Материалдар / Білім берудегі тұлға: психологиялық – педагогикалық қолдау, дамыту, әлеуметтендіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім берудегі тұлға: психологиялық – педагогикалық қолдау, дамыту, әлеуметтендіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл зерттеу еңбекте мемлекеттің басты дамытушы күші – білімді әрі озық ойлы тұлғаны тәрбиелеу, оған мұғалім тарапынан психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің, бойындағы қабілетін дамытып, қоғамға, адамдармен тығыз қарым-қатынас жасауға бейімдеудің әдіс- тәсілдері мен тиімді жолдары қарастырылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қырқүйек 2023
306
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА

Білім берудегі тұлға: психологиялық – педагогикалық қолдау, дамыту, әлеуметтендіру

Аңдатпа: Бұл зерттеу еңбекте мемлекеттің басты дамытушы күші – білімді әрі озық ойлы тұлғаны тәрбиелеу, оған мұғалім тарапынан психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің, бойындағы қабілетін дамытып, қоғамға, адамдармен тығыз қарым-қатынас жасауға бейімдеудің әдіс- тәсілдері мен тиімді жолдары қарастырылады.

Кілт сөздер: Жеке тұлға, жаңа технология, психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтендіру.

Жаһандану дәуірінде әлем мемлекеттері толағай табыстарға жетіп, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қарасы көбейіп жатыр. Ғылым мен техникалық жаңалықтар ашып, экономикада жетістіктерге жетті. Біздің еліміз әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін білім беру саласында реформа жүргізіп жатыр, себебі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі оның экономикасының өсу қарқынымен, жер асты байлығының молдығымен, қуатты әскерімен ғана өлшенбеуі керек, мемлекеттің өркендетіп, жетістіктерге қол жеткізуші негізгі күші – адам, яғни тұлғаның дамуы басты орында болуы тиіс. Қазіргі таңда білім беру үдерісі тұлғаға бағдарланған. Негізгі мақсат - әрбір білім алушының жеке тұлға екенін ескере отырып, өзіндік сенімділігін арттыру, дарыны мен шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашу және жан-жақты қолдау көрсетіп, әлеуметтік ортаға бейімдеу.

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында» оқушының білім алуын, өз бетімен әрекет етуін, бойында бар қабілеттерін ашып, әлеуметтік ортаға бейімделуін жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны даярлау - білім беру ісінде көзделетін негізгі нысана екені жазылған. Тұлға тәрбиелеу жағдайында тұлғаны дамыту, қолдау білдіру, қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу бір-бірімен тығыз байланысты. Мұғалім осы іс-әрекеттердің басын біріктіріп, бірлікте қарастыруы қажет, яғни тек бір бағытта емес, жан-жақты әрекет ету маңызды.

Ж.Аймауытов білімге деген құлшыныс, ой еңбегінің бастау бұлағы болып, сондай жас бұлақтардың көздерін ашып, еш кедергісіз ағуына жағдай жасау- мұғалімнің қанына туажақ сіңген мінез бен қасиеттер болуы керек деп есептейді. Оқушыны қоғамға бейімдеу ісінде олардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, адалдыққа, адамгершілікке, адамды сыйлай білуге, әдептілікке баулу қажет. Мұғалім оқушыға білім бере отырып, әлеументтендіру ісін жүргізу барысында оқушының жас мөлшерін, мінезін, отбасылық жағдайын және ерік-жігерін ескеріп, зерттей келе соған сәйкес әдістер мен әрекеттерді жүйелеп, жоспармен әрекет етуі міндетті.

Мұғалім оқушымен қарым-қатынас жасау арқылы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсете алады. Оқушының іс-әрекетін бақылап, ішкі жай-күйін сезінуі, тапсырмаларды орындау барысында, жетістікке жету жолында қиындықтарды оңай еңсеріп, көмек беруі, өмірлік бағытының айқындалып, көпшілік ортаға бейімделуін қамтамасыз етуі тиіс. Мұғалімнің қолдауы оқушының өзін-өзі дамытуына, білім алуына, қоғамның бір мүшесіне айналып, айналасымен жақсы қарым-қатынас орнатуына үлкен ықпал етеді. Тұлғаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін тұлғаны мадақтау, қиындық туындаған жағдайда бірлесе отырып, әрекет етуге шақыру, оқуға деген талпынысын ескеріп ынталандыру және жоғары бағалау әдістерін қолдануға болады. Мұғалім шәкіртіне мейірімін төге қарап, жылы лебіз білдірсе, пайдалы кеңесін бөлісіп, шәкіртінің жетістігін жоғары бағалап, қамқорлық танытса, шәкірт бойында өзіне деген сенімділігі пайда болып, дамуға ұмтылатын болады. Бұл жерде мұғалім оқушы психологиясына сәйкес әрекет етуі керек, яғни оқушымен өз деңгейінде сөйлесіп, тілін таба білу керек. Мұғалім педагогикалық шеберлігі жоғары болып, педагогикалық әдістер мен жаңа технологияны ұтымды пайдаланса, оқушы білімге деген қызығушылығы оянып, жаңа нәрсені үйренуге талпынады.

Мұғалімнің оқушыға жан-жақты қолдау білдіріп, дамуына жағдай жасап, әлеуметтендіру нәтижесінде елжанды, халқының мәдени және рухани құндылықтарын қастерлейтін, кез келген ортамен тез тіл табысып, ұжымдық жұмыс барысында этика ережелері мен тәртіпті сақтайтын, еңбексүйгіш, табиғатты аялайтын, шығармашылық қабілетін жүзеге асыра алатын білімді тұлға шығады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасы. -Алматы: РБК, 1995. -40 б.

2.Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Педагогика.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет.

3. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. –Орынбор: Қазақстан мемлекеттік баспасы, 1924. -186 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!