Материалдар / Білім беру үдерісінде смарт-технологияларды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру үдерісінде смарт-технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала.Білім беру үдерісінде смарт-технологияларды пайдалану.Қазақстанда смарт-білім беру парадигмасын ілгерілету идеясы өзектендіріледі. Смарт-білім беруді енгізу смарт-технологияларды пайдалануға негізделеді. Оларды тиімді қолдану оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыруға, жеке білім беру траекторияларын құруға, білім алушылардың тәуелсіздігін, қызығушылығы мен ынтасын дамытуға ықпал етеді. Қазақстандық білім берудің тиімділігін арттыру үшін смарт-білім берудің мәнін, сондай-ақ білім беру үдерісіне смарт-технологияларды енгізу перспективаларын зерделеу орынды болып көрінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
811
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру үдерісінде смарт-технологияларды пайдалану


Ақмола облысы, Степногорск қаласы,Байқоныс ауылы

«Байқоныс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Тансыкбаева Акбота Кыдырбековна

tansykbaeva_akbota91@mail.ru


Аннотация.Мақалада Қазақстанда смарт-білім беру парадигмасын ілгерілету идеясы өзектендіріледі. Смарт-білім беруді енгізу смарт-технологияларды пайдалануға негізделеді. Оларды тиімді қолдану оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыруға, жеке білім беру траекторияларын құруға, білім алушылардың тәуелсіздігін, қызығушылығы мен ынтасын дамытуға ықпал етеді. Қазақстандық білім берудің тиімділігін арттыру үшін смарт-білім берудің мәнін, сондай-ақ білім беру үдерісіне смарт-технологияларды енгізу перспективаларын зерделеу орынды болып көрінеді.

Кілт сөздер: смарт-технология, смарт-білім беру, педагогика т.б.


Smart оқыту – оқытудың жаңа түрі, қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс.Бұл оқытудың негізгі элементтері – смарт оқушы, смарт педагогика және смарт орта. Сонымен қатар, смарт білім алушы смарт білім берудің негізгі субъектісі болып табылады. Бағытталған смарт білім беру үдерісі олардың ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін жұмыста және жеке өмірде тиімді пайдалануға бағытталған болуы керек. Бұдан смарт білім берудің мақсаты смарт білім алушыларды дамыту, оларды қазіргі динамикалық ортада жұмыс істеуге дайындау болып табылады [1].

Білім беруде смарт-технологияларды қолданудың тиіміділігі қандай?Білім беру процесіне смарт-технологияларды енгізу перспективаларына қатысты пікірталастарды кәсіби қоғамдастық үнемі жүргізіп отыратынын атап өткен жөн. Мысалы, 2018 жылғы 18-20 наурызда Бейжіңде өткен "Smart Education" үшінші американдық-қытайлық конференциясы смарт-технологияларды талқылауға арналды [2]. Ғалымдардың зерттеулерінде оларды сауатты қолдану нендей мүмкіндік беретіні атап өтілді:

1) оқытушыға:

- оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру;

- әрбір білім алушы үшін жеке білім беру траекториясын құру;

- оқушылардың тәуелсіздігін, қызығушылығын, ынтасын дамыту;

- білім алушылардың өзіндік зерттеулерін қолдау;

- білім алушыларды белсенді бірлескен қызметке тарту;

- мәселелерді шешуді, ақпаратты меңгеруді жақсарту;

- материалды игеру қарқынын жеделдету, тақырыптар мен контенттің көбін қамту;

- білім алушылар арасында мазасыздықты азайту;

2) білім алушыларға:

- пайдалы дағдылар жиынтығын алуы;

- мотивацияны, белсенділікті арттыру;

- өз бетінше оқу дағдыларын, тапқырлығын, стратегиясын дамыту;

- оқу нәтижелерін жақсарту;

- оқу жүктемесін жеңілдету және т.б.

Өңірдің және тұтастай елдің экономикасы үшін смарт-технологияларды енгізу кадрларды неғұрлым сапалы даярлауға ықпал етеді, бұл өз кезегінде ел экономикасының өсуіне алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, оларды оқу процесінде қолдану бірқатар проблемалық мәселелермен қатар жүруі мүмкін, олардың алдын алу келесі аспектілерді ескеруді қажет етеді:

- мұғалімнің смарт-технологияларды пайдалануға дайындығы;

- білім алушылардың психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері;

- білім алушыға бағытталған, коммуникативті және әлеуметтік-мәдени тәсілдердің үйлесімі;

- қазіргі педагогикалық ұстанымдарды ұстану [3].


Смарт-технологияларды қолданудың кең перспективаларына қарамастан, оны қазақстандық білім беру тәжірбиесіне енгізу баяу қарқынмен жүруде. Мәселен, Қазақстанда смарт білім беруді ілгерілетуде көшбасшы мемлекеттерден айырмашылығы – смарт-технологияларды пайдалану жүйелі сипатқа ие емес. Олар негізінен виртуалды білім беру үдерісіне енеді, ал көптеген ұйымдарда күндізгі оқу дәстүрлі тәсіл аясында ұйымдастырылады. Ресми және бейресми білім беру институттары бай әлеуетке ие (кадрлар, мазмұн, ресурстар), алайдабұл бағытта смарт-технологиялар іс жүзінде толық пайдаланылмайды.

Оқыту үдерісінде қолайлы нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімдер оқытудың ең қолайлы және тиімді әдістерін таңдауға көп уақыт пен күш жұмсауы керек. Қазіргі заманғы құралдар мен технологиялық құрылғылардың көбеюі осы үдерістің дамуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта қазақ тілі сабақтарында компьютерлер немесе смартфондар арқылы қол жетімді видеолар, электрондық платформалар, қосымшалар және веб-сайттар сияқты құралдар қолданылады. Мультимедианың кең спектрін пайдалану білім беру сапасын және қазақ тілін оқытудың тиімділігін арттыра алады. Тиісінше, оқытушылардың міндеті–оқушыларға қол жетімді құралдармен және бағдарламалармен тұрақты жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін беру. Смарт-технологияларды пайдалану дәстүрлі әдістерден бас тарту дегенді білдірмейді және олардың мағынасын бұзбайды, керісінше білімді таратудың және оларды жүзеге асырудың балама түрлерін ұсына отырып, бүкіл оқу үдерісін қолдайды және аяқтайды. Көптеген мектептер заманауи техникамен жабдықталған және интернетке қосылған болса да, білім беру процесінде цифрлық технологиялар өте жүйесіз қолданылады және оларды қолдану көбінесе мұғалімнің бастамасы мен мектеп әкімшілігіне байланысты болады. Білім беру жүйесінің өз шеңберінде смарт-оқытуға қатысты бірыңғай кешенді саясат құру қажет.

Көптеген ғылыми басылымдар білім беру процесінде ақылды технологияларды қолданудың оң рөлін сипаттайды [4].Бүгінгі тіл мұғалімдері смарт-технологияның артықшылықтарын пайдаланып қана қоймай, сол дағдыларды оқыту дағдыларымен біріктіруі керек [5, 22]. Австралиялық ғалым Дж.Фаллон зерттеуі цифрлық технологияларды қолдану оқу үдерісінде білім алуышылардың тәуелсіз болуына, оған қатысуға және ынталандыруға әкелетінін көрсетті [6]. Зерттеуші М.Сэттоның пікірінше, технология білім алушылардың, оқытудың мүмкіндіктерін арттыру, тілді қолдану әлеуетін арттыру арқылы өзара әрекеттесу спектрін кеңейтті [7, 121].Сингапур университеті зерттеушілерінің пікірінше, сабақта технологияны қолдану оқушылардың тәжірибесін едәуір байытуға мүмкіндік береді, білімді тәжірбиеде қолдануға мүмкіндік береді, осылайша оқыту нәтижелеріне оң әсер етеді [8].

Мобильді технологиялардың дамуы мен смартфондардың таралуы интернет пен қосымшаларға еркін қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдайда қазақ тілінің мұғалімі тілдік дағдыларды дамытуға және жетілдіруге ықпал ететін онлайн ойындармен қатар сансыз ресурстарды пайдалана алады. Интернет білім беру процесін ақысыз және барлығына қол жетімді әр түрлі оқу ойындарымен қамтамасыз етеді. Білім алушылар үйде қолданылатын құрылғыларға қосымшалар мен ойындарды жүктеу арқылы өз білімдерін қолдана алады.Skype және осыған ұқсас құралдар (Zoom, Microsoft Teams) арқылы оқу сыныбынан тыс адамдармен онлайн байланысқа қол жеткізу оқытушыларға да, білім алушыларға да тиімді екені анық. Powerpoint – бұл презентацияларды жасау үшін, көрсету үшін ыңғайлы құрал. Қазақ тілі және т.б. пәндер бойынша сабақты бұл бағдарламасыз көзге елестету мүмкін емес. Осындай смарт-технологияларды пайдалану дәстүрлі әдістерге кедергі жасамайды, керісінше оларды қолдайды. Мультимедияға қатысты іс-шаралар оқу үдерісін динамикалық, қызықты және тиімді етеді. Алайда, әрине, мұндай жаттығуларды жүзеге асыру білім беру ұйымында электрондық құрылғылардың болуына байланысты.

Оқытушы ең алдымен білім алушылардың смарт-технологияларды пайдалануына қатысты ұйыммен кеңесуі қажет. Егер білім беру ұйымында смарт оқытудың нақты жүйесі болса, мұғалім қажетті қосымша ұсыныстарды қосып, оларды сыныптағы жұмысының бір бөлігі етуі керек. Білім беру мекемесінің басшылығы білім алушылармен және ата-аналармен технологияны қолданудың маңыздылығы, мұндай тәжірибенің болмауының ықтимал салдары, технологияны қолдануды қажет ететін үй тапсырмалары, олардың орындалуын бақылау тәсілдері туралы сөйлесуі керек.

Қорыта айтқанда, перспективалы смарт-технологияларды пайдалануды кеңейту мақсатында олардың оқу үдерісіне оң әсері туралы ақпаратты тарату, сондай-ақ оқытушыға ұйымдастырушылық қолдау көрсету – оларға смарт-технологияларды пайдалануды және оларды білім беру тәжірбиесіне енгізуді үйрету қажет. Смарт-технологияларды қолдану білім беру үдерісінің сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, білім алушылардың оқу уәждемесін арттыруға, белсенділігін, дербестігін, тапқырлығын дамытуға, олардың неғұрлым кең дағдылар жиынтығын алуына, алаңдаушылығын төмендетуге және оқу жүктемесін жеңілдетуге ықпал етеді.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Zhu ZT., Yu MH. & Riezebos P. A research framework of smart education Smart Learn. Environ. (2016) 3:4. DOI: https://doi.org/10.1186/s40561-016-0026-2.

  2. Gao Y., Xie Y. & Liu X. TechTrends (2018) 62:327. DOI: https://doi.org/10.1007/s11528-018-0304-7.

  3. Krivova L., Imas O., Moldovanova E., Mitchell P.J., Sulaymanova V., Zolnikov K. (2018) Towards Smart Education and Lifelong Learning in Russia. In: Uskov V., Bakken J., Howlett R., Jain L. (eds) Smart Universities. SEEL 2017. Smart Innovation, Systems and Technologies. Vol. 70. Springer, Cham. Рр. 357-383.

  4.  Maszkowska N. The use of technology in English language teaching. URL: http://englishcontext.kpnu.edu.ua/2017/04/18/the-use-of-technology-in-english-language-teaching

  5. Altun M. The integration of technology into foreign language teaching. International Journal on New Trends in Education and Their Implications, 2015, vol. 6, iss. 1. URL: http://www.ijonte.org/FileUpload/ks63207/File/03a.altun.pdf

  6. Falloon G. Learning objects and the development of students' key competencies. Australasian Journal of Educational Technology, 2010, no. 26 (5), pp. 626-642.

  7. Cetto M. Technology and second language teaching. Brujula, 2010, vol. 8.

  8. Menkhoff T., Bengtsson M. Engaging students in higher education through mobile learning: lessons learnt in a Chinese entrepreneurship course. Educational research for policy and practice, 2012, vol. 11, no. 3, pp. 225-242.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!