Материалдар / Биология пәнінен 10-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология пәнінен 10-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
3825
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10-сынып

Биология І нұсқа

1.Жаңғақ жемісті өсімдік

А)бақбақ

В)құлпынай

С)үйеңкі

Д)емен

Е)інжір


2.Улы саңырауқұлақ

А)көңілкеш

В)арышқұлақ

С)түлкіжем

Д)бүріскі

Е)қозықұйрық


3.Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі

А)мальпигий түтікшелері

В)демтүтіктер

С)кішкене аяқшалар

Д)желбезек саңылаулары

Е)бір жұп жасыл бездер


4.Жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қарапайым қосмекенді

А)тритон

В)сақиналы құртпошым

С)саламандра

Д)даната құрбақасы

Е)жетісулық бақатіс


5.Аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі

А)ферменттер

В)экстрогендер

С)тестостерон

Д)сперматозид

Е)фолликулалар


6.Асқорыту мүшелерінің физиологиялық қызметін зерттеген ғалым

А)И.И.Мечников

В)А.И.Опарин

С)И.М.Сеченов

Д)Л.Пастер

Е)И.П.Павлов


7.Адамда кеуде қуысын түзетін омыртқа бөлігі

А)құйымшақ

В)бел

С)мойын

Д)сегізкөз

Е)арқа



8.Тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтап, келесі ұрпақтарға жеткізеді

А)АТФ

В)треонин

С)ДНҚ

Д)холестерин

Е)Аланин


9.Генетика терминін енгізген

А)Ч.Дарвин

В)А.Вейсман

С)Г.Мендель

Д)У.Бэтсон

Е)Т.Морган


10.Табандағы бойлық немесе көлденең жолақты дөңес еттерінің толық немесе жартылай түсуі жалпақтабандылық деп аталады. Жалпақтабандылық іштен туа біткен және кейін пайда болуы мүмкін. Жалпақтабандылықтың кейін пайда болу себебі

А)аяқ бұлшықеттерінің нашар дамуы

В)екі қолымен ауыр жүк көтеру

С)жазу үстелі мен орындықтың сәйкессіздігі

Д)жүйке жүйесінің нашар дамуы

Е)орындықта дұрыс отырмау


11. Жапырақ қолтығында орналасады

А)қосалқы бүршік

В)төбе бүршігі

С)жанама бүршік

Д)гүл бүршігі

Е)бұйыққан бүршік


12.Қаны көгілдір түсті ұлу

А)үлкен тоспаұлу

В)тоспаұлу

С)кальмар

Д)жүзімұлу

Е)жалаңаш шырыш


13.Сарысу дегеніміз құрамында ------- жоқ қан плазмазы

А)фибриноген

В)гистон

С)глобулин

Д)альбумин

Е)протромбин


14.аРНК-дан алынып тасталған бөлік

А)интрон

В)локс

С)экзон

Д)ген

Е)сплайсинг


15.Харди-Вайнберг заңының бұзылуына әкеледі

А)түршілік күрес

В)миграция

С)мутация

Д)бластула

Е)сұрыптау


16.Жинақталған жеміс

А)таусағыз

В)бидай

С)қайың

Д)құлпынай

Е)күріш


17.Жартылай суда, жартылай құрлықта тіршілік ететін сүтқоректілер

А)көртышқан

В)жұпартышқан

С)кірпі

Д)сарышұнақ

Е)жалман


18.Энергетикалық алмасу

А)диссимиляция, анаболизм

В)ассимиляция, анаболизм

С)анаболизм, катаболизм

Д)диссимиляция, ассимиляция

Е) диссимиляция, катаболизм


19.Ресей академигі К.Бэрдің ашқан заңы

А)біркелкілік

В)ұрықтың ұқсастығы

С)ажырау

Д)тәуелсіз тұқым қуалау

Е)биогенетикалық


20.Егер анасында І, әкесінде ІҮ қан топтары болса, онда балаларының қан топтары

А.ІІ және ІІІ

В)ІІІ және І

С)ІІІ және ІҮ

Д)ІҮ және ІІ

Е)І және ІІ













10-сынып

Биология ІІ нұсқа


1.Шашақ тамырлы өсімдік

А)қауын

В)жүгері

С)жоңышқа

Д)күнбағыс

Е)асбұршақ


2.Үккісі бар ағзалар

А)жұмыр құрттар

В)жыртқыш сүтқоректілер

С)қарапайымдар

Д)ұлулар

Е)балықтар


3.Картоптың жемісі

А)Бұршаққап

В)Қауашақ

С)Дән

Д)Тұқымша

Е)Жидек


4.Жасыл мүкте тамыр қызметін атқарады

А)Жапырақ

В)Сабақ

С)Бүр

Д)Спора

Е)Ризоид


5.Дене пішіні тұрақсыз біржасушалы жәндік

А)Амеба

В)Қошқармүйіз көпірме

С)Эвглена

Д)Сәулелі күнқұлақ

Е)Сәулелі өрмеаяқ


6.Қарапайымдылардағы цистаның қызметі

А)Жынысты көбеюді жүзеге асырады

В)Қолайсыз жағдайлардан қорғайды

С)Тыныс алу қызметін атқарады

Д)Асқорытуға қатысады

Е)Қимыл-қозғалысқа қатысады


7.Сүйек басының таюы

А)Жабық сынық

В)Сүйектің сынуы

С)Ашық сынық

Д)Сіңірдің созылуы

Е)Буынның шығуы


8.Организмнен зәрдің бөлінуін азайтатын гормон

А)Вазопрессин

В)Глюкагон

С)Норадреналин

Д)Паратгормон

Е)Тимозин


9.Жұтқыншақтың жалғасы

А)Өңеш

В)Өкпе

С)Бүйрек

Д)Соқырішек

Е)Тікішек


10.Барлық қоректік тізбектің бастамасын құрайды

А)Редуценттер

В)Продуценттер

С)Гетеротрофтар

Д)Консументтер

Е)Эдафобустар


11.Өсімдік жасушасы қабығының негізгі құрамды бөлігі

А)Сахароза

В)Фруктоза

С)Целлюлоза

Д)Крахмал

Е)Гликоген


12.Қияр, қызанақ түсімін арттыру үшін қолданады

А)Күнбағысты

В)Бақбақты

С)Мақсырды

Д)Лапызды

Е)Пиязды


13.Қосмекенділерге дамымаған сүйек

А)Жауырын

В)Бұғана

С)Омыртқа

Д)Жамбас

Е)Қабырға


14.Ағзаның өзінде түзілген иммунитет

А)Тітіркендіргіштік

В)Әлсіз

С)Жасанды

Д)Егу арқылы қалыптасқан

Е)Табиғи туа біткен


15.Тірі табиғаттың дамуы туралы толық мағлұмат алу әдісі

А)Болжау

В)Тәжірибелік

С)Салыстыру

Д)Тарихи

Е)Бақылау


16.Қалемше арқылы вегетативті жолмен көбейетін ашық тұқымды

А)Зеравшан аршасы

В)Кәдімгі қарағай

С)Жатаған шырша

Д)Самырсын

Е)Кәдімгі арша


17.Сиырдың етті бағыттағы қолтұқымы

А)Әулиеата

В)Қырдың қызыл сиыры

С)Қазақтың ақбас сиыры

Д)Қарала

Е)Симменталь


18.Сомалық жүйке жүйесі басқарады

А)қимыл-қозғалысты

В)асқорытуды

С)соңғы өнімдерді шығаруды

Д)қан таратуды

Е)тыныс алуды


19.Жүгерінің кең тараған аймағы

А)Орталық Америка

В)Оңтүстік-Батыс Азия

С)Оңтүстік Азия

Д)Абиссиния

Е)Оңтүстік Америка


20.жасыл мүкте тамыр қызметін атқарады

А)Ризоид

В)Сабақ

С)Спора

Д)Бүр

Е)Жапырақ


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!