Материалдар / "Білім берудегі инновациялық әдіс-тәсілдер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білім берудегі инновациялық әдіс-тәсілдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Гуманитарлық пәндерде қолданылатын инновациялық білім берудің әдіс-тәсілдері туралы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
540
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру жүйесін гуманизациялау аясына гуманитарлық циклдағы сабақтарды оқытудың инновациялық әдістері


«Адамның ілгерлеу талабы неғұрлым биік болса,

оның қаблеті, таланты соғұрлым тез, өмірлі болып дамиды»

Н.Г.Чернышевский


Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Білім беру жүйесін гуманизациялау аясына гуманитарлық циклдағы сабақтарды оқытудың маңызы өте жоғары. Гуманитарлық пәндер - адамзат баласын рухани жағынан тәрбиелеп, дүниетанымын кеңейтіп, сөйлеу тілі мен ойлау жүйесін кең көлемде дамыта алатын, күнделікті тұрмыста өзіндік мәні мен мазмұнын жүйелі жүргізе білетін маңызды пәндердің бірі. Түп тамырымызды, ата-баба салты мен мәдениетін ертеңгі жас ұрпаққа мирас етіп қалдыру да, оны дамытып жетілдіру де осы гуманитарлық білімнің еншісінде. Сол себепті, бұл мәселені заман талабына сәйкес оқыту үрдісінде инновациялық әдістердің көмегімен жас жеткіншектердің бойына сіңіру – басты міндетіміз. Гуманитарлық циклдағы пәндер қатарына тілдер мен әдебиетті, тарихты, қоғамтануды жатқызатын болсақ, бұл пәндердің әрқайсысының астарында ұлттық құндылықтар мен терең мұралар жатқаны анық. Ал бұл дүниелерді оқушылардың бойына сіңдірудің ең бір тиімді жолы – дұрыс технологияларды пайдалана білу.

Жаһандану заманындағы заманауи үрдістегі қолданылып жүрген АКТ кез-келген пәндік циклдерде өз артықшылығымен тиімді. Сол ақпараттық технологиялардың көмегімен гуманизациялау аясына гуманитарлық сабақтарды оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізуге әбден болар еді. Ол енгізіліп те жатыр. Сондай инновациялық әдістер қатарына өзімнің ой-пікірімді тастап, сонымен бөліссем.

Ең әуелі, кез келген мекемеде кітапхана қоры, ғаламтор желісі, компьютерлік ақпараттық құралдар, т.б. (мүмкіндіктеріне байланысты) заманауи технологиялардың қамтамасыз етілуі маңызды рөл атқарады. Гуманитарлық пәндер – рухани байлығымызды арттыратын пәндер екендігі жоғарыда айтылып өтті. Дей тұрғанмен, бүгінгі таңда бұл салада ізденушілік танытатын жастар саны азаймаса, көбейіп бара жатпағаны жаныңды қынжылтады. Қарапайым ғана мысал, 11-сынып бітіруші түлектер таңдау пәні ретінде гуманитарлық пәндерге қарағанда жаратылыстану-математикалық, техникалық бағыттардағы пәндерді көп таңдайды, ЖОО-ында да сол цикл бойынша білімдерін жалғастырады. Бұның себебі неде? Алдымен барлығының: «Біз гуманитарлық бағыттағы пәндерді таңдағанмен, оқуға түсуіміз ауыр, себебі балы жоғары. Екіншіден, қайда жұмысқа тұрамыз, жалақысы аз болады, жұмыс табу қиынға түседі»,- деген жауабын естисіз. Менің ойымша, бұл мәселені алдымен, жоғарғы жақтағы үкімет қауымы мен министрліктегі аға-әпкелеріміз қарастырып, екінші жағынан, мектеп қабырғасындағы педагог қауымдардың сапалы білім беріп, оқушыларды қызықтыра білуі маңызды сияқты. Сонда біз қалай қызықтырамыз деген сауал туындайды. Әрине, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланамыз. Сондай АКТ-лардың біразына тоқталып өтейін:

  1. Сабақ түсіндіру барысында күндлікті сабақтағы Microsoft PowerPoint-та емес, Prezicom- да презентациялар жасау арқылы қызықтыруға болады. Бұл бағдарламамен жұмыс жасау өте тиімді, алдымен уақытыңызды үнемдейсіз, екіншіден оқушының қызығушылығы артады, себебі, оны көріп, тыңдап отырған адам өзі қызығып, ары қарай қалай шығады екен, не болады екен деп күтіп отырады.

  2. Edmoda қоғамдастығы арқылы сабақ өткізсеңіз, кез-келген оқушының өз сабағыңызға деген қызығушылығын арттырасыз. Ол ғаламтор желісі арқылы іске асады. Тапсырмаларды, жаңа сабақты, тестер мен видео, суреттерді барлығын қоғамдастық қауым арқылы үлестіруге болады, яғни, оны әр оқушы өз атынан кіріп, орындап сізге қайтадан жіберіп отырады. Сол арқылы бағалай аласыз.

  3. Планшеттердің көмегімен сабақ өту- ең көп таралып келе жатқан әдістердің бірі. Бұл құрылғы ноутбук, нетбуктерге қарағанда алып жүруге ыңғайлы, оны кез-келген сабақта пайдалана аласыз. Оның жеке сынып оқушыларының тізімі, бағалануы, қорытылуы, сабақта болу-болмауын қадағалауынан басқа да толып жатқан мүмкіндіктері жетерлік. Жоғарыда аталған президегі презентацияны, едмодадағы қауымдастық жұмыстарын осы құрылғының (планшеттің) көмегімен атқара беруге де болады. Жаңа тақырыпты қолыңызға қалам алып, бор алып әуреленіп жазғанша, планшеттің көмегімен оқушы көзіне айқын көрінетіндей, заман талабына сай эстетикалық талғамдармен көрнекілендіріп қандай тақырып болмасын түсіндіре аласыз.

Бұл инновациялық әдістердің санамалап қана айтылған біраз түрі. Айтылмаған, біз білмейтін түрі қаншама.

«...Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі»,- деп ағартушы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әр мұғалім жігерлі, білімді, ізденімпаз болуға асықса деймін.

Бүгінгі жас жеткіншектер – техниканың ажырамас достары. Олар техника тілін бізден артық білетініне күманым жоқ. Сондықтан оларды қызықтыратын да осы технологиялар. Гуманитарлық циклдағы пәндердің тағы бір басты мақсаттары – оқушыларға кітап оқыту. Бұл мәселені де инновациялық техникалардың көмегі арқылы оқытуға болады. Электронды кітапшалар, аудио, видео-кітаптар арқылы оқытсаң, оларға әлдеқайда қызықтырақ.

Білім беру жүйесін гуманизациялау аясына гуманитарлық циклдағы сабақтарды оқытудың инновациялық әдістеріне жоғарыда көрсетілген әдістерді күнделікті сабақтарда пайдалануды ұсынамын. Бұлардың әр қайсысы өзінше ерекше. Рухани байлығымызды, өткен ғасырлардағы асыл мұраларымызды, тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетімізді жас ұрпақтың бойына қалайда сіңіру үшін заманауи технологияларды, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы іске асыра аламыз. Ендеше, «Біз алмайтын қамал жоқ» деген ұстаныммен «Болашақ жастардың қолында» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үкілі үмітін ақтайық, әріптестер!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!