Материалдар / БЖБ 9 сынып қазақ тілі мен әдебиет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БЖБ 9 сынып қазақ тілі мен әдебиет

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып бжб 3-тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2023
965
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3-тоқсан «Болашақ энергия көздері.Медеу Сәрсеке «Жетінші толқын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

9.3.6.1 - мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру

9.5.1.2 - жазба жұмыстарында (қарсылықтыбағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

9.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Мәтінде көтерілген мәселені байланыстыра отырып,сұрақтарға жауап бере алады.

Жазба жұмысында сөйлемдерден қарсылықты бағыңқылы сөйлем құрастыра алады

Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

    1. инут



Оқылым Мәтінді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады.Баламалы энергия деп қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Мұндай энергия көздері экологияға еш зиянын тигізбейді, мұнай мен көмір тәрізді пайдалы қазбаларды игерудің қажеттілігі тумайды.Мәселен, қазіргі күннің өзінде Ирландия мемлекеті жердің геологиялық мүмкіндіктерін, яғни гейзерлерді пайдалану негізінде геотермальды энергия бағытын дамытуда. Ғалымдар геотермальды энергия көздерінің небәрі 1%-ын игерілсе, адамзаттың энергияға деген тәуелділігі мүлдем жойылады дейді. Ал Испания мен Италия, Нидерланды мемлекеттері территориясы кең аймақтарға күн энергиясын өндіретін алып аппараттарды орналастырып жатыр. Сол тәрізді АҚШ елі Флорида штаты мен Маями қаласының маңынан өтетін мұхиттағы ең үлкен Гольфистрим ағысынан энергия өндіруді жоспарлап отыр. Негізінде, ХХ ғасырдың басында-ақ океонограф-ғалымдардың өзі мұхит кеңістігін энергия көзі ретінде игерілсе, адамзаттың миллиондаған жылына жетер энергияны өндіруге болатындығын айтқан.Баламалы энергияны өндіру көздері (түрлері)Баламалы энергияны түрлері көп. Алайда адамзатқа қаржылық жағынан тиімді әрі экологиялық табиғилығы басым энергия көздерін игергені әлдеқайда дұрыс.Әрі соңғы жылдары баламалы энергия көздеріне көшу туралы халықаралық келісім көбейе бастады. 2009 жылы Еуропа Одағы Сарқылмайтын энергия көздері жөніндегі Нұсқауға қол қойған мемлекеттер 2020 жылға дейін баламалы энергия түрлеріне көшуге уағдаласқан болатын.

1 тапсырма .Сұрақтарға жауап беріңіз.

Неліктен ғалымдар баламалы энергия көздерін табуды талқылап жатыр?

Ирландия мемлекеті энергияны қайдан алмақ?

Мұхитты ғалымдар не үшін пайдаланады? 3 б

2-тапсырма. Мына сөйлемдерден қарсылықты бағыңқылы сөйлем құрастырыңыз.

АҚШ елі мұхиттағы ең үлкен Гольфистрим ағысынан энергия өндіруді жоспарлап отыр. Баламалы энергия деп қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Адамзатқа қаржылық жағынан тиімді әрі экологиялық табиғилығы басым энергия көздерін игергені дұрыс болады. 3 б

Жазылым

«ЭКСПО-2017 көрмесі бізге не берді?» деген сұраққа өз ойыңызды жеткізіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз.

6 б

Дескриптор :

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінде көтерілген мәселені байланыстыра отырып,сұрақтарға жауап бере алады

1

Сұрақтарға жауап береді

3

Берілген сөйлемдерді қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазады

2

1 -сөйлем

2-сөйлем

3-сөйлем


3


Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшіліктерін салыстырып жазады

3


2

Өз ойын жеткізе алып,аргументтер қолданады

4


2

Тыныс белгілерін дұрыс қолданады

5


2

Барлығы

12

Поляков А


3-тоқсан «Болашақ энергия көздері. Медеу Сәрсеке «Жетінші толқын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

9.3.6.1 - мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру

9.5.1.2 - жазба жұмыстарында (қарсылықтыбағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

9.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Мәтінде көтерілген мәселені байланыстыра отырып,сұрақтарға жауап бере алады.

Жазба жұмысында сөйлемдерден қарсылықты бағыңқылы сөйлем құрастыра алады

Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

    1. инут



Оқылым Мәтінді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады.Баламалы энергия деп қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Мұндай энергия көздері экологияға еш зиянын тигізбейді, мұнай мен көмір тәрізді пайдалы қазбаларды игерудің қажеттілігі тумайды.Мәселен, қазіргі күннің өзінде Ирландия мемлекеті жердің геологиялық мүмкіндіктерін, яғни гейзерлерді пайдалану негізінде геотермальды энергия бағытын дамытуда. Ғалымдар геотермальды энергия көздерінің небәрі 1%-ын игерілсе, адамзаттың энергияға деген тәуелділігі мүлдем жойылады дейді. Ал Испания мен Италия, Нидерланды мемлекеттері территориясы кең аймақтарға күн энергиясын өндіретін алып аппараттарды орналастырып жатыр. Сол тәрізді АҚШ елі Флорида штаты мен Маями қаласының маңынан өтетін мұхиттағы ең үлкен Гольфистрим ағысынан энергия өндіруді жоспарлап отыр. Негізінде, ХХ ғасырдың басында-ақ океонограф-ғалымдардың өзі мұхит кеңістігін энергия көзі ретінде игерілсе, адамзаттың миллиондаған жылына жетер энергияны өндіруге болатындығын айтқан.Баламалы энергияны өндіру көздері (түрлері)Баламалы энергияны түрлері көп. Алайда адамзатқа қаржылық жағынан тиімді әрі экологиялық табиғилығы басым энергия көздерін игергені әлдеқайда дұрыс.Әрі соңғы жылдары баламалы энергия көздеріне көшу туралы халықаралық келісім көбейе бастады. 2009 жылы Еуропа Одағы Сарқылмайтын энергия көздері жөніндегі Нұсқауға қол қойған мемлекеттер 2020 жылға дейін баламалы энергия түрлеріне көшуге уағдаласқан болатын.

1 тапсырма .Сұрақтарға жауап беріңіз.

АҚШ елі Флорида штаты мен Маями қаласының маңынан өтетін мұхиттағы неден энергия өндіруді жоспарлап отыр.?

Ирландия мемлекеті нені дамытады?

2009 жылы Еуропа Одағы неге қол қойды? 3 б

2-тапсырма. Мына сөздерден сөйлем құрастырыңыз.

Баламалы энергия,жер климаты,экология 3 б

Жазылым

«ЭКСПО-2017 көрмесі » туралы жаз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз.

6 б

Дескриптор :

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінде көтерілген мәселені байланыстыра отырып,сұрақтарға жауап бере алады

1

Сұрақтарға жауап береді

3

Берілген сөздерден сөйлемдер құрайды

2

1 -сөйлем

2-сөйлем

3-сөйлем


3


Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшіліктерін салыстырып жазады

3


2

Өз ойын жеткізе алып,аргументтер қолданады

4


2

Тыныс белгілерін дұрыс қолданады

5


2

Барлығы

12





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!