Материалдар / БІРЛЕСКЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

БІРЛЕСКЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отырғаны айқын. Қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы қажет. Топтық жұмыс білімалушының және оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2021
736
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»
Жаратылыстану пәні оқытушысы:

Музапарова Дидар Баяхметовна



«БІРЛЕСКЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ»

Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отырғаны айқын. Қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы қажет дей ойлаймын. Сол себепті біз - ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуіміз шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстануы қажет. Аталған мұғалімнің үш көмекшісі сапалы әрі табысты білім беруіне жол ашады. Оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашуы, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасалуы тиіс. Яғни, нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осындай нәтижеге жету үшін топтық, жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланану қажет. Қазіргі заманауи мектептерге білімді дайын күйінде беруші емес, алдын ала тыңғылықты жоспарланған оқу қызметін ұйымдастырушы қажет екені барлығымызға белгілі. Ал ұйымдастырушы болу үшін бізге топтық жұмыс көмектеседі.

Топтық жұмыс білімалушының және оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Бұл жерде «неге?» деген сұрақ туындайды. Себебі, олар үшін ең маңыздысы – қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу, өзіне деген сенімділіктің пайда болуы. Топтық жұмыстың нәтижесінде барлығы берілген материалды жақсы меңгереді. Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.

Топпен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар күрделі емес және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне сай беріледі. Мысалы, байқау практикасы кезінде жаратылыстану пәнінен « Өсімдік мүшелері » тақырыбын өткен кезде жеке бөліктерден өсімдік мүшелерін жинау тапсырмасын берілді. Оқушылар топтарға берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырыпты өздері аша алады. Сонымен қатар тест тапсырмаларын орындау кезінде де топтық жұмысты қолдануға болады. Мысалы, әр оқушыға тест тапсырмалары таратылады, алдымен әрбір оқушы тапсырманы жеке орындайды. Уақыт аяқталған соң, оқушылар топта орындаған жұмыстарын салыстырады, айырмашылықты анықтайды, өз пікірлерінің дұрыстығын дәлелдейді. Келесі этапта мұғалімнің берген дұрыс жауаптарымен салыстырады да, қай бөлімнің жеткіліксіз меңгерілгені анықталады. Оқушыларды топтарға бөлу кезінде түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер, туған күндері, есімдерінің әріптері, қима суреттер (мозайкалар), фигуралар, тақырыпқа байланысты терминдер, қағаз қиындылары, ән, ұқсас ерекшеліктері, жағымды сөздер бойынша бөлу және т.б. тәсілдер. Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, неғұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Мерсердің (2005) тұжырымдамасы бойынша құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Бір-біріне сұрақтар қоя біледі. Ең бастысы топта оқушы оқшауланып оқымайды. Топта бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады.Топпен жұмыс жасағанда, тыңдау, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады. Топтық жұмысты ұйымдастырудың алдында сыныптағы оқушылардың белсенділік қызметін ұйымдастыру мақсатында топ ережесін жасау арқылы тәртіп талабын жасап алдым. Ережені оқушылардың өздеріне құрғыздым. Оқушылар ережеге мынадай тәртіп талабын жазды:

- уақытты тиімді пайдалану;

- сабаққа түгел, ұйымшылдықпен қатысу;

- бір-бірінің пікірін тыңдау;

- бірін-бірі сыйлау;

- берілген тапсырманы нақты орындау;

- бірігіп, белсенді жұмыс жасау;

Топта оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту мақсатында Б.Блумның сұрақ қою өлшемін жиі пайдаландым. Олар жеңілден ауырға, қарапайымнан терең ойлауға жетелейді

Сабақты топтастырып өткізу оқытуда жаңа және тиімді нәтижеге қол жеткізеді:

1. Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс жасауға үйретеді.

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады және көбі бағаланады.

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады және артта оқшауланып қалған оқушыларды жаңа қырынан көруге мүмкіндік аламыз.

4.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

5.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

«Көршіңмен сырлас» әдісі. Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріледі. Өз ойымен көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұрау. Бір-бірінің жауабын толықтырып,берілген тақырып бойынша білімдерін ортаға салуын тапсыру. «Сұраққа жылдам жауап» әдісі. Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып, ой-өрісін дамыту  мақсатында төмен дәрежелі  сұрақтарға толық жауап қайтаруды тапсыру.  Мысалы, «Мадина, Болаттың  жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?» «Болат,Әсемнің жауабын қалай толықтыруға болады?» «Марат, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?» Бірлесе топта жұмыс жасағанда оқушылар пікір таластырады,басқалардан үйренеді. «Сұхбат алу » әдісі. Мұнда топтағы үш оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады. Бірінші оқушы, екінші оқушыға сұрақ қояды, үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді. «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі. Бұл әдіс бойынша топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады. «Ойлан, Бірік, Бөліс»  әдісі. Оқушылар өз жауаптарын немесе идеяларын барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын сыныптастарымен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс) .Осы секілді тағы басқа көптеген әдіс- тәсілдерді пайдаландым.

Топтық жұмыс жүргізу төмендегі жетістіктерге жеткізді:

  1. Оқушылардың оқу және танымдық қабілеттері дамиды.

  2. Оқушылардың қорқыныш сезімі мен беймазалығы төмендейді

  3. Сабақтың уақыты тиімді үлестіріледі.

  4. Берілген білім берік қабылданады, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра алады.

  5. Сыныптағы жұмыс сараланады.

Топтық жұмыс кезіндегі кездесетін кемшілік тұстары:

1.Топ мүшелерінің көп болуы;

2.Енжар адамдардың көптің көлеңесінде қалып қоюы;

3.Бір топтың шуылының екінші топқа әсері;

4.Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындап үлгермеуі;

5. Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады.

6.Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы;



Тoптық жұмыcты ұйымдacтыpy apқылы oқyшылapдың лoгикaлық oйлay қaбiлeтiн дaмытyғa ықпaл eтy, қызығyшылығын apттыpy жoлдapын қapacтыpy, дағдыларын қалыптастыру – мeнiң нeгiзгi көздeгeн мaқcaтым бoлып отыр. Ceбeбi, тoппeн жұмыc жacay бapыcындa, oқyшылap cыныптacтapымeн бipгe әpeкeт eтiп, бipiн-бipi түciндipiп жeтiлдipiп oтыpaды. Оқушының белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын топпен және жұппен жұмыс жасау кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, не қателігін мойындауға, қателігін көрсете білуге, пікірлесе отырып; шешім қабылдауға үйретуді жөн көрдім. Сол арқылы оқушыларда өз білімін бағалау және бақылау, өзін-өзі реттеу дағдысы меңгеріледі. Жаттанды емес терең ой елегінен өткізіп, жаңалықты өзі ашқан түрде игереді.

Топпен жұмыс жасау дағдылары кейін есейген кезде де қажет болады деп есептеймін. Себебі күнделікті өмірде біз көбіне топпен жұмыс жасаймыз.Өз пікірлерін, көзқарастарын және басқалардың ойларын дәлелдей біледі. Сондықтан мен топтық жұмыс өте маңызды деп шешіп, өзімді де, оқушыларды да өзгертудемін деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.К.Естурсынова , Ш.С.Набидоллина «Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі» Фолиант баспасы, Астана 2007ж, 215-232б

2. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. // Алматы, 2005-233 б.

3. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.

4. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001-75 б.

5. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.

6. Педагогический мир. Педагогикалық әдіс тәсілдердің инновациялық технологиясы. 2008 ж.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ