Материалдар / Білім мазмұнын жаңарту аясында «Жаратылыстану» пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім мазмұнын жаңарту аясында «Жаратылыстану» пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты басқаруды және оқушы қызметін дұрыс ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін мұғалімге әдістемелік кеңестер ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2021
458
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім мазмұнын жаңарту аясында «Жаратылыстану» пәнін

оқытудың әдістемелік мәселелері


Сүлейменова Гүлнәр Абдоллақызы,

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ,

Менеджмент және инклюзивті білім беру

кафедрасының аға оқытушысы,


«Жаратылыстану» оқу пәні 1-6-сыныптар аралығында жаңартылған бағдарлама енгізілгеннен кейін жүзеге асты. «Жаратылыстану» пәнінің бағдарламасы спиральдық қағидаға негізделіп құрылған және сыныптардағы білім мазмұны логикалық тұрғыдан бір-бірін толықтырып отырады. Жаратылыстану пәні оқушылардың жаратылыстану бағытында білім беру, олардың білім құмарлықтарының дамуына, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

«Жаратылыстану» пәні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға бағытталған кіріктірілген курс болып табылады.

Халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес, білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы әзірленген.

Сабақты басқаруды және оқушы қызметін дұрыс ұйымдастыруды

жүзеге асыру үшін мұғалімге төмендегі мәселелерге мән беру ұсынылады:

Оқу мақсаты. Оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар мен сабақты табысты өткізуге көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет.

Оқу мақсаттары «Жаратылыстану» пәні бойынша негізгі орта білім деңгейінде – жеті бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік пен дағды, тақырып, білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары осы бөлімшелер аясында топтастырылған. Оқу мақсаты әр бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың қандай шара қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады.

Мұғалімге оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.

Оқу мақсаттарын оқушылармен бірігіп анықтаған соң нақты, түсінікті түрде тұжырымдауы маңызды. Мұғалімдер оқу мақсатын анықтап, тұжырымдау барысында «Сендер тиіссіңдер» деген талапты оқушылардың «Мен тиіспін» деген жеке сенімділігіне айналдыратын сөздерді ойластырып, пайдалануы қажет.

Ал оқушылардың «Маған осы білім не үшін қажет?» деп өзіне ой салуы қажет. Оған оқушылар «Бұл үшін мен не істеуім қажет?» деген жауап береді. Мұғалім мазмұнды меңгерудің белгілі бір формаларын ұсынып, оқушылардың «Мұны қалай істеуге болады?» деген сұраққа жауап табуына яғни «... деген сұрақтарға жауап беруді ұсынамын», «Бұл мақсатқа жету үшін әдетте ...», «... былай істеуге болады» т.б. сөздермен көмек беруі қажет.

Ең бастысы – оқушылар мұғалімнің емес, өз мақсаттарына жетіп, оларды оқытпай, өздерінің оқып жатқандарын түсінуі.

Сабақтың барысында сынып ұжымын жаппай оқыту формасынан жеке, жұптық, топтық жұмыстарға қарай жұмылдыруға септігін тигізетін әдістер ұсынылды. Мұғалім өзінің шеберлігіне қарай білім алушыларды түрлі санаттарға бөлу, оның ішінде ақыл-ой типтері бойынша ыңғайластыру арқылы білім алушылардың тапсырманы орындау сапасына тікелей тәуелділікті нақты ұсынуы қажет. Оқытудың мұндай әдістемелік тәсілі оқушыларды гомогенді, гетерогенді топтарға бөлуге және нақты тәжірибелік тапсырмаларды орындауда барлық білім алушыларды іске тартуға мүмкіндік береді. Топтарға бөлудің түрлерін таңдау ұстаздың өз еншісінде.

Мұнда топтардың құрамы туралы ойлау маңызды. Топтың құрамы қандай болуы керек? Оқу үдерісіндегі зияткерлік тәжірибесі және құрдастарымен жан- жақты қарым-қатынасы оқушының тұлғалық дамуына әсерін тигізеді. Сондықтан оқушыларға әртүрлі топтардың құрамында болып, тиімді тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берген дұрыс:

гомогенді топ – топ мүшелерінің зияткерлік деңгейлері шамалас, қызығушылық танытатын салалары ортақ;

гетерогенді топ – топ мүшелерінің танымдық деңгейлері бойынша барлығы күшті, немесе төмен;

аралас топ.

Топтың құрамын оқу мақсаттарына, сабақта орындалатын тапсырмаларға байланысты анықтауға болады. Аралас топтарда озат оқушылар үлгерімі төмендеу құрдастарына қолдау көрсетіп, алға жылжуына ықпал етеді. Бірақ оқу тапсырмасы қарапайым болған жағдайда мұндай топта олардың ынтасы төмендеп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда гомогенді немесе гетерогенді топтар ұйымдастырған пайдалы. Зерттеу дағдыларын дамыту тапсырмаларын орындағанда топтағы оқушылардың білім деңгейлеріне байланысты деңгейлі тапсырмалар беруге болады.

Қысқа сұрақтар негізінде қорытынды жасайық:

Мұғалімнің сабақ үдерісін ұйымдастырушы, оқушыны оқуға бағыттаушы рөліне ауысып, «оқушыға бағытталған орта» құруы маңызды.

Оны неден бастаған жөн?

Оқушының қажеттілігін және оқудағы кедергілерін анықтаудан бастаған пайдалы болады.

Ол үшін не істеу керек?

Оқушының күшті жақтарын;

Оқуда кездесетін қиындықтарын анықтап алу қажет.

Қажеттілікті анықтаудың әдіс-тәсілдері ретінде тиімді сұрақ-жауаптың маңыздылығын еске түсірейік: кейбір зерттеулер бойынша мұғалімдер күніне 300 сұрақ қояды екен. Осы сұрақтардың басым бөлігіне оқушылар жауап бермейді. Мұғалімдер сұрақты қайталап қоярдың алдында орта есеппен бір секундтай ғана күтеді екен, содан соң сұрақты басқа оқушыға қайталап қояды немесе өздері жауап береді. Жауапты күту уақытын 5 секундқа дейін созу оқушылардың ойланып, толығырақ жауап беруіне мүмкіндік береді.

Қалай?

Сабақ кезіндегі ауызша жауаптарын қадағалау;

Ашық сұрақтар қою;

Ашық және жабық сұрақтардың сипаттамасын қарастыру: Ашық сұрақтар оқушыларды өз ойын еркін айтуға және ойлануға ынталандырады, мысалы:

«Біз қалай ... жасай аламыз?», «Егер ... не болар еді?», «Маған ... туралы әңгімелеп беріңізші?», «Неліктен ... болды?».

Мұғалімдердің ашық және жабық сұрақтарға, жоғары деңгейлі және төмен деңгейлі сұрақтарға берілетін жауаптарды және олардың оқушылардың ойлауын дамытудағы орны туралы өз ойланғандары дұрыс.

Жауап алу үшін күту;

Топтық жұмыс кезіндегі әрекетін бақылау;

Жазбаша жұмысын қарау;

Кері байланыс парағын оқу.

Бұл Сізге не береді?

Сабақты тиімді жоспарлауға;

Әр оқушының ілгерілеуіне көмектесетін тапсырмалар құруда;

Оқушының алға ілгерілеуіне көмектесетін кері байланыс беруде;

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруға;

Әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре қолдануға мүмкіндік береді.

Келтірілген әдістемелік ұсылынымдар «Жаратылыстану» пәндері мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады деп үміттенеміз.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Негізгі орта білім беру деңгейінің 56-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 22 б.

  2. «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, Педагогикалық шеберлік орталығы, Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2016.

  3. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 332 б.

  4. Білім мазмұнын жаңарту аясында (7‒9-сыныптарда) «География» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. Әдістемелік құрал. ‒ Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017.

  5. Сүлейменова Г.А., т.б. Жаратылыстану. Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған нұсқаулық, Алматы: «Атамұра», 2016.

  6. https://cpm.kz/ru/

  7. http://smk.edu.kz
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!