Материалдар / Биязы жүннен бұйымдар жасау технологиясы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биязы жүннен бұйымдар жасау технологиясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен жұмыс жасау барысында жүнді дымқылдап басу, құрғақ басу әдістерімен бөлісу. Түрлі түсті жүнді үйлесімді араластыра білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2023
379
4 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы,

Шардара ауданы,

Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы


Шебер-сыныптың өңдемесі


Мұғалімі: Агибаева Гулаш Купбосыновна

Тақырыбы: Биязы жүннен бұйымдар жасау технологиясы.

Мақсаты: Мұғалімдермен жұмыс жасау барысында жүнді дымқылдап басу, құрғақ басу әдістерімен бөлісу. Түрлі түсті жүнді үйлесімді араластыра білуге үйрету.

Міндеті: Жүннен сәнді бұйым жасап үйрету. Бұйымның пішімін, үйлесімді түсін бере білу. Эстетикалық талғамын дамыту.

Қажет құралдар:

Мұғалім үшін - көрнекі құралдар (әртүрлі пішінде жүннен жасалған бұйымдар) картиналар.

Тыңдаушыларға - жүн түрлі-түсті, сабын, жылы су, ыдыс, резеңкі қолғап, сүлгі,рамка,фельцинг инесі.

Шебер-сынып жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі (2-3 минут)

  2. Мақсаты мен міндетін айту (2-3 минут)

  3. Тақырыпты көрнекі құралдармен түсіндіру бөлімі (10-15 минут)

  4. Тәжірибелік жұмыс

Тақырып бойынша жүннен бұйымды жасау

  1. Сабақ барысында жеке тыңдаушыларға көмек көрсету, кеңес беру.

  2. Қорытындылау.

Шебер-сыныптың барысы:

«Жүн» дегеніміз – жан-жануардың үстіндегі түгі, қылшығы екені баршаға аян.Халқымыздың ғасырлар бойына мал шаруашылығымен шұғылдануы ма жүнін пайдалануына табиғи негізі болды. Өйткені көшпенді тұрмыс қажетіне өтейтін өнімдерге мүқтаж еді. Жүннен жасалған бұйымдар мықты, шыдамды, түрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы (суыктан, ызғардан, күн көзінен т.б. қоргайды), алып жүруге ыңғайлы және жеңіл. Бұл өнімдер тұрмыс тәжірибесі барысында сараланып, дамып отырды. Осы негізде пайдаланылған баспана, төсеніш, үй жабдығына қажетті заттарды көліктерге (атқа, түйеге) артып-тартуға, беріктеу, сәндеу, мініс көліктерін, сауын малын, төлдерін қолда ұстау, жұмысқа жегуде арқан-жіп, бау-шу, ноқта, көген, желі сияқталардың да алуан түрі жасалынды. Жүннен киіз басылып, үй жабылды. Текемет, сырмақ сияқты төсеніштер мен қабырғалық дорбалар, мүліктердің қабы барлығы дерлік киізден жасалады.

Сырмақ, көркемдеуге, үй сәндеуге алуан жіп түрі дайындалып, жиектер есілді. Осындай жамылғы, төсеніш, беріктеу, байлап- матау, сәндеу жұмыстарында жүннің ролі ерекше болды. Ал мал шаруашылығымен шұғылданған халқымыз жүнді төрт түлік малынан, яғни қой, ешкі, жылқы, түйе күземі арқылы жинап алып отырды.

Жүннен жасалатын заттар: киіз, тұскиіз, қоржын, бас киім, байпақ, дорба, пима т.б.

Қазіргі заманда жүнді қолданудың дәстүрлі сабынды-сулы, ыссы-сулы басумен қатар, құрғақ жүнді фильцтеу әдісі (арнайы инемен) кең танымал болып жатыр. Себебі, бұл жаңа тәсіл кез-келген оқу бөлмесінде, үйде пайдалануға ыңғайлы.

Сулы түрде басу-бұл бұрыннан келе жатқан әдіс, алайда қазір киіз басудың жеңіл түрі- ол сабынды сұйықты пайдалану. Жүнді сабынды сумен ысқылау және қысудың арқасында жүн талшықтары бір-біріне жақсы байланысады.

Ықшам түрінде жасалатын сәнді бұйымдар: Моншақ, білезік, омырауға тағатын гүл (брошка), тұмар, қалта телефонына арналған қап, т.б.

Бүгінгі шебер-сыныпта жасайтын жұмысымыз -жемістерді дымқылдап басумен, құрғақ басу тәсілдерін меңгереміз

Бұйым жасау үшін биязы қойдың боялған түрі қолданылады

Жұмысты бастамас бұрын қажетті құралдарды, материалдарды дайындап алайық.

Мұғалімдерді екі топқа біріктіру.

І топ. Дымқылдап басу. Жемістер жасау

1.Алдымен алма,бананның формасын гупкамен шығарып аламыз.

2.Дайын формаға жүнді фельцинг инесімен шұқып аламыз.

3. Суға батырып, сыртын сабынмен ысқылаймыз.

4.Барлық жері тегіс болғанша жұмыс жасаймыз.

5.Дайын болған жемістерді жуып кептіру.

. ІІ топ.Құрғақ басу.Жүннен картина жасау

 1.Құрғақ басуға гүлдің суретін дайындаймыз

2. Картинаның фонына желіммен мата жабыстырамыз.

3. Дайын фонға біркелкі етіп жүн төсеп аламыз.

4. Суретке қарап отырып гүлдерді орналастырамыз

5. Гүлдердің жапырақтарын орналастырамыз.

6 .Дайын болған гүлімізді сурет жақтаушасына саламыз.


Жұмыс барысында әр тыңдаушыға жеке көмек беріп, жұмыстарын тексеру, кеңес беру.

Уақытымыз аз болғандықтан, бұйым тез кебу үшін, шаш кептіргішпен кептіреміз (былайша уақытта оны кептіруге 1-2 күнге қоюға болады)


Алдағы уақытта сіздер бұдан да басқа нәрселер жасап үйренетіндеріңізге тілектеспін.

Бәріңізге де рақмет, сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!