Тақырыбы: Білімді мыңды
жығады
Мақсаты: 7-8-сынып оқушыларының пән
бойынша алған білімдерін бақылау, теория мен практиканы ұштастыру.
Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, ақпараттық сауаттылығын
дамыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дербес
компьютер, флипчарт, кеспе қағаздар,
суреттер.
Сайыс барысы:
І. Ұйымдастыру. Мұғалім
сөзі
Ақпараттану
күнбе-күн
Өрге басып
келеді.
Таппай іздеп жүргенің
Компьютерге енеді
Интернетке қосылу
Бір-ақ жұмыс керегі!
Барлық пәндер жазылып,
Дискілерде тұрады,
Кезекпенене ағылып
Экранға шығады.
Тілін білген мамандар
Қырын, сырын ұғады!
Компьютер - сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де,
Ақпараттық заманың!
Сайысқа
7-8-сынып оқушыларынан
«Windows
XP»,
«Windows
7» топтары
қатысады.
1.Топтарды ортаға
шақырамыз.
2.Әділ қазылар алқасын
сайлау.
Сайыстың
кезеңдері:
1-кезең
Таныстыру.
2-кезең Білгенге маржан (Әр
топқа 20 сұрақтан)
3-кезең суретшілер жарысы
(интерактивті тақтамен жұмыс)
4-кезең Кім жылдам, әрі тапқыр
(Жұмбақтап жасыру)
5-кезең Сен білесің бе?
(интерактивті тақтамен сұрақтарға жауап
беру)
6-кезең Топбасшылар жарысы.(MS
Word пен жұмыс )
7 кезең. Жүйрік болсаң озып
көр
1-кезең
«Таныстыру»
Екі топ аттарын, ұрандарын
айтып, топ мүшелерімен таныстырады.
2-кезең «Білгенге маржан
(Әр топқа 20 сұрақтан)»
«Windows
XP»
тобына
1. Paint қандай редактор?
(графиктік)
2. ЭЕМ-нің неше буыны
бар? (5)
3. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарльз
Беббидж)
4. Морзе әліппесінде қандай таңбалар бар? (нүкте,
сызықша)
5. Ақпараттың ең
кіші өлшем бірлігі? (бит)
6. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылығы?
(микрофон)
7. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор қалай
аталады? (пентиум)
8. 1 Кбайтта ...
бар
9. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?
(латын)
10. Компьютермен жұмыс жасау үшін
қажетті құрылғылар жиынтығы –
11. Екілік жүйенің сандары? (0 мен
1)
12. Вирусты жоятын программа?
(антивирус)
13. Тышқанның
неше түрі бар? (2)
14. Ақпаратты шығару құрылғысы?
(принтер)
15. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас?
(интерфейс)
16. Ақпарат дегеніміз
не?
17. Информатика дегеніміз не? (ақпараттық
процестерді зерттейтін ғылым)
18. Компьютер жанына қойылатын өсімдік?
(кактус)
19. Функционалдық пернелер нешеу?
(12)
20. Операциялық жүйе дегеніміз
не?
«Windows
7»
тобына
1. WordPad қандай редактор?
(мәтіндік)
2. Компьютердің зиянды құрылғысы?
(монитор)
3. Интернетке шығу құрылғысы?
(модем)
4. ASCII коды қанша жолдан, қанша бағаннан
тұрады? (16/16)
5. Компьютердің сыртқы жадына
нелер жатады?
6. Компьютердің ең басты бөлігі немесе
«миы»
7. Ақпараттық процестерді
жүзеге асыратын құрылғы? (компьютер)
8. Компьютерге ақпаратты
енгізу құрылғыларын көрсет
9. Бір адамның жұмыс істеуіне арналған
ЭЕМ
10. 9. Жыпылықтап тұратын тік
сызықша? (меңзер)
11. Әр түрлі программа
орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)
12. Бас әріптер режимін іске
қосу пернесі? (CapsLock)
13. Сегіздік санау жүйесі
қандай сандардан тұрады? (0,
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7)
14. Логикалық қосу қалай аталады?
(дизъюнкция)
15. Дүниежүзілік желі?
(интернет)
16. 1846 жылы Бэббидж
машинасына программа құрған алғашқы
программист
17. Қағаздағы көріністі
экранға түсіруші? (сканер)
18. Сандардың аталу, жазылу
әдісі? (санау жүйесі)
19. Монитор экранында кез
келген көрініс нелер арқылы беріледі?
20. Жұмыс кезінде инелер қағаз
бетінде жылжып отырады да, бояу таспаға соғылып, қағаз бетінде із
қалдырады. Бұл қай принтер? (матрицалық)
3-кезең «Жас
суретшілер»
Оқушылар интерактивті
тақтада суреттерді бояйды.
4-кезең «Кім жылдам, әрі
тапқыр?»
Топ басшылары 1 минут
ішінде кеспе қағазда берілген сөздерді тобына жұмбақтап
жасырады.
«Windows
XP»
тобы
-
Монитор
-
Принтер
-
Пернетақта
-
Тышқан
-
Сканер
-
жүйелік
блок
-
Процессор
-
Кактус
-
жұмыс
үстелі
-
WINDOWS
XP
«Windows
7»
тобы
-
Информатика
-
Ақпарат
-
Компьютер
-
Дисплей
-
Джойстик
-
Диск
-
Флешка
-
Ноутбук
-
Вирус
10.Антивирус
5-кезең «Сен білесін
бе?»
2 топ қатысушылары кезекпен
келіп интерактивті тақтада берілген сұрақтарға жауап береді. Егер
ұяшық бос болса, ешқандай сұраққа жауап берместен ұпайын
алады.
6-кезең
"Компьютермен
жұмыс"
Топ басшылары MS Word-та
құттықтау хат дайындайды.
7-
кезең "Жүйрік болсаң, озып көр!"
Топ болып берілген есепті
шешеді.
І топ. Мен 1111 жастамын.
Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен 01110001 мектептің
1000-сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 00100101 оқушы. Менің
арманым келешекте атақты компьютер маманы
болу.
Жауабы: Мен 15 жастамын.
Мектеп табалдырғын 7 жасымда аттадым. Мен 71 мектептің 8- сыныбында
оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы бар.
Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы
болу.
ІІ топ. 111-класс оқушысымын.
Мектеп
табалдырығын 110 жасымда аттадым. Сыныпта
00010110 оқушы бар. Класс өте ұйымшыл. Біз 000100000011 мектепте
оқып жатқанымызды мақтан етеміз.
Жауабы: 7-класс оқушысымын.
Мектеп табалдырығын 6 жасымда аттадым. Сыныпта 16 оқушы бар. Класс
өте ұйымшыл. Біз 103 мектепте оқып жатқанымызды мақтан
етеміз.
Қорытынды:
Сайысымыз өз мәресіне жеткен сыңайлы. Қорытынды
сөз әділ қазыларға беріледі.
Сайыс қашан да сайыс. Сайыс болған жерде жеңіс
те, жеңіліс те болады. Жеңген топты құттықтай отырып,
жеңілген топқа сәттілік тілейміз.
«Манашы орта
мектебі»КММ
Тақырыбы: «Білімді мыңды
жығады»
сайысы
Сыныбы: 7-8
Өткізген: информатика пәні
мұғалімі: М.Т.
Коштаева
2018-2019 оқу
жылы