Материалдар / Білім беру ұйымдарында қосымша білім беру және үйірме жұмыстарын жандандыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру ұйымдарында қосымша білім беру және үйірме жұмыстарын жандандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру аясында үйірме жұмыстарын жандандыру, қосымша білім беру педагогтарының лауазымдық міндеттері баяндалғанміндері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2021
1178
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Picture 12 Түркістан облысы,

Шардара ауданы,

«Қызылқұм жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Білім беру ұйымдарында қосымша білім беру және үйірме жұмыстарын жандандыру

Тәуелсіз Қазақстаннның әлемдік өркениетке жетудегі бірден бір жол –білім жүйесі. Тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға артылатын жүк ауыр» деген болатын.

Бәріміздің алдымызда тұрған міндет-ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы.Осы міндетті атқаратын басты тұлға-мұғалім. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ұстаз алдында тәлім-тәрбие алған бүгінгі балауса жас ұл мен қыз ертеңі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар, елдігімізді сақтар, айбынымызды асқақтатар, үлгі болар азаматтар болуға тиіс. Тәуелсіз еліміздің тірегі - болашақ ұрпақ деп қарасақ, сол болашақ ұрпақ бойына біліммен қатар тәрбиені сіңіретін, ықпал ететін-білім ордасы. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында түбегейлі жаңа мақсаттар қойған болатын. Бұл-баршамызға мол міндеттер мен зор жауапкершілік жүктейді.Бүгінде мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалып отыр. Қазіргі кезінде Республикасында білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне ұмтылыс бар. Білім берудің парадигмасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым қатынас пайда болды. Педагог кадрлардың қосымша білім беру жүйесіндегі білім беру қызметінің сапасына бірыңғай талапты арттыру мақсатында, әлемнен өзіне лайық орын алу үшін озық үлгі, тиімді үрдісті өз білім беру жүйесіне енгізе отырып, мектеп ұстаздары сабақ берудің жаңа технологиясы мен әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өз практикасында қолдану мәселесін қарастыруда.

Аталған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі ережелеріне және «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы негізінде, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №388 бұйрығына сәйкес бекітілді және құрастырылды.

1.Қосымша білім педагогы лауазымдық міндеттері:

    1. Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

    2. Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады.

    3. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.

    4. Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және әдістерінің педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді.

    5. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

    6. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады.

    7. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды.

    8. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды.

    9. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды.

    10. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына қатысуын (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар және т.б.) ұйымдастырады.

    11. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады.

    12. Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.

    13. Ата-аналары мен олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі.

    14. Әдістемелік бірлестіктер мен басқа да әдістемелік жұмыс нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.

2.Қосымша білу беру педагогы  бiлуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасының тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы" Заңдары және бiлiм беру қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының бiлiм беруді дамытудағы басым бағыттарын, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын, тәрбие жұмысын, тиімді, сараланған, дамытуды оқытудың, құзыреттілік тәсілдерін іске асырудың сенімділік, өз ұстанымын дәлелдеудің, әртүрлі жастағы білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен, оларды ауыстыратын тұлғалармен, жұмыстағы әріптестермен байланыс жасау әдістемесін, жанжал жағдайларының себептерін сараптау технологияларын, педагогикалық технологиялар диагностикасын, дербес компьютермен, электронды пошта және браузерлермен, мультимедиалық жабдықтармен жұмыс істеу негіздерін, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін.

3. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің немесе үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес техникалық және кәсіптік бiлiм, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, зерттеу, эксперименттік жұмыстары дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмыстарды жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалары ұжымын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі немесе тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейлі бiрiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагогқа қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, педагогикалық басылымдарда әдiстемелiк жарияланымдардың болуы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: тиісті бейіні мен балалар бірлестігі бойынша жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беру педагогына қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар: халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе балалар бірлестігінің тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі санатсыз педагогке қойылатын талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмысты жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеруі, облыстық көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сонымен қатар халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап 39-тармағында қосымша білім беру-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі деп көрсетілген. Сонымен қатар, балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы заманауи педагогикадағы күрделі мәселелері-тәрбиелеу,оқыту және дамыту процесін жақындастыруға көмектеседі. Мектептердегі сабақты өткізу процесінде қосымша білімге тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық техногиялар, ойындар. Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды орынды пәндік үйірмелер мен секциялар алады.Бір жағынан-пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан-қосымша білімнің бөлігі.Қосымша білім берудің әр деңгейіне қатысты жастық кезең жағдайына байланысты өз модулін ұсына алады:

- мектепке дейінгі білім деңгейінде-мектеп алды даярлық;

- бастауыш білім деңгейінде-білім алушылардың көзқарастарын меңгеруге көмек ретінде түрлі қоғамдастықтарын қосу;

- жалпы негізгі білім деңгейінде-тұлғаның өзін-өзі анықтау процесін қолдау, түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды шешу тәжірибелерін алу;

- орта білім деңгейінде –білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау процесіне сүйену, кәсіпке дейінгі дайындықты қамтамасыз ету.

Мектепте балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері:

1.Білім берудің құндылықтарын дұрыс қолдану және оның мазмұнын жақсырақ меңгеру үшін кең жалпы мәдени, эмоционалды орта құру.

2. Балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосудың арқасында «байланғышсыз» тәрбиені жүзеге асыру процесінде өскелең ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени бағдарлаының «бауқаусыз» қалыптасады.

3.Балаларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін жүзеге асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық (көркемдік, техникалық, спорттық және т.б.) білдіретін оқушылардың бағдары.

4.Білім алушылардың негізгі білімдеріндегі жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауға, маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға қажетті қандай да бір оқу курстарының болмауына байланысты олардың орнын толтыру.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында қосымша білім беру педагогтерінің барлық атқарылатын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы қабілеттеріне ие, таңдау кезінде өз еркімен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа және мәдениетарлық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Сабақ барысында білім алушыларға халқымыздың адамгершілік құнды бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар әйел-анаға деген ізет, еңбекқорлық т.б. үйлесімде өмір сүруге талпынуды басшылыққа алу. Қосымша білім беру аясында оқушылардың шығармашылық-көшбасшылық қабілетін арттыруға негіз болатын театр шығармашылығы, бейнелеу және қолданбалы-сәндік шығармашылығы, фольклорлық дәстүрлерді сақтау, хореография, музыкамен айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты механизмі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерде аптаның алтыншы күні (сенбі) тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Республикадағы жалпы білім беретін мектептеріне (2016-2017-1-сынып; 2017-2018-2,5 және7-сынып; 2018-2019-3,6,8 және 10-сыныптар; 2019-2020-4,9,11 және 12-сыныптар) бес күндік аптаның енгізуіне байланысты, алтыншы күні (сенбі) тәрбие процесіне ерекше роль беріліп отыр.

Алтыншы күннің басты мақсаты - сенбі күні білім алушының бос уақытын оқушының әлеуметтік, моралді қалыпты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған пайдалы етіп өткізуді қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру.

Алтыншы күннің басты міндеті-қосымша білім беруде оқушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын максималды түрде қанағаттандыру;

- Балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау, мектептегі өзін-өзі басқаруды жетілдіру;

- Білім алушылардың бос уақытын максималды қамту есебінен жеткіншіктер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

- «Отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту;

- Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Бес күндік оқу аптасына ауысу кезінде білім алушының бос уақыты ұлғаяды. Сенбі күнінің оқу-тәрбие процесінің негізгі ұйымдастырылуы қосымша білім қажет. Алтыншы күннің бағыттары:

Зияткерлік

Патриоттық және азаматтық-құқықтық

Адамгершілік –рухани

Ұлттық тәрбие

Экологиялық, экономикалық

Спорттық-сауықтыру

Ақпараттық мәдениет

Көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және мәдени-танымдық)

Сабақтан тыс уақыттағы, оның ішінде сенбі күні балалаврдың бос уақыттарын толық қамту үшін пән мұғалімдерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет.

Пән мұғалімдері өз бейіндері бойынша қызығушылықтарына қарай үйірмелерді, секцияларды, студияларды жү ргізе алады, сондай-ақ танымдық, байқаулық, ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыра алады.

Алтыншы күн мектепте келесідей өткізілуі мүмкін:

Оқушыларға арналған іс-шаралар: факультативтер, дайындық курстары, пәндік олимпиадалар, экскурсиялар, тақырыптық би кештері, спорттық жарыстар, бейін бойынша іс-шаралар, спорттық секция, үйірмелер;

- журналистикалық-жас репортор мен редактор жазбаша мен ауызша жанрда өз күштерін сынап көрсетеді;

- психологиялық- балалардың өздерін дұрыс түсінуге, қоршаған ортамен араласуды үйретеді;

-тарихи-археологиялық-теорияны оқу мен музейге баруды, саяхаттарда жергілікті жерлерді зерттеуді үйлестіреді;

Техникалық-шығармашылық-компьютерлік техниканы, робототехниканы бүгінгі таңда қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған;

-үш тіліділік жағдайында шет тілдері;

Қисынды ойлауды, ден қоюды өз бетінше әрекет етуді және дамытуға арналған шахматтық үйірмелер т.б.

Мұғалімдер үшін: кәсіби байқаулар, әдістемелік презентациялар, тренингтер, бұйымдардың байқауларын, мектеп жобалары: «Шығармашылық дамыту күні», «Сенбілік қарқын», «Қосымша білім күні», «Бос уақытты бірге өткізу»т.б.

Ата-аналарға арналған іс-шаралар: спорттық жарыстар, ата-аналардың құқықтық оқуы, дін өкілдерімен, пән мұғалімдерімен бірге өткізілетін бейіндік іс-шаралар т.б. [1-3]

Баланың болашағына ата-ана мен мектеп бірдей жауапты. Бала жас желек секілді. Шын ықыласыңмен баптасаң, уақыт өте ол өз жемісін береді.

Әрбір педагог баланың даму барысын, бейімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарастарын назардан тыс қалдырмауы тиіс. Өкініштісі сол, кейбір ата-аналарда «Өсе келе бәрін де өзі түсінеді» деген түсінік қалыптасқан. Бұл дұрыс емес. Салдарынан кейбір адамгершілік сезімдерді, мінез-құлықтың дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру оңтайлы бола бермейді.Сондықтан ата-аналар балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына назар аудармай, уақытты боқа өткізіп алады және баланың тәрбиесіне кері әсерін тигізгенін кеш түсінеді. Балалардың сабақтан тыс қызметіне байланысты іс-шараларға, кештерге т.б. байқауларға ата-аналарды мейлінше көп жұмылдыру қажет. Тұңғыш Елбасы:» Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан жұмыстарымыз сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз елдің ұландарысыңдар, тірегісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алып отырсыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің-елімізді қазір бізге қол жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіреттікүш.Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыр» боларына сенемін» -деп өскеоең ұрпаққа зор сенім артқаны баршамызға аян. Сондықтан балалардың тәрбиесіне ата-ана, мектеп, қоғам болып бірлесіп жұмыс істеуге тиіспіз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 1-бап 39-тармақ

2.Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы №521,16.11.2009ж

3. «Қосымша және тәрбие» республикалық оқу-әдістемелік журналы, 2008ж

4. «Мектеп» журналы №12 (153),2015ж

5. «Мектеп» журналы №07 (161),2016ж

7.Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері (2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп)









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!