Материалдар / Білім мазмұнын жаңартудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім мазмұнын жаңартудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім мазмұнын жаңартудың тиімділігі, маңыздылығы туралы өз ойыммен бөлісемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алимбекова Патима Сейтханқызы

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы

2.18.37@mail.ru


Білім мазмұнын жаңартудың тиімділігі


Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана,

шәкірт жанына нұр құя алады.

Ахмет Байтұрсынов.

«Білген адам білімді өмір бойы іздейді»,- деген екен Ахмед Иүгінеки. Бұл даналық сөздің құндылығы қазіргі уақытта арта түскен сыңайлы. Жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуге көшу талабы ұстаздар қауымының жауапкершілігін арттыра түсуде. Жастарды заманауи әдіс-тәсілдермен оқыту – жаһандану дәуірінде алпауыт елдердің көлеңкесінде қалып қоймаудың бірден-бір жолы. Сондықтан да педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының ұйымдастырылып жатуы – жаңа технологияны меңгеріп, жаңаша оқытуға бет бұрған ұстаздар қауымына беріліп отырған зор мүмкіндік.

Мен де жаңа мазмұнда білім алып, өз шәкірттерімді жаңаша оқытуға бейімдеу үшін осы курсқа келдім. Үйренгенім көп, үйренерім бұдан да көп екенін ұғындым. Жаңартылған оқу бағдарламасында қолданылатын жиынтық бағалау мен модерация әдістері, ата-аналармен байланыс орнататын рубрика жазу жолдары, балалардың қабілетін шыңдауға жол ашатын қалыптастырушы бағалаудың маңызы туралы көптеген дүниелерге қанықтым. Қалыптастырушы бағалаудың негізгі стратегиялары, білімнің толық меңгеру теориясының факторлары, тілдік білім мен дағдыларды дамытудың әдіс-тәсілдері жөнінде де мәліметке ие болдым. Қарапайым ғана ширату жаттығуларының түр-түрін пайдалана білудің өзі бала қабілетін анықтау мен даралаудың және қызықтырудың бірден-бір жолы екендігіне көзім жетті.

Мұғалім қолына беріліп отырған КТЖ жоспарына қарап отырып, оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығарып, оған арнайы критерийлер мен дескрипторлар құра білудің де өзіндік қыр-сыры бар екен. Менің білім көтеруге келгендегі тапқан олжам – осы мәселелердің қыр-сырына қаныққаным болды.

Бір мен емес, өздерінің жазғы демалысының 1 ай уақытын жаңа мазмұнда білім алуға жұмсап отырған ұстаздар бойынан болашақ ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеуге деген құлшынысты байқадым. «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден», - деп жазған Ә. Бөкейхан сөзінің маңызы зор. Бала бойына күніне бір жаңа білімді сіңіртіп, « ертең бұдан да артығырақ тағы не берсем екен?» деп ізденумен жүретін ұстаз алдынан білім алған шәкірт – болашақта білім шыңына шығатын азамат болары сөзсіз. Бұл – өмір дәлелдеп отырған шындық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!