Материалдар / Биология сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Биология сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөліктеріне: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, қаржылық сауаттылық, жаһандық құзыреттер мен сыни ойлау жатады. PISA зерттеу мақсаты: білім алушылардың қоғамда толыққанды қызмет атқарулары үшін алған жалпыға міндетті білімдері мен ептіліктерін қаншалықты меңгергенін бағалау. Биология пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарына: логикалық сұрақтар, эссе жазу, сәйкестендіру, логикалық сипаттағы тест тапсырмаларын қолдану. Биологияны оқыту үдерісінде әдіс таңдаған кезде оқу материалының мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың дайындық деңгейлерін ескеру қажет.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Дарын" лицей-интернаты

Биология пәнінің мұғалімі Калтаева Г.Е.

Биология сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамыту

Функционалдық сауаттылық — тұлғалық құзыреттіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін жоғары сауаттылық деңгейін сипаттайтын ұғым.

Функционалдық сауаттылық білімнің әртүрлі қызметімен байланысты біріктіретін жеке тұлғаны әлеуметтік бағдарлау әдісі ретінде әрекет етеді және қолданбалы білім негізінде өмірлік міндеттерді шешу қабілеті ретінде айқын көрінеді.

Мұндай сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметке қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін факторға, қоғамдық әл-ауқаттың индикаторына айналады.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөліктеріне: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, қаржылық сауаттылық, жаһандық құзыреттер мен сыни ойлау жатады.

Құзыреттілік тәсіл функционалдық сауаттылықты және тәжірибеге бағдарланған оқытуды қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды өмірлік жағдайларда алған білімін қолдануға бағыттайды.

Білімалушыларғатапсырмалар берілеотырып оларды орындау үшін әртүрлі бағыттар бойынша шешім іздеу, әртүрлі салалардағы білімді қолдану ұсынылады., Қосымша ақпарат көздерін (Интернет, кітаптар, өз тәжірибелері, эксперименттер, зерттеулер және т. б.) пайдалану қажет.

Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқытуда STEM-тәсілін іске асыру бойынша ұсыныстар:

- практикалық тапсырмалар мен жобаларды қолдану, әртүрлі ғылыми салаларды білуді қажет ететін тапсырмаларды енгізу. Бұл білім алушыларға білімді іс жүзінде қолдануға және нақты мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға көмектеседі;

- мультимедиалық технологияларды, интерактивті тақтаны, компьютерлік бағдарламаларды, модельдеуді және т. б. сабақтарды білім алушылар үшін қызықты әрі тиімді ету үшін пайдалану;

- ғылыми әдістерді қолдануға, гипотезаларды тұжырымдауға, эксперименттер жүргізуге және деректерді талдауға үйрету. Бұл ғылыми жұмыс және сыни ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі;

PISA зерттеу мақсаты: білім алушылардың қоғамда толыққанды қызмет атқарулары үшін алған жалпыға міндетті білімдері мен ептіліктерін қаншалықты меңгергенін бағалау.

Биология пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарына: логикалық сұрақтар, эссе жазу, сәйкестендіру, логикалық сипаттағы тест тапсырмаларын қолдану.

Биологияны оқыту үдерісінде әдіс таңдаған кезде оқу материалының мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың дайындық деңгейлерін ескеру қажет.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!