Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы бағалау саясаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы бағалау саясаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің жариялап отырған мақалам осы жаңа бағдарламамен жұмыс істейтін мұғалімдерге көмегі болады деп ойлаймын. Осы жаңартылған бағдарлама бойынша бағалау үрдісіне өзгеріс енгізу - мұғалімнің міндеті.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы

бағалау саясаты


12 жылдық білім беруге көшу мектептегі оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін қайта қарастырып, өзгеріс енгізілуде. Қолданыстағы бағалаудың 5 балдық жүйесі оқушылардың оқу жетістіктерін, олардың даярлық деңгейлерін толық қамти алмайды. Қазір көптеген мектептерде (1-сыныптан басқа) бес балдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы»), 5 («өте жақсы»). 5 балдық жүйенің орнына іс жүзінде 4 балдық жүйе қолданылады, себебі «бір» бағасы іс жүзінде қолданылмайды.

Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады, мұғалім сабақтағы жалғыз бағалаушы. Бес ұпайлық бағалау шкаласы - басқа да дәлдігі жетіспейтін нормативтік бағалау құралы, бүгінгі күні сабақтағы бағалау үрдісіне өзгеріс енгізу - мұғалімнің міндеті. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әкімшілік) бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі тиіс. Бағалау үрдісі оқушылар жетістігі үшін негізгі элемент болады: пәннің мазмұнын түсіну, білім алу, дағдыларды жетілдіру, жауапкершілік пен оқыту қызметіндегі тәсілдерді қалыптастыру.

Бағалау саясаты оқу үрдісінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Бұл ғылыми ұғым. Оқушы көзқарасымен бағалау - сабаққа оқушының ынтасын оятатын немесе қызығушылығын жоятын құрал. Дәстүрлі білім беруде пән мұғалімі жалғыз өзі сыныптағы оқушылардың жауабын бағалап келді. Оқушы жақсы оқыса, жақсы бағасын алады, мұнда көбіне механикалық есте сақтау арқылы айтылған жауаптары бағаланады. Бірақ түсінуі, білімді қолдана алуы сияқты тағы да басқа дағдылары ескерілмей қалып жатқан кездер де болды.

Бұрын не үшін бағалады? Баға үй тапсырмасы үшін немесе бақылау жұмыстары, тақырыптық тексерулер, тест жұмыстары, фронтальды сұрақтар қою т.б кезінде қойылды. Суммативті бағалаудың да маңызы бар: мұғалім жұмысының тиімділігін көрсетеді, оқушының қандай деңгейде тұрғанын анықтауға мүмкіндік береді. Ал, кемшілігі оқуды бағалау үшін жүргізіледі, оқушы мотивациясын азайтады, қателікті түзету үшін ақпарат бермейді. Оқушы жұмысын бағалауда ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын барлық тұстарды бағалауды талап етеді. Жиынтық (суммативті) бағалауды сапалы жасау мұғалімдердің жоғары шеберлігін талап етеді, мұғалімдердің формативті бағалауы жиынтық бағалау талаптарымен бұрмаланбауы керек, ал бұл өте күрделі мәселе. Мұғалімдердің көбі қалыптастырушы бағалаудың ынталандыру әрекетін көрсеткенмен, стратегияларын нақты көрсетпейді. Бағдаршам, бас бармақ, шапалақ, смайликтерді қолдану оқушыларды ынталандырады, дегенмен оқушы жұмысын түзету, жетілдіру үшін бұл әдістер маңызды ақпарат, тиімді кері байланыс беру жағынан керемет емес. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Плюс, минус, керемет», «жарық жұлдыз», «Колб циклы» т.б стратегияларын қолдану кезінде оқушылар қалай үйрену керек екендігін үйренеді, өзара және өзін-өзі бағалау, жетілдіру жолдарын түсіне білуді дамыту жақсы жүреді.

Жаңартылған білім мазмұнында бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін, ептілігін және дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

Критериалды бағалау бойынша мысалы формативті бағалауға тапсырма жасаған кезде оқу мақсаты /сабақтың мақсатындағы етістікті Блум таксономиясының қай сатысы екенін анықтап алу қажет. Яғни, ойлау дағдыларының деңгейін сәйкестендіреміз. Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады. Оқу мақсаты - дегеніміз оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.

Берілетін тапсырма Блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт. Қолдану болса тапсырмада одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді. Блум таксономиясы оқыту нәтижелерін жазу үшін жиі қолданылады, ол дайын құрылыммен және етістіктер тізімімен қамтамасыз етеді. Етістіктерді дұрыс қолдану – оқыту нәтижелерін ойдағыдай жазып шығудың кілті. Бағалау критерийі де оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар беріледі, яғни критерийді қадам бойынша ашамыз. Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі