Материалдар / "Білімді мыңды жығар" сайыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білімді мыңды жығар" сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық қосымша білім беру ұстаздарына көмегі зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
673
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Білімді мыңды жығар» сайысы.

Мақсаты: балалардың әр сабақтан алып жатқан білімдерін жүйелеу;әр сабаққа,тапсырмаға деген қызығушылықтарын арттыру;өз ойын еркін жеткізе білуге,ұйымшылдыққа,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Әдісі:топтық жұмыс,ой қозғау.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта,карточкалар.

Барысы

Тәрбиешінің сөзі: Армысыздар,құрметті сайысқа қатысушы балалар және ұстаздар!Бүгін біз сіздермен «Білімді мыңды жығар» атты сайысын өткізгелі отырмыз.

Тәрбиеленушілер келесідей 3 топқа бөлінеді:

1. «Айбын» тобы

2. «Мерей» тобы

3. «Жұлдыз» тобы

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

1.Өзін таныстыру.

2. «Жасырын мақал»

3. «Жеміс ағашы»

4.Жүйрік топбасшы


І.Сайыстың бірінші бөлімі бойынша әр топ өзін таныстырады.


ІІ. «Жасырын мақал» бөлімінде топтарға төмендегідей кілт сөздер беріледі.Құрамында осы сөздер бар мақалды тауып айтады.

1. «Айбын» тобына: ағаш,жеміс,оқу,ар;

2. «Мерей» тобына: қамыс,Отан,білім,ой;

3. «Жұлдыз» тобына: намыс,кітап,еңбек,жақсы;


ІІІ. «Жеміс ағашы» бөлімінде әр топ интербелсенді тақтадағы ағаштың жемістерін таңдайды.Әр жемістің артында сұрақтар жазылған.Сол сұрақтарға жауап берулері керек.

1-топ: 1.Жылдың ең қысқа айы? (Ақпан)

2. 10-мен 50 санының көбейтіндісі? (500)

3. Есту мүшесі? (Құлақ)


2-топ: 1.Жаздың бірінші айы? (Маусым)

2. 15 пен 20 санының көбейтіндісі? (300)

3. Көру мүшесі? (Көз)


3-топ: 1.Балалар күзгі демалыста қай айда шығады? (Қараша)

2. 40 пен 20 санының көбейтіндісі? (800)

3.Ас қорыту мүшесі? (Асқазан)


VI. «Жүйрік көшбасшы» бөлімінде әр топ көшбасшыларына құрамында бір сөзі жасырылған жұмбақ немесе нақыл сөз беріледі.Сол сөзді тауып,қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде жауап беруі керек.


І-топқа:1.Сабыр түбі-сары ....... (алтын,золото,gold)

2.Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама. (Кітап,книга,book)


ІІ-топқа:1.Ақылдың саусағы- ...... (мың,тысяча,thousand)

2.Иілсең иіліп,түйілсең түйіліп,

Қарайды кісіге,ұқыпты ісіне.Бұл не? (айна,зеркало.mirror)


ІІІ-топқа: 1.«.....жылда ел жаңа» (елу,пятьдесят,fifty)

2.Қолы жоқ,сөзі жоқ,бірақ тісі бар.

Басыңмен ісі бар.Бұл не ? (Тарақ,расческа,comb)

Қорытынды.

Тәрбиешінің сөзі: Бүгінгі «Білімді мыңды жығар» сайысы өз мәресіне жетті.Барлық балалар сайысқа белсене қатысты.Сайысымыздың жеңімпазы «Айбын» тобы.

Түркістан облысы,Арыс қаласы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нің тәрбиешісі: Халбаева Улжаркын Абдумаликовна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!