отырып білім сапасына өзгеріс енгізіле бастады.Тәжірибелі мұғалімдерден құрылған қоғамдастықтың арқасында бөлінген көшбасшылық пайда болды. Мектепте жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кеткен кемшіліктерде кездесті. Атап айтқанда: Мектеп мұғалімдерінің осы үдеріске толық қатыса алмауы болса, екінші жағынан деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің аздығы.Екінші деңгейлік курстан өткен бірде бір мұғалім жоқ. Осының салдарынан сабақ процесін өткізу кезінде LS-ді жүргізгенде көп уақыт қажет ететіндігіне көз жеткіздім. Сыныптағы А,В,С оқушыларды зерттеу үдерісіне ұзақ уақыт кететіндігі белгілі болды. Бағалау кезінде бағалау критерийлерін , жүйесін қалай тиімді құрып пайдалану керектігін ойластырдым. Сондай-ақ,практика кезеңінде өткізілген шаралардың кезінде оқушылардың өздерін және бірін-бірі өте жоғары бағалаулары болды. Коучингтер жүргізу барысында мектептегі мұғалімдерді жұмылдыра отырып деңгейлік курсты бітіріп келген мұғалімдермен бірлесе отырып ұжым мүшелеріне оқушымен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін үйретуде біршама жұмыстар жүргізілді. Үшінші деңгейлік курсты бітіріп келген математика пәнінің мұғалімі 7 модулге негізделген жаңа әдіс - тәсілдердің тиімді жақтарын көрсететін ашық сабақ өткізіп, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.
Мектептегі шығармашыылықпен құрылған өзгеріс тобына тәлімгер етіп бірінші деңгейлік курсты аяқтап сертификатталған математика пәнінің бірінші санатты мұғалімін тағайындадым. Бұл мұғалім және өзінің тәлім алушыларына білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруге көмектесе білді. Сонымен қатар өзінен тәлім алушылардың кәсіби дағдыларын дамытуына, проблемаларды шешу жолдарын табуға бағыт бағдар бере алды. Бірақ коучинг және тәлімгерлік үдерісін жүргізу барысында кездескен кедергілерге қарамастан мен мектептегі мұғалімдердің көзқарастарын өзгерту арқылы мектеп үрдісіне аз да болса, өзгеріс енгізе алдым деп ойлаймын.
Тәжірибе нәтижесінде табысты мектепке жетудің қадамдары жасалды, енгізілген өзгеріс табысты және де жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген мұғалім ХХІ ғасырда өмір сүруге бейімделген табысты оқушыны және көшбасшыларды даярлай алады деп есептеймін.
Осылайша, біздің мектепте де өзгерістер бастама алды...
Қорытынды
Мектептің өзін –өзі бағалауы жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа ала отырып мектептің мықты және әлсіз жақтарын анықтадым.
Мектептің мықты жақтары:
-
Мектептің аудан мектептері арасында алдыңғы қатардан көрінуі (тәрбие саласынан да, оқу саласынан да);
-
Мектеп түлектері жыл сайынғы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балдарының өсуі;
-
Мұғалімдердің өз білімдерін көтеруі мен біліктілік санаттарын жыл сайын көтеруі ( жоғарғы, І және ІІ санаттылар қатарының қосылуы)
-
Әр түрлі педагогикалық сайыстар мен конкурстарға, педагогикалық оқуларға , конференцияларға, сырттай өтетін қашықтық интернет олимпиадаларға және пәндік олимпиадаларға оқушы дайындауы және т.б;
Мектеп туралы жинақталған жалпы деректер бойынша шыққан проблемаға қарай отырып, себептерін анықтау барысында мектебімнің әлсіз жақтарын сараладым.
Мектептің әлсіз тұстары:
1. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдері бойынша мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіруді әлі де қажет етеді;
2. Оқушыларды бағалаудың дәстүрлі жүйесіне енгізілген өзгеріс жеткіліксіз.
3. Деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдердің тәжірибесінен үйрену жұмыстары бойынша нақты құрылған жоспар жетілдіруді қажет етеді.
4. Мектептің оқу- тәрбие саласында , оқытудың әдістемелік жұмыстары арасындағы жұмыстардың бір-бірімен байланысы аздық етеді.
5. Ата-аналар мен сыртқы ортаны мектеп проблемасын шешуге араластыру жұмыстарының жеткіліксіздігі;
6. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер арасында кері байланыстың жеткіліксіздігі;
7. Мектептегі жас педагогогтарды оқу мен оқытудағы жаңаша әдіс -тәсілдерге үйрету жұмыстары жеткіліксіздігі;
8. «Оқушы үні» ескерілмей, жаңашылдық жұмыстардың қолға толық алынбауы;
Осы әлсіздіктерді жою мақсатында алдыма міндеттер қойдым. Мектеп туралы деректерді мектепті жақсарту жөніндегі әріптестеріммен талқылау осы жұмыстағы басымдықтарды анықтауға көмектесті.
Мектептің басымдықтарын анықтап, табыс критерийлерін болжағаннан кейін 2-кезеңде іс-шараларды жоспарлау және үдерісті басқаруды қолға алдым.Мектепті дамытудың жоспары әзірленіп, жоспарларды жүзеге асырудың іс- шаралары жасалды.
Бірінші кезең:
Мектепті дамыту жоспарының басымдықтары :
-
Мұғалімдердің топтық,жұптық жұмысты ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;
2. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру;
3. Бағалауды дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және осы жөнінде мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін мектеп аясында жетілдіру:
4. Оқыту мен оқудағы жаңаша әдіс- тәсілдері арқылы оқушыларының оқуға деген қызығушылығын ояту;
5. Жеке тұлғаның сыни ойлау көзқарасын қалыптастыра отырып, «мен» деген толыққанды пікірін жетілдіру;
6. Бірлескен жұмыстар арқылы « Ата-ана – оқушы – мектеп» үштік одақ ынтымықтастығын нығайту;
7. Мұғалімдер пәндері бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді сабақ жоспарларын топпен жұмыс жасауға бағыттап жаңаша жасау.
8. Оқушылардың өз беттерімен білім алуына толық жағдай жасау;
9. Сындарлы оқыту және АКТ-ны қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін бірлескен іс-әрекеттер арқылы жетілдіру;
Екінші кезең:
Басымдықты негізге ала отырып төмендегідей шаралар қабылданды:
-
«Ата-ана – оқушы – мектеп» қоғамдастығын нығайту барысында жүргізілген күнделікті жұмыс барысында қажеттіліктер мен басымдықтарды басшылыққа алу;
-
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерді игеру бойынша мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін мектеп аясында шыңдау;
-
Сындарлы оқытуға негіздеу арқылы оқытуды жақсарту;
-
Сындарлы оқыту және оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технолгияларды қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін бірлескен іс әрекеттер арқылы жетілдіру;
-
Мектепте жүргізілетін коучинг сабақтардың жүргізілу сапасын арттыру және оның нәтижесін көру жұмыстарын ұйымдастыру;
-
« Ата-ана - оқушы –мектеп» үштік одақ ынтымықтастығын нығайту;
-
Мұғалімдердің кәсіби даму жұмыс нәтижесін анықтайтын крийтерилер әзірлеу,рейтингілік жүйеге енгізу;
-
Тәлімгерлер мен тәлімалушылардың бірлескен іс -әрекеттерінің кәсіби дамуға ықпал еткенін мектеп ұжымы алдында жариялап отыру;
-
Жас мұғалімдер мен еңбек жолын жаңадан бастаған мұғалімдерге қолдау көрсету, олардың ішкі мүмкіндігін ашу жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Әдістемелік бірлестік мүшелерінің өзгеріске бетбұрысына диаграммалық мониторинг жасау;
Іскеасыружәне мониторинг
-
Іске асыру
Негізгі проблема:
-
өзгеріс не үшін қажет?
-
Нені өзгертеміз?
-
Өзгерісті қалай енгіземіз?(ҚР жалпы ББҰ басшылары курс бағдарламасы)
Мектепті дамытуды іске асыруда негізгі төрт мақсат бойынша нақты жұмыстар жүйеленді.
Мұнда:
1.Оқыту мен оқуға жетекшілік ету;
2.Өзімің дамуым және басқаларды дамытуым;
3.Жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету;
4.Жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту;
Бұл аталған төрт мақсатты орындау үшін мектепте «бөлінген көшбасшылар» және шығармашылық топтың көмегімен іске асыру қолға алынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
2011 жылы қабылданған "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
-
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
-
"100 нақты қадам" Ұлт жоспары
-
ҚР жалпы ББҰ басшылары курс бағдарламасы
«Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баяндама тақырыбы:
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың мектепішілік біліктілігін арттыру мазмұны мен технологиясын ұйымдастыру
Баяндамашы: Қабдолова Ж
2017-2018 оқу жылы
Құмкөл ауылы