Ибраимолдаева Гүлназира
Базарбайқызы
Алматы қаласы, Алатау
ауданы,
№169 мектеп-лицейінің биология
пәні мұғалімі
Биология пәнін оқытудағы
инновациялық әдістердің
тиімділігі
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі
ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс
істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы
(тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда
биология пәні бойынша, «құстардың құрылысы мен
ерекшеліктері», «қан айналым жүйесі», «тіршіліктің пайда болуы»
атты тақырыптардағы сабақтарда жаңа технологиялардың тиімді
әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм»,
«топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн
диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады. Оқушылардың
қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар.
Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып,
оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы
стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып,
өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік
жасалынады.
Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға
сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз
бетіне түсірген сызбаларды талқылап, сөйлейтін оқушы да топ
мүшелерімен бөліскен ойларын жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші
кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз
ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте
түседі. Ортамен қарым қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге,
топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта
білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың
пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы
негізгі қажеттігін жазады.
Эссе - өз ойын еркін білдіру, ішкі жан дүниесін
ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мақсатында қолдануға
мүмкіндік жасайды. Бұл жерде оқушыларға «Дәрумендердің маңызы»,
«Өсімдіктердің адам өміріне пайдасы», «гүлді өсімдіктер»
тақырыптарында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге
болады.
Сын
тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде
мұғалім мына нәтижеге жетеді:
-
жүйелі тапсырма беруге
ұмтылады;
-
оқушыны басқа жақтарынан
таниды;
-
өзін жетекші бағыттаушы ретінде
таниды;
-
өзі
білмейтін ақпараттарға тап болады;
-
оқушының жұмысын
бағалайды.
Осы
міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ
үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке,
топтық іс әрекеттерді ұйымдастырады.
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу»
стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынадай
қорытындыға келуге болады:
-
оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде
сыйласуына;
-
оқушыларға өз пікірін айта
білуіне;
-
оқыту процесіне барлық оқушыларды
қамтуға;
-
шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай
жасайды.
Ең
басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға
болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды
күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің
алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне
байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда
мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген
сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын
алады.
Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер
оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың
маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта
қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне
байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен,
шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде
оқушы:
-
тіл
байлығы жетіледі;
-
еркін ойлауға мүмкіндік береді және өз ойын еркін
жеткізе алады;
-
оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана
отырып білімін шыңдайды;
-
жаңа оқыту үрдісін
қалыптастырады;
-
өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады,
жан-жақты ізденеді;
-
ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті
қалыптасады.
-
ақыл-ойын дамытады;
-
шығармашылық белсенділігі
артады;
-
ұжымдық іс-әрекетке
тәрбиелейді.
Әр
мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа
технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді,
интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың
қызығушылығы арта түсері анық. «Қазіргі заманда жастарға жаңа
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім
беру жолында жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен
тиімділігін арттырудың маңызы зор деп
білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
-
Гин
А.А. Приемы педагогической техники - Москва,
2001.
-
Выготский Л.С. Педагогическая психология. –
Москва, 1991.
-
М.
Барбер, М. Муршед. Как добиться стабильно высокого качества
обучения в школах – 2008.