Материалдар / "Біз латын тілін қолдаймыз" тақырыбында дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біз латын тілін қолдаймыз" тақырыбында дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған қазақ әліпбиін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы тұжырымдамасына сәйкес латын әліпбиінің тиімділігін және оның біздің болашағымыз үшін маңызын түсіндіру. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Біз латын тілін қолдаймыз» дөңгелек үстелі

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған қазақ әліпбиін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы тұжырымдамасына сәйкес латын әліпбиінің тиімділігін және оның біздің болашағымыз үшін маңызын түсіндіру. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.


Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.

Ресурстары: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың суреті, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жолдауы, бейнеролик, слайд.

Қатысушы командалар: 1-курс студенттері құрамынан 3 команда қатысады

1-команда –«Сұңқар»

2-команда - «Жолбарыс»

3-команда – «Ұлар»

Өткізілетін орын: 1-кабинет

Тақырыбы: «Біз латын әліпбиін қолдаймыз »

Дөңгелек үстелдің барысы: \

І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»

ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрафон»

ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

ІҮ Рефлекция. «Дауыс беру»



І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру» ( бейнеролик, слайд)

Қазақ елінің өткен тарихында әліпби бірнеше рет ауысты. 1929 жылға дейін араб әліпбиін қолданып, 1940 жылға дейін латын әліпбиін пайдаландық. 1940 жылдан күні бүгінге дейін орыс алфавитін қолданып келеміз. (Бейнеролик көрсетіледі.)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

"2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз. Бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек", — деп жазады . Бұдан бұрын бұл идеяны мемлекет басшысы 2012 жылы "Қазақстан-2050" Стратегиясында жария еткен болатын.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.

Әрине, қоғам болғандықтан, көпшілік болған соң әр түрлі пікір болады. Соған байланысты бүгінгі «Біз латын әліпбиін қолдаймыз» атты дөңгелек үстеліне қатысушы топтардың «сезім, интуиция, эмоцияларын» практикалық тапсырмалар арқылы жалғастыру.

Ендеше, «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында өткізілгелі отырған ашық микрафон алаңын бастаймыз.

ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрафон» 1.Президент жарлығымен бекітілген латын әліпбиін іс-жүзінде қолданып, нәтижесін байқау үшін «Күн сәулелі Қазақстан» командалық ойыны ойналады.

Тапсырма; Алдарыңыздағы әліпбидің көмегімен әркім өз есімін жазып, оны тақтаға ілу керек.(3мин.) Іске сәт!

Сіздер уақытты тиімді пайдаланып ел болашағының келешегі кемел, жарқын екендігін дәлелдей алдыңыздар. Жарайсыздар!

2.»Мәнерлеп түсініп оқу» сайысы. («Ана туралы аңыз» мәтіні бойынша, мәтін латын ғаріпімен жазылған)

ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

3. «Ой толғау» кезеңі. Әр команда капитандары сайысқа түседі.

Көрермен не дейді?.. Студенттер өз пікірлерімен бөліседі.

Қорытынды сөз. Қорыта келе латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

ІҮ Рефлекция. «Дауыс беру»

Оң жақ: қолдаймыз (ақ)

Сол жақ: қолдамаймыз (қара)















































Сынып сағатының жоспары " Біз латын әліпбиін қолдаймыз" (дөңгелек үстел)

Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі

(пікірсайыс)



Мақсаты:

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта

Компьютер, «Ана туралы аңыз» мәтіні (20дана) латын әліпбиі (көшірмесі).

Барысы

І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгін біз де бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Ендеше, «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында өткізілгелі отырған ашық микрафон алаңын бастаймыз.

ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрафон»

Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы презентация.

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.

І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары

  1. Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?

  2. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?

Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...

ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары

  1. Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?

  2. Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.

ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары

  1. Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

  2. Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?

ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

Көрермен не дейді?..

ІҮ Рефлекция. «Дауыс беру»

Оң жақ: қолдаймыз (ақ)

Сол жақ: қолдамаймыз (қара)









































1-оқушы (тарихшы): Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.

Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді.



















































Қос сөздер орыс тілінде де бар, бірақ олар сирек қолданылып, тілден біздің тіліміздегідей кең орын алмайды: тик-так, тук-тук т.б.

      Екі сөздің бір-бірімен қосарлануы я бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді қос сөздер дейді:  жөн-жоба, ойын-күлкі, асықпай-саспай, айта-айта, сауық-сайран  т.б.

      Қос сөздер екі түрлі:  1) қайталама қос сөздер,  2) қосарлама қос сөздер.

      Қайталама қос сөздер- бір сөздің қайталануы арқылы жасалады: ойдым-ойдым, жалп-жалп, сала-сала, үйден-үйге, бетпе-бет   т.б.

      Қайталама қос сөздердің 4 түрлі жасалу жолы бар:

1.Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы,жылға-жылға,су-су,қарқ-қарқ,тау-тау,ұасқ-ұсақ т.б.

2.Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы: ауызба-ауыз, көзбе-көз, үй-үйге, өзінен-өзі, өзімен-өзі  т.б.

3.Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.Мысалы: кісі-місі, қағаз-мағаз, жалт-жұлт, тас-мас нан-пан, кемпір-семпір т.б.

4.Бір сыңары ықшамдалып жасалады.Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.

      Қосарлама қос сөздер- сөздердің  бір-бірімен мен қосарлануы арқылы жасалады.  Мысалы: ағайын-туған, ата-ана, ел-жұрт, қадір-қасиет т.б.

      Қосарлама қос сөздер 5 түрлі жолмен жасалады.

1.Сыңарлары синонимдес болып келеді.Мысалы, ашу-ыза, өнер-білім, қазан-ошақ, төсек-орын, мінез-құлық т.б.

2.Сыңарлары антонимдес болып келеді.Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.

3.Бір сыңары мағынасыз болып келеді.Мысалы, бала-шаға, киім- кешек, кедей-кепшік,емін-еркін т.б.

4.Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.Мысалы,анда-санда, ығы-жығы,ту-талақай, ұйпа,тұйпа т.б.

5.Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді.Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени,үнді-еуропа т.б.

Хаттама

Ұзынкөл орта мектебінің 9 «а» сыныбының сынып жиналысы.

 

                                                                          Төрағасы:

                                                                          Хатшысы:

                                                                          Қатысқандар:

 

Күн тәртібі

 

1. «Адамгершілік-асыл қасиет»- баяндама

2. 2 тоқсанның қорытындысы- топ белсендісі

 

1. «Адамгершілік- асыл қасиет» тақырыбы бойынша сынып жетекшісі баяндама жасады.

     Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек.

      Адамгершіліктің белгісін жоғарыда айтқандай түрлі әрекет арқылы көрумізге болады.

1.Жаман – бұзар, жақсы – түзер.

2.Адам болатын бала алысқа қарайды.

3.Сыйласаң, сыйымды боларсың.

4.Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

5.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.

6.Су ішкен құдығыңа түкірме.

7.Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.

8.Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.

9. Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.

10.Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.

11.Ақыл – дос, ашу – дұшпан, ақылыңа ақыл қос.

12.«Сіз» – сыпайылық, «сен» деген анайылық.

     Адамгершіліктің бір парасы – біреудің еңбегін бағалау, тазалықты ұстау. Сондықтан өз еңбегіңді, біреудің еңбегін бағалау қажет?

    2. Сынып үлгерімі бойынша топ белсендісі қысқаша мәлімет берді. (қысқаша жазбасы).

 

   Шешімі:

 

Төрағасы:     ______________

Хатшысы:     ______________


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!