Материалдар / Биология сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын логикалық тапсырмалар арқылы жетілдірудің тиімді жолары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Биология сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын логикалық тапсырмалар арқылы жетілдірудің тиімді жолары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындау барысында маңыздылығын түсіндіріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Наурыз 2024
104
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Респубдикасы

Білім және ғылым министірлігі

131 жалпы орта мектеп














Баяндама

Биология сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын логикалық тапсырмалар арқылы жетілдірудің тиімді жолары










Биология пәні мұғалімі Ақкісиева Гүлбану Алпамысқызы

















2023-2024 оқу жылы




    «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс» К.Д.Ушинский

Қазіргі уақыттың  негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі  мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор. Сонымен қатар логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Оқушының ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Нәтижесінде тапсырмаларды зор ықыласпен орындайды  және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыстарының қорытындыларын  жалпылауға, салыстыруға  дағдылана бастайды. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру оқу процесінің сапасын арттырудың негізгі өзекті мәселесі болып табылады. Оқу процесі қалыптастырушы іс әрекет бола отырып, білім беріп қана қоймайды, оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық ойлау деңгейін арттырады. Іс – әрекеттің қалыптастырушы сипаты әр қашан да тұлғаның белсенділігімен байланысты. Дайын күйінде алынған білімдер оқушылардың нақты тапсырмаларды орындауда пайдалануда қиындықтар туғызады. Сондықтан бұл жерде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері көмекке келеді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы өте зор. Кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдап, жол таба білетін азамат қана қазіргі қоғамның белсенді мүшесі бола алады.

Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым: Қосмекенділер деп аталу себебі,олар суда да, құрылықта да тіршілік етуге бейімделген. Қайсы көбірек: суда ма,әлде құрлықта ма? ------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Терісі жалаңаш болса да масалар бақаларды шақпайды. Неліктен? ---------------------------------------------------------------------------------------------------------- Ежелгі Грецияда плантаторлар құлдарды сатып аларда тістерін мұқият қарап алған.Сығандар да жылқының тістерін қарап алған. Ойланып мына сұрақтарға жауап беріңдер. А. Неліктен тістерін тексерген? ------------------------------------------------------------------- Тістер қандай қызмет атқарады?------------------------------------------------------------------ 2. Мына ұғым қандай мағына береді? «Тісі жоқ ауыз –тасы жоқ диірмендей»------------------ Адам қол алысқанда кезде қандай сезімде болатынын анықтаңдар? Бұл сезіну мидың қай бөлігінде пайда болады? ---------------------------------------------------

Есептің шешуін табыңдар Дүкенде көйлек 60000 теңге тұратын, ал арзандатылған соң оның бағасы 4200 теңге болды. Көйлектің өзіндік құны неше пайызға кеміді? Осы есепті шығару арқылы сендер мұздатқышта 3 –күн сақталған тағамда С дәруменнің неше пайызы жоғалатынын білетін боласыңдар? Жауап -------------- Жанұяда екі ағайынды бар.Оның бірі спортпен шұғылданады және дене бітімі шымыр,ал екіншісі нәзік. Бұл өзгергіштіктің қай түрі? ----------------------------------------------------------

С уретте көрсетілген ағзалардың өзара қарым қатынастарының түрлерін анықтаңдар.Өз таңдауыңыздың мәнін түсіндіріңіз.------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Басқада әдіс тәсілдерді әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап  қолданын отырамын. Логикалық тапсырмаларды пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
— Сабаққа қызығушылығы артады
— Логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады
— Тапсырмаларды зор ықыласпен орындайды  
— Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Кайырбай, А. Т. Биологиядан логикалық тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері / А. Т. Кайырбай, С. Ж. Ибадуллаева.
2.Биология пәнін оқыту барысында білім сапасын көтерудің технологиясы мен әдіс-тәсілдері // Білім кілті – Ключ знаний. – 2012. – №2. – 6-8 бб.
3.Құрманғалиева. Ж.Злыдарева.А. Биология. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер.









 



    





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!