Материалдар / Бізді қоршаған әлем "КҮН"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бізді қоршаған әлем "КҮН"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне керек дүние
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2020
615
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

Тобы: «Балапан» кіші тобы

Тәрбиешісі: Садыкова А К

Айлық тақырыбы:Бізді қоршаған әлем.

Апта тақырыбы:Ғажайыптар әлемі.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:Мүсіндеу

Оқу қызмет тақырыбы:«Күн»

Мақсаты:Ермексаздан күн жасау. Саусақтың ұқсақ бұлшықеттерін, қимылын жетілдіру.

Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайша,губка, сүлгі, күннің суреті

Қолданылған технология: «М Монтессори»

Сөздік жұмыс: күн, сары

Блингвальды компонент: күн-солнце.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Бүгінгі біздің ашық оқу қызметімізге көптеген апайлар келіп отыр екен. Алдымен сол кісілерге амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз.

Шаттық шеңбер

Балалар енді бүгінгі күнге тілегімізді айтайық:

-Аспанымыз ашық болсын,

Деніміз сау болсын,

Балабақшамыз жайнай берсін,

Әр үйде той болсын!

Жарайсыңдар балалар! Айтқан тілектерің қабыл болсын.

Балалар!Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінің неше айы бар? Біз қыста қалай киінеміз?Қыстың ерекшеліктері қандай? Орындарыңа жайғаса қойыңдар.

Балалар келген қонақтармен өлең жолдарын айта отырып, амандасады.







Балалар шаттық шеңберінде тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.





Қыс.

Үш ай.

Жылы киінеміз.

Қар жауады,күн суытады.

Балалар тәрбиешінің қойған сұрағына өз ойларын айтып жауап береді

Ұйымдастыру -іздестіру

Ғажайып сәт.

Осы кезде есікті тоқылдатып күтпеген сәт сайқымазақ жылап келеді.

Сайқымазақ: балалар мен күн жасап ойнағым келген, бірақ қалай жасарымды білмей қойдым. Сендерден көмек сұрап келдім. Маған көмектесіңдерші!

Балалар! Сайқымазаққа көмектесеміз бе?

Сайқымазақ сен де кел отыр. Біз қазір саған күн туралы түсінік бере отырып, оның қалай жасалу керектігін түсіндіретін боламын.

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешуін табыңдаршы:

Жұмбақ

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

(Күн)

Балалар! Мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

Күн бүкіл жер шарына , әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес.

Күн шыққанда жарық болады.Күн бізге жылуын, шуағын шашады.Күнді көргенде барлығымыз қуанамыз!Күндіз күн шыққанда балабақшаға келесіңдер,кешке күн ұясына батқанда үйге қайтамыз.

Билингвальді компонент

Күн-солнце.

Күн дөңгелек шарға,допқа, бауырсақ ертегісіндегі бауырсаққа ұқсайды .

Күнді жасау үшін бізге сары түсті ермексаз, тақтайша, губка, сүлгі қажет болады.

Ермексазды пайдаланбас бұрын, алдымен жеңімізді түреміз. Қолымызды сулы губкамен сүртеміз. Содан кейін барып ермексазды ұстаймыз. Және де ермексазды аузымызға салуға болмайды. Қасымызда отырған баланың үстіне жағуға, бетімізге жағуға болмайды. Ең алдымен ермексазды шымшып, үзіп алу әдісі арқылы үлкен бір бөлікке және кіші бірнеше бөлікке бөліп аламыз. Үлкен бөлігін алып, алақан арасына салып, домалақтап аламыз. Бұл күннің ортасы болады. Енді қалған бөліктерін алақан арасына салып, жұмсартамыз және оны есіп күннің шуақтарын жасаймыз. Дайын болған бөліктерді күннің домалақ бөлігіне жабыстырамыз. Міне біздің күніміз дайын.

Алдымен жұмысымызға кіріспес бұрын, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасап алайық.

Сергіту сәті

Бала бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай былай ойнат,

Топ топ басайық.

Жалаудан күн жасайық,

Жаса, жаса алтын күн!

Жаса, жаса жарқын күн!

Балалар біз ермексазды пайдаланғанда не істеуіміз керек? Және нені істемеуіміз керек.

Сайқымазақ саған түсінікті болды ма?

Балалар орындарында отырып, жұмыстарын жасайды. Көмек қажет ететін балалар болса, тәрбиеші барып көмектеседі.

Балалар сайқымазақпен амандасады.









Көмектесеміз!









Балалар жұмбақты шешеді.






Күнді











3 рет қайталау.




Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
























Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтып, қимылдар жасайды.






Балалардың жауабы


Сайқымазақ: ия бәрін түсіндім.

Рефлексивті – түзетушілік

Сайқымазақ:Балалар сендерге көп рахмет. Сендер маған күнді қалай жасау керек екенін үйреттіңдер. Мен енді ермексаздан күнді жасай аламын.

Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Бұл ойынның аты «Күннің шуағын тап» деп аталады. Балалар қараңдаршы мынау не?

Күнге не жетпей тұр?

Дұрыс айтасыңдар. Шуақтары. Яғни біз мына күннің күлімдеп тұруы үшін мына сары түсті қыстырғыштармен күннің шуағын жасайтын боламыз. Ойын түсінікті ма, кім жылдам қыстырғыштардан күннің шуағын жасайды екен. Балалар сендер өте жылдам екенсіңдер. Маған сендермен ойын ойнаған қатты ұнады. Сау болыңдар!

Сұрақ-жауап:

Балалар бүгінгі біздің оқу қызметімізге қонаққа кім келді?

Біз бүгін не жасадық?

Сендер бүгінгі ашық оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет. Енді бүгінгі ашық оқу қызметімізді бағалайық. Егер ашық оқу қызметі ұнаса бас бармағымызды жоғары көтеріп көрсетейік.Егер ашық оқу қызметі ұнамаса ,онда бас бармағымызды төмен түсіріп көрсетейік.

Балалар осымен ашық оқу қызметі аяқталды. Келген қонақтарымызға сау болыңыздар дейік.












Күн шуақтары





Балалар қыстырғыштарды алып күннің шуағын жасайды.





Сайқымазақпен қоштасады.


Балалар қойылған сұраққа жауап береді.









Ашық оқу қызметін бағалайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

Ермексаздан күнді жасауды;

Нені игереді:

Ермексаздың бөліктерінен түрлі тәсілдерді қолданып мүсіндеуді;

Нені меңгереді:

Ермексаздан әртүрлі мүсін жасауды;






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!