Материалдар / Біздің отбасының құнды жәдігерлерінің бірі-қол диірмені
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Біздің отбасының құнды жәдігерлерінің бірі-қол диірмені

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
542
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Біздің отбасының құнды жәдігерлерінің бірі-қол диірмені


Бұл жобада отбасының құнды жәдігерлерінің бірі-қол диірмені туралы жазылған. Рухани жаңғыру аясында өз тарихымызды дәріптеп, насихаттау және оны келер ұрпаққа жеткізу мақсатында біз тақырыбымызды қол диірмені етіп алдық. Ұлттық құндылықтар дегенде атадан балаға мирас болып келе жатқан, ана сүтімен бойға дарыған рухани құндылықтарды, имандылық пен инабаттылықты, қазақшылықты айтпақ һәм үйретпек керек.


В этом проекте рассказывается об одном из самых ценных артефактов семьи - ручной мельнице. В контексте духовного возрождения мы превратили нашу тему в ручную мельницу, чтобы прославить и распространить нашу историю и передать ее будущим поколениям. Национальные ценности - это духовные ценности, нравственность и порядочность.


This project tells the story of one of the family's most valuable artifacts, the hand mill. In the context of spiritual rebirth, we turned our theme into a hand mill to glorify and spread our history and pass it on to future generations. National values ​​are spiritual values, morality and decency.


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ халқының мемлекеттілігі мен ұлттық бірегейлігін нығайтуға ерекше мән беріледі. Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өз мәдениетін, ұлттық кодты сақтау жаңғырту шарттарының бірі ретінде қарастырылады. Тарихи жады мен дәстур модернизацияның алғышарттары ретінде қарастырылады.  Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын еңгізу мақсатымен 13 арнайы жоба іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен  прагматизм және ұтымды дағдыларды қалыптастыруға, қажырлы еңбек арқасында табысқа жеткен қазақстандықтарды нәсихаттауға, рухани құңдылықтарды нығайтуға бағытталған 4 жаңа арнайы жоба ұсынылды.  Олар: аталған жаңа жобалар «Еңбек-елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет», «Дәстүр мен ғұрып», «Үнем-қоғам қуаты» [1].

Ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту мен қалыптастыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің және саяси дамуының тиімді факторы болып табылады. Ұлттық білім мен ғылымды менгере отырып, әлемдік деңгейдегі тәжірибелермен кіріктіре отырып бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру мүмкіндіктері толықтай бар деп айтуға болады. Ж.Ж.Наурызбай «Зияткер, төл мәдениет иесі − тарихи сана белгілерін мол меңгерген адам. Айналып келгенде, тарихи сана − этностық және жалпы мемлекеттік сананың негізі. Ұлттық ой-сана, этностың мыңдаған жылдық аңыз-әфсанасы, бейне-белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ғана ерекшеленеді. Туған жердің, онда өмір сүріп отырған халықтардың, бір кездегі жасаған мемлекеттердің шежіресін білу тарихи сабақтастықты, тамыр тереңдігін, талай жылдардан бері іргелес қоныстанған халықтар тағдырының ортақтастығын білдіреді»[2]. «Тарихи сананы қалыптастыру − тарихи танымның дұрыс қалыптасуына тәуелді. Ал тарихты тану, қазіргі деректерді білу ғана емес, сол тарихи окиғалар мен деректерді талдау арқылы ақиқатқа жету. Осыған орай Қазақстан тарихы әлі де болса толық танылмай жатыр десек, артық айтқандық болмаса керек. Бүған тарихты идеологияның құралына айналдырған кешегі кеңестік жүйенің негізгі себеп болғаны белгілі». Шын мәнінде зияткер, мәдениетті адам болу үшін планеталық, ғаламдық, экологиялық саналар деңгейіне самғаумен бірге кіндік кескен жер, туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау парыз. Төл мәдениет иесіне шынайы көркемдік сана тән. Ұшқыр қиял, нәзік сезім, әсемдікке құштарлық, әдемілікті бағалай білу, көркемдік талғам, өнер туындыларына тәнті болу қасиеттері адам өмірінің мәнін асқақтатады. Білім берудегі саз-әуен мен кескіндеме пәндері, күнделікті өмірдегі театр, кино, теледидар, компьютер мен көркем әдебиет осындай сананы қалыптастыруға қызмет етеді [2]. Қазақстанда мұндай білім жүйесін қалыптастыру үшін этностық білім беру кеңістігі − этностық мәдениеттерді, ұлттық-мәдени қауымдастықтарды дамыту үшін қолайлы негіз, кең өріс қажет. Ол үздіксіз білім берудің қажетті шарты, әрі табиғи құрамы. Адам ғұмыр бойы осы кеңістіктің аясында жүреді. Оған талбесік, отбасы, балабақша, мектеп пен жоғарғы оқу орынын, этностық-мәдени орталық, дәстүрлі мерекелер, халықтық мерейтойларды жатқызуға болады [3]. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Интеллектуалды ұлт-2020» мемлекеттік жобасында қамтылған басымды бағыттарды іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы жоғары мектебі жағдайында ұлттың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру» ғылыми мега жобасын дайындалғаны белгілі [4]. Жоба аясында Қазақстан Республикасында ұлттың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін анықтай отырып, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудың негізгі бағыттары мен шарттарын анықтауды негізгі мақсат етіп қойып отыр. «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасы тұлғаның, болашақ ұрпақтың ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыруға негізділген рухани-адамгершілік тәрбие беру басты стратегиялық бағытты қамтып отыр. Жаһандану заманында рухани құндылықтардан материалдық құндылықтардан басым болып тұрған тұсында аталған мәселенің басты стратегиялық бағыт болуы да дау туғызбайды. Яғни, зиялы қоғамды құруда қоғам мүшелерінің бойында рухани құндылығы, ар тазалығы негізгі орын алады. Интеллектуалды ұлт болып қалыптасуда халықтың тұрмыс жағдайы негізгі көрсеткіш болып табылады. Ғылыми жобада экономикалық тұрғыда ұлтымыздың тұрмыс жағдайларына сипаттама және интеллектуалды ұлт болудың индикаторлары қарастырылады. Негізгі индикаторлар - тұлғаның жалпы тұрмыс жағдайы, білім алуға және ғылыммен айнылысуға қолжетімдігі, жұмыспен қамтылуы, денсаулығы, еңбек табысы, медицинамен қамтамасыз етілуі, т.б. Интеллектуалды ұлтты қалыптастыру негізінен үздіксіз білім беру жүйесінде жатыр. «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары" атты жолдауында және «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында қарастырылған бағыттардың іске асырылуы – қоғамның әлеуметтік даму жағдайына әлеуметтенген, ұлттық және өркениеттік мәдениетті менгерген, бәсекеге қабілетті, зияткерлік әлеуеті қалыптасқан, халық бірлігі, мемлекетіміздің тұтастығы мен дербестігін қорғай алатын патриот-азаматты қалыптастыру болып табылады. Дамыған елдерде зияткерлік әлеует мәселелеріне үлкен мән беріледі. Ұлт интеллектінің дамуына олар ғылымдағы жаңа жаңалықтармен, өнеркәсіптегі жаңа технологиялармен және елдің ұлғаюымен қайтарылатын орасан зор қаражат салады. Қазақстанда осы бағытқа көзқарас жеткіліксіз дамыған, ел және аймақтардың зияткерлік ресурстарын басқаруда жүйелілік әрі ғылыми негізділік жоқ. Қазіргі уақытта көптеген зерттеулер зияткерлік әлеует дәстүрлі экономикалық дамудың маңызды факторына айналғанын көрсетеді. Мұндағы мәселе – ол статистиканың компьютерлік дәуірге нашар бейімделген. Зияткерлік әлеуетті қалыптастыру, тиімді пайдалану және дамыту ел және тұтастай алғанда аймақтар экономикасы үшін ерекше маңызға ие [4].

Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі. Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуын Елбасымыз үлкен мәселе етіп көтеріп, екі қырын атап көрсетеді: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. «Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қатерінің» де бар екенін ескертеді. Ол қандай қатер деңіз? Қатер мынада: өзгенің ұлттық даму үлгісі жұрттың бәріне ортақ әмбебап үлгі бола алмайды. Елбасымыздың көрсетуінше, «іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда». Дер кезінде және нақты айтылған пікір дер едік. Елбасымыз бұл қатерді неге ескертіп отыр. Демек, өзге ұлттың даму үлгісінің бәрін көшіріп ала беру, өз еліміздің ерекшелігін, халқымыздың ділін, мінезін, рухани және материалдық құндылықтарымызды ескермеу бізде жоқ емес. Осы қатер туралы қазіргі басшылар да көп ойланса, нұр үстіне нұр болмақ. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Ұлттық код – ұлттың қуаты. Ұлттық құндылықтар дегенде атадан балаға мирас болып келе жатқан, ана сүтімен бойға дарыған рухани құндылықтарды, имандылық пен инабаттылықты, қазақшылықты айтпақ һәм үйретпек керек. Қазақ мұны атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған. Қаз дауысты Қазбек би атамыз бұл жағдайды былай суреттейді:

Дұшпанның аяғына жаншылмаған елміз,

Басымыздан намысты асырмаған елміз,

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.

Атаның өсиетін балаға,

Баланың өнерін атаға

Айтып, тарата білген елміз.

Құлақтың құрышын қандырып

Әділ сөзді халыққа айта білген елміз

Ия, өзіміздің ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды танып, бойға сіңіру басты міндет. Егер елдің келешегі үшін қам жеп, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай сақтап, жастарымыз космополит болмасын, рухани құндылықтардан ажырап қалмасын, адамгершіліктен мақұрым тұрмасын десек, онда жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз. Мұнсыз маңдайы жарқыраған, төрт аяғын тең басқан бет-бейнесі сақталған Қазақ елі бола білу мүмкін емес деп ойлаймын.

«Руханини мәдениет» - адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. «Мораль» - нормасы ретінде «эстетика» мен «этика» адамның рухани сипатын анықтады.Рухани мәдениет – қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет деп атаймыз.

Осы жоба аясында рухани жаңғыру, зияткерлік әлеует, ұлттық кодты насихаттап келе «Біздің отбасының құнды жәдігерлерінің бірі-қол диірменін» дәріптегіміз келеді. Қол диірмен қазақтың ілгеріден келе жатқан тұрмыстық құралы. Бүгінде оны біреу білсе, бірі білмейді. Дәстүрдің озығы да бар, тозығыда бар. Диірмен – әр түрлі дақылдар дәндерін майдалауға арналған машина. Алғашқыда қолмен не жануарлар күшімен айналдырылды. Қол диірмені екі үлкен қыша тастан жасалған. Ортасында бидай салатын үңгісі бар. Бұрын дәмді, күлше нан пісіру үшін біздің әжелеріміз қол диірменін қолданған. Кейіннен су және жел күші пайдаланылды. 19 ғасырдың басында ұн тарту үшін бу қозғалтқышы пайдаланыла бастады. Қазіргі диірменде жеке процестер мен машиналар, сондай-ақ тұтас кәсіпорын түгелдей автоматтандырылған; қатты материалдарды ұнтақтайтын машина. Өнімді ірі бөлшектерге бөлетін ұсақтағышпен салыстырғанда диірмен материалды ұлпалап майдалайды. Кейбір диірмендер материалды 0,001 – 0,5 мм-ге дейін ұнтақтай алады. Олар химия, құрылыс материалдары, тау-кен, тамақ, дәрі-дәрмек, т.б. өнеркәсіптерде қолданылады. Тарих сана қалыптастыру мақсатында біз осы жобаны алып отырмыз. Тас диірменін немесе қол диірменін қажетті тұрмыстық құрал ретінде күнкөріс үшін пайдаланылғанын қазіргі өсіп келе жатқан жас буынның білмейтініне іштей қынжыламыз. Халқымыз көшіп-қонып жүрсе де, ағаш сабы бар тас диірменін тастамаған. Қол диірмені екі үлкен жалпақ тастан жасалады, ортасында әр түрлі дақылдар дәндерін салатын үңгісі болады. Егін егіп, оның өнімін пайдаланған халқымыз осы қол диірмені арқылы бидайдан ұн тартып шығарған. Қазіргі техника дамыған заманда қол диірменіне қажеттілік жоқ, себебі ұнтақтауға арналған әр түрлі құралдар жеткілікті. Осындай тас диірмені музейден орын алғалы біршама уақыт болды. Талқан – көктеген және термо өңдеуден өткен бидай, қара бидай, сұлы және арпадан жа­салған өнім. Талқан – қуырылған бидайдан, арпадан жүгеріден ұнтақтап дайындалады. Ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. Бірі – қол диірменге тарту, екіншісі – келіге түю. Екі тәсілмен дайындағанда талқанның майдаланбай қалып қоятын түйіршіктері болады, оны «талқанның сағы» дейді. Талқанның сағын бөліп алу үшін жайпақ табаққа салып екшейді. Сонда сағы талқанның бетіне бөлініп шығады да, ұнтағы астында қалады. Бетіндегі сақты алып тастай отырып, талқанның ұнтағын бөліп алады. Бидайдан талқан жасау үшін бірінші қызартып,күйдіріп алмай құрғақтай қуырады,кейбіреулер аздаған тұз қосады. Қуырылған бидайды тас диірменнен өткізу арқылы талқан жасайды. Егер бидайды қуырмай өткізсең ұн болады. Талқан аса дәмді әрі құнарлы тамақ. Оны майға, кілегейге, қаймаққа араластырып жеуге де, шайға салуға да болады. Талқан салған шай қою болады әрі тез суиды. Оны жентке қосады. Талқаннан әзірленетін тамақты «сарталқан» немесе «майталқан» деп атайды. Сарталқан дайындағанда талқанды қойдың құйрық майына немесе жылқының майына араластырып, баяу жанған отқа қойып қуырады.

Қазіргі таңда кеңінен белең алған пандемия бүкіл әлемнің білім беру жүйесі үшін ауыр сынаққа айналды. Балалардың мектеп қабырғасында дәстүрлі форматта білім алуы мүмкін болмай қалды. Адамзат мұндай жаһандық проблемамен алғаш рет бетпе-бет кездесті. Әлем бойынша оқытудың балама түрлері ойластырылды. Қашықтан білім беру үшін сабақтарды телеарналар арқылы трансляциялау, видеосабақтарды арнайы платформаларға жүктеу, радио арқылы сабақтарды аудиотрансляциялау, электрондық пошта және пошта қызметі сынды т.б. тәсілдер пайдаланылды. Әр мемлекет қашықтан оқыту процесінің оқушылар мен студенттерге неғұрлым қолжетімді болуын мақсат етті. Ол үшін Интернеттің, техникалық инфрақұрылымның қолжетімділігін анықтап, білім беру бағдарламаларының мазмұнын бейімдей бастады, барлығын ескере келе тиімді нұсқасын алдын ала сынап көріп, таңдау жасады. Оқушылар «Daryn.Online», «BilimLand» интернет-платформалары және «Күнделік» жүйесі қолжетімді. Бұл платформаларда балалар оқу бағдарламасына сәйкес видеосабақтарды тауып, оларды қарағаннан кейін мұғалімдерінен тапсырма алады және өткен материалдар бойынша сұрақтарға жауап береді. Қажет болған жағдайда видеосабақты қайта қарауға және туындаған сұрақтарды мұғалімдермен талқылауға мүмкіндік бар. Ерекше қажеттіліктері бар балалар оқитын кейбір мектептерде педагогтер сабақтарды көбіне Microsoft Teams, Meet by Google Hangouts сияқты басқа да шетелдік стримингтік жүйелер арқылы өткізеді. Карантин бізді жаңа әрі заманауи дүниелерге бейімделуді үйретті.

Карантин жағдайында кей жағдайларда көп нәрселер мен байланыс жасау үзіліп отыр, осындай жағдай кезінде, біз қол диірменін үй шаруасында қолдануға болады. Ғылым мен технологияның дамуының заманында әрқашан техникалық құралдарды пайдалананып қана қоймай, біз өзіміздің құнды жәдігерлерімізді әрқашан дәріптеп қолдануымыз қажет. Сонда біздің отбасымыз құнды жәдігерлердің бірі қол диірменін әркезде де тұрмыста қолдануды ұсынамыз. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды дейді Елбасы, өйткені «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы» 2017ж.

2. Наурызбай Ж.Ж. Ұлттық тәрбие – мәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі. //«Жоғары оқу орындарында болашақ маман тұлғасының зияткерлік әлеуетін дамыту: мәселелер, ізденістер, болашағы» атты Республикалық ғылыми практикалық семинар материалдары. Алматы. Абай атындағы ҚазҰПУ. «Ұлағат», 23сәуір, 2013. 7-10бет.

3. Наурызбай Ж.Ж. Ұлттың ұлы бола алсақ. - Алматы: Ана тілі, 1997. 160б

4. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту тұжырымдамасы. - Алматы. Абай атындағы ҚазҰПУ. «Ұлағат», 2013. 36б.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!