Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білімдіге биіктен орын" атты білімділер додасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділер додасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі :

«05» наурыз 2019 жыл

Құрметті ұстаздар мен қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бүгінгі 8 – сынып оқушылары арасында өтетін «Жас математиктер » атты математикалық интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
Орыс ғалымы М. Ломоносов « Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,»- деген. Олай болса, бүгін сендер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.
Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
екендігінекөзжеткізесіңдер.
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады.
Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Ендеше сайысымызды саралап отыратын, қатысушыларымыздың ойынына әділ баға беретін әділ - қазы мүшелерімен таныстыруға рұқсатетіңіздер.
Есептен сайысады қос команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
Сонымен,
8-сыныптың ұлдарының намысын қорғайтын «Жалын » командасы!
8-сынып қыздардың атынан шыққан каманда «_Дарын» командасы!
Ал енді, ойыншылар ойынымыздың өту барысына қысқаша шолу жасап өтейік.

Біздің ойынымыз І - тур: Таныстыру.Әр топ өз камандасын таныстырады.

II тур.”Тапқыр болсаң тауып көр » деп аталады. Бұл турда математика, физика ,инфарматика пәндерінен сұрақтар қойылады.Осы турда ойыншылар өздерінің ізденімпаздығы мен алғырлығын көрсетеді.

III тур. Жұмбақтарды шешу.



Ендеше, І турымызды бастаймыз.Таныстыру . Яғни қазір әрбір топтан өзін таныстырады.
Тамаша! Осы қысқа да нұсқа, бірақ қажет информация біздің залда отырған көреремендерімізге артық етпесі анық.

Енді, ІІ бөлімге назар аударайық. Ол «Тапқыр болсаң тауып көр » деп аталады. Яғни, сіздерге 3 пәннен сұрақтар қойылады.Өздерің таңдайсыңдар.Жауап берсеңдер сол балдарың сақталады.
ІІI тур «Жұмбақтарды шешу » деп аталады. Команда капитандарының білімдерін сынауға арналған. Бұл бөлімде әрбір дұрыс жауап 10 балдық ұпаймен есептелінеді. Егер команда капитандары дайын болса, оларды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз. Бірінші «___Жалын_______» командасының капитаны __Арсен
_______. Сонымен дайынсыз ба?
1. Қарама – қарсы сандар қосындысы неге тең (0)
2.
Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
3. Ең кіші жай сан (2)
4. Тіктөртбұрыштың
бір бұрышынан кесіп түскенде қандай фигура шығады? (Бесбұрыш)
5. 5 ке қарама – қарсы сан (- 5)
6. Алымы бөлімінен үлкен сан (бұрыс)
7. Кері сандар көбейтіндісі неге тең? (оң сан)
8. Дөңгелек салатын құрал (циркуль)
9. Солдаттың «кругом» дегендегі бұрылатын бұрышы (180 градус)
10. Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы (периметр)
Сізге ____ сұрақ қойылған болатын, сіз соның ____ жауап бердіңіз.

Келесі кезекте «
Дарын» командасының капитаны Танакөз, көп созбай ойынымызды бастайық. Танакөз дайынсың ба?

1. Шеңбердің диаметрі 20 см, радиусы қанша? (10см)
2. Парлап жегілген атта 30 км шапты. Әр ат қанша км шапты?(30)
3. Қосу нәтижесі не? (қосынды)
4. Архимедтің ваннадан шығып, айқайлаған сөзі. (еврика)
5. 69ға кері сан (1/69)
6. Тәуліктің 24 тен бір бөлігі (сағат)
7. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
8. Пифагор теоремасын ойлап тапқан кім? (Пифагор)
9. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
10. 3 қосу 2 көбейту 4 нешеге тең? (11)
Сізге ____ сұрақ қойылған болатын, сіз соның ____ жауап бердіңіз.
Сонымен І бөлімнің нәтижелерімен таныс болайық. «__________» командасы өзінің тапқыр капитанының арқасында ____ ұпай санына ие болып отыр, ал «__________» командасы ____ ұпайды еншіленеді.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі ойын жеңімпазы болады.


Ал команда ойыншылары ойланып, толғанып, пікір таластырып жатқанда біз залдағы көрермендермен ойын ұйымдастырғымыз келіп отыр. Ойын «Кім жүйрік?» деп аталады.(Көрермендермен жұмыс)


Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз - ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек

1. Сағат 22. 00 - де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)
2.
Әсем поездың басынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)
3. Сәуледе 6 сақина бар, оның 5 - еуінің массасы бірдей, 1 - еуі жеңіл. Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?

1 - жүргізуші: осымен біз өзіміздің сайысымыздың да соңына келіп жеттік. Ендігі сөз кезегі төрешілер өздеріңізде.

2 - жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренерміз аман болсақ!

1 - жүргізуші: Бүгінгі ойынымыз баршаңыздың көңілдерңізден шықты деген үмітпен, қатысып отырған ұстаздар мен
оқушыларға алғысымызды айтып, сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Назарларыңызға рақмет!

Жеңіске жеткен оқушылар марапатталады.











































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12