Материалдар / БИОЛОГИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БИОЛОГИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
БИОЛОГИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2023
287
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

3

І бөлім. БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ 6

1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері 6

1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы 9

1.3 Биологияның жаратылыстану пәндері жүйесіндегі ролі 15

ІІ бөлім. БИОЛОГИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 20

2.1 Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстардың маңызына қысқаша сипаттама 20

2.2 Орта мектепте биология мен химияны байланыстыра оқыту

40

2.3 Химия пәнін оқытуда информатиканың ролі

49

2.4 Пәнаралық байланыста өтілетін сабақ жоспары


58

ҚОРЫТЫНДЫ


68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


71

ҚОСЫМШАЛАР





КІРІСПЕ



Биология жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз – бізді айнала қоршаған материялық дүние. Сондықтан, химия жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Мен дипломдық жұмысымда «Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың маңызы» тақырыбы бойынша мектептегі биологияны оқытудағы жаратылыстану пәндерінің маңызын ашуға тырыстым. Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстардың рөлін зертедім.

Тақырыптың өзектілігі: Пәнаралық байланыс- оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Пәнаралық байланыс оқушының меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.

Оқытуда пәнаралық байланыс мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.

Орта мектептерде биологиядан білім берудің тиімді тұстарын саралаған авторлар қатарына А.П. Крешковты, А.А.Ярославцевті, К.М.Ольшанованы, З.А.Барсукованы атауға болады. Осы ғалымдардың еңбектеріндегі тиімді қағидаларды мен өз жұмысымның барысында пайдалануға тырыстым.

Орта мектептерде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқытушының аса күрделі әдістемелік міндеттерді шешуін талап етеді. Себебі, оқытушы тек бір ғана негізгі пәннің мазмұнын, мақсатын, әдістерін меңгеріп қана қоймай, арнайы пәндердің, мысалы «Химия», «Физика», «Биология» т.б. ғылымдарының мазмұнын, мақсатын және оларды оқытуға қойылатын талаптарды жете білуі қажет. Сондықтан мектептерде химия пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін осы пәндерді оқытатын оқытушылар бірлесіп жұмыс істегенде ғана жетістікке қол жетеді.

Биологияны пәнаралық байланыста оқыту үрдісін жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді қамтиды:

  • аналитикалық химияның оқу бағдарламасын талдап, оның пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы мүмкіндігін анықтау. Химияның теориялық материалдарын тірек ете отырып, арнайы пәндердің бағдарламаларымен байланыстыруға болатын бөлімдерін анықтау. Осы байланыстар негізінде игерілетін білім, білік, дағдылар көлемін анықтау;

  • пәнаралық байланыстағы тақырыптық сабақ жоспарларын құру;

  • нақты тақырыптар бойынша пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы дидактикалық талаптарды ескере отырып, сабақта қолданылатын құралдарды, танымдық есептерді, тапсырмаларды тұжырымдап, қосымша әдебиеттерді анықтау, арнайы пәндер бойынша көрнекіліктер мен таратып берілетін материалдарды іріктеу;

  • оқытуды ұйымдастырудың кешенді түрлері мен жүргізу жолдарын саралау (пәнаралық байланыстағы қорытынды сабақтары, кешенді семинарлар т.б.);

  • пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру нәтижелерін бақылау мен бағалаудың түрлерін, құралдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау (пәнаралық байланыстар бойынша алған білімдері мен біліктерін анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар);

  • пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қолданылатын белсенді технологияларды іріктеу.

Оқушыларды пәнаралық байланыстар негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде түсіндірмелі- иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы пәнаралық мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: биологияны басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ерекшеліктерін анықтау, маңызын айқындап беру. Биологияның физика, математика, информатика секілді жаратылыстану ғылымдарымен байланысына қысқаша сипаттама бере отырып, нақты мысалдармен көрсету.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі биологияның ролін анықтау;

  • биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстарға сипаттама беру;

  • тақырыпты қорытындылай отырып, тұжырымдар мен тиімді ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі биологияны оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: биология сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық негізде оқушылар білімін арттыру.

Тақырыптың ғылыми жаңалығы:

  • биологияны пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми – теориялық және әдістемелік негіздері айқындалды.

- биология пәні сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық байланыс арқылы білім беру теориялық тұрғыдан негізделді.

- биология сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы оқытудың әдістемесі жасалды.

- орта мектеп биологиясын пәнаралық байланыста оқыту арқылы білім мен тәрбие берудің тиімділігі дәлелденді.

Құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.





І бөлім. БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері



Қазірге дейін биологияны оқыту әдістемесі − ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да биология пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына биологияны оқыту әдістемесінің курсы енгізілді.

Биологияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Биология − заттардың бір−біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, биологияны оқыту әдістемесі мектептің биология курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.

Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс−әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.

Келесі мәселе − «қалай оқиды?» − деген сұрақтың жауабына келсек, ол оқушылардың іс−әрекеті бойынша анықталады. Биологияны оқыту әдістемесіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беруге болады? Бұл әлі күнге дейін толық шешімін таппаған мәселелердің бірі болып саналады. Кейбір оқу құралдарында мынадай анықтама берілген: бұл жасөспірімдерге биология ғылымын үйретудің қоғамдық әрекеті және оларды білім алуға тәрбиелеп, дамыту, мектептегі биология курсының мазмұнын оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым.

Биологияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалын оқытуы мен оқушылардың биологиялық саналы меңгертуін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап береді.

Биологияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқу әдістерін тәрбие жұмысымен бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн−мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс−әрекетін бір−бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.

Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін обьектісі сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз − жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру бірлігі. Ал әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту − нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.

Биологияны оқыту әдістемесі ғылымы оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді.

Оқыту әрекетін, тұтастай алғанда дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан сол теорияны оқыту арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде биологияны оқыту әдістемесі дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің әдістемелік негізі ретінде пайдаланады.

Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарға сүйеніп, биологияны оқыту әдістемесі орта мектептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соларға сәйкес, мектептегі химия курсының мазмұны таңдап алынады. Ол мазмұн бағдарламаларда, оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады.

Әдістеменің зерттейтін тағы бір мәселесі−оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектеп алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы еңбегінің арасындағы қатынасты, оқушының еріктілігін, дәйектілігін және белсенділігін арттыру жағына қарай бағыттап отыр.

Әдістеме биологияны оқытудың нәтижесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.

Тәрбие беру және оқушыларды дамыту − орта мектепте оқытылатын барлық пәннің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәннің бірі ретінде ғана биология өз үлесін қосады. Оның үстіне биология өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, «Биологияны оқытудың әдістемесі – биологиядан білім берудің мазмұнын және биологияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы» деген анықтама беруге болады. Мұның алғашқы бөлігі оқытудың мазмұнын, соңғы бөлігі әрекет етуін қамтиды. Мазмұнды бөліп қараудың себебі де бар.

Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында биологияны оқыту әдістемесінің оқу пәні теориялық және сарамандық курстардан тұрады. Теориялық курстың мазмұны студенттерге арналып, орыс тілінде басылып шыққан И.Н.Борисовтың, Д.М.Кирюшкин мен В.С.Полосиннің, Н.Е.Кузнецова және т.б., Г.М.Чернобыльскаяның әдістемелік оқу құралдарында баяндалған.

Негізгі орта мектептегі «Биология» пәнінің базалық мазмұнына сәйкес оқу үрдісін оқушылардың оқу және танымдық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.

Білім берудің басты ерекшелігі - әртүрлі іс-әрекеттердің түрлеріне байланысты оқушы іскерлігінің қалыптасуына ықпалын тигізетін білімдер мен біліктерді өздігінен игеруге қабілеті бар оқу үрдісінің субъекті ретіндегі оқушының рөлін жоғарылату болып табылады.

Сондай-ақ биологиялық білім беру бағдарламасының оңтайлығы тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпыбиологиялық заңдылықтар мен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі орта деңгейінде-ақ олардың жалпы білімдік дайындығының толық болуын қамтамасыз етуінде, яғни негізгі орта деңгейде биология біртұтас курс түрінде оқытылып, оның мазмұны дидактикалық дәстүрлі ұстанымдар мен бірге, тіршілікті тұтас жүйемен қарастыратын концентрлі және «абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу арқылы тану» дейтін дамыта отырып оқыту идеясының тұжырымдамалық іргелі ұстанымдарына орай қазіргі заманғы биологиялық ғылыми білім жүйесі негіздерін тұтастай қамтиды. Мектепте биологиядан білім берудің түйінді бағыттарының бірі білім берудің әлеуметтік-мәдениетке бағдарлануы, яғни, мұғалімдер ең алдымен оқушының құндылық-бағдарлы әрекетін қалыптастыруды, шығармашылық қабілетін дамытуды көздеуі қажет.

«Биология» оқу пәнінің зерттеу объектілері ретінде тіршіліктің молекулалық, жасушалық, ұлпалық, организмдік, популяциялық-түрлік және биогеоценотикалық-биосфералық деңгейлері қара стырылады. Биология курсындағы тірі жүйелер құрылымдық-қызметтік (молекулалық деңгейден биосфераға дейін) жүйелілік-құрылымдық және экологиялық-эволюциялық тұрғыда оқытылады. Сондай-ақ биологияны оқытудағы ерекше орынды биоәлеуметтік және өз еңбек іс-әрекеттерімен қоршаған ортаны өзгерте алатын тұлға ретінде қарастыру жатады.

Сонымен қатар ұсынылып отырған бағдарлама тіршілікті жоғары құндылық ретінде түсінетін, дүниенің ғылыми бейнесіндегі тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын; теорияларды, заңдарды, зандылықтарды, ұғымдар жүйесін, биологияның ғылыми және логикалық таным әдістерін жеткілікті меңгерген; салауатты өмір сүруге, өндірісті экологиялауға, сан-алуан экожүйелер мен түрлерді қорғауға, сақтауға өз білімін тиімді қолданатындай біліктілігі бар биологиялық және экологиялық сауатты тұлға дайындауға бағытталған. Тұлғаның дамуын қаматамасыз ететін, өзінің биологиядан алған білімдерін әр-түрлі салаларда белсенді іс-әрекеттері арқылы қолдана алатындай мақсатты анықтау және биологиядан білім беруді соған мақсаттандыру болып отыр.

«Биология» пәнінің негізгі мазмұны оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай. Мектептегі биологияның жаңа әдістемесіндегі тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттестік қарым-қатынас, оқушы тұлғасы дамуының қисыны мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімнің жалпы мәдениетегі орнын анықтайтын гуманизация идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім мазмұны, құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделген. Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес оқу үрдісінде білім мазмұнының мынандай құрамдас бөліктеріне:

- тірі табиғат туралы алғашқы ұғымдардың болуы, қарапайым деңгейде биологиялық ұғымдардың дамуына;

  • тірі организмдердің құрылысы және қызметі туралы түсініктің болуы, олардың көптүрлілігі және қоршаған ортамен байланысы, яғни жүйелі түрде биологияны суреттеу деңгейінде оқытуға;

- тірі организмдердің жалпы биологиялық даму заңдылықтары, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәні ашуға, биологиялық көптүрлілікті пайдаланудың маңызы және биосферадағы тепе-теңдікті сақтау, алдыңғы оқыған оқу материалдарын жалпылауға ерекше назар аударылу қажет.

Сондай-ақ, өскелең ұрпақты рухани-мәдениетпен қанықтыру үшін биология ғылымының жетістіктерін, қоршаған ортаны қорғау мәселесінде мәдени мұра, салт-дәстүрлерді білу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады.



1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы



Осының алдында ғана баяндалған химияны оқыту әдістемесін зерттеуді төрт мәселеге топтастыруға болады.

Биологияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты қарастырылады. Себебі, биологияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, деректерді, ұғымдар мен түсініктердің негізін үйретеді. Химияны оқыту әдістемесіне өзара жақын химия ғылымының бір саласы − химия тарихы. Ол химия ғылымының жеке тарауларын оқытқанда оның даму жолдары мен заңдылықтарын ашуда, ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектерін түсіндіруде, элементтердің ашылу тарихын оқытқанда нақты деректермен көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай−ақ, биологияны оқыту әдістемесі ғылымы дидактиканың заңдары мен ұғымдарына сәйкес дамиды. Биологияны оқыту әдістемесінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сипатталуымен тығыз байланысты. Ол психология мен физиология ғылымдарымен де байланысты, өйткені, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес нақты материалдарға байланысты білім дамытылып отырады.

Бұл мәселелерді шешу үшін биологияны оқыту әдісі зерттеулерде кеңінен қолданылатын мына әдістерді пайдаланады: бақылау, жорамал жасау, педагогикалық эксперимент, оқу-тәрбие құжаттарын, оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық және т.б. жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу, анкета алу т.б.

Биологияны оқыту барысында сан алуан өзгерістер болып тұрады. Зерттеуші өзі ықпал жасамай, табиғи құбылыстарды қаз-қалпында, әр құбылыстың жеке бөліктері арасындағы байланыстарды, олардың өзге құбалыстармен байланысын, өзара қарым-қатынасын ашып береді.

Бақылаудан алынған мәліметтерге сүйеніп, ғылыми жорамалдар жасалады. Оның дұрыстығын тексеру үшін қосымша бақылаулар жүргізіледі немесе педагогикалық эксперимент қойылады. Эксперимент кезінде құбылыс бақылаудағыдай емес, зерттеушінің жорамалына сәйкес алдын ала жоспарланып, өзгертілген жағдайда жүзеге асады. Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарына қарай енгізілетін өзгерістер де әртүрлі болуы мүмкін.

Оқушылардың жұмысын талдау, әңгімелесу және анкета алу арқылы білім, білік және дағдының қалыптасу жайын, мұғалім мен оқушының зерттеліп отырған мәселеге көзқарасын анықтайды.

Биологиядан оқу материалын іріктегенде, көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелерді жетілдіруде, көрнекі құралдардың жаңа түрлерін жасауда, оқытудың формалары мен әдістері қолданылады. Оларға жататындар: оқу материалын іріктеу, химия ғылымының мазмұнын әдістемелік талдау, бұрыннан қолданылып келе жатқан көрнекіліктерді, зертханалық тәжірибелерді, көрнекі құралдарды жетілдіру және жаңадан ұсыну, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының тапсырмаларын жасау, т.б.

Биология жаратылыстану ғылымдарының жүйесінде физика, химия, геология ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы ғылымдардың көптеген тараулары осы ғылымдардың түйісу шегінде қалыптасқан: физикалық химия, геохимия, биохимия. Әсіресе, химия мен биология арасындағы терең байланыс негізінде медициналық химия, агрохимия секілді жаңа ғылым салалары дүниеге келді. Сонымен қатар, экология, геохимия, космостық медицина секілді кешенді ғылымдар қалыптасты.

Биология ғылым ретінде пайда болғалы бері химиямен және физикамен тығыз байланыста дамып келеді. Физиканың көптеген тараулары (молекулалық-кинетикалық теория, кванттық механика, термодинамика және басқалары) химия ғылымының ғылыми-теориялық аппаратын құрайды. Қазіргі кезде химия ғылымында пайдаланылып келе жатқан әдістер негізінен физикалық әдістер болып табылады. Олар массаның, көлемнің, жылудың сандық өзгерісімен байланысты. Рентгендікқұрылым, заттарды хроматографиялық бөлу, спектралды анализ әдістері – бұл заттарды және химиялық реакцияларды зерттеудің физикалық әдістерінің мысалы. Ал осы зерттеулер нәтижесінде алынған барлық мәліметтер математикалық жолмен өңделеді. Сонда ғана химиктер нақты ғылыми нәтижелер алады.

Сонымен қатар, биологияны оқытуда тірі ағзаның әртүрлі күйдегі макроскопиялық қасиеттері мен заттың бір күйден екінші күйге өтуінің заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік беретін материяның атомдық-молекулалық құрылысы туралы түсініктерге негізделген молекулалық физиканың маңызы үлкен. Химия – заттардың бір түрден екінші түрге айналуын, құрамы мен құрылысын зерттейтін ғылым. Басқаша сөзбен айтқанда, химияда да, молекулалық физикада да заттың құрылысы мен қасиеттері негізге алынады, соған қарамастан заттың құрылысы мен құрамының оның химиялық қасиеттеріне, ал молекулалық физикада физикалық қасиеттеріне әсері негізге алынады.

Осыған байланысты орта мектепте химия мен молекулалық физиканы байланыстыра оқыту мәселесі қарастырылады.

Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта VII – XI сыныптарға арналған оқулық бағдарламалар бойынша молекуалық ілім химияда да, физикада да дамып келеді. Бұл жерде оқулықтардағы сәйкес материал осы екі пәннің алдын ала қарастырылған мәліметтеріне сүйенеді. Сондықтан, оқытушының оқу материалының мазмұны мен осы пәндер негізінде оқушылардың алған тәжірибелерін білуі белгілі бір тақырыпты терең меңгертуді қамтамасыз ететін басты фактор болып табылады.

Бұл ғылымдардағы химиялық білімдердің ролі заттардың биологиялық жүйеде де, геологиялық жүйеде де бола отырып, дүние жүзілік зат айналымына қатысуына негізделеді.

Күнделікті тез өзгеріп жатқан дүниеде еліміздің жоғары білім беру жүйесінің халықаралық білім беру кеңістігіне тез интеграциялануы үшін, білім беру сапасына деген жауапкершілікті күшейту қажет. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Осыған байланысты адамның білім-білік капиталына қатысты экономиканың өрістету мәселесі туындайды. Бұл орайда инновациялық экономика білім жүйесін - өндіріс саласының басымдығы ретінде айқындай түседі. Бүгінгі өркениет білім парадигмасын өзгертуді талап етеді. Әрқашан қолдау мен көмекті қажет ететін білімнің орнына ауқымды жобалар мен инновациялық жобаларға негізделген саланы ғана емес қоғамды да алға тартатын инновациялық білім келуі тиіс. Оны өткізудің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы практикалық маңызы бар ғылым мен білімді дамытудың басым бағытына сәйкес келетін инновациялық жобаларды іріктеу, аймақтағы ғылыми-зерттеулерді дамыту және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ғылым мен білім жетістіктерін пайдалану. Қазір жаһандану дәуірінде интеграциялық процестердің қарқынды дамып отырғандығының куәсі болып отырмыз. Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дами алмайды.

Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын сол жаһандану білім саласына мықтап енді. Соның арқасында әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы кең қанат жайды. Жаратылыстану ғылымдарының (физика, химия, биология, география) объективті негізі, ол ғылымдардың зертелуіндегі әртүрлі формада яғни «материя қозғалысы» (Ф.Энгельс бойынша) және «материялық ұйым» (Б.М.Кедров бойынша) яғни физикалық, биологиялық, геологиялық зерттелу формасында болуы. Сондықтан химия, физика мен биологиядан аралық орын алады.

Бұл айтқандардан қазіргі химиялық білімнің даму этапы, тек қана химияның ғана емес, физика мен биология сияқты аралас ғылымдардың дамуына да байланысты. Физика жаратылыстану ғылымының теориялық жағынан лидері болады, яғни химияда болсын, биологияда болсын, кванттық механикада болсын, термодинамикада болсын құбылыстарды молекула ішілік тұрғыдан түсіндіру керек. Биология өмір туралы, тірі табиғат туралы, адамдардың тіршілігі туралы түсіндіретін алдыңғы қатардағы ғылым.

Оқулықтардағы негізгі интеграция олардағы пән аралық байланыс. Туыстас пәндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 ж мемлекеттік оқу программасына енді. 1980 жылдардың ортасында химия мұғалімдерінің зерттеу жұмыстарында да пәнаралық байланыс (биология және география) қолданылды.

Зерттеушілердің ойы бойынша оқу процесінде пәнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен бі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!