Материалдар / Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру; өз Отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, құрметтей білуге, алдына мақсат қоя білуге, сын сәттерде шешімін таба білуге, азаматтық ұстанымын жоғары бағалай білуге, қорғай білуге үйрету; оқушыларды қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға, адал білім алып, еңбек етуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2020
4324
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз»
Мақсаты: Оқушыларға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру; өз Отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, құрметтей білуге, алдына мақсат қоя білуге, сын сәттерде шешімін таба білуге, азаматтық ұстанымын жоғары бағалай білуге, қорғай білуге үйрету; оқушыларды қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға, адал білім алып, еңбек етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер

Барысы:

Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!

Мұғалім:
Балалар бүгін біз қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдар туралы әңгіме қозғамақпыз.

Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады.Экстремизм бұл ілім немесе ғылым емес. Ал өмірде радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі. Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады. Осы бір келеңсіз жағдайлардың кесірінен қаншама бейкүнә жандар қаза табады. Адамның омірі адам үшін ең қымбатты қазына болып саналады, осы қымбат қазынадан айыруға ешкімнің құқығы жоқ!

Сұрақтарға жауап беру

1.Дін дегеніміз не?

2.Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?

3.Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?

4.Қазіргі заманда қоғамға  қалай  ықпал етуде?

5.Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?

6.Діни экстемизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?

7.Хижап, паранжа , қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады?

Жас арудың жүзін жауып, бозбаланың оғаш қылық көрсетудегі мақсаты не? Жас жеткіншектерді ондай істерге итермелейтін қандай күш?


Балалар өз ойларын ортаға салады.

Қорытынды:

Бүгінгі «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» атты сынып сағатымызды аяқтай отырып

«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.

Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»

Міне, балалар бүгін біз теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы ой бөлістік. Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» демекші, Алла бізді теріс сенім- нанымдардан аулақ қылсың деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.

































Сынып сағаты

Тақырыбы




«Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз»













Орындаған бастауыш сынып мұғалімі:

Жанибекова У. А.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!