Материалдар / "Білім биржасы" зияткерлік ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білім биржасы" зияткерлік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2018
582
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Информатика пәні бойынша сыныптан тыс шара










ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР




«Білім биржасы» зияткерлік ойыны


Калымбетова Арайлым Умирбаевна-

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі
























2017 оқу жылы



БІЛІМ БИРЖАСЫ


Зияткерлік ойыны

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Ойын барысы: Ойынға 6 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 5 турдан тұрады.

І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.

ІІ тур.Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс.

ІІІ тур. «Қатені тап»сайысы. Топ басшылар сайысы.

ІV тур. Таңдау - табыс. Әрбір топ информатика пәні бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды.

V тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Қажетті құралдар: күміс қобдиша, әртүрлі купюрадағы «теңгелер».

Техникалық құрал: компьютер, проектор, микрофон, жылжымалы экран, әуен орталығы.

Бағдарламалық жабдық: MS Power Point - жасалған слайдтар.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).

Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.

Ендеше кезек оқушыларда (әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

«Болашақ» дарындылар тобы.

Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

«Эврика»- тапқырлар тобы

Ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу – р - Райхан әл буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 5000 теңгеден бар. Бұл бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту - өз қолдарыңызда.

Информатика пәнінен сұрақтардың бастапқы бағасы-200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200,500,1000,2000,5000,10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса - баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ топ капитанынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса - сыйлық сіздікі. Бастапқы баға-500 теңге. Кім жоғары баға ұсынады. Лоттардағы жұмбақтарды оқу.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз . Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д. Зилинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойының аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!