«Білім беру мазмұнын
жаңарту жағдайында оқудың
құзырлылық тәсілдерін
тиімді пайдалану мен мүмкіндіктері»
Бүгінгі Қазақстанның басты
мақсаты – әлем елдерімен терезесі тең
қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз
мемлекет атану. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену
үшін заман талабына сай білім қажет, яғни басты
құндылық-білім. Қазақстанның білім беру мен
ғылымның болашағы әлемдік үрдістермен
үндеседі. Педагогикалық мағынада – білім
беру өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға,
адамгершілік, рухани азаматтық талғам жасауға және осы талғам үшін
жауапкершілікке, қазіргі әлем ұлттық ұқсастығын және жаһандық
проблемаларын мойындауға, өз кәсібін және өзінің тиісті қызметін
өзі анықтауға үйрету. Өйткені, мұның бәрі өзгермелі өмірде өзінің
орнын табуға және елдің өркендеуі мақсатында болатыны
сөзсіз.
Қазіргі білім
беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге
қабілетті маман дайындау. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Біз негізін іргелі зерттеулер құрайтын
сапалы білім мен озық ғылым арқылы ғана елімізді жаңартып, ХХI
ғасырдың күрделі мәселелерін шеше алатынымызға кәміл сенеміз» деп
атап көрсетті. Білімнің дамуы қоғамдағы
сұранысқа тәуелді. Ал біліми кемелдену өз кезегінде ғылымның
көкжиегін кеңейтеді. Егемен елімізде білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге
бағыт алды.
Қазақстан Президенті орта
білім саласында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі
негізінде жаңартылған білім беру үдерісіне кешкен жөн екендігіне
назар аударған болатын . Жаңартылған оқу бағдарламасының жаңа
стандарттары құрылып,бағдарламалар жасалды.1-сынып мұғалімдері
жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша арнайы курстерден өтіп, биылғы
2016-2017 оқу жылында барлық қазақстандық мектептердің 1-сыныбы осы
жаңа білім беру жүйесіне көшіп отыр.
Жаңартылған білім беру
жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныста
оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді,
ізденімпаз, барлық әс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол
тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға қалыптастырудың мәні
зор. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды
етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қоса
алады. «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы
білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін , жаңа
формацияның педагогы қажет» деген болатын
Н.Ә.Назарбаев.
Білімі мен тәрбиесіне, талабы
мен ақылына, мақсат-мұратына, имандылығы мен адамгершілігіне, бір
сөзбен айтқанда, бойындағы ең асыл қасиеттеріне қызығушылық таныту,
оларға бағыт-бағдар сілтеу, қолдан келсе көмекті аямау –ұстаздар
қауымының ең басты мақсаты мен міндеті болып
табылады.Білімнің сапалы да саналы
түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты. .
Бәсекеге қабілетті тұлға
дайындау – мамандықтарды игерту ғана болса үшін адамның құзырлылық
қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің
бірі. ғалым К.Құдайбергенова
«Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын
, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында
қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса,
құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық
критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу
қажет» деп жазса Мұғалім балаға белгілі бір
білім берумен қатар, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған
ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап,
талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу
мәдениетіне үйретеді. Балалардың қабілетін кеңінен
өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі
әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Қазіргі мұғалім педагогикалық
үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын, педагогикалық өзгерістерге тез
төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушымен ортақ тіл
табыса алатын, білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Демек бастауыш
мектептің жаңа жүйеге көшуі әрбір ұстаздан жаңаша жұмыс істеуді
қажет етеді, батыл шығармашылық ізденісті талап етеді. Сонымен
қатар оқыту тәсілдері де өзгерді. Оқытудың әртүрлі
технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазақстан Республикасы «Білім
туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің
бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу» деп атап көрсеткен. Қазақстан үшін білім мазмұнын жаһандану
мен ақпараттық өркениеттің талаптарына лайықтап, жаңа педагогикалық
технология мен инновациялық қызметтің әлемдік деңгейін қамтамасыз
ете отырып, оны қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарымен
үйлестіре отырып тәрбиелеу керек. Жаңа педагогикалық технологияның
ерекшелігі – өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту.
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен
жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы , орындаушы
болса, қазіргі кезде оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға
екендігіне ерекше мән беру керек.Оқу процесінде мұғалім
бағыт-бағдар беруші болып табылады. Қазіргі оқушының дүниетаным
қабілеті жоғары, дарынды, өнертапқыш, ізденімпаз, талапты, өз
алдына мақсат қоя білетін болуы керек.
Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын арттыру басты
назарда. Функционалдық
сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған
білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу
процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі
құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып
табылады.
Орта білім беру жүйесінде
әлемдік жоғары деңгейге жеткізген анағұрлым танымал оқыту
әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл
кең тараған оқытудағы Кембридж тәсілдерін меңгеру мақсатында
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру үшін деңгейлік курстары кеңінен орын алуда. Бұл деңгей
бағдарламасы зерделеу мен меңгеруге көмектесетін негізгі материал.
Жеті модуль, Блум таксоманиясы, бағалау критериилері,т.б. ұғымдар
күнделікті сабақтарда кеңінен қолданылады.
«Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлау» бағдарламасы менің бастауыш буындағы
педагогикалық тәжірибемде кеңінен қолданатын жаңа технологиялардың
бірі. Бұл- зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы
өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. Бұл бағдарламаның
мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының
кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір,
ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім
деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға
жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау шыңдалған, бірін – бірі толықтырған
ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім
деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай –
қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.Сын тұрғысынан
ойлау баланы еркін ойлауға мүмкіндік береді, оқу мен жазуға
сауаттылығы артады, ақыл-ойы дамиды, баланың шығармашылық
белсенділігі артады.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу
барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін
дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан
ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі
кезеңінде қолдануға болатыны тәжірибеден көрінеді. Әр оқушыда өзін
– өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған
сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету
болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде
жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша
шыңдауға мүмкіндік туады. Қазіргі оқушының сабаққа қызығушылығы
артады, нақты өз деңгейінде бағаланады. Сын тұрғысынан ойлау
технологияларын пайдалану нәтижесінде тұлғаның жеке қабілеті
айқындалады. Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді, өз пікірін
ашық білдіреді, эссе жазуға үйренеді.
Қорыта келгенде, қазіргі
заманда білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуы - бұл білім беру саласындағы Мәңгілік
Елдің басты құндылығы. Жаңа білім беру жүйесінде педагогикалық
технологиялардың маңызы зор екен ұғындырады. Келер ұрпаққа қоғам
талабына сай білім бере отырып, құзіретті, бәсекеге
қабілетті,жаңашыл, креативті тұлға тәрбиелеп
өсірейік.