Материалдар / Биогеография. Құрлықтың және Дүниежүзілік мұхиттың негізгі биомассалары. Биогеографиялық аймақтар.11 сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биогеография. Құрлықтың және Дүниежүзілік мұхиттың негізгі биомассалары. Биогеографиялық аймақтар.11 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың материалы биология пәнінің мұғалімдеріне арналған, биология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек болады деп сенемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2019
1649
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар


Мектеп: № 15 мектеп - гимназиясы

Күні: 14.03.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Толкимбекова Шынар Керимбековна

Сынып: 11 – Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Биогеография. Құрлықтың және Дүниежүзілік мұхиттың негізгі биомассалары. Биогеографиялық аймақтар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Құрлықтар және Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері, мұхит суының температурасы және тұздылығы туралы оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • құрлықтағы тірі организмдердің биомассасын анықтайды;

  • топырақ қабатының түзілуіне қандай жағдайлар әсер ететінін анықтайды;

  • Дүниежүзілік мұхит биомассасын құрлық биомассасымен салыстырады.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Топырақтану ғылымының негізін салған ғалымды біледі;

  • топырақ қабатының түзілуіне қандай жағдайлар әсер ететінін біледі;

  • Дүниежүзілік мұхит биомассасын құрлық биомассасымен салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Оқытудың тілдік мақсаты :

- құрлықтағы тірі организмдердің биомассасы неліктен полюстерден экваторға қарай арта түсетінін түсіндіреді;

- өздері тұратын жердің өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- топырақ биомассасы

- Дүниежүзілік мұхит биомассасы

- гидробионттар

- планктондар

- бентостар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- суда тіршілік ететін организмдерді … деп атайды;

- … планктондар деп атайды;

Құндылықтарды

дарыту

Өзара пікір алмаса отырып, бір - бірлерінің ойларын бағалап, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластықпен бір командада жұмыс жасау. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық

байланыстар

Оқушыларға алған биологиялық білім мен дағдыларды химия, география пәндерінде, практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді.

АКТ қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану дағдыларын жетілдіру.

Бастапқы білім

Алфред Уоллес 6 географиялық деректерді ажыратқанын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, топқа бөлу, мақсат қою.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында

«Ой қозғау» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын:

1.Жер шарында қандай биогеографиялық аймақтар бар?

2.Қазақстан қандай биогеографиялық аймаққа жатады?

3.Биогеографиялық аймақтарды қандай ерекшеліктеріне қарап ажыратуға болады?

4.Аустралиялық аймақта неліктен өте қарапайым сүтқоректілер сақталған?

Түстер арқылы топқа бөлу



Жеке жұмыс

«Ой қозғау»

ашық сұрақтар


Сабақтың ортасы

































































Жаңа білім: 1) интербелсенді тақта арқылы тақырып бойынша түсіндірмені қосу:

Биогеография (көне грекше: βίος – өмір + γεωγραφία – география) — жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы; өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым.

Биогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды. Оның дамуына экваторлық АфрикаОңтүстік АмерикаАзия елдерінің фаунасы мен флорасын зерттеу үшін жүргізілген экспедициялар мен сол кезеңнің жаратылыстанушылары — неміс ғалымы А.Гумбольдт пен ағылшын ғалымы А. Уоллестің, т.б. еңбектері негіз болды. Биогеография биоценоздар мен организмдердің таралу аймақтарын зерттей отырып, олардың көп түрлілігін тиімді пайдалану, аудандастыру, санын реттеу және қорғау мәселелерін қарастырады. 

Құрлықта тірі организмдер биомассасының мөлшері полюстерден экваторға қарай біртіндеп арта береді. Ондағы өсімдік түрлерінің саны да көбейе түседі. Құрлықтағы  экологиялық жүйенің алғашқы өнімі өсімдіктердің жылдық өсімталдығымен өлшенеді. Тундрада, негізінен,  қыналар мен мүктер өседі, онда өсімдіктердің 500 - ге жуық түрлері кездеседі. Тундра қылқан және жалпақ жапырақты ормандарға ауысады, одан кейін орманды - дала басталады, онда өсімдік түрлері 2000 - ға жетеді. Орманды - дала өз кезегінде субтропиктік аймаққа ауысады, онда өсімдіктің 3000 - нан артық түрлері өседі. Өсімдіктің ең қалың өсетін әрі түрінің саны өте көп аймағы — тропиктік ылғалды ормандар. Тропиктік ормандарда 8000 - нан астам өсімдік түрлері өседі әрі ағаштардың биіктігі 110—120 м-ге дейін жетеді. Тропиктік ормандарда өсімдіктер бірнеше сатылы болып өседі. Шөл және шөлейтті аймақтарда өсімдік түрлері аз кездеседі. Мысалы, Үстірттің оңтүстігінде өсімдіктің 260 - қа жуық, ал Бетпақдалада 930 - дан астам түрі өседі.

Жануарлардың түрлері мен саны да өсімдік биомассаларына байланысты полюстерден экваторға жақындаған сайын арта түседі. Ормандарда жануарлар әр түрлі сатыда тіршілік етуге бейімделген. Әрбір биогеоценоздағы түрлер бір - бірімен бірлесе тіршілік етіп, ең жоғары тығыздыққа жетеді. Ондай жерлерде қоректену тізбегі арқылы түрлер өзара тығыз байланыса отырып, тіршілік тығыздығы да өте жоғары дәрежеде болады. Қоректену тізбегі күрделенген сайын бір тізбектен екінші тізбекке химиялық элементтер мен энергияның берілуі күрделене түседі. Мұндай кезде организмдер арасында кеңістік, қорек, жарық, оттек үшін қатаң күрес жүреді.

Адамның іс - әрекетінің ықпалынан құрлықта  биомасса  түзетін жер көлемі де жылдан - жылға азая түсуде. Мысалы, соңғы 10 мың жыл ішінде Жер шарындағы орманның үштен екі бөлігі қырқылған. 500 млн орманды алқап шөлге айналған.

2) Оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

3) Топтық жұмыс.

Топта жұмыс жасай отырып жаңа материалды түсіндіру, бірлескен оқу.

Оқушылар «Құрлық биомассасы», «Топырақ биомассасы» және «Мұхит биомассасы» деп, үш топқа бөлінеді.

I топқа: Құрлықтың биомассасы

II топқа: Топырақ биомассасы

III топқа: Дүниежүзілік мұхит биомассасы.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды талдап оқып болған соң жаңа топ құрылып бір-біріне түсіндіріп бірлескен оқу ұйымдастырылады.

Бағалау: өзін-өзі тексеру.

Кері байланыс: бас бармақ.

4) Оқулықтың 267-бетіндегі деңгейлік тапсырмаларға жауап беру. Берілген тапсырманы орындайды, білімдерін жинақтайды, сараптайды.

А

1.Құрлықтағы тірі организмдердің биомассасы неліктен полюстерден экваторға қарай арта түседі?

2.Топырақтану ғылымының негізін салған ғалым.

В

1.Тундра белдемінен экваторға қарай құрлық биомассасының өзгеруін сипаттаңдар.

2.Гидросфераның қандай қабаты тіршілік үшін қолайлы және оған қандай факторлар әсер етеді?

С

1.Адамның іс - әрекеттерінің топырақ биомассасына жағымды және жағымсыз факторын сипаттаңдар.

2.Топырақ қабатының түзілуіне қандай жағдайлар әсер етеді?

Кері байланыс: екі жұлдыз, бір тілек

5)Ең,ең... (оқушылардың ойлау қабілетін және шапшаңдығын дамыту)

1) Ең үлкен мұхит - Тынық мұхиты.

2) Ең кіші мұхит - Солтүстік Мұзды мұхит.

3) Ең үлкен материк – Еуразия.

4) Ең кіші материк – Аустралия.

5) Тынық мұхитының ең терең жері - Мариан шұңғымасы.

6) Ең ыстық материк – Африка.

7) Ең салқын материк – Антарктида.

8) Ең жылы мұхит - Үнді мұхиты.

9) Ең үлкен арал – Гренландия.

10) Ені ең кең (950км) және терең (5248м) бұғаз - Дрейк бұғазы.

11) Ең ұзын бұғаз – Мозамбик.

Bilim lаnd сайты





Биология.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық,

Р.Сәтімбекова, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаев;

Алматы «Мектеп» 2015.




























Сабақтың соңы



Сабақты қорытындылау:

Гидросфераның биосфераға әсері күшті. Биосферада болатын судың айналымы үлкен немесе геологиялық айналым деп аталады. Үлкен айналымда да негізгі энергия көзі - Күн сәулесі. Үлкен айналымға да тірі организмдер белсенді түрде қатысады. Судың айналымы климаттық факторларға әсер етіп, биосферадағы зат пен энергия алмасуының тұрақтылығын және біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Бағалау. Өзін-өзі және бірін-бірі критерийлер бойынша бағалайды.

Рефлексия. Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?

Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма беру: §49,50 оқу.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілдері:

-не түсініксіз?

-қандай сұрағың бар?

-қандай көмек қажет?

сұрақтарына жауап алу арқылы орындалады;

Саралаудың қорытынды тәсілі қалыптастырушы бағалауды орындауда жүзеге асады;

Саралаудың дереккөздер тәсілі ИТ арқылы Bilim lend сайты мен оқулық материалымен танысу барысында орындалады.

Ашық сұрақтарға

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!