БЖБ 8 сынып 1- тоқсанға арналған тапсырмалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БЖБ 8 сынып 1- тоқсанға арналған тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып мұғалімдерне дайын бжб 1- тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып География ғылымының салалары. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері. Географиялық деректерді өңдеу және талдау.


Оқу мақсаты 8.1.1.2 География ғылымы салаларындағы маңызды

зерттеулерді анықтайды

8.1.1.3 Далалық, картографиялық, теориялық географиялық

зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады

8.1.1.4 Сандық және сапалық географиялық деректерді

өңдеп, талдайды.


Бағалау критерийі Білім алушы


География ғылымы салаларындағы зерттеулердің

маңыздылығын сипаттайды


Зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіреді


Сандық және сапалық деректерді өңдейді


Ойлау деңгейлері Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 20 минут


Тапсырма

1 Орография ғылымы нені зерттейді?

А)жердің ауа райы құбылыстарын

Ә)мұздықтардың қалыптасуын және таралуын зерттейді

Б)жер бедерінің пішіндерін сыртқы берлгілері бойынша сипаттайды және жіктейді

В)жер бетінің тербелісін және қозғалысын




2. Дүниежүзінің физикалық картасын қолдана отырып, Мексика маңы және Амазонка ойпаттарын салыстыр. Тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

Дұрыс жауап саны: 3

Амазонка ойпаты Оңтүстік Американың оңтүстік бөлігін алып жатыр

Ойпаттар Америка дүние бөлігінде орналасқан

Амазонка ойпатының теңіз деңгейінен биіктігі 500 м -ден жоғары

Амазонка ойпатының теңіз деңгейінен биіктігі 200-500 м

Жазықтардың теңіз деңгейінен биіктігі 200 м-ге дейін

Мексика маңы ойпаты алып жатқан ауданы бойынша Амазонка ойпатынан үлкен

Ауданы бойынша ең үлкен жазық – Амазонка ойпаты

Мексика маңы ойпаты Солтүстік Американың батыс бөлігін алып жатыр


3.Суреттерді жер бедерінің түрлерімен сәйкестендіріңіз.















жазық тау аласа тау


4.Сипаттамасы бойынша тау жыныстарының түрлерін анықтаңыз.


    • Бұл тау жыныстары сұйық шөгінді заттар мен газ және кристалдардан тұратын

магмадан түзіледі. Магмалар жердің тереңдігіндегі геотермалды жылудың әсерінен бұрынғы шөгінділердің үгілуінен пайда болады және жер астында қатайып, берік магмалық тау жынысы және гранит секілді ірі тау жыныстары түзіледі. Лава ауада болғанда жылдам суыйды және базальт сынды ұсақ тау жыныстарын түзеді. ___________________________


    • Бұл тау жыныстары түрлі табиғи жағдайларда: су, жел, ауырлық немесе мұз әсерінен түзіледі. Бұл тау жыныстары үгілген және эрозияға ұшыраған бұрынғы шөгінді фрагменттерінен пайда болуы мүмкін. Ағзалардың шіруінен немесе бір кездері теңіз асты кені болған еріген минерал тұнбаларынан түзілуі мүмкін.______________________________


    • Тау жыныстары жоғары қысым мен температура әсеріне ұшырағанда олардың құрылысы мен құрамы айтарлықтай өзгереді. Жердің тереңдігінде орналасқандықтан тау жыныстары үлкен температурамен жоғарыдағы тау жыныстары есебінен үлкен қысым әсеріне ұшырайды. Интрузивті магмалық тау жыныстарының қызуы жақын маңдағы тау

жыныстарын жоғары температураға ұшыратып, олардың минералдық құрамын өгертуі мүмкін. ______________________________





5. Мәтінді оқып, Қазақстан аумағындағы жер бедерінің пішінін анықта.

Бұл нысан біздің еліміздің аумағына өзінің оңтүстік-шығыс бөлігімен кіреді. Тектоникалық құрылымы бойынша ол ежелгі палеозой құрылымына жатады. Осы физикалық-географиялық аймақтың аумағында Жалпы Сырт үстірті, Орал және Каспий маңы ойпаты сияқты нысандар орналасады.

Алтай тауы

Сарыарқа

Тянь-Шань

Жетісу Алатауы

Батыс Сібір жазығы

Тұран жазығы

Шығыс Еуропа жазығы

Сауыр-Тарбағатай таулары



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.10.2020
5495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі