Материалдар / "Бір белестен өттіңдер" балабақшамен қоштасу ертеңгіліктер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бір белестен өттіңдер" балабақшамен қоштасу ертеңгіліктер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған сценарилер тапсырмаларымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

Picture 5

ҚҰРМЕТТІ ата-аналар , қонақтар! Бүгінгі мереке ерекше, себебі бірнеше жыл мәпелеп өсірген, тәрбиедеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын Олай болса ортаға "Балауса" шағын орталығының түлектерін ортаға шақырамыз. Музыка әуенімен ортаға түлектер шығады.

Таныстыру

1 Сұңғақ бойлы биязы мінез- Жанар

2. Топтың сабырлы да ұяңы- Ибрагим

3. Биші қызымыз- Мерейгүл

4 Әнші қызымыз- Ақерке

5 Инабатты- Анель

6 Тақпақ айтып тақылдайтын -Бекарыс

7 Алғыр- Али

8 Сурет салуды ұнататын -Абзал

9 Әр нәрсенің мәні бар , ал Абаттың өз орны бар

Өсті ақыл ойларын

Өсті міне бойларын

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларын деп

Бір белестен өттіңдер атты ертеңгілігімізді бастаймыз

1.Анель мен Бекарыс

2. Балалар тақпақтарын айтады да, Бекарыс Ал кеттік балалар- дейді

тәрбиеші: Тоқта-тоқта қайда жол тартыңдар

Балалар: Мектепке- хормен

осы кезде 5-тік кіреді сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендердің достарыңмың, менің атым (бестік). Мектепте мен сендердің достарың боламын. Мен сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар бергім келіп отыр.

3. тапсырма орындайды

* 1-10 дейін тура және кері санау

*пішіндерді атау, түсін атау және жинау

* жыл мезгілдерін атау

*Апта күндерін атау

*Шығармашылық бойынша сурет, жапсыру

* есеп шығару

4. өнерлерін көрсету

Би: Мерейгүл

Анель: «Бала бақыты»өлеңімен

Би: « Қара жорға» ұлдар: Абзал, Абат, Али, Ибрагим

Акерке : ән «Бала тілегі»

Бекарыс: «Мен, мен мен едім»

Ән:хор « Жас дәуірдің түлегіміз »

Бестік: Балалар, сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер, әрқашанда осындай бола берулеріңе мен тілектеспін. Мектепке баруға дайын екенсіңдер. Сендермен қоштасатын сәт келді. Сендерге ақ жол, сәт сапар тілеймін. Сау болыңдар!

5 .Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

марапаттау

Тәрбиешілердің тілегі

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздерінде нұр тұнды

Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер

Өздеріңмен қоштасатын күн туды

Бізден ұшып талмай қанат қағындар

Жүректерден арман отын жағыңдар

Жақсы оқып алтын ұя мектепте

Бұл өмірде бақыт жолын табыңдар

Бәрінді де сәбиім деп сүйетін

Өздеріңді сағынып бір жүрейік

Құтты болсын қадамдарын аттаған

Біз сіздерге сәтті сапар тілейік

Сәт сапар, ақ жол тілейміз

музыка қойылады балалар жүріп барып кемеге кіреді хормен

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Алда үлкен белес бар

Сүрінбей өтіп барамыз

қош балабақшам- деп қолдарын былғайды












Shape2

Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар ,ұстаздар. Біз бүгін мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді

Ұямыздан ұшырып мектекпке даярлық тобына шығарып салғалы отырмыз

Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер -

деп балабақшамен қоштасатын балаларды құрметпен қарсыалайық

( жеңіл музыка әуенімен қол ұстасып залға кіреді)

Таныстыру:1. Сұңғақ бойлы, биазы мінез- Бекзат

2. Салмақты ер жүрек бала- Нұрәділ

3. Тақпақ айтып тақылдайтын - Досжан

4. Мың бұралып би билейтін- Эльнара

5. Білекті де жүректі- Арғын

6.Жақсы ақылды бала - Ерасыл



Өсті ақыл ойларын

Өсті міне бойларын

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларын

Эльнара: Балабақша бесігім

Тағы бір той жасайық

Ашып мектеп есігін

Өзіңен қоштасайық

Нұрәділ: Талай қызық той өткіздік

Бірақ орны бөлекше

Бақшамызбен қоштасатын

Бүгінгі той ерекше

*Ән: «Біз бақытты баламыз»

Досжан: Мектепке енді барамыз Эльнара: Сезімді туған баламыз

Оқимыз сауық құрамыз Оянды ақыл санамыз

Қашықта болмас арамыз Адамдықтың бастауын

Сіздерге келіп тұрамыз Өзіңнен алып барамыз

Арғын: Балабақшам қош енді Нұрәділ: Балабақшам сүйікті

Әркез аман бол дейміз Ән салдыртты билетті

Әкемменен шешемді Шынықтырып денеңді

Ертіп енді келмеймін Шымыр болуға үйретті

Бекзат:: Тәрбие берген ұямыз Ерасыл: Бақша біздің панамыз

Тәртіпті бала боламыз Мектеп біздің анамыз

Қоштасып бала бақшамен Ұлағатты ұстаздан

Даярлыққа барамыз Оқып білім аламыз

*«Жеті лақ» ертегісінен қойылым

Мазмұны: Ешкі орманға кеткенде қасқыр келіп лақтың ең кіәшкентайын алып кетеді. Ешкі қасқырдан лағын қайтаруды сұрауға барады. Сонда қасқыр ешкіге шарт қояды, «егер сенің лақтарын менің сұрақтарыма жауап берсе, мен лақты қайтарамын»- дейді



Ешкі:- Тук-тук, лақтарым шырақтарым есікті ашыңдар. Мен сендерге сүт әкелдім-дейді.

Сонда есікті лақтары ашып қасқырдың келіп, ең кішкентай лақты алып кеткенін айтады

Ешкі жыламсырап:-айттым әне мен сендерге есікті ешкімге ашпаңдар деп. Онда сендер үйде болыңдар, мен қасқырға барып лақты қайтарып беруін сұрайын.

Ешкі қасқырға келеді

Ешкі:-Қасқыр, қасқыр менің ең кішкентай лағымды қайтаршы. Не айтсаң соны орындаймын.

Қасқыр:-Жарайды қайтарамын. Егер сенің лақтарын менің сұрақтарыма жауап берсе.

Ешкі:- Әрине қасқыр. Лақтарым шырақтарым қасқырдың сұрақтарына жауап береміз бе?

Лақтар:-Иә, орындаймыз

Қасқыр:-Онда дайынсыңдар ма?

1 тапсырма:Мына сандарды атаңдар 1,5,2,4,3,0

2 тапсырма: Мына пішіндерді атаңдар

Үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша, төртбұрыш

Олардың түстері қандай?

Қызыл, сары, тоқсары, жасыл

3 тапсырма: Ал сендер апта күндерін білесіңдер ме?

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

4 тапсырма: балалар есеп шығара аласыңдар ма?

Онда есеп шығарайық(кубик арқылы)1-5сандар аралығында

5 тапсырма: екі топқа бөлінеді, де үлгі арқылы пішіндерді жапсырады

6 тапсырма: таяқшалармен өздерінің ойлағандарынды

құрастыру арқылы бейнелеу.

7 тапсырма: Ал балалар сендер аналарын туралы ән тақпақтар

білесіңдер ме?

Ән. «Ақ мамам», тақпақ

Ешкі: Қасқыр, қасқыр менің лақтарым айтысты да көрсете алады

Қасқыр: Өте жақсы балалар мен сұрақтарыма жауап алдым, міне

сендердің кішкентай лақтарын қайтарайын.

Ешкі: Міне лақтарым- шырақтарым сендердің көп білгендерін қандай

жақсы болды. Жүріңдер онда үйге қайтайық

Ешкі лақтарымен шығып кетеді

* Естен кетпес үніңіз Досжан

Бізбен өтті әр күніңіз

Бізге үміт артасыз

Шығар деп әнші күйшілер

Үмітпен бізге қарайтын

Ардақ, Әсел апайларға мың алғыс

Тәтті тағам пісірген Ерасыл

Айран сүтін ішкізген

Бақыт апай

Сізге де мың алғыс

Шаршамайтын күлетін Бекзат

Зыр жүгіріп жүретін

Айсұлу апайға мың алғыс

!ш деп дәрі береді Арғын

Түршіктіріп денеңді

Жылтындаған инесімен

Надя апайға мың алғыс

мысықтар келгенше біз кішкентай бүлдіршіндермен сергіту сәтін жасап жіберейік

«Мысықтар» биі сіздерге арналады, қабыл алыңыздар

Енді бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге «Балабақшаны бітіру туралы диплом» беріледі

Барлығы орнынан тұрып хормен

Тәрбие берген бақшамыз

Тәртіпті бала боламыз

Алда үлкен белес бар

Сүрінбей өтіп барамыз





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!