"Біз және біздің сынып" тренингісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз және біздің сынып" тренингісі

Материал туралы қысқаша түсінік
бесінші сынып оқушыларының орта буынға өтуіне қолайлы жағдай туғызуға кіріспе материал ретінде маңызы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылы

«М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

«Біз және біздің сынып» тренингісі Психолог А. Жаманкулова

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың келесі буынға бейімделу кезеңінде баланың мінез-құлқының жан-жақты ашылуына педагогикалық-психологиялық көмек көрсету;

  • Оқушылардың біліктілік дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын түрлі ойын жаттығулары арқылы арттыру;

  • Ұжымдық ойындарда өзіндік қасиеттерін ашуға, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін қолдануға жағдай туғызу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу: басымызды иіп жақсы, мейірімді сөз айту. Жақсы тілектер айтып бір бірімізді қуанышқа бөледік. Енді екі топқа бөлініп, топ басшыларын сайлап, сабақ барысындағы ережені сақтауды ұмытпайық.

Ереже:

  • Тыныштықты сақтау;

  • Бірін-бірі тыңдау;

  • Ой пікірін ашық айту;

  • Бірін-бірі сынамау.

ІІ. Бой сергіту. «Сезімді тап» ойыны

Оқушылар, адамның басында қандай сезімдер болады? Қуаныш, қорқыныш, үрей, ашу, ыза т.с.с. енді осы сезімдерді дене қимылы, дауыс ырғағымен, ыммен көрсетуге болады. Конверттің ішінде сезім түрлері жазылған кеспе бар. Қазір кезекпен сезім жазылған кеспені оқып отырған оқушыларға көрсетесіздер. Сезім түрлері: нәзіктік, қызығушылық, ашу, наразы, қорқыныш, қуаныш, рақаттану, қайғы, үмітін үзу, таңдану.

Ойынды қорытындылау. Балаларды мадақтау.

ІІІ. Негізгі бөлім. Мектеп баспалдақтары

- Балалар, мына плакаттан «Мектеп баспалдақтары» деген жазуды көріп отырсыңдар. Осы мектепке келгенде қай баспалдақты аттадыңдар?

- Бірінші

- Олай болса, бірінші қандай оқулықтан оқуды бастадыңдар?

Әліппе оқулығынан нені үйрендіңдер.

Оқушылар ойын таңдау.

Қазір біз сіздермен әліппе ойынын ойнаймыз. Екі топтың оқушыларына әріпті әліпби кеспелері таратылады. Ойыншылар шеңбер құрып, үстелдің айналасына тұрады. Ойыншылар әріпті кеспелердің соңынан басына қарай жинау керек, ең жоғарыда, «Я» әрпі, ең соңында «А» әрпі тұруы керек. Жүргізушінің белгісі бойынша басталуы керек. Уақыты үш минут. Бірінші жинағандар және қатесі жоқтары жеңімпаз топ болып саналады.

Бастауыш сыныптарда көп нәрсені үйрендіңдер, өтілген пәндерден терең білім алдыңдар, пәндерге деген қызығушылықтарың артты. Қазір сендермен бастауыш сыныпта өтілген пәндерге деген қызығушылықтарыңды байқап көрелік. Ол үшін сендер «Сен қай пәндерді ұнатасың?» атты плакатпен жұмыс жасаймыз. Сендер ойласып, әр пәнге деген қызығушылықтарыңызды «ұнайды», «ұнамайды»деп жазасыңдар.

Қорытынды сөз. Балалар сендер бастауыш сыныптан көп нәрсені үйрендіңдер, бойларыңда көп әсерлі сезімдер қалды, сендердің негіздерің қаланды.

ІY. Келесі баспалдағымыз 5 сынып.

5 сыныпқа көшу бұл да мектеп өмірінің бастамасы.

Сұрақ. Бесінші сыныпта қандай өзгерістер болады? Бесінші сыныпта өзіңді қалай сезінетін боласың? Мұғалімдер қандай болса деп ойлайсың?

Оқушылар ойын тыңдау.

Жақсы, балалар енді біздің бесінші сыныбымыз да бірінші сыныпқа ұқсас әліппеден басталса деп ойлаймын, бірақ бесінші сыныптағы әліппеміз өзгешелеу болады.

БІЗ ЖӘНЕ БІЗДІҢ СЫНЫБЫМЫЗ

Мына плакатта жазуын көріп отырсыңдар, осы жазудың шетіне бесінші сынып әліппесін құрсақ деген ойдамын. Құрамыз ба?

Әр оқушыға қима қағаз таратылады. Яғни бұл біздің бесінші сыныпқа көшу таным белгілері болып саналады. Танымбелгілеріне әр оқушы аттарын, атына байланысты жақсы қасиетін жазып плакатқа жапсырады.

Оқушылар жапсырып болған соң шеңбер болып, қол ұстасып бір қадам алға басып «БІЗ БӘРІМІЗ БІРГЕМІЗ!» деген ұранмен бесінші сыныпқа қадам басамыз.

Y. «Нағыз ұстаз.......бұл» жаттығуы:

Балалар сендер сабақ беретін ұстаздарыңды білесіңдер, сол ұстаздардың бойынан қандай қасиеттерді бағалайсыңдар?

Тапсырма.

Бірінші топ. Бастауыш сыныптағы ұстаздарыңның бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?

Екінші топ. Келешектегі ұстаздарыңның бойынан қандай қасиеттерді көргілерің келеді?

Екінші топқа қасиеттер жазылған парақ таратылады, топ бірігіп қасиеттерді өздерінің түсініктері бойынша орналастырады.

НАҒЫЗ ҰСТАЗ ..........БҰЛ

Екі топқа бірдей:

Әділдік, ақылдылық, білімділік, ұстамдылық, байқампаздық, мейірімділік, сабырлылық, сенімділік, кешірімділік, белсенділік, кең пейілділік.

YІ. Сауалнамамен жұмыс.

Оқушылардың бесінші сыныпқа көшу барысындағы көзқарасын байқау.

  1. 5-ші сыныпты қабылдаудағы көңіл күйің қандай? (өте жақсы, жақсы, онша емес)

  2. 5-ші сыныптағы кітаптарға көзқарасың қандай? (ұнайды, ұнамайды, білмеймін)

  3. Қай пәннен терең білім алғың келеді?

  4. Қай мұғалімнің сынып жетекші болғанын қалайсың?

YІІ. Қорытынды: бүгінгі сабақ сендерге қандай әсер қалдырды?

Қоштасу







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.10.2018
1808
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі