Материалдар / Біздің ауылда
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біздің ауылда

Материал туралы қысқаша түсінік
Шілікті ауылы жайлы жазылған сторителлинг. Ауылдың әдемілігі, адамдары жайлы толық сипатталған. Ауылдық жердегі мәселелер де көтерілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2022
460
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Біздің ауылда...

Мектеп өміріндегі 10-шы жылымды аяқтай сала, ауылға деген сағынышым қайтадан оянды. Қаланың қайнаған өміріне тойып, жаңа шабыт пен күш жинау үшін шілденің 9 күні ауылыма аттандым. Менің ауылым жай ғана ауыл емес, киелі мекен. Шілікті – Зайсан ауданының ауылдық округтерінің бірі. Сонымен қатар, алтын адам, билік белгісі-алтын бесжұлдыз бен 50-ден аса патша және ақсүйек ескерткіштері табылған Бәйгетөбе обасы орналасқан жер екені барлығыңызға аян шығар. 8 сағаттық ұзақ жолда шығысымның табиғатына тамсандым. Телефонның камерасын ала салып, суретке түсірген сәтте мұндай әдемілікті көрсетуге камераның күші жетпейтінін түсіндім. Ал Зайсан жеріне жету үшін өзенді өткелден өткендегі сезімімді жазып жеткізе алмаспын. Шағалалармен сәнденген өзеннің өзі және дауысы –рахат мен ләзәт алатын керемет жер. Шаршап-шалдығып ауылыма кіре бергенде, бұл сезім су сепкендей басылды. Иә, анамның кіндік қаны тамған жермен қайтадан қауышқаныма қуандым. Әжелердің барлығы бірдей-ау, сірә. "Немерем келеді"- деп жинап тыққандарының барлығын шығарып, дастарханға отырар сәттен бастап 1 апта бойы бал тамған әңгімесін тыңдап өттім.

Айтпақшы, біздің ауылда шынымен де обалар өте көп. Өкінішке орай, тарихи жәдігерлер табылған жерге бара алмадым. Бірақ, ауылымның Қазақстанға осындай дәрежеде танылғанына – жаным риза. Кей кезде "мүмкін бұл жерлерден тағы да тарихи құндылықтар шығып қалар" деген оймен де жүремін...

Ауылдың табиғаты мен өмір сүру салты – маған арналғандай. Құдықтан жаңа ғана басылған суық судың, пісірілген ыстық сүттің, майлы құрт пен ірімшіктің, айранның дәмдерін айтсаңыздаршы...ммм...Байқағаным бойынша, ауыл адамдары өте кеңпейіл әрі қонақжай. Қай үйге бармасаң да, наннан ауыз тимей қайтпайсың. Қалалықтарға осындай жылы жүрек жетпейтіндей-ақ. Салт-дәстүрсіз ұлтымыз – ұлт емес. Ауылда Бәтес атты апам келген күні-ақ мені төрге шығарды. Жасым кіші болса да, құрмет көрсетулері – ізгі іс деп ойлаймын. Ауылдың балалары да өте қарапайым. Қалада болғанда "кіммен және қалай тіл табыссам" болады деген ойлар қатты мазалайтын. Бұл жақтың адамдарын көріп, бұл ойымнан бірден айырылдым. Қалалықтарға үйреніп қалғаным-ау, сірәсі. Жаңа достарыммен өткізген қызықты сәттерімді естелік ретінде жүрегімде сақтадым.

Ауылымнан жырақта жүргенде апамның жағдайын біліп, сырласқым келеді. Әйтсе де, ауылдағы байланыстың дұрыс болмауы, ғаламтордың жоқтығы – бұл жолы да өз зиянын тигізді. Яғни, туристік жерде ғаламтор желісі әлі де орнатылмаған екен. Біз қаланың баласы болғандықтан, барлық жолды іздедік. Сөйтіп, мәдениет үйінің алдында әлеуметтік желілерге кіру мүмкіндігі бар екенін байқадық. Біздің қуанышымызда шек болмады. Жо-жоқ, бізді телефонға байланған деп ойламаңыздар. Тым болмағанда ата-анамызға сурет жіберіп, видео байланыс арқылы сөйлескіміз келді. Жалпы бір байқағаным, бұл жерге көптеген ауыл балалары келеді екен. Бұл арқылы олардың ғаламторға зәру екендіктерін түсіндім. Байқасаңыздар, еліміздің көптеген ауылдарында осы мәселе бой көтерген. Ішкі туризміміздің дұрыс дамымау себептерінің бірі де осы сияқты.

Демалысымның шуақты бір күнінде, мәдениет үйінің алдында отырған сәтте "Ұлан" газетінің инстаграм парақшасынан жас тілшілер байқауы өтетінін көрдім. Бұл жыл соңында куәлік алғысы келетін автор үшін қандай мүмкіндік екенін білсеңіздер ғой. Ойланбастан қатысуға бел будым. Бірақ, жоғарыда айтылған мәселе белсенді болуыма үлкен кедергісін тигізді. Осы кезде маған таңдау жасау керек болды. Миымды, ішкі жан дүниемді мектептің соңғы жылына дайындап, ауылда қалу немесе еңбек ету. Әрине, маған сол жерде-ақ байқауға қатысуға болушы еді. Бірақ, келесі күні ғимараттың алдында ғаламтордың өшуі – Жаратқанның маған берген белгісі ретінде қабылдап, қалаға жол тарттым. Ауыл балаларының неге дамуға мүмкіндіктері шектеулі екенін енді түсінгендеймін. Журналистік тұрғыда осы мәселені шешкім келеді және келер жылы ешқандай қиындықсыз бұл жерде демалуға мүмкіндік туады деген үміттемін.

Менің ойымша, адам өміріндегі ең қиын сәттердің бірі-қоштасу. Менің өмірімде де ондай сәттер жиі орын алып тұрады. Мені еркелетіп, құшағына басқан әжеммен, естен кетпес сәттер сыйлаған достарыммен, көздерім ғашық болған күннің батуымен, тіпті дауыстары құлағыма сіңіп қалған төрт-түлік малдармен біраз уақытқа қоштасу – қиынға соқты. Сонда да, осы бір керемет апта үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге де жақсы демалыс тілеймін!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!