Материалдар / БІЛІМ БЕРУ МЕН БІЛІМ АЛУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БІЛІМ БЕРУ МЕН БІЛІМ АЛУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз.Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етілуде. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет . Осы тұрғыда жалпы білім беретін мектептегі география пәнінің оқу мазмұны оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін арттыру мақсатында сабақтарды жаңа технологиялар мен әдіс- тәсілдерімен көрініс беруі тиіс. Сондайақ педагогикалық технологиялардың бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
760
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БІЛІМ БЕРУ МЕН БІЛІМ АЛУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР


Қарағанды облысы білім басқармасының « №3«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ

География пәні мұғалімі Жандильдинова Б. А.



«Он түрлі пәнді бір қырынан
оқытқаннан гөрі,бір пәнді он
қырынан танытып оқытқан

әлдеқайдатиімдірек»

А.Дистервег

Мектептің жаны – мұғалім. Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз.Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етілуде. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет . Осы тұрғыда жалпы білім беретін мектептегі география пәнінің оқу мазмұны оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін арттыру мақсатында сабақтарды жаңа технологиялар мен әдіс- тәсілдерімен көрініс беруі тиіс. Сондайақ педагогикалық технологиялардың бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.« Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.География сабағында «Еуразия материгінің географиялық орны» тақырыбын өткенде « Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» модульдерін пайдаландым. Мерсердің (2005) еңбегінде балалардың өзара қарым- қатынасқа түсуі оқуда маңызды әрекеттердің бірі болып саналатындығы айтылған. Сол себептен АВС, яғни, сұрақ қою арқылысұхбаттасу тәсілін пайдаландым.Мен география сабағында сынып оқушыларын критериалды бағалау жүйесінің түрін қолдандым. Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа қатыспайтын оқушылырымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, нақты екі үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынды.Қойылған сұрақтар төңірегінде жеке, жұппен,топпен ақылдаса отырып, өз ойларын сындарлы түрде ортаға салады.

Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әрбір жаңа сабақты оқытуда тек бір «A» критериін алуға да болады. Өткен сабақтарды қайталауда «B» критериін алуға болады. Тарауды қорытындылағанда «C» критериімен бағалау тиімді.Мен 7 сыныптарда география сабағында бұл әдісті былай қолдандым. «Еурази» материгінің географиялық орны тақырыбын өткен кезімде оқушыларды қима қағаздар арқылы топқа бөле отырып, олардың әрқайсысына тапсырма берілді, сол тапсырманың орындалу барысына қарай мынай дескриптор құрылады

1. топ. Гималай

ЕShape1 уразия қандай материк?

Shape2

Еуразияның шеткі нүктелері



Shape3 Shape4

Shape5

1 топ «Гималай»

Критерий

Балл

Дескриптор

«В»

Топпен жұмыс

«Гималай»

Еуразия материгі ? сызбасын толтыру

0

Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.


3

Тапсырманы орындады,топтың кейбір мүшелері толық қатыспады. Мәлімет аз.

5

Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері ойларын толық жеткізген. Мәлімет жеткілікті.



  1. топ «Памир»

Суреттермен жұмыс, Гималай таулары туралы не білеміз? Сарқырамалары.

Критерий

Балл

Дескриптор


«В» Топпен жұмыс«Памир»Суреттер сыры - картаменжұмыс

0

Тапсырманы орындамады. Топтың барлық мүшелері жұмыс істемеді.


3

Тапсырманы толық орындамады, топтың барлық мүшелері толық қатыспады.

5

Тапсырманы жақсы орындаған. Памир тауы туралы біледі. Топтың барлық мүшелері қатысты.



  1. топ «Тянь-Шань»

таулар тақырыбына эссе жазу

Критерий

Балл

Дескриптор

«В»

Топпен жұмыс

«Гималай»

«Памир» тақырыбына эссе жазу.


0

Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.


3

Тапсырманы орындады, топ бірге жұмыс істемеді, эсседегі ой қорытындыланбаған.



5

Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері белсене қатысты. Ойларын толық жеткізе алған.



4 топ «Амур»

«Еуразия» сөзжұмбақ шешілді.

Критерий

Балл

Дескриптор

«В»

Топпен жұмыс

« Амур»

«Еуразия» сөзжұмбақ шешу


0

Тапсырманы орындамады.


3

Тапсырманы орындады, кейбір сөздердің мағынасы жоқ. Топтың мүшелері толық қатыспады

5

Тапсырманы жақсы орындаған. Топ мүшелері толық қатысты.



7. Болмасаң да ұқсап бақ

Тапсырма : Сандар сөйлейді, сандарға қарап қай тау екенін анықтап, сипаттап беру.

Критерий

Балл

Дескриптор



Сабақтың соңында ББҮ кестесін толтырайық. (INSERT) картасы беріледі

Білемін

Нені білдім?

Білгім келеді






Топтарды сабақтың барысына қарай мынадай бағалау парағы арқылы қорытынды баға қоя аламыз

Тапсырмалар



Топтардың аты

Сұрақ - жауап жүргізу


Суреттер сыры

Венн диограммасы

Топпен жұмыс

Сандар сөйлейді

Жалпы балы

Қорытынды

Гималай








Памир








Тянь-Шань








Амур









Әр сабақта рефлексия ретінде «Екі жұлдыз бір тілек» стикерлерге өздерінің тілектері немесе ой толғаныстарын жазып іле алады.

Ұйымдастыру кезеңінде сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Тақтада сабақты бағалау критерийлері ілінеді. Жоғары - схемадағы әр тапсырмадан соң бағалау жүргізіліп отырады. Сабақ жоспарымен таныстырылып өтіледі. Негізгі бөлімінде екеуара жұмыста бір – бірін үйге берілген тапсырманы тексереді. Әрбір орындалған жұмысқа ұпай сандары қойылып отырады. Қазіргі жаңашыл ұстаз жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.

Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолданамын.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. ҚР Президентінің "Қазақстан - 2050" стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр" атты Қазақстан халқына Жолдауы

2. Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық –сараптамалық журнал «12-жылдық білім беру» №12(96) 2010 ж. 62 б. Ибраева Г. «Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы инновациялық технологиялар», №6(90) 2010 ж. 78 б. Ә.М. Садуақасова «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану және өз ойын жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру», №10(94) 2010ж. 75 б. Құлмұханбетова Х.С. «Қазіргі кезеңде білім берудің тәрбие мәселелерінің өзектілігі»

3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №11(59) 2011 ж. Ж.К.Женебаева «Жоба технологиясын оқу процесінде қолдану», №1(73) 2013 ж. Р.С.Қали «Жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы жөнінде», №11 (47) 2010 ж. И.А.Бурдина «Оқытудың тиімділігін арттыру құралы тұрғысындағы денсаулықты сақтаушы технологиялар»,




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!