Материалдар / биология химия сыныптан тыс жұмыстар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

биология химия сыныптан тыс жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
биология химия сыныптан тыс жұмыстар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2023
239
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





  1. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА



1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігі


Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.

Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар генетика пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр [1].

Генетика пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.

Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары генетикалық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде генетикадан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс ақпараттық білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі. Бірқатар мектептер сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын ,атап айтқанда, кештер, ойлан – тап ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсендіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.



1.2 Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері


Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай - ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсіресе баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көнекі көрсетіп, сабаққа танымдық арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.

Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс - әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың генетикалық білімін дамытып қана қоймайды, олар жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып,қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты қажеттігі айқын көрініп тұрады.

Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы-күрделі сағат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен ) әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.

Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтарды көп толғантып жүр. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Мұндай ақпараттық жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.

Бұдан шығатын қорытынды, яғни сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты-әр түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Генетикадан жүргізілетін сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу - тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып,алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болады.



1.3 Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың түрлері


Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптын тыс ақпараттық жұмыстар деп атайды. Дегенмен , оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс» , «мектептен тыс » , «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен - бірінің елеулі айырмашылықтары да бар.

Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын сабақтан тыс жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Сабақтан тыс жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге беріген есептерді шешіп, жаттығуларды орындау да т.б. жатады.

Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансасында, институт зертханалаларында, аудандық, қалалық метептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады.

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.

Сыныптан тыс жұмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке - дара, топтық, көпшілік жұмыстар.

Бұл жұмыстардың бағыттары мен түрлері (1-кесте) оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір - бірінен ерекшеленеді.


1-кесте

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың бағыттары мен түрлері


Әрбір бағытқа сәйкес оқушылар қызметінің түрлері

Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың нәтижелерін жариялау түрлерін ұйымдастыру

Теориялық

Баяндамалар, рефераттар даярлау, теориялық, тарихи зерттеулер жүргізу. Аса күрделі есептерді шешу. Газет, хабарлама шығару жұмыстары,т.б.

Генетикалық кештер, ғылыми конференциялар, үйірме сабақтары. Генетика күндері мен декадаларын, апталықтарын өткізу. Олимпиадалар, білімдік ойлан тап жарыстары. Хабарламалар, газеттер жазба журналдар шығару.т.б.

Эксперименттік

Зертханалық препаративті сарамандық сабақтар, оқушылардың эксперименттік ғылыми зерттеу жұмыстары, т.б.

Үйірме сабақтары, конференциялар, байқаулар, конкурстар, тұрақты және әр кездік көрмелер әзірлеу.

Конструкторлық

Құралдарды конструкциялау, макеттер, үлгілер,көрнекі құралдар, жинақтамалар даярлау жұмыстары, т.б.

Биология кабинеттерін жабдықтау,көрме-стендтер ұйымдастыру ,байқаулар өткізу,т.б.


Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың бір түрі -генетика пәнінен гнетика ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану, т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі - үш адамнан құралған шағын топқа біріктіріліп, бөлініп жұмыс жасайды.

Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді. Шағын топтағы оқушылар монтаждар мен КВН, Ойлап –тап жарыстарына әзірленеді, қызықты тәжірибелерді көрсетуге дайындалады. Топтық жұмыстардың негізгі түрі - химиялық үйірме. Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап-тілектерін ескеру. Үйірменің факультатив сабақтарға қарағанда уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны он - он бес оқушыдан артық болмауы керек.

Көптеген мектептерде үйірме жұмысын оқушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Үйірме жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап қарасақ, әсіресе ана тілімізде жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезеңде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәселесіне баса назар аударылады.

Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын жас химиктер үйірмесі әрбір мектепте болғаны жөн.



    1. Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың негізгі түрі-үйірме


Орта мектепте генетика үйірмелері сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған үйірме мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Ашып айтқанда, үйірме оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа т.б.көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.

Көптеген мектептерде үйірме жұмысын окушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Үйірме жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап карасақ, әсіресе ана тіліміздегілері жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезенде окушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәсілесіне баса назар аударылуда.

Үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктері ескеріліп отырады:

1.Мектептік және мектептен тыс үйірмелердің өзара бірлігі –бірін - бірі қайталамауы.

Осыған орай үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктер ескеріліп отырады.

2.Әр түрлі үйірмелердің не бірлестіктердің бағдарламалары оқу - тәрбиелік жоспардың бір бөлігі ретінде оқушылардың мамандық таңдауына көмектесетіндей құрылуы.

3.Үйірме жұмыстарының мазмұнын кеңейтіп, соған жақын мамадық иелерімен кездесулер өткізу, сол арқылы кәсіптік бағдар беру.

4.Үйірме жұмыстарында сынақ тәжірибелік және теориялық материалдардың өзара байланысының болуы. Танымдық, білімдік танымжорықтар өткізіп отыру.

5.Үйірме жұмысын жоспарлауда ғылыми - зерттеу жұмысына, қажетті әдебиеттерді оқушылардың өз беттерінше таңдап ала білуіне көмектесу және соған үйрету

6.Әрбір сабақтың ұзақтығы теориялық матриалды талқылағанда 1 сағаттан, ал сынақтәжірибелік не конструкторлық жұмыстарды орындау 2-3 сағаттан аспауы тиіс.

7.Үйірме жұмыстары негізінен үш бөлімнен тұрады :сарамандық сабақтар, теориялық хабарламалар, сарамандық жұмыстың қорытынды есебі.

8.Үйірме материалдары оқушыларды қызықтыратын, тартымды, алуан түрлі болуы керек.

Осының бәрі оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады, сөйтіп, мамандықты еркін таңдауына мүмкіндік береді.




Мектептегі генетика кештерінің түрлері және оларды өткізу жолдары


Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілетін көпшілік жұмыстардың бір түрі генетика кештері. Кештер өткізудегі негізгі мақсат оқушылардың бағдарлама көлемінде алған білімін тереңдетіп, дамыта түсу және сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыру, генетика ғылымына деген қызығушылықты арттыру және көңілді дем алуына көмектесу.

Генетикалық кештердің тақырыбын таңдап алуда оқу тәрбие бағдарламасының жалпы және нақты мақсаттарына сүйенеді.

Генетикалық кешті дайындаудан бұрын оны қалай өткізу жөнінде жоспар жасалады, кештің тақырыбы белгіленеді, баяндама жасауға дұрыс ырғағы жақсы, материалдарды жетік меңгерген, ойын дәлелдей алатын оқушылар таңдап алынады. Мұғалім оқушылардың дайындығын тексеріп, баяндамаға қажетті материалдарды реттеп, жоспар жасауға көмектеседі.

Кейде бір кеште 2-3 баяндама болған жағдайда оған бөлінетін уақыт та реттелуі керек, бір баяндама 15-20 минуттан артық уақыт алмағаны дұрыс.

Кешті жақсы өткізу үшін кейбір педагогикалық талаптарды ескерген жөн.

Біріншіден, кештің тақырыбы, оның мазмұны оқушылардың бәріне бірдей қатысты, әрі түсінікті болуы керек.

Екіншіден, кешті өткізудің бағдарламасы да оқушылардың білім алу жарысын дұрыс ұйымдастырып, оларды қызықтыратындай болғаны жөн.

Үшіншіден, кештің мазмұнына сәйкес тәрбиелік міндет дұрыс шешілу керек.

Кеш жоспары бірнеше бөлімнен құралады:

1.Тақырып бойынша баяндама.

2.Қызықты тәжірибелер көрсетілімі.

3.Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақтар шешу.

4.Қызықты химиялық ойындар, т.б.

Генетика кеші 2-2,5 сағаттан аспауы тиіс. Кешке дайындалуда генетикадан көпшілікке арналған ғылыми кітаптардың көрмесін ұйымдастырып, техникалық журналдарды да пайдалануға болады. Өткізілетін химиялық кештің тақырыбына қарай әр түрлі талап қойылады. Мектептерде өткізілетін генетикалық кештер тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

1.Мектеп бағдарламасының жеке тақырыптары бойынша өткізілетін кештер.

2.Политехникалық мазмұндағы кештер.

3.Генетика ғылымының даму кезеңіне байланысты өтетін кештер.

4.Генетиктердің туған күніне не ғылыми еңбегіне байланысты кештер.



1.6 Факультативтік сабақтарыды оқытудың формалары мен әдістері


Мектептер жүйесіне факультативтік сабақтарды өткізу, оқыту үрдісінің әдістемесін зерттей түсуге көп мүмкіндіктер тудырады. Мұндағы генетикалық және биологиялық пәндерді оқыту негізінде оқу-тәрбие үрдісін зерттеуге көңіл бөлу кездейсоқ пайда болған жоқ. Ондай дәстүрлі әдістермен қатар жоғары оқу орындарында пайдаланылатын әдістерді, сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың әдістерін де бірлікте қарастыруға әкелді. Факультативтік сабақтардың негізгі мақсаты оқушылардың пәнді меңгеруге деген белсенді әрі тұрақты қызығушылықтарын арттыруға негізделген.

Қазір мұғалімнің басшылығымен белгілі күн тәртібі немесе уақытпен шектелген оқу - тәрбие үрдісінің әр түрлі формалары қолданылатыны белгілі. Осылардың ішінде сабақ оқытудың негізгі формасы деп есептеледі де, қосымша сабақ, консультация, танымжорық оқытудың қосымша формасына жатады. Оқу пәніне қызығып, оны сүйетін, білімін тереңдеткісі келетін оқушылар үшін кәдімгі сабақтан өзіндік ерекшелігі бар сыныптан тыс ақпараттық факультативтік сабақтар ұйымдастырылады.

Кәдімгі сабақ жыл сайынғы құрамы тұрақты сынып ұжымымен жекелей не толық оқушылармен 45 минут уақыт ішінде жүргізілетін оқу іс-әрекетіне басшылық жасауға негізделсе, ал факультативтік сабақтар білім дәрежесі әр түрлі сыныптардан құралған оқушылармен жүргізілуі мүмкін (олар кейде әр түрлі мектептерден құралуы да мүмкін). Екінші жағынан кәдімгі сабақтың ұзақтығы 45 минут болса, факультативтік сабақтар кейде екі академиялық сағатқа созылуы (арасында үзілісі бар 90 минут қосарланған сабақ болуы) мүмкін.

Кәдімгі сабақты тұрақты мұғалім жүргізсе, факультативтік сабақты мектеп мұғалімімен қатар, сырттан келген мамандар да жүргізеді. Жалпы білім беретін орта мектептердегі сабақ сыныптық жүйе бойынша өтілсе, факультативтік сабақ жоғары оқу орындарына тән дәріс, семинарлық жүйелерде пайдаланылады, практикумдар мен сынақтарда өтіледі. Кейбір жағынан алып қарағанда факультативтік сабақтар кәдімгі сабаққа ұқсас жақтары да бар, бірақ оқушылардың танымдық, өз беттінше іс-әрекеттеріне көбірек назар аударылады.

Факультативтік сабақтар оқытудың басқа формаларымен де толықтырылады: оқу танымжорығы, үйде орындайтын сарамандық сынақтәжірибелік тәжірибелер, конференциялар, пікір сайыс сабақтары, өндіріс м

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!