Материалдар / БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология сабақтарында CLIL технологиясы элементтерін енгізудің оқушыларды білімд меңгеруде қызықтыру және сапалы оқуға дағдыландырады. Оқушының өздігінен білім алуына қадамдарын қалыптастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2024
92
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ


Б.К. Жумабекова

б.ғ.д., Павлодар педагогикалық университетінің профессоры,

Ж.К. Байдаулетова

Павлодар педагогикалық университетінің магистранты

Аннотация. Қазіргі таңда елімізде шет тілін үйренуге деген көзқарас түбегейлі өзгеріске ұшырап отыр. Бұл күндері тіл сапалы білім алудың халықаралық талаптарына сай келетін негізгі құрал болып отыр. Осындай өзгерістердің бірі пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL). Бұл терминді алғаш рет 1994 жылы көптілді білім беру саласын зерттеуші Дэвид Марш Еуропадағы тілдік білім берудің жағдайын зерттеуді үйлестіру кезінде ендірген болатын. CLIL «пәндерді екінші немесе үшінші тілді қолдану арқылы тілді үйренуді пәннің мазмұнын үйрену арқылы жетілдіру, яғни пәндік және тілдік мақсатқа бір мезгілде қоль жеткізу деген сөз» CLIL концепциясы (Content and Language Integrated Learning) шет тілі сабақтарында оқу материалдарын оқу пәніне қатысты проблемалық, өзектілікке байыту арқылы кәсіби бағытталған орта құру; білім беру бойынша бағдарламалар мен курстар дайындау т.б. Мұндай қадам оқушылардың металингвистикалық, метакогнитивтік дағдыларын дамытуда орасан зор үлес қосады, сондай ақ оқушылардың көз алдына әлемде болып жатқан құбылыстар жайлы ұғымының қалыптастуына көмектеседі. CLIL оқыту технологиясының көмегімен оқытудың, дамыту мен тәрбие беру мәселелері жаңа сапалы деңгейде шешіліп жатыр.

Тірек сөздер: (технология, кіріктіру, кіріктірілген, қалыптасу, коммуникация, тіл, модуль, тәсіл, пән, ұстаным.

Аннотация. В настоящее время отношение к изучению иностранного языка в стране претерпевает радикальные изменения. В наши дни язык является основным инструментом, отвечающим международным требованиям качественного образования. Одним из таких изменений является предметно-языковое интегрированное обучение (CLIL). Термин был впервые введен в 1994 году Дэвидом Маршем, исследователем в области многоязычного образования, при координации исследования состояния языкового образования в Европе. CLIL «улучшает языковое изучение предметов за счет использования второго или третьего языка путем изучения содержания предмета, т.е. одновременного достижения предметных и языковых целей» Концепция CLIL (Content and Language Integrated Learning) обогащение учебных материалов на уроках иностранного языка с проблемными , актуальность, связанная с предметом изучения, создание профессионально ориентированной среды; подготовка образовательных программ и курсов и др. Такой шаг вносит огромный вклад в развитие металингвистических и метакогнитивных умений учащихся, а также помогает сформировать представление о явлениях, происходящих в мире на глазах учащихся. С помощью технологии обучения CLIL задачи обучения, развития и воспитания решаются на новом качественном уровне.

Ключевые слова: (технология, интеграция, встроенный, образование, общение, язык, модуль, подход, дисциплина, позиция.

Annotation. Currently, the attitude towards learning a foreign language in the country is undergoing radical changes. Today, language is the main tool that meets international requirements for quality education. One such change is Domain-Language Integrated Learning (CLIL). The term was first introduced in 1994 by David Marsh, a researcher in multilingual education, while coordinating a study on the state of language education in Europe. CLIL “improves the language learning of subjects through the use of a second or third language through the study of the content of the subject, i.e. simultaneous achievement of subject and language goals "The concept of CLIL (Content and Language Integrated Learning) enrichment of educational materials in foreign language lessons with problematic ones, relevance associated with the subject of study, creation of a professionally oriented environment; preparation of educational programs and courses, etc. Such a step makes a huge contribution to the development of the students' metalinguistic and metacognitive skills, and also helps to form an idea of ​​the phenomena taking place in the world before the students' eyes. With the help of CLIL learning technology, the tasks of training, development and education are solved at a new qualitative level.

Key words: (technology, integration, embedded, education, communication, language, module, approach, discipline, position.


Теориялық талдау. Бұл терминді Дэвид Марш сонау 1994 жылдары ойлап тапқан (Ювяскюля университеті, Финляндия) ол былай деді: «CLIL пәндердің немесе пәндердің бір бөліктерінің шет тілде оқытылуына және олардың екі түрлі мақсатты көздейтіндіктеріне, солай бола тұра олардың шет тілін үйренетініне қатыстылығы бар» [1]. Ағылшын тілінде ол былайша тарқатылып оқылады: Content and Language Integrated Learning. Мұндағы Content - білім беру мазмұны (немесе жай ғана пән), ал Language - тіл. СShape1 әйкесінше, орысша нұсқасында бұл термин пәндік және тілдік аралас оқыту болып саналады. Бұл технологияны көптілді топтарда қолдану пайдалы болып келеді. Ең алдымен осы технологияны пайдаланатын сабақтың өзінің моделін, оның компоненттерін қарастыру қажет [2]. Әр сабақ 4 «С» дан тұрды, осылайша олар мыналардан тұрады: - content (мазмұн) - бұл белгілі бір пән саласы бойынша білім - дағдыларын дамыту; - communication (қарым қатынас) - оқыту кезінде, тілді қалай пайдалануды зерттей отырып, шет тілін пайдалану; - cognition (таным)- бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын танымдық және ойлау қабілеттерін арттыру; - culture (мәдениет) - өзіңді мәдениеттің бір бөлшегі іспетті сезіну, сондай ақ балама мәдениеттердің бар екендігін сезіну (сондай ақ пәнаралық байланыс, азаматтыққа тәрбиелеу т.б.).

Білім алушыларды CLIL сабақтармен таныстырған кезде ақпаратты біліп, оны талдау үшін тілді оқытудың барлық төрт түрі де қолданылады: жазу, тыңдау, оқу, сөйлеу. Оқушы тарапынан CLIL сабақ алған ақпаратты сыни ойлау арқылы талдау және бағалауды білдіреді [3]. Бұл білім алушыларға ақпаратты түсініп, жақсы меңгеруге мүмкіндік береді. Көптеген CLIL сабақтар білім алушыларды әртүрлі мәдениетпен байланыс орнатуға, сол арқылы мәдениетаралық дағдыларды дамытуға ыңғайланып жасалған. CLIL сабақтарда ең бастысы сол, олар тілді шынайы өмірмен байланыстырады. Осылайша студенттер ағылшын тілінің лексикасы мен грамматикасын жай қарапайым түрде шынайы өмірдегіше сұрақтар қойып, оларға жауаптар тауып, барлығын сол өз ана тілінде сабақ өткендегідей меңгереді [4].

CLIL сабақтар көптілді топтар мен арнайы тілдік топтарда бірдей табысты нәтижеге жететінін атап айту қажет. CLIL сабақтарын оқытудың мазмұнына байланысты әртүрлі етіп құруға болады. CLIL сабақтарын жоспарлауға көмектесетін бірнеше кезеңді атап көрсету қажет: Тақырыпты қызығушылығына қарай таңдау (тіл мамандары үшін), басқа пәндер үшін ол бағдарламада қарастырылады. Оқытушылардың студент назарын аударғысы келген лексиканы таңдау.

CShape2 LIL сабақтарының сабақ жоспарын жасаудағы тағы бір маңызды қадам ол - графикалық органайзер. Графикалық органайзер дегеніміз не? Графикалық органайзер дегеніміз - графикалық, яғни көзбен көруге болатын, органайзерлер жазбаша қарым қатынас жасау құралдары, олар білімін, ұстанымын, идеяларын сондай ақ олармен ара қатнасын көрсетуге қолданатын графикалық белгілер. Бұл құралдың тиімділігі 2003 жылы АҚШ та білім беруді зерттеуді алға тарту институтында Американың білім саласында жұмыс жасайтын ғалымдары 30 дан астам көрнекіліктердің түрлерін жариялады. Олардың басым көпшілігі Графикалық органайзерлерге арналған [5].

Графикалық органайзерлер иллюстрациялық, коммуниктаивтік және когнитивтік қызметті дидактикалық құрал ретінде атқара жүріп, ақпарат сақтаушы ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың білім беру жобаларын жоспарлау кезінде олардың жұмысына қолдау көрсету мақсатында, мәселелерді шешуде, шешім қабылдауда, зерттеулер жүргізуде қолданылады. Графикалық органайзерлердің бірнеше түрлері бар. Олар біріншіден дәйекті органайзерлер (уақыт шкаласы, блоктік диаграммалар), графикалық салыстырулар мен салғастырулар (логикалық өзара байланысқан диаграммалар), иерархиялық органайзерлер (пирамидаға ұқсас диаграммалар, ағашқа ұқсаған диаграммалар т.б.), концептуальді органайзерлер (карта концепті). Оқытушы тарапынан мақсат алынған ақпараттарды толықтай визуализациялау, білім алушылар оны талдай алатындай болу керек, материалдарды қайталау кезінде, үй тапсырмасын орындаған кезде сол визуализацяға сүйене алатын болуы шарт. Алтыншы қадам үй тапсырмасына, немесе тапсырманы уақытына қарай сабақта орындауға тікелей қатысты. Жобалар, кейстер, эссе — мұның барлығы білім алушылардың ақпаратты психологиялық жағынан алғанда жақсы қабылдауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелік бөлім. Органайзер «Пайымдау» Әдетте 2-4 бос ұяшықтары бар таблицаның бос ұяшықтарын толтыру қажет. Пайымдауды ұйымдастырудың ең тиімді әдістері: SWOT сараптама, PEST сараптама, RAFT кесте ЗХУ (Білемін, Білгім келеді, Білдім), «Журнал кітапша», «Идеялар дөңгелегі». Бұл органайзерлер пайымдап әрекет ету нәтижелері болып саналады, дегенмен оларды жоспарлауға, зерттеуді жобалауға пайдалануға болады. Сабақты жинақтауда, бағалау кезінде қолдануға болады.

CLIL сабақтарындағы әртүрлі жұмыс формаларын және осы технологияны пайдалана отырып сабақты тиімді етіп ұйымдастрыруға арналған оқыту тәсілдерін қарастырамыз. CLIL сабақтарында жұмысты ұйымдастырудың әдістері ағылшын тілінде «Ой шақыру», «Ой қозғау», «5 Minute Interview Activity», қазақшада «бес минуттық интервью», дегенді білдіреді. Әдетте бұл әдістер ең алғашқы сабақтарда, білім алушылар бір бірімен таныс емес кезінде қолданылады. Жұмысты ұйымдастырудың бұл түрі сабақта жақсы атмосфера құруға, сондай - ақ білім алушыларды онан арғы жұмысқа дайындауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің мәні мынада: қатысушы білім алушылардың әрқайсысы стикерлерге ағылшын тілінде өзінің тобындағы білім алушыларға немесе оқытушыға қойғысы келген сұрақтарын жазады, (жұмыс жайлы, оқу, жанұя, қызығушылықтары т.б.). Сұрақ жазылған барлық стикерлер бір қағазға салынады, немесе тактайшаға. Білім алушылар кезегімен стикерді ашып, сұрақтарға жауап береді. Бұл әдіс студенттердің «еркін сөйлеуіне» көмектеседі, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын дамытады, сондай ақ зейінді дамытады.

CLIL технологиясы ағылшын тілін биология пәнін оқыту құралы ретінде қарастыра отырып, оқушылардың басқа пәндерді оқуға деген, биологиялық терминдерді ағылшын тілінде меңгеруге деген қажеттіліктерін қалыптастырады, өздерінің қарым - қатынас жасаудағы мүмкіндіктерін қайта ойластрыуға мүмкіндік береді. Келесі көп таралған анықтамада былай делінген: CLIL - бұл дидактикалық әдіс, ол оқушылардың лингвистикалық, коммуникативтік құзіреттіліктерінің өз ана тілінде емес, олардың жалпы оқу - білімдерінің қалыптасуы жүріп отырған тілде қалыптасуына жағдай жасайды. CLIL әдісін түсінуіне қарай. Бұл келесі әдістер: 1. Content (Мазмұн) 2. Communication (Қарым-қатынас) 3. Cognition (Ойлау қабілеті) 4. Culture (Мәдентеттанудан білімі). Бұл әдісті пайдалану оның ұтымды тұстарын айқындап береді. Әрине, алғашқы кездері CLIL технологиясын оқу үрдісіне ендіру оңай болмайтыны белгілі, бірақ жылдар өте тәжірибе жинақталып, мәселер шешімін табады. Оның ең ұтымды тұсы оқушыларды биологияны ағылшын тілінде оқуға қызықтыруы. Сондай ақ ағылшын тілін үйрену мақсатты түрде жүргізілетін болады. Оқушылар оқып жүрген тілдерін түсініп, оның мәдениетіне мән бере бастайды, нәтижесінде оқушылар мен мұғалімдердің әлеуметтік мәдени құзіреттіліктері қалыптасады [3,с.8]. Пәнді ағылшын тілінде жүргізетін мұғалім ағылшын тілін жетік меңгерген болуы тиіс, әсіресе, шет тілінде сөйлегенде ғылыми тіл стилін меңгерген болуы шарт. Пән мен тілді кіріктріп оқытуды қолға алмас бұрын биология пәнінің мұғалімдері мен оқытушылары білім алушыларының тілдік білім деңгейін анықтап алғаны жөн. Ол үшін ағылшын тілі сабақтарына қатысып, пән мұғалімімен пікірлескен дұрыс. Осыдан кейін ғана биологияны ағылшынша оқытуға болатынына көз жеткізіледі. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту кезінде оқытушының міндетіне кіретіндер: әрекеті:

1.Пән мен тілді кіріктіріп оқытудағы олардың әрекетінің алгоритмін түсіндіру.

2.Тақырыптық (пәндік) материалдарды ағылшын тілінде тауып беру (ауызша әңгіме, пікірлесу,жазбаша мәтін, видеоматериалдар т.б.).

3.Биологиядан қажетті оқу құралдарын тауып беру:

сөздіктер, дидактикалық кеспе қағаздар, салыстыру схемалары, визуалды қолдау карталары т.б.

4. CLIL технологиясын пайдаланып жұмыс жасау барысында оқушыларға көмек беру.

5.Пән мен тілден жасаған жұмыстарының нәтижелерін тексеру.

6.Жұмысты қорытындылау.

Практикалық иллюстрация ретінде биология сабақтарында төмендегі СLIL белсенділігін пайдалануды мысалға алуға болады:

1.Белсенділік «Literacy» ағылшын тілінде сұрақтар мен жауаптар жазылған қағаздар таратылады. Қағаздың бір бетінде сұрақ, ал екінші бетінде басқа сұрақтың жауабы жазылған. Біреу сұрақты оқыған кезде барлығы зейін қоя тыңдайды, жауабын тапқан оқушы жауапты оқиды да өзінің сұрағын оқиды, солай жалғаса береді.Кейде сұрақ түрінде ғана болады, жауабын оқушы өзі тауып, жинақтап жауап береді. Бұл Белсенділік зейінді және дұрыс айта білуді дамытады.

2.Белсенділік «Жасуша органоидтерін тап» Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топқа стикерлер жабыстырылған үлкен қағаздар таратылады. Стикердің астыда жасуша органоидының суреті жасырылған. Қағаздың ортасында органоидтың атауы және сипаттамасы орналасқан. Әрбір қатысушы, органиодтың ағылшын тіліндегі мағынасын ашады, осылайша бір бірлеп стикерлерді ала береді. Барлық сұрақтарға жауап берген соң оқушылар жасушаның қандай ағзаға тән екенін атап, органоидтерді анықтап, тірі ағзадағы маңызын көрсетеді.

3. Белсенділік «Сұраққа жетіп ал» Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды. Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді.

4. Белсенділік «Галереяны шарлау» «Browse the gallery» әдісі Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді. Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. Постерге сабақтағы түсініктердің мағынасы ағылшын тілнде жазылады. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

CLIL әдісі оқытуға жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Әсіресе қазіргі таңда білім берудің мазмұны жаңартылып отырған тұста мұғалімдер білім берудің түрлі әдістерін пайдалана отырып материалды түсіндірулері қажет, оқушылармен жеке, топпен және шығармашылық жұмыстар жасауға баса назар аударған жөн.

Оқытудың келесі «Зерттеушілік конференциясы» әдісі Ұсынылған мәселе бойынша өз елестетулерімен таныстыра біледі.Тақырып бойынша пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Оқушының зерттеушілік шеберлігін анықтай отырып сауалнама өткізеді.

1-қадам.Тақырып беріледі. 2-қадам.Топтардың тапсырмаларын анықтау. 1.Ұсынылған мәселе бойынша түрлі адамдардың пікірін анықтау мақсатында жазбаша сауалнама өткізу. 2. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау. А.Берілген тақырыпқа сәйкестігі. В.жинақталған деректердің құндылығы. С.Оқушының зерттеушілік шеберлігі. 4.қадам.Топтардың тапсырманы орындауы. 5.қадам.Топтардың жұмыстарын бағалауы. Мұндай жұмыс түрі оқушылардың лексикалық және грамматикалық дағдыларын жақсартады, материалды сауатты таңдай білген жағдайда өздері оқып (үйреніп) жатқан елдің мәдениетімен де таныстырады.

Нәтижелер мен талқылау. CLIL технологияның жетістіктеріне келер болсақ, ол ең алдымен, оқушыларды шет тілін үйренуге құлшындыруы. Шет тілін үйрену мақсатты түрде жүретін болады, өйткені ол қарым қатынас мәселелерін шешуде көмектеседі. Кәсіби контексте шет тілінде сөйлесе білу басымдылықты білдіреді. Сонымен қатар оқушылар үйреніп отырған тілінің мәдениетін түсіне бастайды, ол оқушылардың әлеуметтік мәдени құзіреттілікетрін қалыптастырады. Әртүрлі тақырыптарда жұмыс жасау арнайы терминдерді жаттап алуға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде оқушылардың сөздік қорының молаюына алып келеді және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуді үйретеді.

Оқытудың CLIL технологиясының дуальді оқыту әдісімен де жақындығын байқаймыз. Бұл технология бойынша тілді тек тіл білу үшін ғана емес, сол тілде пәнді меңгеру үшін оқитын болса, тіл бойынша алған білімін тез арада практикада қолдану мүмкіндігі туындап тұратыны болса, дуальді оқыту жүйесінде де мектепте алған білімін ізін суытпай іс жүзіндегі әрекетке жаратып үйрену.

Бұдан шығатын қорытынды: оқыту технологиясының қайсыбірі болса да теориялық білімді практикамен ұштастыра білуге көп назар аударады, соған қарай бағыттайды.

Сондықтан да бұл өте бір маңызды өзектілігі бүгінгі таңда артып тұрған мәселелердің бірі болғандықтан бұл проблема соңғы кездері жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарының тақырыбына айналып отыр. Тек қана мақаламен шектелмей, магистрлік, докторлық диссертациялар жазылуда.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Baïdak, N., Mínguez, M.L.G. (Coordination) & Oberheidt, S. (2005). Content and Language Integrated Learning (CLIL) at School in Europe. Brussel.

  2. BShape3 aker, C.&Jones, S.P. (1998). Encyclopedia of Bilingualism and Bilingual Education. Clevendon: Multilingual Matters.

  3. Усманова З.Ф., Заяц Т. В., Мукажанова Г. Ж. Реализация технологии CLIL в условиях полилингвального обучения [Текст] // Филология и лингвистика в современном мире: материалы I Междунар. науч. конф. (г. Москва, июнь 2017 г.). М.: Буки-Веди, 2017. С. 94-97. — URL https://moluch.ru/conf/phil/archive/235/12596/ (дата обращения:

01.11.2019).

  1. Ахметова М.С. Предметно-языковое интегрированное обучение биологии //viеwеr_imаgеs/15684311/f/1.png

  2. Шрайбер Е.Г., Овинова Л.Н. Технология CLIL как инновационный метод обучения иностарнным языкам в вузе. Вестник Южно уральского государственного университета.

Серия «Образование педагогические науки» Главная Т.9, №2 (2017).

  1. Елена Годунова CLIL: опыт учителей Казахстана. НОВАТОР, сентябрь 2019г

  2. Ким Е.А. Развитие трехязычия в Республике Казахстан// Научное сообщество студентов XXI столетия. Гуманитарные науки Сб.ст.по мат.ХХХVII междунар. Студ конф. №10 (37).

  3. Головинцева В.В., Ерманова Б.Б., Паневина А.С., Вишенкова Е.А., Жакупова

А,Касинилло Р. Внедрение предметно-языковой интеграции на уроках физики в 8 классе // Молодой ученый.2017.№18.1. С.12-16.URL.



БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ


Б.К. Жумабекова

б.ғ.д., Павлодар педагогикалық университетінің профессоры,

Ж.К. Байдаулетова

Павлодар педагогикалық университетінің магистранты

Аннотация. Қазіргі таңда елімізде шет тілін үйренуге деген көзқарас түбегейлі өзгеріске ұшырап отыр. Бұл күндері тіл сапалы білім алудың халықаралық талаптарына сай келетін негізгі құрал болып отыр. Осындай өзгерістердің бірі пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL). Бұл терминді алғаш рет 1994 жылы көптілді білім беру саласын зерттеуші Дэвид Марш Еуропадағы тілдік білім берудің жағдайын зерттеуді үйлестіру кезінде ендірген болатын. CLIL «пәндерді екінші немесе үшінші тілді қолдану арқылы тілді үйренуді пәннің мазмұнын үйрену арқылы жетілдіру, яғни пәндік және тілдік мақсатқа бір мезгілде қоль жеткізу деген сөз» CLIL концепциясы (Content and Language Integrated Learning) шет тілі сабақтарында оқу материалдарын оқу пәніне қатысты проблемалық, өзектілікке байыту арқылы кәсіби бағытталған орта құру; білім беру бойынша бағдарламалар мен курстар дайындау т.б. Мұндай қадам оқушылардың металингвистикалық, метакогнитивтік дағдыларын дамытуда орасан зор үлес қосады, сондай ақ оқушылардың көз алдына әлемде болып жатқан құбылыстар жайлы ұғымының қалыптастуына көмектеседі. CLIL оқыту технологиясының көмегімен оқытудың, дамыту мен тәрбие беру мәселелері жаңа сапалы деңгейде шешіліп жатыр.

Тірек сөздер: (технология, кіріктіру, кіріктірілген, қалыптасу, коммуникация, тіл, модуль, тәсіл, пән, ұстаным.

Аннотация. В настоящее время отношение к изучению иностранного языка в стране претерпевает радикальные изменения. В наши дни язык является основным инструментом, отвечающим международным требованиям качественного образования. Одним из таких изменений является предметно-языковое интегрированное обучение (CLIL). Термин был впервые введен в 1994 году Дэвидом Маршем, исследователем в области многоязычного образования, при координации исследования состояния языкового образования в Европе. CLIL «улучшает языковое изучение предметов за счет использования второго или третьего языка путем изучения содержания предмета, т.е. одновременного достижения предметных и языковых целей» Концепция CLIL (Content and Language Integrated Learning) обогащение учебных материалов на уроках иностранного языка с проблемными , актуальность, связанная с предметом изучения, создание профессионально ориентированной среды; подготовка образовательных программ и курсов и др. Такой шаг вносит огромный вклад в развитие металингвистических и метакогнитивных умений учащихся, а также помогает сформировать представление о явлениях, происходящих в мире на глазах учащихся. С помощью технологии обучения CLIL задачи обучения, развития и воспитания решаются на новом качественном уровне.

Ключевые слова: (технология, интеграция, встроенный, образование, общение, язык, модуль, подход, дисциплина, позиция.

Annotation. Currently, the attitude towards learning a foreign language in the country is undergoing radical changes. Today, language is the main tool that meets international requirements for quality education. One such change is Domain-Language Integrated Learning (CLIL). The term was first introduced in 1994 by David Marsh, a researcher in multilingual education, while coordinating a study on the state of language education in Europe. CLIL “improves the language learning of subjects through the use of a second or third language through the study of the content of the subject, i.e. simultaneous achievement of subject and language goals "The concept of CLIL (Content and Language Integrated Learning) enrichment of educational materials in foreign language lessons with problematic ones, relevance associated with the subject of study, creation of a professionally oriented environment; preparation of educational programs and courses, etc. Such a step makes a huge contribution to the development of the students' metalinguistic and metacognitive skills, and also helps to form an idea of ​​the phenomena taking place in the world before the students' eyes. With the help of CLIL learning technology, the tasks of training, development and education are solved at a new qualitative level.

Key words: (technology, integration, embedded, education, communication, language, module, approach, discipline, position.


Теориялық талдау. Бұл терминді Дэвид Марш сонау 1994 жылдары ойлап тапқан (Ювяскюля университеті, Финляндия) ол былай деді: «CLIL пәндердің немесе пәндердің бір бөліктерінің шет тілде оқытылуына және олардың екі түрлі мақсатты көздейтіндіктеріне, солай бола тұра олардың шет тілін үйренетініне қатыстылығы бар» [1]. Ағылшын тілінде ол былайша тарқатылып оқылады: Content and Language Integrated Learning. Мұндағы Content - білім беру мазмұны (немесе жай ғана пән), ал Language - тіл. СShape4 әйкесінше, орысша нұсқасында бұл термин пәндік және тілдік аралас оқыту болып саналады. Бұл технологияны көптілді топтарда қолдану пайдалы болып келеді. Ең алдымен осы технологияны пайдаланатын сабақтың өзінің моделін, оның компоненттерін қарастыру қажет [2]. Әр сабақ 4 «С» дан тұрды, осылайша олар мыналардан тұрады: - content (мазмұн) - бұл белгілі бір пән саласы бойынша білім - дағдыларын дамыту; - communication (қарым қатынас) - оқыту кезінде, тілді қалай пайдалануды зерттей отырып, шет тілін пайдалану; - cognition (таным)- бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын танымдық және ойлау қабілеттерін арттыру; - culture (мәдениет) - өзіңді мәдениеттің бір бөлшегі іспетті сезіну, сондай ақ балама мәдениеттердің бар екендігін сезіну (сондай ақ пәнаралық байланыс, азаматтыққа тәрбиелеу т.б.).

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!