Материалдар / «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың кәсіби үздіксіз дамуы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың кәсіби үздіксіз дамуы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім мазмұнын жаңарту жайында. Мұғалімдерге өзім өткізіп жүрген жаңартылған оқу мазмұны, сабақтарым жайында тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2018
607
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың кәсіби үздіксіз дамуы»

Жаңа заман көші ілгерілеген сайын білім беру саласындағы жаңашылдық пен жаһандану даму үстінде. Иә, білім берудің тәсілі, әдісі, түрі өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Бүгінгі таңда менің мұғалім ретінде міндетім — жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындату, оларды өмірден өз орнын табуға көмектесу, бағыт — бағдар беру. Яғни өзге ұлт балаларын қазақ тілі сабағында өз ойын еркін қазақ тілінде жеткізе алатын дәрежеге жеткізу, рухани бай, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың ең негізгі формасы екені белгілі, ал сол сабақты жаңа оқытудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланып өтілген жағдайда қызығырақ, сапалы, оқушының пәндік құзыреттілігі артуына ықпал ететіндігі дәлелденген. Сабақтың формасы – сабақты кәсіби деңгейде өтілу деңгейіндегі дәрежені анықтайды. Себебі, жаңа әдіс-тәсіл әртүрлі жанрдағы өзгешеліктер мен шеберлікті арттыру мазмұнын қарастыра отырып, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, білім алушыны жалықтырмай, оларды өзіндік яғни ізденістік білім алуға жүктейді.

Әр сабағымды жеті модулды ықпалдастыра тиімді тәсілдермен өткізуге тырысамын. Мектеп орыс тілінде болғандықтан қазақ тілі пәнінен балаларға әр тақырыпты қызықты да жеңіл түрде жеткізудің жолын іздеймін. Жұмыс тәжірибемде жаңа мультимедиялық программалармен және қазіргі таңдағы интерактивті тақталар мен жұмыс жүргізуді меңгеру бағытында облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілгін арттыру және қайта даярлау институтында арнайы курстан өтіп, сабақ процесінде осы ақпараттандыру, компьютерді пайдаланып, жұмыстар жүргізудемін. 
Мектептегі интерактивті тақта, мультимедиялық кабинеттерде белгіленген кестеге сай ашық сабақ, тәрбие сағаттарында оқушыларымды машықтандыру мақсатында жүйелі түрде пайдаланып отырамын. 
4- сыныпта мультимедиялық кабинет мүмкіндігімен қазақ тілі пәнінен «Біздің спортшыларымыз» тақырыбында сапалы білім кеністігіне қол жеткіздім. 
Сабақтың мақсаты: 
Мәтіннің мағынасын талдай отырып спортшылар туралы түсінігін молайту, тақырыпты ғылыми тұрғыда меңгеруге қолайлы орта жасау. 
Күтілетін нәтижелер: 
1. Мазмұнға байланысты: 
Әңгімені оқып танысады. Мазмұнын, тақырып өзектілігін ашады. Өз бетінше іздену жұмыстарының арқасында ойын жинақтап түйіндейді. 
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: 
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтау және сезімін ояту. Бұл жерде топтар ауданымыздан шыққан бірінші спортшылар туралы ғылыми деректер жинап, ақпараттарымен алмасады. Әр топ өз спортшыларын таныстырып, коллаж жасап, әр топ мүшесі өз пікірін ашық айтып қорғайды. Топ басшысы топ мүшелерін бағалау парақтарымен бағалап, қойған бағаларын дәлелдейді.

3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: 
«Үштік пікір» арқылы –оқушылар бірін –бірі оқытуға, сол арқылы айтылған ойға ойлануға үйренеді. 
-оқуға деген жауапкершілік артады. 
-мәтіннің түсініксіз жерін айқындай отырып «Хикая картасына салып» постермен қорғайды.  
-топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. 
-бірін –бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыланады. 
-қорытынды шығарады, яғни «Полилог» «Ойшыл қалпақтар» арқылы «Спортшыларымыз –біздің мақтанышымыз» тақырыбында топтаса өзара пікірталас өткізіп, өз пікірлерін дәлелдейді. 
1-сыныпта интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, қазақ –тілі пәнінен «Мақта қыз бен мысық» атты тақырыптағы сабағым оқушы деңгейінің анағұрлым дамығандығын байқатты. 
Сабақтың мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіну. Еңбек ете білуге баулу. Танымдылық қабілетін дамыту. Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Күтілетін нәтижелер: 
А) мазмұнға байланысты: 
Мәтінді оқып танысады. Ролдерге бөліп дағдыланады. Өз бетінше мазмұнын айтуға машықтанады. 
Ә) сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: 
«СТОП-КАДР» арқылы ертегіні көрсетілім тоқтаған жерден өз ойымен әрі қарай құрастырып айту, қиялын шарықтату, өз бетінше ертегіні аяқтау үшін ойларын ортаға салу, жинақтап түйіндеу. 
Б) топтық жұмыс үрдісіне байланысты: 
1 «Автобус аялдамасы» арқылы оқушылар топтармен өзара пікір алысады, ортақ ой түйіндейді. 
2.Өз пікірлерін дәлелдеу үшін айтар ойы нақты, мысалдармен болады.  
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық-мақсаттың жүзеге асуы. 
Бұл ретте мен көздеген өз мақсатыма жеттім. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын, ақпаратты технологияларды қолдану барысында мынадай нәтижелерге қол жеткіздім: 
1. «Біздің спортшыларымыз» туралы түсінігі молайды, спортшылар жайлы бейнефильм көру арқылы қызығушылықтары оянып , ізденіспен спортшылар туралы ақпарат жинап, өз ойларын ортаға салды. 
2. Мәтінді оқи отырып спортшыларымыз біз үшін үлгі, мақтаныш екеніне мән берді. 
3. Оқушылар әр топ мүшесінің айтқан ойын құнды пікір деп бағалап, бір –бірімен ынтымақтасып жұмыс жасады. 
4. ЖИГСО әдісін пайдалану арқылы, әрбір оқушы өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артты. 
5. Мәтінді топта талдай отырып, өз ойын, пікірін толық жеткізді, қорытынды шығарды. 
6. Бір-бірінің ойын жалғастыру арқылы ойы дамыды. 
7. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалану арқылы интернет желісінен ақпарат алды. 
8. Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеті артты. 
9. ББҮ әдісі бойынша, іздену арқылы өз білімдерін сараптап кестені толырды.

7- сыныпта мультимедиялық кабинет мүмкіндігімен қазақ тілі пәнінен «Уақыттың бос өткені» тақырыбында сапалы білім кеністігіне қол жеткіздім. 
Сабақтың мақсаты: 
Мәтін үзіндісі арқылы оқиғаның дамуын болжау. Сөйлесім барысында тілдік тапсырмалар негізінде тақырып жайлы толық ақпарат беру. Мәтін бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу. Оқушыларды сипаттау мәтіндері арқылы өз уақытын үнемдеуге тәрбиелеу.

1. Күтілетін нәтижелер:
Қазақ тілінде уақыттын дұрыс жоспарлау туралы ақпарат береді. Тақырыпқа қатысты өз ойын білдіре мәтін құрап, тақырып өзектілігін табады, мазмұнын ашады. өз бетінше ой түйіндейді. 
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: 
«Жұптас, ойлан, бөліс» арқылы жұбымен уақыттың зымырап өтуі жайында әңгімелесіп, әр минутты дұрыс пайдалану керектігін, жұбының жауабына сұрақ қойып, берген жауабын дәлелдеп зерттеушілік әңгіме құрап ой түйіндейді. Сыни тұрғысынан ойлауын дамытады,
3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: 
–Ойтолғау: «ПОПС» қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірін тобында дәлелдейді, яғни оқушылар бірін –бірін оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
-оқушы бойында оқуға деген жауапкершілік артады. 
-бірін –бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыланады. 
-қорытынды шығарады, бірауыздан ортақ шешім қабылдайды

Бұл тұста оқушылардың білім деңгейлерінің өскені байқалды. 
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтежесінде –оқу тәрбие үрдісінің жаңаша қалыптасуна жол ашады. 
Оқушыларға өзіне сын көзбен қарап, ойлап отырып, кездескен қиындықтарды көре білуге, проблемаларды шешуге жаңа технологияларды пайдаланып, жаңа идеялар, шешімдер қабылдай білуге дағдыланады. 
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін. 
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі -өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы –дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнертапқыш, ізденпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін жеке тұлға. Оқу үрдісінде оқушылардың бейімділігіне, өзінің шеберлігіне қарай жаңа технологияны үйлестіріп келемін.

«Мәңгілік елдің» болашақ жастарын тәрбиелеуде жаңа мазмұнда білім беру менің ұстаздық борышым деп білемін. Оқушыларға сапалы да саналы білім беруде алдыма жан салмай еңбек етемін. Себебі, еліміздің болашағы осы жастардың қолында. 


Мичурин негізгі орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Каппарова Маржан Токенқызының қазақ тілі пәнінен 4, 6, 7, 8 сыныптар бойынша

2017-2018 оқу жылы I-II-тоқсан білім сапасы.



2017-2018 оқу жылы

Каппарова Маржан Токенқызы

Абай ауданы.Мичурин негізгі орта мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Тақырыбы: «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың кәсіби үздіксіз дамуы»

Тел: 87784362777:


ЭЛ .ПОЧТА : marzhan.tokenovna.78@mail.ru


Picture 1 Picture 2





































































Picture 4





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!