«Биология пәні бойынша мақсатты
оқытудың мәні мен жауапкершілігін
қалыптастыру»
«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр
жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал
осы жаңа технологияларды
жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру
және жауапкершілік қалыптастыру -
бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз...
жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында»
” Н.Назарбаев
ЖОСПАР
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім.
Биология пәнін оқыту әдістері
ІІІ Қорытынды
І
Кіріспе
Оқушылардың пәндер мен тірі
табиғат құбылыстары танымынан сабақ үлгеруі көп жағдайларда оқыту
әдістеріне байланысты болады. Мұғалім түрлі әдістерді пайдалану
кезінде мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін еске алуы қажет.
Оқыту әдістерін таңдап алу оқу материалының мазмұны және мектеп
оқушыларының танымдық әрекеттері – репродукциялы (еске түсіру)
немесе зерттеу сипаттарымен анықталады.
Мектеп оқушысы репродукциялы танымдық әрекет кезінде мұғалімнен,
кітаптан, оқу фильмінен даяр информация алатын болғандықтан оны
онша көп қиналмай еске түсіреді.
Оқытуды өздігінен іздену жауабына мәжбүр етілетін зерттеу принципін
пайдаланған кезде мектеп оқушыларының танымдық процесі мүлде
басқаша өтеді. Оқушының жауапкершілігін,танымдық әрекетін зерттеу
сипаты өздігінен жұмыс істеу кезінде өте айқын
байқалады.
ІІ Негізгі
бөлім
Бүгінгі басты мақсаттардың
бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт қазіргі таңда
түрлі технологияларды пайдалану арқылы
дамыта оқыту, дистанционды оқыту,
дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарлатуды көздейді.
Қазақстан Республикасының
«Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты
міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі – білім беру жүйесін
ақпараттандыру. Ақпараттық оқыту
технологиясын пайдаланып оқыту пән бойынша
төрт мақсатты оқытудың мәні мен жауапкершілігін қалыптастыруды
көздейді:
• Білім деңгейін тексеру
мақсатында қолдану;
• Оқытушылық мақсатта пайдалану;
• Компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал
ретінде пайдалану;
• Электрондық оқулықтар, интернетті
пайдалану
Үстіміздегі ғасыр- жеке
тұлғаны,ізгілендіру, оқыту, дамыту жауапкершілігін қалыптастыру
ғасыры. Олай болса, біздің алдымызда
тұрған бірден-бір мақсат –
оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете
алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда
қолдана білетін, өзіндік көзқарасы
бар, Отанын шын сүйетін азамат болып
жетілуіне
көмектесу.
Оқыту — қазіргі заманның талаптарын ескере
отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте
отырьп, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық
құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі
ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың
даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау
мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың
өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ
сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және
тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы
объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі
мазмұнды игеру тетігі — өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы
мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен
іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық
әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту
процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері
дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп
топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық
мақсаттары:
— білім беру — бұл мақсат окушылардың
танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін
игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті
үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін
жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін
көздейді:
— тәрбиелеу — әрбір оқушының ғылыми
көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті
кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын
дамытуды мақсат
етеді.
Оқытудың мақсаты — дамытудың қоғамдық — тарих
тәжірибесінің жан — жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым,
мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге
бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен
оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне
сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құндылық жүйесін
қалыптастыруда ойша күтілетін түпкі
нәтиже.
Сондай-ақ пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдап, қолданбаған
жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете
алмайды.
Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының
алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп
айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип
тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп
те айтуға болады.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың
білім беру әдістері деп қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді
игеру, қабылдау кабілеттілігі немесе әдісі. Оқыту әдістерінің
құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады. Тәсіл дегеніміз – оқыту
әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір
бөлігі.
Олай
болса, биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және
сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан
басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де
орынды қолдана білу болып
табылады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу
материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс
таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге
болады.
Биологиядан сабақ беру практикасында білімнің
қайнар көзі үшеу деп көрсетеді: практика, көрнектілік, сөз. Соңғы
кездерде тағы бір әдістер қосылды, ол – оқулық және әртүрлі
техникалық жүйелер. Сондықтан бұл топтан бес әдісті бөліп қарауға
болады: практикалық, көрнектілік, сөйлеу, оқулықпен жұмыс жүргізу,
техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану. Оларды кейбір белгілеріне
қарай отырып, былай топтастыруға
болады.
а) білімді
игеру;
ә) шеберлігі мен дағдылығын
қаяыптастыру;
б) білімді іс жүзінде
қолдану;
в) шығармашылық
қызметі;
г) алған білімді бекіту,
баяндау;
ғ) жауапкершілігін, шеберлігін, іскерлігін
тексеру.
Осы айтылған әдістердің басты
ерекшеліктерінің бірі оқу процесін ұйымдастыру, ұстаздарға
оқу-тәрбие жұмысын іске асыруға үлкен көмегін тигізетіндігі
айқын.
Олай болса, мұғалім шағын
топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас
арқылы жүзеге асырып,
хабарлама беруші көшбасшы қызметін
атқарады.
Сонымен, қазіргі
ақпараттандырылған жаңа ғасыр білімін арттырамын деген әрбір оқушы
мен мұғалімге жағдай тудырып отыр. Сол себепті
де бұл әдіспен айналысатын
мұғалім қасындағы әріптестері арасында өз білімі мен тәжірибесін
таратуға, оқушылардың ата-аналарымен және әр түрлі әлеуметтік топ
өкілдерімен жұмыс жүргізуге дайын болуы керек. Ол үнемі өзінің жас
танымпаздарына тәжірибе жасауға ыңғайлы жағдай жасап, олардың өз
көзқарасын өздері айқындап, белгілі бір қорытындыға келуіне
мүмкіндік беруі тиіс.
Сабақ үнемі оқушылардың онсыз да білетін жағдайларынан басталады.
Мысалы, Биология пәнінде «Модификациялық өзгергіштік» тақырыбын өту
барысында сабақ түсіндіруден бұрын оқушылардан «Өзгергіштік» жайлы
кім не білетіндігін ортаға салуын сұраймын. Біразы әдеби кітаптан
оқығанын, ал біразы теледидардан көрегенін, естігендігін немесе
алдын ала оқулықтан қарап келгендерін, тағы басқа да жағдайда алған
мәліметтерін «миға шабуыл» әдісі арқылы ортаға
салады. Бұл сәт- диагностика сәті.
Мұғалім азғантай уақыттың ішінде алдында отырған оқушылардың осы
тақырып төңірегінде не білетіндігін немесе білмейтіндігін аңғара
алады. Одан кейін –ізденіс сәті басталады. Мұнда балалар жұппен
немесе топпен жұмыс істей отырып, «миға шабуыл» әдісі арқылы тізген
сөздерді кеңейтіп түсіндіру үшін өз беттерінше оқулықпен немесе
басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді, 10-15 минут өткеннен
кейін «тұсау кесер» сәтінде әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша
өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де
жеткіліксіз жатқан жағдайлардан ақпарат береді. Ал жаңа тақырып
толық түсіндіріліп біткеннен кейін пікір-сайыс, «Адасқан сөздер»,
«Кері байланыс», «Ыстық орындық» сияқты т.б әдістер арқылы сабақты
бекітіп, пысықтауға болады.
Нәтижесінде мұғалім 45 минуттың 5-7 минут уақытын ғана алып, қалған
уақыттың бәріндеоқушылардың өздері ізденіп, танымдарын арттыруына
жағдай туады. Интерактивті әдіс арқылы оқушылар өз білімін
өздері
бағалайды
да.
Олар алған білім, білік, дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе
өзін-өзі бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуде
біршама көмегін тигізеді.
Бұл бақылау мен бағалау баланың бойында мына қасиеттерді
қалыптастырады. Еріктілік,мақсатқа жету, еңбексүйгіштік, өз күшіне
сенуі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адалдық, жолдастық
қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін
жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б.
Осындай қасиеттерді игерген балада, әрине, пәнге деген
сүйіспеншілік,
қызығуы туады. Нәтижесінде
сабақтың сапасы артады. Бала өзін тұлға деп сезінеді. Мұғалім де,
оқушы да тұлғаны тану және таныту
жолында қызмет
жасайды.
Қарабұтақ орта
мектебі
Педагогикалық кеңесте оқылған
баяндама
Тақырыбы:
«Биология пәні бойынша
мақсатты оқытудың мәні мен жауапкершілігін
қалыптастыру»
Оқыған биология пәні мұғалімі:
Акмалаева М.Е.
2014-2015 оқу
жылы