Материалдар / Бизнес мәдениетті қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бизнес мәдениетті қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырыпта "Кәсіпкерлік қызмет негіздері" пәні бойынша бизенсті қалыптастыру мәдениеті және оны жүзеге асыру шаралары туралы айтылады. Бұл пән оқытушыларына лекция ретінде пайдаланылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2022
3568
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4-лекция.Тақырыбы:БИЗНЕС-МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жоспары:

    1. Кәсіпкерлік ойлау;

    2. Кәсіпкерліктің түрлері;

    3. Кәсіпкерліктің мәні.

    4. Бизнес үшін команданың маңызы;

    5. Командада кім болуы керек?

    6. Бизнесті дамыту кезеңдері;

    7. Ағынды күй.

1.Кәсіпкерлік ойлау

Таяуда Қазақстан дамудың келесі кезеңіне өтті. 2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бо- лашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын жария етті. Осы еңбегінде Елбасы қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап өтті: бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; елдің эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы («Рухани жаңғыру» бағдарламасы).

Кәсіпкерлер экономикалық қатынастардың қатысушылары ретінде осы үдерісте жетекші рөл атқарады. Қазақстанды және қазақстандық тауарларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ету; әділдік пен прагматизм негізінде серіктестермен және тұтынушылармен қарым-қатынас жасау; ұлттық бірегейлікті жоғалтпай, бизнесті жүргізудің үздік инновациялық тәсілдері мен тетіктерін таңдау; бизнес-процестерге жаңа білім мен технологияларды әкелу кәсіпкерлердің қолынан келетін іс; олар елдің эволюциялық және ашық дамуына көмектеседі.

Алдағы бөлімдерде біз кәсіпкерлердің экономика үшін маңыздылығын талқы- лаймыз. Қазір кәсіпкерлердің кім екенін және олардың басқа – кәсіпкер емес адамдардан айырмашылығы қандай екенін талдаймыз.

Кәсіпкерлердің басқа адамдардан басты айырмашылығы – олар ойлаудың ерекше үш қасиетіне ие: олар белсенді, жауапты және нәтижеге бағытталған.

XX ғасырдағы менеджменттің ең ықпалды теоретиктерінің бірі Питер Друкер айтқандай, ойлау типі осындай адамдар әрқашан өзгерістер іздейді, оларға жауап береді және оларды мүмкіндік ретінде пайдаланады. Олар әлемді өзгертуге ұмтылады және осы себеппен, Evernote бас директоры Фил Либин пайымдауынша компанияларды ашады. Америкалық ин- вестор Джеймс Алтачердің пікірінше, олар сәтсіздікке төзе алады, идеяларды генера- циялай алады, осы идеяларды сата алады, осы идеяларды жүзеге асыра алады және өз қателіктеріне қарамастан, алға қарай келесі әрекеттерге ұмтылады.

«Ашока: қоғам үшін инновациялар» коммерциялық емес қорының негізін қалаушы және төрағасы, әлеуметтік кәсіпкер Билл Дрейтон олардың қиындықты көре білетін және оған жауап іздейтінін растайды. Garage Technology Ventures компаниясының басқарушы директоры, Apple Computer компаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі Гай Кавасаки олар үшін бизнес жұмыс емес, болашақты өз- гертетін ақыл-ойдың күйі екеніне сенеді.

Қарапайым адам пассионарлық тәсіл принциптерін ұстамайды (мақсатқа ұмтылу және сол мақсатқа жету үшін барлығына дайын болуды білдіреді), ол өте сақ бола- ды, тәуекелге ұшыраудан қорқады және ешқашан өз еркімен ешқандай жұмысты мойнына алмайды, қиындықтардың алдында ол басын ала қашады және кім келіп, оған не істеу керек екенін айтар екен деп күтеді. Тығырықтан шығудың амалы ретінде ол кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адамдарға үміт артады.

Кәсіпкерлік ойлау XXI ғасырдың қажетті дағдысы, бұл – жаңа заттарды ойлап та- бушылық, армандарды құру және әлі жоқ нәрсені – армандарды іске асыру қабілеті.

Сонымен қатар бұл – өте жоғары бейімделушілік (жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті) және ұтқырлық (болған іске жылдам әрекет ете білу) – адамның өзгермелі жағдайларға икемделе алу қабілеті, икемді болу, қалыптасқан жағдайларда эволюциялану (дами білу), қалыпты сценарийлермен әрекет ету мүмкін емес кез келген жағдайдан пайда таба білу, өмірге мүмкіндіктер әлемі деп қарау.

«Шын мәнінде, мен ақша таба аламын деп күткен жоқпын. Тапқан табысым жалдау ақысы мен азын-аулақ азық-түлік сатып алуға жетсе, маған сол жеткілікті бола- тын. Бірақ ақыр соңында, мұның бәрінің құнды екеніне көзім жетті. Қателесуден қорықпау керек. Ең бастысы – әр жолы жаңа қателіктер жіберу», – деп есептей- ді кәсіпкерлік ойлаудың символы болған Илон Маск. Дәл осы ойлау қабілеті Маскқа төлемдердің электрондық жүйесін жасап, қаржы әлемін өзгерткен PayPal стар- тапын құруға, ғарыштық зымырандарды құрастыратын әлемдегі алғашқы жеке компания – SpaceX негізін қалауға, Tesla электромобилін жасауға, бүкіл қалаларды және т.б. жабдықтау үшін күн энергиясын пайдалануды үйренуге мүмкіндік берді.

Жуырда ғалымдар адамның бизнестегі табысы үшін жауап беретін арнайы «кәсіп- керлік гені» жоқ па деген сауал қойды.

Көптеген табысты кәсіпкерлерді талдай отырып, зерттеушілер адамның бизнесте- гі табысқа жетуіне әкелетін қасиеттердің жиынтығын анықтауға тырысады.

Мысалы, Тулса университеті кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Роберт Хи- срич кәсіпкердің келесі басым мотивтерін атап көрсетеді: тәуелсіздікке, іс-әрекет бостандығына, шығармашылық жұмысқа және капитал құруға ұмтылу. Австриялық экономист Йозеф Шумпетер үстемдікке, билікке, ықпалға, жеңіске деген жігерге, қарсыластармен және өз-өзімен күресуде табысқа, шығармашылық қуанышқа ұмтылысты атап көрсетеді. Колорадо университетінің кәсіпкерлік орталығының директоры Томас Дуэнинг кәсіпкерге қажетті бес негізгі дағдыны атап өтті: мүм- кіндіктерді тану, жобалау, тәуекелдерді басқару, сәтсіздікті бастан кешіре білу, жоспарлауға емес, әрекеттерге бейімділік.

Массачусетс қаласындағы Бабсон колледжінің зерттеушілері 1985 жылдан 2009 жылға дейін 4000 студентті зерттеді және кәсіпкерлік бойынша бірнеше курсты таңдаған адамдар бір ғана курсты алған адамдарға қарағанда өз бизнесін жиі ашқанын анықтады. Цюрих университетінен Уши Бакес-Гельнер және Зиген университінен Петр Моог кәсіпкерлердің және жалданып жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты анықтау үшін 2000 неміс студентін зерттеді. Олардың пікірінше, білімнің бір ғана нақты саласын игерудің орнына, жаппай бар нәрседен аз да болса хабары бар адам бизнес жүргізуге бейім болады. Тар шеңберлі мамандар оларға бағынышты болады. Олар стэнфордтық экономист Эдвард Лейзирдің кәсіпкердің «барлық іске шебер» екенін дәлелдейтін теорияны растады. Ол көптеген пәндерді оқитын және түрлі салаларда жұмыс істейтін студенттер қалғандарына қарағанда кәсіпкер болуға ықтималы жоғары деп санайды.

Көптеген кәсіпкерлердің тәжірибесін жинақтап, мынадай қорытынды жасауға болады: кез келген адам кәсіпкер бола алады. Өз ісін ашуға өмір тарихы, мінез-құлқы мен мақсаттары мүлдем әр түрлі адамдар бейім болады. Тек бизнесте іс жүзінде табысқа жетуді қалайтындар төрт сатылы алгоритмді ұстануға тиіс. Біріншіден, олар шын мәнінде ойына алған істі істегісі келеді. Екіншіден, жетістіктерді үлкен емес, кішкентай қадамдардан бастау. Үшіншіден, әрбір кішкентай қадамнан кейін өз идеясын зерделеу және қайта бағалау қажет. Төртіншіден, келесі қадамды жасау.

2.КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

Біз кәсіпкерлердің кім екенін анықтадық. Бірақ кәсіпкерлік дегеніміз не?

Кәсіпкерлік – адамдардың әртүрлі қажет тіліктерін қанағаттандыра алатын, оларға пайда әкелетін және қанағаттанушылық сезіміне бөлейтін игіліктерді өндіру.


Кәсіпкерлік әртүрлі болады. Кәсіпкерлікті түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі мыналар болып табылады: B2C, B2B және B2G.

Business to Consumer B2C (яғни «тұтынушыға арналған бизнес») бұл өндіруші немесе сатушы өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара әрекет жасайтын кәсіпкерлік түрі.

«Business to Business» B2B (яғни, «бизнеске арналған бизнес») өнімдерді немесе қызметтерді өндіруші және сатушы олар- ды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске өткізетін кәсіпкерлік түрі.

Business to Government B2G (яғни «мемлекетке арналған бизнес») қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске емес, мемлекеттік құрылымға өткізетін кәсіпкерлік түрі.

Егер сіз кез келген дүкенге кірсеңіз, сөрелерде көптеген азық-түліктерді, мысалы, сүтті көресіз. Ол сүт фермасында өндірілген. Фермада сиырлар бар, оларды ең соңында соңғы тұтынушы – біздер сатып алатын негізгі өнім – сүтті алу үшін бағып-қағады. Бұл B2C бизнесінің үлгісі.

Бірақ ол сүтті сату үшін оны Tetra Pak қаптамасына, пластик немесе шыны бөтелке- ге құю қажет. Барлық осы қаптамаларда қақпақтар мен заттаңбалар болуы тиіс. Қаптаманы, қақпақтарды сататын және сүт фермасына арналған заттаңбалар шығаратын компаниялар бұл B2B бизнестің мысалдары.

Бизнес жасай алатындардың барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады, бұл – тауар- лар мен қызметтер.

Тауарлар – ұстау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!