Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Білім биржасы" зияткерлік ойын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: күміс қобдиша, әр түрлі купюрадағы «теңгелер», алғашқы теңгелердің үлгілері, теңгелер бейнеленген плакаттар, монеталары, слайд, кестелер.
Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, сұрақ-жауап
Барысы:
Мұғалім:
Қайырлы күн, білімге құштар
жас өрендер!
«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер!
Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы 15қараша күні дүниеге келді. Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді. Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Қазаққа қатысты еңбектер ақтарылып, ертеде қазақта теңге қолданған екен. Біздің академиктер: «орыстың «деньги» деген сөздері сол теңгеден шығуы мүмкін»- деді. Себебі, ақша айналымы Ресейден бұрын Азияда болған. Біздің бұрынғы түркі мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезеңде, одан кейін де теңге қолданыста жүрген. Сөйтіп, біздің болашақ валютамыз «теңге» деген әдемі атауға ие болыпты.
Бейнеролик: «ҚР-ның ұлттық валютасы»
-
Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-
Теңгеде кім бейнеленген?
-
Ақша қандай қызмет атқарады?
-
Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
-
Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған?
-
Ақшаны қайда жинауға болады?
-
Ұлттық валюта ненің белгісі?
-
Теңге немен безендірілген?
-
Қазақ теңгесі қайда басылды?
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).
Ойынға 6 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 5кезеңнен тұрады.
І.Білім аукционы.
ІІ. Эрудиттер сайысы.
ІІІ. Таңдау – табыс.
ІV. Сәйкестендір.
V. Мақал мәтел – сөз мәйегі
Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда.
Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады.
«Болашақ» тобы
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Тапқырлар» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әл Фараби. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.
Әзірше әр топтың қорында 5000 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал.
Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.
«Аукцион дегеніміз не?»
( Бейнеролик көрсетіледі )
І . Білім аукционы. «Қызық екен» кезеңі
Сұрақтардың бастапқы бағасы– 200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса - баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топтың қорына қосылмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
Аукционға №1 лот Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға–200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (Әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады.
Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.
Жауабы бейнероликте көрсетіледі.
№1 лот «Банк» сөзі бастапқыда қалай аталды?
1)Есік 2)Терезе 3)Үстел
№2 лот. Карточканың орынына бұрын не қолданылды?
-
қағаз 2) мата 3) жіп
№3 лот. Жарлықтан соң неше күннен кейін ұлттық валюта теңге аййналымға енді?
1)он бес 2)7 3)Үш
№4 лот. Доллар белгісі қай елде пайда болды?
1)Мексика 2)АҚШ 3) Ұлыбритания
№5 лот. Ең алғашқы төл теңгемізде бейнесі бейнеленген тарихи тұлға?
1)Жүсіпбек Аймауытов 2) Шоқан Уалиханов 3)Әлия Молдағұлова
№7 лот. Теңге банкнотасы неше жыл қатарынан «ең әдемі қағаз ақша» ретінде танылды?
1)екі 2)бір 3)Үш
Осымен І кезең аяқталды. Қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық.
ІІ. «Эрудиттер сайысы» деп аталады.
Әрбір дұрыс жауап құны – 500 теңге. Ендеше, «Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой, ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт.
ІІ. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар.
1.Ұлы тұлғалары бар, Керек
құнды қағаздар (теңге).
2.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев қашан сайланды? (1991жылы1 желтоқсанда)
3.Тәуелсіздік белгілерін атаңдар.(Валюта,Ту, Елтаңба және
Әнұран)
4.Қандай жағдайда ту көтеріліп, мемлекеттің әнұраны
орындалады?
(Екі жағдайда: 1 ) Мемлекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада
жеңімпаздары анықталғанда)
5.Қазақстан Республикасы әнұранының авторларын
ата?
(Ж. Нәжмеденов, Н.Назарбаев,
Ш. Қалдаяқов)
6. Рәміздер дегеніміз не?
(Мемлекеттерді бір – бірінен
ажыратып тұратын нышан - белгілер)
7.Қазақстан Республикасы туының авторы кім?(Ш.
Ниязбеков)
№2 топқа арналған сұрақтар.
1.Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы кім? (Ш. Уәлиханов,
Ж. Мәлібеков)
2.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы
қабылданды?
3. «Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:(теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы, капитал).
4. Мемлекетіміздің елбасы? (Н.Ә. Назарбаев).
5.Тәуелсіздік алған елдің бірінші айрықша белгісі?( ұлттық валюта).
6.Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы астанасы.
7.Айрықша белгісі, Әлемнің тынысы, Байлықтың белгісі (ақша).
ІІ кезеңнің қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық.
Жоғары капитал жинаған топ_____
Енді, «Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. Әр дұрыс жауап 200 теңгемен есептеледі.
ІІІ. «Таңдау - табыс»
Топтар ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Ұяшық ішінде ақшасы жазылып тұрады. Дұрыс жауап берген жағдайда қорға ақша қосылатын болады.
«Термин»
«Әсем қала»
«Тұлға»
«Көліктер»
«Тәуелсіздік»
Эксперттерден қорытындысын сұрау.
ІV. Сәйкестендір.
1 теңгеде – әл
Фараби
3 теңгеде –
Сүйінбай
5 теңгеде –
Құрманғазы
10 теңгеде –
Шоқан
20 теңгеде –
Абай
50 теңгеде – Әбілқайыр
хан
100 теңгеде – Абылай
хан
V. Мақал мәтел – сөз мәйегі
( дүние, көз, дария, теңге,
санап, шашу, есеп, ақшасы, судың,
құлып)
1. _____ тиыннан
өсер.
Жылқы құлыннан
өсер.
2. Есепсіз ______
жоқ.
3. Алтын тапсаң _______
ал.
4. Ақша кетуге
тырысады,
_________ ұстауға
тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______
болар.
6.______ оңай, жинау
қиын.
7. Ақша ашпайтын _________
жоқ.
8. _______ да сұрауы
бар.
9. Ақшада ____
жоқ.
10. Ар — намысы таза адамның _______ аз
болады.
-
Тамшыдан тама берсе дария болар.
-
Ескі киімді баптағаның
жаңа киімді сақтағаның
-
Түстік өмірің болса
кештік мал жина
-
Қасықтап жинағанды
шөміштеп төкпе.
-
Алыстан арбалағанша
жақыннан дорбала.
-
Саумал ішсең қымыз жоқ
байтал мінсең құлын жоқ.
-
Есептемегенге бәрі түгел
-
Үзіп жеген-үнемге жатпайды.
-
Базары жақын-байымас.
-
Шашу оңай-жинау қиын.
-
Қолдағының құны жоқ.
«Теңге ілу» ойыны туралы бейнеролик
«Теңге ілу» — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі.Сақ Ғұн Түрік Қазақ ұлттық ат спорты ойыны. Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған, қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі. Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.
Қорында ең көп ақша бар топ жеңімпаз аталады.
Бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).
Мадақтамамен марапатталады.
Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса, Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!
«Келісілді» «Бекітемін»
ҚЖТС директорының Қалалық жас туристер
орынбасары стансасының директоры
_______Ногаева Б. ___________ Бекбергенова А.
«__» ____ 2021 ж. «__» _____ 2021 ж.
Тақырыбы:
Білім биржасы
(Зияткерлік ойын)
Өткізген: Даулеталина А.Қ