Материалдар / БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға,студенттерге білім саласында ақпаратты дұрыс қолдануға үйретеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
355
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

«БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ» тақырыбындағы ғылыми жоба

Орындағандар:

Қошқар Жансая Ерғалиқызы

Құтыбай Нұргүл Әлібекқызы

студенттер: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 3-курс

Ғылыми жетекші:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұргалиева Сания Айдархановна

Өскемен 2017

Ғылыми жобаның мазмұны

Кіріспе

  1. Теориялық бөлім 5

    1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларзаман талабы 5

  2. Сараптамалық бөлімі 7

    1. АКТ-ның білім беруде қолдану 7

  3. Ұсыныс 10

    1. АКТ-ны білім беруде қолданудың артықшылықтары 10

  4. Қорытынды бөлім 12

  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13



























































Кіріспе

Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - заманауи ақпараттық құралдар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім сапасын көтеру. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолданудың негізгі мақсаты: қазіргі заман талабына сәйкес, оқушылардың немесе студенттердің зейінін ашу және қызығушылығын арттыру, өзінің іс-әрекеттерінде электрондық құралдарды қажетті деңгейде пайдалануды үйрету және бәсекеге қабілетті маман иелерін даярлау. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі мақсаттарын басшылыққа ала отырып, оны жүзеге асыру арқылы білім сапасын көтерумен қатар, әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастандырады.

Елбасы «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай болашағымыз кемел болу үшін, білімнің түп қазығы мектептен бастап, оны жоғары оқу орындарына ұштастырып, білім алушыларға сапалы білімді беруге үлкен септігін тигізетін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану керек.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

  1. Білім алушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру;

  2. Шығармашылық ізденіс және емін-еркін өз ойын ашық айтуға бейімдеу;

  3. Уақытты үнемді пайдалану;

  4. АКТ-ны қажетті деңгейде қолдана білу;

  5. Нақтылықты, жүйелікті қалыптастыру;

  6. Ақыл - ойын дамыту;

  7. Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелеу;

Зерттеу жұмысының жүргізілген тілі: қазақ тілі

Жобаның жаңашылдығы мен өзектілігі: Соңғы жылдары білім алушылардың білім сапасын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналған. Бұл мәселені шешу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қазіргі таңда қолға алынып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім сапасын көтереді. Сонымен қатар, білім алушылар мен білім берушілер арасында ұтымды қарым-қатынас орнайды. Кез келген сабақ барысында (мысалы, физика) АКТ-ны қолдану арқылы тиімді сабақ жүргізуге болады.

Зерттеудің болжамы Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - заманауи ақпараттық құралдармен инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім сапасын көтеретіндігі жөніндегі болжам алынды.

Зерттеу пәні – Барлық пән.

Зерттеу әдістері –талдау, бақылау, іс-тәжірибеде қолдану.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындылар

  1. Педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалана алу дайындығы және ақпараттық құзырлығының қалыптасу мүмкіндіктері өседі.

  2. Өз пәндеріне сәйкес АКТ-ны енгізе отырып, ұйымдастыру жүйесінде сақтайды.

  3. АКТ-ны сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесі артады.

  4. Оқушылар өз беттерімен АКТ мүмкіндіктерін кең көлемде пайдалана білуге үйренеді.

Іс-тәжірибеде пайдалану аясы – Барлық оқу орындарында.

Кілт сөздер: АКТ, электрондық оқулықтар, интербелсенді тақта
























  1. Теориялық бөлім



1.1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар–заман талабы


ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. [1]

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) - электрондық құрылғыларды пайдалана отырып, оқу мен оқыту арасындағы біртұтас ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны қолдану. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Осыған сәйкес сабақ барысында АКТ-ны және инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақ өткізу, жан-жақты, білімді, өз тәжірибесінде тиімді және жетік қолдана алатын мамандарды даярлау - бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет.

АКТ-ның негізгі ерекшелігі – бұл оқушылар мен студенттерді өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өзін-өзін сынауға, бағалауға және жаңа идеяларға сынақ жүргізуге дайындайды. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында оқушының немесе студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өзіндік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап, интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе, сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады. Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. [2]

































































  1. Сараптамалық бөлім

2.1. АКТ-ны білім беруде қолдану


Қазіргі білім беру жүйесінде, заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім сапасын көтеру. Осыған орай, өз тәжірибемізде физика пәнінде АКТ-ны қолдандық.

Физика сабағында білім алушылар білімін тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақта инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың немесе студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет желілерін пайдалану, білім алушылардың білім беру үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жылдам ойлауға машықтандырады, ой-өрісі мен дүниетанымын дамытуға мүмкіндік береді. Сабақ мазмұнының теориялық, практикалық құндылығы жоғары болған сайын, құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығымен жоғары деңгейде өтеді. Оқу жүйесін тиімді болу үшін жаңа білімді меңгеру кезінде интербелсенді тақта (Activ Board. White Board т.б ), слайд, бейне жазбалар көрнекі құрал ретінде қолдануға және жаңаша бағдарламаларды қолдану арқылы оқушылар немесе студенттердің сабаққа деген зейін арттыруға болады. Физикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай физика курсын толығымен компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, практикалық жұмыстардағы эксперименттік тапсырмаларды орындау бұрынғы тәсілмен жүргізілуі тиіс. Алайда теориялық білімдерін жетілдірмейінше, қандай да бір практикалық жұмыстың негізгі мақсатын және не себепті сол жұмысты орындау керектігін түсіну қиынға соғады. Ал теориялық білімдері практикаға ұласу үшін білім алушының сол пәнге қызығуы керек. Демек, АКТ-ны қолдану білім деңгейін көтерумен тығыз байланыста болатынын көреміз. Физика сабақтарында ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

Оқушының өз бетімен жұмысы орындай алуы;

аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

экономикалық тиімділігі;

іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

қарапайым көз бен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

оқушының ой-өрісін дүние танымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану - оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Ал физика сабақтарын оқытуда қолданылатын тиімді әдістерінің бірі – компьютерге енгізілген тест жүйелерін сабақта қолдану. Тест жүйесі мұғалімнің уақытын үнемдеуге бір уақытта бірнеше топтарға бақылау жасауға пайдасы зор. Сонымен бірге бұл сабақтарда электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, ғылыми жобаларға нұсқау. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

Физиканы бағдарлы оқытудың кейбір өзекті мәселелері:

  • Бағдаралды даярлық үрдісін толыққанды ұйымдастыру;

  • Оқушының икемділіктерін, т.б. жеке ерекшеліктерін және болашақ оқу бағдарын анықтау;

  • Физикалық құрал – жабдықтардың жетіспеушілігі;

  • Оқушылардың бойында физикалық есептерді шығаруға деген жағымды мотивацияны қалыптастыру;

  • Оқушыларға күрделілігі әр түрлі эксперименттік, сандық, сапалық есептерді шығара білуді үйрету;

  • Әрбір оқушының таңдаған болашақ мамандығы негізінде саралап, даралап оқытуды жүзеге асыру.[3]

Өйткені, физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Физика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану пәнді оқытуда дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, студенттің ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.



































  1. Ұсыныс



    1. АКТ-ны білім беруде қолданудың артықшылығы

Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап, интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады. Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. [2]

АКТ-ны пайдаланар кезде сабақты 3 кезеңге бөліп қарастырамыз:

І кезең: оқып-үйрену;

- бұл кезде оқушылар өз бетімен өткен тақырыпты еске түсіреді

- оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен танысады

- тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды

ІІ кезең: меңгеру;

- оны жаңа сабақпен байланыстырады

- оқушылар үйренгенін саралап өткізеді

III кезең: дамыту.

- пәнге деген қызығушылығын арттырады

- электрондық құрылғыларды қажетті деңгейде қолданады

- өз пікірлерін ашық жеткізе алады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология:



Оқытушылар  үшін  тиімділігі

Білім алушылар үшін артықшылығы

Жаңа материалдарды сыныптың немесе аудитория ортасында тұрып түсіндіруге,үлкен аудитория мен жұмыс істеу мүмкіндік алады.

Сабақ қызықты етеді және мотивацияны дамытады.

Кез-келген қосымшаның жоғарғы жағына өз ойын жазуға, сурет салуға мүмкіндік береді және импровизация мен икемділікті мадақтайды

Ұжымдық жұмысқа қатысуға көп мүмкіндік береді, жеке және әлеуметтік дағдыны дамытады.

Сабақ барысын да кез- келген сөзді сақтауға,тақтадан көрсетуге және материалдың меңгеру деңгейін жеңіл тексеру мүмкіндігі

Материалдыңанық,тиімді және серпінді берілуі нәтижесінде күрделі сұрақтарды тез қабылдайды және игереді.

Оқытушылар дайын материалдары мен алмасуға және оларды қайтадан пайдалану мүмкіндігі

Білім алушылар өз-өздеріне сенімді болады және шығармашылықпен жұмыс істейді

Оқытушыларды оқытудың жаңа жолдарын іздеуге ынталандырады, кәсіби жағынан өсуге ұмтылдырады

Білім алушылар жекелеген қажеттілікке сәйкес, белгілі бір ресурстарға сүйеніп,оқудың түрлі әдістерін қолданады

Мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады.

Еске жақсы сақтайды және еркін ойлаына жағдай жасайды


Уақытты тиімді пайдалана алады

Білім алушыларға ерекше идеяларды қалыптастырады

Нақтылықты, жүйелікті қалыптастырады

Тіл байлығын жетілдіреді және ұқыптылыққа, нақтылыққа үйретеді


Тапсырмаларды нәтижелі аяқтауға бейімдейді



Демек, біз бұл кестеден білім беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсаруын көреміз.







  1. Қорытынды бөлім



Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі- заманауи ақпараттық құралдар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім сапасын көтеру. Қорыта айтқанда, XXI ғасырда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі болашақ жастардың заман талабына сай өз пәнін жетік меңгерген маман иелерін даярлау. Сонымен, осы бағытта болашақ маман иелері менгерген білім мен дағдылары болашақ қоғамның дамуына әсер етпек. Сол себепті, қазіргі кезде АКТ-ны менгеру және меңгерту педагогтардың міндеті.

Елбасы «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты деп есептейміз.
















578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!