Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Биология пәнінен тест сұрақтары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Биология пәні бойынша 1 курсқа арналған тест сұрақтары
І нұсқа
Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңыздар. Жоғарғы балл-25
1. Судың ағзадағы орташа мөлшері А) 2-5% В) 5-10% С) 20-30% Д) 60-70% Е) 90-95%
2. Су ерітпейді: А) спиртті
В) қантты
С) май қышқылдарын
Д) аминқышқылдарын
Е) альдегидтерді
3. Фосфолипидтің қызметі болып табылады:
А) гормоналды
В) қор жинаушы
С) биологиялық мембрана компоненті
Д) ферментативті
Е) рецепторлық
4. Хлоропластар мен митохондрияның қызметтері ұқсас, себебі оларда жүреді:
А) дәрумендер синтезі
В) көмірсулар синтезі
С) органикалық заттардың тотығуы
Д) липидтер синтезі
Е) АТФ молекуларының синтезі
5. Өсімдіктер, жануарлар , саңырауқұлақтар жасушаларының тіршілігін басқаратын құрылым :
А) цитоплазма
В) митохондрия
С) хлоропласт
Д) ядро
Е) ЭПТ
6. Жасуша орталығы қажет:
А) ақуыз синтезіне
В) энергетикалық алмасуға
С) жасушаның бөлінуіне
Д) жасуша мембранасының қалыптасуына
Е) затты тасымалдау
7. Бактерияларда ғана кездесетін құрылым
А) рибосома
В) лизосома
С) мезосома
Д) полисома
Е) лейкопластар
8. Гетеротрофты тәсілімен қоректенетін, қозғалмайтын ағзалар патшалығы :
А) өсімдіктер
В) жануарлар
С) саңырауқұлақтар
Д) бактериялар
Е) қарапайымдылар
9. Қандай үдеріс нәтижесінде липидтер тотығады:
А) энергетикалық алмасу
В) пластикалық алмасу
С) фотосинтез
Д) хемосинтез
Е) фотолиз
10. Гликолиздің энергетикалық шығу мөлшері :
А) 6 АТФ
В) 1 АТФ
С) 2 АТФ
Д) АТФ +НАД
Е) 8 АТФ
11. Ақуыз биосинтезіне қатысатын аминқышқылдар саны:
А) 10
В) 20
С) 64
Д) 100
Е) 16
12. Көпжасушалы ағзада мүшелерді қалыптастыратын негізгі үрдіс:
А) мейоз
В) митоз
С) ұрықтану
Д) конъюгациия
Е) амитоз
13. Митоздық қызметке жатпайтын үрдіс:
А) жыныссыз көбею
В) өсу
С) жараның жазылуы
Д) гаметалардың қалыптасуы
Е) өлі жасушаларды алмастыру
14. Овогенездің сперматогенезден айырмашылығы:
А) овогенезде теңдей төрт гамета түзіледі, ал сперматогенезде- біреу
В) жұмыртқажасушаларында хромосомалар көп болады
С) овогенезде бір толыққанды гамета түзіледі, ал сперматогенезде- төртеу
Д) овогенезде бір жыныс жасушасының алғашқы бөлінуі болады, ал спарматогенезде екеу
Е) овогенезде теңдей төрт гамета түзіледі, ал сперматогенезде- екеу
15. Онтогенез деген - ағзаның ........дамуы:
А) жыныс жасушасынан зиготаға дейін
В) жыныс жасушасынан өлгенге дейін
С) зигота болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейін
Д) жыныс жасушасынан жыныстық көбеюге дейін
Е) зиготадан жыныстық көбеюге дейін
16. Эмбриогенездің жүру кезеңдері :
А) гаструла-бластула-зигота-ұрық
В) зигота-бластула- гаструла - ұрық
С) ұрық -зигота-бластула-гаструла
Д) бластула- зигота- гаструла- ұрық
Е) зигота- ұрық- гаструла-бластула
17. Организмнің бірден ересек түріне ұқсап тууы қандай дамуға жатады:
А) түрленіп даму
В) метаморфоздық
С) тура даму
Д) қосарланып
Е) жатыр ішінде түрленіп даму
18. Хромосоманың бір жұбында орналасатын гендер:
А) фенотип
В) басылыңқы
С) аллелді
Д) басым
Е) тіркес
19. Гетерозиготалы ағзаның генотипы:
А) а
В) А
С) АА
Д) аа
Е) Аа
20. Вирустық ауруға жатпайды:
А) құтыру
В) энцефалит
С) қызылша
Д) туберкулез
Е) герпес
21. Гомологтік мүшелер:
А) мысықтың аяғы және шыбынның аяғы
В) адам көзі және өрмекшінің көзі С) көбелектің қанаты және жарғанаттың қанаты Д) бауырымен жорғалаушылардың қабыршағы және құс қанаты Е) тышқанның және зауза қоңызының қаңқасы
22. Гендік инженерияда « бөтен» гендерді тасымалдаушы :
А) латентты вирустар
В) плазмидтер
С) бактериофагтар
Д) бактериялар
Е) барлық жауаптары дұрыс
23. Гетерозис:
А) жақын түрлердің бадандасуы
В) түраралық гибридизация
С) жаппай сұрыптау
Д) алыстан будандастыру
Е) әртүрлі организмдерді будандастырғанда бірінші ұрпақ дараларының өнімділігі,өсімталдығы,салмағы және т.б. қасиеттерінің ата-анасынан артық болуы.
24. АаВвСсДД генотипті жағдайында неше типті гамета түзіледі:
А) 22
В) 24
С) 32
Д) 23
Е) 33
25. Ф.Мюллер мен Э.Геккелдің биогенетикалық заңының маңызы :
А) Табиғи сұрыпталу- эволюциялық дамудың жалғыз жағдайы
В) Онтогенез – филогенездің қысқаша қайталануы
С) Қолдан сұрыптау- эволюцияның жалғыз жағдайы
Д) Жер бетінде эволюция макроэволюциялық үрдістермен жүзеге асады
Е) Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік – эволюция негізі.
Биология пәні бойынша 1 курсқа арналған тест сұрақтары
ІІ нұсқа
Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңыздар. Жоғарғы балл-25
1. Тірі ағзалардың негізгі элементіне жатпайды:
А) көміртек В) оттек С) сутек Д) азот Е) гелий
2. Аминқышқыл түрін анықтайтын функционалды топ: А) аминдік
В) радикалдық
С) карбоксилді
Д) гидроксилді
Е) карбоналды
3. Жасуша теориясының қағидасы:
А) өсімдіктер жасушасы жануарлар жасушасынан хлоропластын болуымен ерекшеленеді
В) жасуша-тірі организмнің ең кіші өлшем бірлігі,тіршіліктің негізгі тірегі
С) прокариотты жасушаларда қалыптасқан ядросы болмайды
Д) вирустар-жасушасыз тіршілік иесі
Е) вирустар-жасушалы тіршілік иесі
4. АТФ молекуласының синтезі жүреді:
А) митохондрияда
В) рибосомада
С) Гольджи жиынтығында
Д) ядрода
Е) лизосомада
5. Градиент концентрациясына қарсы заттың тасымалдануында жұмсалатын энергия:
А) осмос
В) белсенді тасымалдау
С) әлсіз тасымалдау
Д) диффузия
Е) жеңілдетілген диффузия
6. Ұяшықты қос мембрана қоршайды:
А) жасушаны
В) ядроны
С) лизосоманы
Д) жасуша орталығын
Е) рибосоманы
7. Жануарлар жасушасындағы пластикалық алмасу энергетикалық алмасудан бөлек жүрмейді, себебі энергетикалық алмасы жасушаны қамтамасыз етеді :
А) ферменттермен
В) оттекпен
С) АТФ молекулаларымен
Д) ақуыз молекулаларымен
Е) сутек молекулаларымен
8. Жасушаның тіршілік әрекетіне жұмсалатын энергияның негізгі көзі глюкозаның тотығуы кезінде қанша АТФ молекуласы жинақталады:
А) 2
В) 36
С) 38
Д) 40
Е) 4
9. Органикалық заттардың ыдырауында жинақталатын энергия түрі:
А) электрикалық потенциал
В) магниттық толқын
С) жарық энергиясы
Д) электрондардың қозуы
Е) химиялық байланыс
10. Ақуыз синтезі:
А) трансформация
В) трансдукция
С) трансверсия
Д) трансляция
Е) транскрипция
11. Митоздық жолмен бөлінеді:
А) тек ғана диплоидты жасушалар
В) тек ғана гаплоидты жасушалар
С) кез келген хромосомалық жиынтығы бар жасушалар
Д) тек ғана тетраплоидты жасушалар
Е) тек ғана полиплоидты жасушалар
12. Кроссинговер дегеніміз:
А) хромосомалық өзгеріс түрі
В) мейозда гомологтік хромосомалардың жақындауы
С) хромосомалардың айқасуы
Д) хромосомалық мутация түрі
Е) мейозда гомологтік хромосомалардың ажырауы
13. Гаплоидты хромосома жиынтығы бар гаметалар ..... көбеюге қатысады:
А) спора көмегімен
В) вегетативті
С) жыныстық
Д) бүршіктену арқылы
Е) амитоздық
14. Эмбриогенезге жатпайтын үрдіс:
А) бөлшектену
В) гаструляция
С) онтогенездік
Д) органогенездік
Е) гистогенездік
15. Онтогенезде эктодермадан қалыптасады:
А) ішектер
В) жүйке пластинасы
С) зәр шығару жүйесі
Д) хорда
Е) бұлшықеттер
16. Ұрықтың қалыптасуы жүреді :
А) гистогенезде
В) онтогенезде
С) эмбриогенезде
Д) филогенезде
Е) овогенезде
17. Бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әртүрлі гендердің саны мен құрамы:
А) генотип
В) геном
С) генезис
Д) генофонд
Е) генетикалық код
18. Моногибридті будандастыруда белгілердің ажырауы:
А) 1:1
В) 1:3
С) 3:4
Д) 1:2:1
Е) 9:3:3:1
19. Тазалық санитарларының рөлін атқаратын бактериялар :
А) сіркеқышқыл ашыту
В) шіріту
С) ауру туғызатын
Д) түйнекті
Е) сүтқышқыл ашыту
20. Фенотипті жағынан ғана әртүрлі болып өзгеретін өзгергіштік:
А) модификациялық
В) мутациялық
С) салыстырмалы
Д) комбинативті
Е) тұқым қуалаушылық
21. Өсімдіктер селекциясында ментор әдісін ұсынған ғалым:
А) И.В.Мичурин
В) Н.И.Вавилов
С) Г.И.Мендель
Д) К. Бриджес
Е) Т.Х.Морган
22. Жануарлар селекциясында сирек қолданылатын әдіс:
А) инбридинг
В) полиплоидия
С) жаппай сұрыптау
Д) аутбридинг
Е) жеке сұрыптау
23. Г.Мендельдің заңына сәйкес будандарда белгілердің ажырау байқалады:
А) аутосомдық,басылыңқы
В) бірінші ұрпақ дараларында
С) екінші ұрпақ дараларында
Д) үшінші ұрпақ дараларында
Е) төртінші ұрпақ дараларында
24. Биологиялық алға басу алып келеді:
А) түр ареалы аумағының азаюына
В) жүйелік топтағы даралар санының артуына
С) популяция санының қысқаруына
Д) ағзалардың бейімделу қасиеттерінің төмендеуі
Е) түрлер санының қысқаруына
25. Салыстырмалы қарапайым заттардан жоғары молекулалық күрделі қосылыстардың түзілу үрдісі: