Материалдар / "Білімді мыңды жығар" педагогтарға арналған сайыс

"Білімді мыңды жығар" педагогтарға арналған сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қозғалыс ойындарына қажетті құралдар, соның ішінде ірі және ұсақ моторикасын дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
309
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Білімді мыңды жығар» педагогтарға арналаған интеллектуалдық сайыс

Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік - психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір - бірлеріне деген достық сезімін арттыру. Шығармашылыққа әртістікке, жаңашылдыққа бастау. Өзін- өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар: тәрбиешілер.

Керекті құралдар: Стикер, фломастер, ақ парақ, эмблема, плакат,

Түрі: Сайыс.

Жүргізуші: Құрметті балабақша педагогтары.Бүгінгі «Білімді мыңды жығар» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. Бірінші сайысқа қатысушы тәрбиешілерді ортаға шақырып алайық.

Бірінші топ: «-----------» тобы.

Екінші топ: «------------» тобы.

Үшінші топ:

(Тәрбиешілер дөңгелек етіп орналастырылған үстелдерге отырады.Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайланады.)

Әділқазы алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір.

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

Балабақша меңгерушісі: Бейсебекова Г.Ж.

Балабақша жоғары санатты тәрбиешісі: Нұрлыбаева Б.Б.

Балабақша бірінші санатты тәрбиешісі: Жақсылықова Р.Қ.

Балабақша бірінші санатты тәрбиешісі: Алибекова А.Д.

Әділқазылар алқасымен таныс болдық.Сайысымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып , көңіл-күйімізді көтеру үшін бір- бірімізбен амандасамыз.

«Есте сақта» деп аталады. Мен бірінші қимылмен амандасамын , келесі тәрбиеші амандасып болған соң менің қалай сәлемдескенімді көрсетеді. Тәрбиешілердің есте сақтау қабілетін байқау.Әрі қарай тәрбиешілер жалғастырады.Болған соң орындарына отырады.

Бірінші интеллектуалдық ойын туралы түсіндіру. (слайд көрсету).Жалпы «интеллект» деген латын тілінен аударғанда таным, ұғыну және жеке тұлғаның ақыл- ой қабілеті.Ойындар арқылы балыны дамыту. Дамыту ойындары баланың қабылдау қабілетін, ойын дамытуға білімді терең меңгеруіне ықпал етеді.Интелектуалдық ойын түрлері өте көп. Атап айтатын болсақ сергіту, дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар,математикалық ойын дар, заттық және құрылыс ойын түрлері болады.Бізде көп қолданатын дидактикалық ойындар. Әр ойынның мақсаты болады Мысалы:. «Қолғаптың сыңарын тап» ойыны. Мақсаты.Балаларға оң және солды ажыратуға, түстер бойынша топтастыруға үйрету. «Көлеңкесін тап» ойынына келетін болсақ мақсаты балалардың зейінін,көру қабілетін дамыту және ұқыптылыққа үйрету. Басқа ойындардың түрлері өте көп.Әр ойын түрлерінен көрнекіліктер көрсету(слайд).

Ал енді сайысымызды бастаймыз. Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.

1.Топтың атауларын таныстыру. Топтың атын айту және өлеңмен таныстыру. Әр ойын сайын ұпайлар қойылады. Үш және бес ұпай аралықта болады.

2. Сұрақ- жауап.

3. «Мақалды жалғастыр.»

4. «Көп сөйлеме».ойыны

5. «Ой қозғау» ойыны.

6. Постер қорғау. Топқа тапсырма беру.

7. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны.



Әр бөлімнің шартын ойын барысында таныстырып отырамын. Ойын шартымен таны болсақ сайысымызды бастаймыз.

1.Таныстыру. Ек топ топтардың атын айтады және күрделендіріп таныстырады( әнмен, өлеңмен т.б ). Әділқазылар бағасын беріп отырады.

2. «Сұрақ –жауап» әдісі. Екі топқа бірнеше сұрақтар беріледі. Жауап беретін топ алдарындағы сылдырмақты сылдырлату арқылы тез жауап беруі керек.

1.Жасыл адамды көрген жағдайда нестеу керек? (Көшеден өту керек )

2.Құлақ не үшін керек? Көзілдірікті ұстап тұруы үшін.

3.Алфавиттің ең соңғы әрібі? (Т )

4.Мектепке дейінгі мекемелерге бағынатын құжат. (Стандарт )

5.Мониторинг дегеніміз не? Баланың даму деңгейін анықтаушы

6.Педагогика оқулығының авторы кім? М. Жұмабаев

7. Қ.Р.Білім беру туралы заңы қай жылы қай күні қабылданды? 2007 жылы 27шілде

8.Интеллектуалдық ойындардың түрлерін ата. (Дидактикалық ,сергіту,логикалық және ұлттық ойындар)

9.Стандартта мынадай терминдер бар.Олардың анықтамалары қандай?

Әлеуметтік дағды - бала мектепке дейінгі жаста меңгеретін өзара әлеуметтік әрекеттің әдістері мен тәсілдері

Интеграция-мазмұнның құрылымдық бөлімдерінің арасындағы байланысты орнанатын процес

10.Киіз үйдің жабдықтары: аяқбау, бақан,бас арқан, басар,басқұр,белбеу, белдеу, дөдеге жел арқан, туырлық түндік ,уыққап,үзік.

3 «Мақалды жалғастыр» ойыны. Мен мақал – мәтелдердің бірінші жолын айтамын, сіздер ары қарай жалғастырасыздар.

1.Нан тамақтың атасы

Ынтымақ – көптің батасы.

2.Еңбек адамның көркі

Адам заманның көркі.

3.Ағайын тату болса-ат көп

Абысын тату болса- ас көп.

4.Ұстаз алдында тілің тый

Ұста алдың да қолың тый.

3. «Көп сөйлеме» ойыны. Бұл ойынның шарты:Командылан бір ойыншы шығады.Оған сөздер көрсету Өз командыларына мимикамен және іс- қимылмен сөздерді көрсету керек. Отыз секунт уақыт беріледі.. Әр дұрыс сөзге үш ұпайдан беріледі.

Кітап, он саны, тау, қар, құстар, жылқы,қап,шекара, қасқыр,майшам, тасбақа,қарбыз,қанат, тұмсық, мұз,ту, ықылық, қайық, шатыр,тон, мүйіз,бөрік,базар, қарбыз, несие,ерлі- зайпты,қонақ, самаурын,қобыз, сиыр,

4. «Ой қозғау» ойыны. Екі топқа ұлағатты сөздер беріледі. Он секунта сөздерді құрастырып ғалымдардың ұлағатты сөздерін құрастыру.

Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды.В.Сухомлинский

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.К.Ушинский.

5. Постер қорғау. Екі топқа тапсырма беріледі.

1-Топқа «Біз қандай тәрбиешіміз?» постер қорғау..Және интеллектуалдық ойын түрлерінен біреуін алып баланың дамуына қандай пайдасы бар екенін жазып немесе сызба ретінде көрсету.

2- топқа «Болашақта мектепке дейінгі мекеме қандай боғанын қалайсыздар?» сызба немесе сурет салып қорғау.

7. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны. Ойын шарты: Әр түрлі әріптер болады. Қатысушылар бір – бір әріптен алады. Әр қатысушшыға сұрақ қойылады. Сұрақтың жауабына алып әріптен басталатын сөз ойлап айтады. А, Т,С, Ж, О, Қ, Б.,Е.

1. Жасың нешеде?

2.Сенің атың кім?

3.Қандай аңды білесің?

4.Кімді және нені жақсы көресің?

5.Тағамның атауы?

Ойын соңында әділқазылар алқасы топтың жинаған ұпайының қосындысын шығарып жеңімпаздарды анықтау.

Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды. В.Сухомлинский

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. К.Ушинский



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ