Баяндама: «Білім беру
процесінде сыни ойлауды дамыту технологияларын
пайдалану»
ХХІ ғасыр мектептерінде
оқушылардың шығармашылық белсенділік-терін дамыту үшін көптеген
мүмкіндіктер бар.
Мұғалім оқушыны қызықтыра
білсе, оқушы да өз алдына мақсат қоя
біледі.
Сыни ойлауды дамыту
технологиясы – ерекше технологиялардың бірі. Әлемнің
түкпір-түкпіріндегі мектептерде бұл жобаны пайдалану білім беру
процесінде елеулі өзгерістер болып, оқушылардың пәнге деген
қызығушы-лықтары арта түскендігі
дәледенген.
Сын тұрғысынан ойлау ұғымы –
белгілі бір идеяларды қабылдай оты-рып, оның неге қатысты екенін
зерттеу, оларды жеңіл ойларға қарсы қоя білу, сол идеяларға қарсы
көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау.
Сыни ойлау – идеяларды жинақтап, оларды қайта ой елегі-нен өткізу
және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық
үрдіс.
Сыни ойлауды дамыту
технологиясы оқушылардың тәуелсіз ойлауына, ой қорытуына, өз
бетімен ізденуіне ықпал етеді. Өз білімдері мен жаңа білімдерін
ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт
беріледі.
Сыни тұрғыдан ойлаудың
стратегиялары өте көп. Ол іс-ірекеттер оқушы-ларға еркін ойлауға
мүмкіндік береді, ақыл-ойын дамытады. Ұжымдық, топ-тық, жеке іс
әрекетке тәрбиелейді. Тіл байлығы жетіледі, жан-жақты ізденеді, өз
ойын жеткізеді.
Тақырыпты қаншалықты түсініп,
меңгергенін анықтау үшін оқушы «Өзін-өзі бағалау», «Бірін-бірі
бағалау» әдістері арқылы өздерінің қателерін анықтап, жіберген
қателерін жоюға тырысады. Үздіксіз жүргізілген жұмыс-тар
нәтижесінде оқушылар оқу мен жазуға шынымен сыни тұрғыдан қарай
білуге дағдыланып, қалыптасады.
Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін
сабақтың әр кезеңінде пайдаланып оты-рамын. Класта психологиялық
ахуал орнату арқылы оқушылардың қызығу-шылығын ояту мақсатында
әртүрлі фигураларды ұсынып, өздері таңдап алған фигуралар туралы
түсінік беріледі. Осы фигуралар арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді.
Топтық ереже құруда оқушыларға ұйымшылдық, тәртіп сақтау, әдепті
болу, үнемі жетістікке ұмтылу, уақытты тиімді пайдалану, топ
мүшелерімен тату болып, бірлесіп шешім қабылдау, берілген
тапсырмаларды сапалы орындау керектігі туралы ережелер алғашқы
сабақта түсіндірілді, үнемі осы технологияны қолдану барысында
кейіннен оқушылар өздігінен орындайтын болды. Қазақ тілі мен
әдебиеті сабақтарында СТО жобасының «Венн диаграммасы»,
«Топтастыру», «РАФТ», «Ой толғау», «ББҮ»,
«Автор
орындығы», «Т кестесі», «Жуан,
жіңішке сұрақтар» стратегияларын тиімді пайдаланып
отырамын.
Осы модельдермен жұмыс
барысында оқушыладың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды меңгерту
мақсатында 6-класта қазақ әдебиеті пәнінен
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе»
романынан алынған «Бала Тұрар» атты үзіндіні оқытқан сабағыма
тоқталайын. «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Ой толғаныс»
стратегияларын тиімді пайдалану арқылы оқушыларға өз пікірлерін
бүкпесіз жеткізуге көмектестім.
Мысалы: «Венн диаграммасы»
арқылы Серіков Жанқылыш атты оқушы «Бала Тұрар» мен «Дана Тұрардың»
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын былай суреттеді. Бала Тұрар:
«Әкесін жақсы көреді, өмірдегі әділетсіздік-терді сезеді, бірақ
күресуге дәрмені жоқ. Аңғал, сенгіш, жасқаншақ, зерек, алғыр». Дана
Тұрар: «Қоғам қайраткері, азаттық үшін күресті. Қазақ халқы-ның
болашағына алаңдаған азамат»,- деп салыстыра отырып, оның білімге
құштар, әкесін жанындай жақсы көретін, құрметтейтін, әкесін мақтан
тұтатын, туған халқын, елін сүйетін азамат екенін ортақ қасиетіне
жазды.
Қорытынды бөлімінде оқушылар
Шерхан Мұртазаға хат жазу арқылы «Ой толғаныстарын»
білдірді.
Асыланбек Абилкаировтың
хатынан үзінді: «Ассалаумағалейкум, Шерхан аға! Сіздің «Қызыл жебе»
романыңыздан алынған «Бала Тұрар» атты үзіндіні оқып шықтым. Осы
шығарманы оқу арқылы мен қоғам қайраткері, ақылды, білімді, елін
сүйетін Тұрар Рысқұлов туралы білдім. Өмірдегі кездесетін
қиындықтарға төзе білген, күресе білген азаматты таныдым. Осы ұлы
тұлға туралы терең зерттеп, роман жазғаныңыз үшін рахмет! Сізге зор
денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!»
Гүлім Тлебалдиева: «Есен-сау
шығарсыз, Шерхан ата! Сіз өте талантты жазушысыз. Сіздің Тұрар
Рысқұлов өмірін сомдаған «Бала Тұрар» үзіндіңіз-ді оқып, Тұрар
туралы көп мағлұмат алдым. Шығарма басында Тұрар жас-қаншақ, әскери
киім киген адамнан қорқып, оларға үрке қарайтын бала болса, соңында
білімді, талантты, ел басқарған тұлға ретінде
танылды.
Сіз ұлысыз! Тек ұлы адамдар
ғана осындай туындыларды дүниеге әкеледі. Тұрар Рысқұлов та, сіз де
мәңгі жасайсыздар! Мен «Қызыл жебе» романы-ның толық нұсқасын оқуға
кірістім»,- деп хатын аяқтаған.
9-класта қазақ әдебиеті
пәнінен «Айтыс» тақырыбын СТО жобасының «Венн диаграммасы», «Бес
жолды өлең», «ББҮ» стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың
шығармашылықпен жұмыстанып, өз пікірлерін анық, еркін айтуына,
топпен, жеке жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, бір-бірінің пікірімен
санасып, тыңдау арқылы білімді терең игертуге
тырыстым.
«Венн диаграммасы» арқылы
Дәурен Ғұмаров «Бұрынғы айтыс» пен «Осы күнгі айтысты» былай
салыстырды. Бұрынғы айтыс: «Айтыскер ақындар ру атынан додаға
түсті, ақындар бір –бірін іздеп барып айтысты, айтыс өнері
кез-келген жерде өтті, ақындар бір-бірін басып тастап, үркітіп,
шамына тиеді, төрелік айтушы – қалың ел». Осы күнгі айтыс:
«Айтыскер ақын аудан, облыс, республика атынан қатысады, қай
уақытта, қандай тақы-рыпта болатыны, кіммен айтысатыны алдын-ала
белгілі болады, демеушілер болады, сыйлық тағайындалады. Үлкен
сахнада өтеді, төрелік айтушы – қазылар»,- десе, ортақ қасиетін
өнер, тыңдаушы, қолдаушы халық деп
көр-сетті.
Айсана Дарипованың орындаған
«Бес жолды өлеңі»
-
Айтыскер.
-
Дарынды,
суырыпсалма.
-
Шырқайды, шығарады,
шарықтайды.
-
Айтыскер сөзге шешен
болады.
-
Ақын.
8-класта қазақ әдебиеті
пәнінен М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін оқыту барысында СТО
жобасының «Топтастыру», «Т кестесі», «Бес жолды өлең», «Жуан және
жіңішке сұрақтар» стратегияларын тиімді пайдалану арқылы өлеңнің
мазмұнын ашып, шығармашылыққа, өз бетімен жұмыста-нуға, ойларын
жүйелі айтуға баулыдым.
Фарида Мұхамбетжанова «Т
кестесі» арқылы «Көне Тұран» мен «Жаңа Түркістанды» былай
суреттеді. «Көне Тұран»: Алаш жері, тарихы мол, ерлері ақылды, ер
түрік туып – өсті, Яссы деп аталды. «Жаңа Түркістан»: Тамаша,
көрікті, киелі, рухани орын, мәдени орталық деп
суреттеді.
«Жуан және жіңішке сұрақтар»
стратегиясында Гүлзат Сағынованың дайындаған ойлы сұрақтары:
Тұранда қандай ұлы тұлғалар мекендеді? Не себепті қала Яссы атанды?
Қай ханның тұсында қаланың аты Түркістан
атанды?
Оқушылардың сабақ үстінде
жасаған жұмыстарын қорғауда бір-біріне пікір алмасу, сын айту,
талдап –түсіндіру және олардың бойынан бұрын байқалмай жүрген
ерекшеліктерді көруге мүмкіншілік болды.
Топтық жұмысқа бейімделіп,
оқушылар белсенділік танытып, уақытты тиімді падалана
алды.
Оқушылардың қазақ тілі мен
әдебиеті пәніне деген қызығушылықтары артып, өз ойларын еркін
жеткізуге тырысып, ынталана бастады.
СТО жобасын қолдану оқушыларды
шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді. Оқушының танымдық
белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға
қалыптастырады.
СТО жобасын сабақта
қолданғанға дейінгі және қолданғаннан кейінгі кезең аралығын
салыстыра отырып, СТО жобасын қолданғаннан кейін оқушылардың оқуға
деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттер мен
құндылықтардың қалыптасқандығын, жаңа ақпаратты қабылдау, түсіну,
бірін-бірі сыйлауды үйренгендін байқадым.
Батыс Қазақстан
облысы
Орал
қаласы
А.Байтұрсынов атындағы №10
ЖОББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
Отаргалиева Камарслу
Серикболатовна