Материалдар / Білім берудің инновациялық әдістері мен түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім берудің инновациялық әдістері мен түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, əрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-əрекетін бақылау жатады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2021
4355
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ƏДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ


Есмагамбетова А.А.,

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі



Инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, əрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-əрекетін бақылау жатады. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Əдетте инновация бірнеше өзекті мəселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р., Линчевская Т. «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару – белгілі бір адам үшін əділ түрде жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дəлелденіп, тəжірибеде жақсы нəтиже көрсетіп жүр. Қазіргізаманғы педагогикалық технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, еңбегін шəкірттерінің бағалауы, пəндік білім сапасының жоғары болуы ерекше орын алады. Əдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үдерісінде оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен: - ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде «бала – субъект», «бала – объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады; - ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру; - қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі; - иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады; - саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады. - оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет; - дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үдерісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады. Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады. Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В. Ф. Шаталовтың биологияға жазған тірек конспектісі жəне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі дəлел. Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік жəне сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны əрбір білім алушының жас жəне жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үдерісінің нəтижесін көретін əдіс-тəсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Инновациялық əдістердің классификациясы- оқытудың инновациялық əдістерінің классификациясы мынадай топтарға бөлінеді:

1. Қатысушы саны бойынша;

2. Ұйымдастыру жері бойынша;

3. Оқу-танымдық қызметі бойынша;

4. Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша;

5. Компьютерді қолдану принципі бойынша. Енді осылардың əрқайсысын жеке-жеке қарастырайық.

1. Қатысушы саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық болып бөлінеді.

Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нəтижесіне қарай екі түрге бөлінеді: - білім беру жүйесіндегі инновациялар; - оқу тəрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілііскерлікқасиетібарадамдықажетететінжұмыс. Шындығында да əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады. Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделген əдістер. Отандық дəстүрлі педагогика тəжірибесінде оқыту əдістері үш топқа бөлінеді: Олардың өздері төмендегідей топтамаларға бөлінеді: XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кəсіби бейімделуін қалыптастыру мəселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына өлшемдер арқылы жүзеге асады: Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кəсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақмамандығын ерекшежақсы көруі, ұрпақ тəрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кəсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық ісəрекетке ұмтылу əрекеттері кіреді. Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мəдениеттілік дайындығы мен мəндік əдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үдерістің теориялық негіздерін жəне жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-əрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-əрекеттің көбіне нəтижелі болатындығын сезіне алуы жатады. Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мəртебесінен оқытушы, ұстаз мəртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-əрекетті жүзеге асырудың жаңа əдіс-тəсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді. Танымдық өлшемдері болашақ маманның əлеуметтік кəсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кəсіби жүзеге асырудың нəтижелі əдіс-тəсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның əлеуметтік кəсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кəсіптік білімін өз тəжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады. Іс-əрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кəсіби іс-əрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы жəне педагогикалық қарым-қатынастық үдерісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пəнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тəрбие үдерісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үдерісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Технологияның өлшемдері оқытудың əдістемелік мақсаттары, оқыту үдерісі, оның міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нəтижесін болжай алуы жəне психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқутəрбие үдерісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үдерісті диагностикалай алуы жəне сабақтың нəтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет. Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылықізденушілігін дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдануға өзіндік (авторлық) жаңалықтар, өзгерістер енгізумен жəне жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің əсерінен білім, кəсіп, іскерлік, ісəрекет, игеру, нəтиже құралады. Білім жалпы, кəсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кəсіппен ұштасады. Ал кəсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кəсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кəсіп, тəжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-əрекетті меңгеру қажет. Іс-əрекет əрекеттен, операция, қимылқозғалыстан тұрады. Барлық үдеріс байланыса орындалғаннан соң нəтиже көрсеткіші пайда болады.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1. «Инновация» ұғымына түсінік беріп, инновацияның түрлерін сипаттаңыз.

2. Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлеріне сипаттама беріңіз.

3. «Инновациялық технологиялар» ұғымына сипаттама беріп, инновациялық технологиялардың өлшемдерін саралаңыз.

4. Инновацияның көлемділігі нені тудырады?

5. Хонерин инновацияны қандай түрлерге жіктейді?

6. Владимир Мужич, Зита Главашкина инновацияларды қалай бөледі?

7. 5-6 сұрақтар бойынша анықталған инновация түрлерін кестеге сипаттап жазыңыз.

Қорыта келе айтатын болсақ, мынандай мәселелер туындауы мүмкін:

- қарастырып отырған сұрақтарда мүмкін болатын қиындықтар;

- оқушылардың көп жіберетін қателіктері;

- оқушының оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің педагогикаға тəн шараларының жүйесі.



Қолданылған əдебиет:

1. Бұзаубақова К. Ж. Инновациялық технология. – Алматы, 2009.

2. Кларин М. В. Инновации в мировой педагогике. – Рига: Эксперимент, 1998.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!