Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“ А. Байтұрсынов Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Мұғалімдер қауымы үшін білім беру ісінде нәтижелікпен сапалы білім беру маңызды болып саналады. Ал нәтижеге қол жеткізуде бағалау нақты, шынайы, сенімді, ынталандырушы сипатта болғаны абзал. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды қолдану тақырыбында жалпы критериалды бағалауға тоқталғым келіп тұр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында  критериалды бағалауды қолдану


"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“ А. Байтұрсынов
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Мұғалімдер қауымы үшін білім беру ісінде нәтижелікпен сапалы білім беру маңызды болып саналады. Ал нәтижеге қол жеткізуде бағалау нақты, шынайы, сенімді, ынталандырушы сипатта болғаны абзал. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды қолдану тақырыбында жалпы критериалды бағалауға тоқталғым келіп тұр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерініңнегізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
–– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
–– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
–– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
–– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы
ақпараттар ұсыну.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; 
Анық, айқындылығы; 
Бағаның әділдігі; 
Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді.
Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;
Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;
Білім берудің сапасы артады.
Критериалды бағалаудың маңыздылығы ,ол үш жақты болмақ:Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
Сабақ берудің сапасын арттыруға;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Әдебиеттер тізімі:
1.Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалаудыжоспарлау және ұйымдастыру 2017 ж
2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Астана 2016
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым) Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
4. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық Астана 2016 ж

Түркістан облысы Түркістан қаласының

Ш. Ниязов атындағы жалпы білім беретін

мектептің тарих пән мұғалімі Муратова Гулмира



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2024
227
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі