Материалдар / Блум таксономиясын сабақта қолданудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Блум таксономиясын сабақта қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
• Блум таксаномиясы туралы мағлұмат алады,таксономияның 6 этапы туралы біледі,оңтайлы жақтарын тәжірибесіне пайдалана алады; • Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы,түрлі тапсырмалар орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге 6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
6674
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы

Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп- гимназия

ҚР Білім беру ісінің үздігі, математика пәнінің мұғалімі Ихсанова Асия Тапашевна

Өткізілген күні:


Коучингтің тақырыбы

Блум таксономиясын сабақта қолданудың тиімділігі

Мақсаты

Мұғалімдерге Блум таксономиясы туралы ақпарат беру

Күтілетін нәтиже


Блум таксаномиясы туралы мағлұмат алады,таксономияның 6 этапы туралы біледі,оңтайлы жақтарын тәжірибесіне пайдалана алады; • Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы,түрлі тапсырмалар орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге 6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді.

Әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап, ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, АКТ, СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Ресурстар

ватман, А4 парағы, мұғалімдерге арналған нұсқаулық,интерактивті тақта,маркерлер, стикерлер , интернеттен қосымша материалдар

Оқыту кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Сергіту

Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау.

Әр топқа суреттер таратылады. Сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек. 
1-топ. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан. 
2-топ. Жарқын шуағын төккен күн астында әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген. 
3-топ. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген. 
(Әр топтың пікірі тыңдалады) 
Кілті:1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк.» 
2-тапсырма бойынша: «Ұлты басқа болғанмен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді». 
3-тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда. Бірақ бір ояу кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына жауапкершілікпен дайындалады». 
Қорытынды ой:Білімді, сауатты адамдар –XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», -деген өсиетін ұстанып еңбек етуіміз қажет.

Мұғалімдер топта кеңеседі, сурет бойынша өз ойларын айтады.

Топқа бөлу

Блум түймедағы арқылы 3 топқа бөлінеді.

1 түймедақ «Білу,түсіну», 2 түймедақ «Қолдану,талдау» 3 түймедақ «Жинақтау, бағалау»


Берілген кеспе қағаздардағы терминдер бойынша түймедақ құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.

Қызығушылығын ояту

«Миға шабуыл» 1. Мына суретке назар аударайық.

Машинаның астында қандай сан? Ойлануға 10 секунд уақыт.

Мұғалімдер әр сұраққа 10 с. ішінде тез жауап береді.


2Shape2 Shape1 .Мына жаймаға қарама-қарсы жағындағы ұпайлардың қосындысы 7-ге тең

БShape3 Shape4 Shape5 Shape6 олатындай ұпайларды орналастыруға бола ма?


Таныстырылым

«Блум таксономиясы» таныстырылым көрсетіледі.

Блум таксономиясы туралы таныстырылыммен танысады..

Мағынаны тану

Топтық жұмыс


Тапсырма.

Тапсырма кеспе қағаздармен беріледі.

Тақырып: «Рационал бөлшектерге амалдар қолдану»

Осы тақырып бойынша 3 топқа тапсырма беріледі.

1 топ. «Білу,түсіну» бойынша

2 топ. «Қолдану,талдау» бойынша

3 топ. «Жинақтау, бағалау» бойынша сабақ жоспарын жазу.

Талқылау-мұғалімдер өз идеяларын зерделейді Блум бойынша жұмыс жасайды, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етеді, белсенді түрде қатысады. Блум таксономиясы бойынша 1 сабақтың қмж дайындайды Постер дайындайды.

Постерді әзірлеуге – 5 м қорғауға – 5 мин.

Ой толғаныс

«Фишбоун» әдісі. Әр топқа балық қаңқасының суреті беріледі.



Мұғалімдер балық қаңқасына Блум таксономиясын талдауды жазады.


Мұғалімдер балық қаңқасына өз қорытындыларын жазады.

Кері байланыс:



Бүгінгі коучингтен алған әсерлері туралы эссе жазады.

.









































































































9 қабатты уйде тұрғындар тұрады. Әр қабаттағы адамдар саны жоғары көтерілген сайын екі еселенеді.

1 қабатта -2адам,

2 қабатта 4 адам,

3 қабатта 8,

4 қабатта 16;

5 қабатта 32 т.с.с.

...............................

9 қабатта 512 адам тұрады. Сұрақ : Лифттегі қай кнопка көп басылады?





































  • ТАҚЫРЫБЫ:  «Блум таксономиясы: Білімді игеруге бағытталған 6 қадам» »

  • МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға,Блум таксономиясын сабақтарға мақсат қоюға,білімді игертуге деңгейлік тапсырмаларды

дұрыс әзірлей алуға бағыттау

 КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы,түрлі тапсырмалар

орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге

6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ:

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері

негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған

білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау

  • ШАРАНЫҢ НЫСАНЫ: мектеп мұғалімдері

  • ӘДІС-ТӘСІЛДЕР: топпен жұмыс, АКТ-ны пайдалану,диалогты оқыту

  • ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:мұғалімдерге арналған нұсқаулық,интерактивті тақта,

  • ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: Интерактивті тақта,флипчарт, маркер, стикер(түрлі-түсті), тапсырмаларды орындауға қағаздар, видеоролик

Коучингтін мазмұны

Жұмыстың сатылары

Мазмұны

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

уақыт

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (жақсы психологиялық ахуал орнату)

«Cалфетка» тренингі.Коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады

Қатысушылар өз бойларындағы қасиеттерін айтады

5 мин

Салфетка

Топқа бөлу

Таңдаған стикерлерінің түсіне қарай топқа бөлу

Топта көшбасшы,таимкипер және спикер сайланады.

2мин

Түрлі-түсті стикер

Ой шақыру

«Веер» стратегиясы бойынша

Өткен коучингте алған білімдері бойынша желпуіш түзеді, әр бүктемесіне жаңа технология бойынша білгендерін жазып отырады

10 мин

А4 парағы

Мағынаны тану

«Көбелек» сабағы

Таныстырылымды көреді.

1.Көбелектің әрі қарай жағдайы не болды?

2.Бала көбелекке көмектеспегенде не болар еді?

2 мин

Таныстырылым

Теориялық материал

Блум таксономиясы бойынша түсініктеме беру

10мин           

Таныстырылым

Топтық жұмыс

1- топ.Ертегінің басты идеясын постерге бейнеле.

2-топ.Кейіпкерлерді жақсысынан жаманына қарай жікте, жіктеу әрекетіңізді

3-топ.Ертегіні бүгінгі жаңа заманға сай, үлгіде көрсет

«Екі жұлдыз,бір тілек»арқылы бағалайды

5мин

постер

 Топпен жұмыс

«Бауырсақ» ертегісі бойынша сұрақтар әзірлеу

Блум таксономиясы бойынша сұрақтарды жіктеу

8 мин

А4 парағы

Рефлексия

«Дананың кілттері» әдісі бойынша

 «Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.

«Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.

 «Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

5 мин

Кілттің бейнесі салынған суреттер

                                РЕФЛЕКСИЯ

       27.01.15 ж. Үлкен орта мектебінің мұғалімдерінің арасында «Блум таксономиясы: Білімді игеруге бағытталған 6 қадам»  тақырыбына коучинг өткіздім.Коучингке 14 мұғалім және бақылаушы ретінде мектеп директоры З.А. қатысты.

       Коучинг жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатымен «Салфетка» тренингі өткізілді.Қатысушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шықты. Түрлі-түсті стикерлерді таңдауларына байланысты топқа бөлінді.Мұғалімдер де қулыққа көшіпті, бір топта болғысы келетін қатысушылар бірдей түстерді таңдап алыпты.

       Мұғалімдердің көңіл- күйлерін біле отырып, «Көбелек» таныстырылымы бойынша қызығушылықтарын оята отырып, сабағымды бастадым.Таныстырылымды көрсетіп болып, «Болжау» стратегиясы арқылы сұрақ қойдым «Көбелектің еркін ұша алмауына не себеп? Неліктен көбелек мұндай халге душар болды? Бұл тақырыптың бізге қандай қатысы бар?» Мұғалімдер: Біз де оқушының еркін ойлауына мүмкіндік бермей жатамыз, шыдамдылық танытпаймыз.Әр баланың ойлауы әр түрлі, кей баланың ойлауы шапшаң болса кей баланың ойлауы жәй. Бұл жерде көбелек оқушыда, адам мұғалім. Егерде адам шыдамдылық танытып өзіне мүмкіндік бергенде көбелек мұндай халге душар болмаған болар еді. Сондықтан мұғалімдер сабырлылық танытып, оқушылардың еркін ойлауына мүмкіндік беруіміз керек деген қорытындыға келді. Әрі қарай дәстүрлі сабақ пен белсенді оқытудағы сабақтың мақсатының айырмашылықтарына тоқталып өтіп, Блумның өзектілігі мен білімді игертуге бағытталған 6-қадамына қысқаша теориялық түсініктеме бердім. «Бауырсақ» ертегісі жазылған парақшалар таратып бердім.3 топқа тапсырма бердім.Әріптестерім тапсырмаларын дұрыс орындады.Мен осы тапсырмаларды орындай алар ма екен деген ойда едім, бірақ тапсырманы орындап шыққандарын көргенде қатты қуанып қалдым.Әрі қарай Бауырсақ ертегісі бойынша өздерінің қай деңгейде жұмыс жасағандықтарын анықтаттым.Топтар өздерінің қай деңгейде жұмыс жасағандықтарын нақты таба алды. Соңында топтар бір- бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады. Мұғалімдер әлі де болса дұрыс бағалай алмайды, тіл байлықтары жоқ, сөзге шорқақ. Жұмыстарын орындауда мұғалімдердің қызығушылықтары байқалды, белсенді қатысты.Келесі тапсырма 6 сұрақ дайындап, сұрақтарды Блум таксономиясы бойынша жіктеу. Мұғалімдер қиналды, әзірлеген сұрақтарын жіктей алмады.

        Бұл әдісті бір дегенде меңгеріп кету мүмкін емес, осы тақырыпқа тағы да бір коучинг өткізу керек екенін мұғалімдердің  рефлексияларынан білдім.Сабаққа аса қызығушылық танытқан бастауыш сынып мұғалімдері  З.К., Б.А., М.С., қазақ тілі мұғалімі Қ.Б., Р.Б., технология пәнінің мұғалімі Л.Қ.

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх





«Өзін үнемі дамытумен айналыспаған мұғалім жақсы ұстаз бола алмайды» А. Апшерони





Сабақтың тақырыбы:Параллелепипед.Дұрыс көпжақтар Пирамида.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға пирамида, параллелепипеджәне дұрыс көпжақтарды түсіндіру, білім, білік дағдыны қалыптастыру, игерген білімін болашақта қолдана білу, жетілдіру.

Дамытушылық: Есте сақтау және тез шешім табу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды дәлдікке, алғырлыққа, зеректікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:1)Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі, таныстырады, бағыт береді, қорытынды бағалайды.

1)Оқушылыр еске түсіреді; есеп шығарады, түсіндіреді, қайталайды, сөйлейді, өзін-өзі бағалайды, сыныптасын бағалайды.

Сабақтың көрнекілігі:1)Тірек сызбалар

2)Проектр арқылы есеп шығаруда қолданылатын негізгі ұғымдар көрсетіліп, қайталанып отырылады.

3)Семантикалық карта толтыру (таблицалар, флипчарт құру)

4)Түрлі түсті акциялар (деңгейлік тапсырмалар) қара түс-12, ақ түс-6, қызыл түс-3, көк түс-3

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, таблица

Сабақтың әдісі:Модульдік оқыту технологиясы «Білім биржасы» оқыта үйрету ойыны; Пәнаралық байланыс: экономикамен (қаржылық сауаттылық)

Биржада белгілі бір тауардың нарқы анықталады, көтерме сауда-саттық келісімдер жүргізіледі. Биржа-нарық ойынына қатысушы бәсекелес фирма өкілдерінің бас қосатын жері және мұнда сауда-саттық нәтижесінде тауарлардың көтерме нарықтық бағасы қалыптасады.

Биржа түрлері: зат биржасы, қор биржасы (тауар-құнды қағаз), валюталық, жан-жақты. Еңбек биржасы еңбекке орналастырылады. Биржада ойнай отырып, пайда табуға болады, ол үшін арнайы дайындық, білім қажет.

Бүгінгі білім биржасында біліміміз арқылы бәсекеге түсеміз.

Биржа жағдайын (оқушылардың жинаған ұпайларын) экраннан қадағалап отырамыз.

Бағалау:

         Блум тасономиясы бойынша: Сабақтың басында өзін-өзі бағалау; Соңында топтық бағалау;

         Акциялар арқылы сабақ барысында бағалап отыру;

         Парционалдық бағалау. (сабақ барысында жеке оқушы жетістіктерін мадақтау сөздерімен бағалау).

Тексеру: Ауызша тексеру;

Компьютер арқылы тексеру

Дұрыс жауапты ұсыну арқылы өзін-өзі және топта тексеру

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

                                         2. Үй тапсырмасын сұрау(сұрақ-жауап)

                                         3. Жаңа теориялық материалдарды меңгерту

                                         4. Есептер шығару

                                         5. Тест сұрақтары

                                         6. Бағалау, қорытындылау

                                         7. Үйге тапсырма беру

Жаңа теориялық материалдарды меңгерту

Параллелепипед.

Анықтама. Табаны пареллелограмм болатын призманы параллелепипед деп атайды.

Параллелепипедтің ортақ нүктелері жоқ жақтары қарама-қарсы жақтары, ал бір жағында жатпайтын қарама-қарсы жақтарының қырлары қарама-қарсы қырлары деп аталады.

АВСDA1B1C1D1параллелепипеді бейнеленген

АВСD және A1B1C1Dоның қарама-қарсы жақтары

ААжәне СС1 қарама-қарсы қырлары.

Теорема. Параллелепипедтің барлық диоганальдары бір нүктеде қиылысады және осы нүктеде қақ бөлінеді.

Егер параллелепипедтің бүйір қырлары табан қырларына перпендикуляр болса, онда ол тік параллелепипед деп аталады.

Табандары тіктөртбұрыш болатын тік параллелепипедті тікбұрышты параллелепипед деп атайды.

Тікбұрышты параллелепипедтің барлық жақтары тіктөртбұрыштар. Бір төбесінен шығатын үш қырының ұзындығын тіктөртбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп атайды. Үш өлшемі бірдей тікбұрышты параллелепипед куб деп аталады. Куб жақтарының бәрі квадраттар.

Анықтама.Әрбір жағы параллелограмм болып келетін көп-жақты параллелепипед деп атайды.Тіктөртбұрыштармен шектелген кеңістік дененітікбұрышты параллелепипед деп атайды.Кеңістік денені шектейтін тіктөртбұрыштардыоның жақтары, тіктөртбұрыштардың  қабырғалақырлары деп, ал олардың төбелерін тікбұрыштыпараллелепипедтің төбелері деп атайды.Тікбұрышты параллелепипедтің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Бір төбеден шығатын қырлары тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп аталады. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін V=abc формуласымен табамыз. Мұңдағы  a,b,c – оның өлшемдері.

S=2(ab+bc+ac)

Дұрыс көпжақтар


2 – мысал. Дұрыс он бесбұрыштың бұрышын есептеп табу керек.

Шешуі. n = 15 деп алып, α =   формуласын пайдаланамыз.

Сонда α =  •180˚ = 156˚

 Жауабы: 156˚

3 – мысал. Бұрышы 144˚ болатын дұрыс n бұрыштың қабырғалар санын анықтау керек.

Шешуі: α =   формуласының көмегімен α = 144˚ деп алып, дұрыс көпбұрыштың n бұрыштар санын табамыз:

144˚ =  , n = 10

 Жауабы: n = 10(он бұрыш

Пирамида

Анықтама.Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған n жағы төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды.

Аталған көпбұрыш пирамиданың табана, ал ортақ төбесі бар үшбұрыштар бүйір жақтары, бүйір жақтарының бірігуі бүйір беті, бүйір жақтарының ортақ қабырғалары бүйір қырлары, барлық бүйір қырларының ортақ төбесі пирамиданың төбесі деп аталады. АВСDE бесбұрышы – пирамиданың табаны, АРВ, ВРС,..., ЕРА үшбұрыштары – бүйір жақтары, РА, РВ, ...; РЕ – бүйір қырлары және Р төбесі көрсетілген.

Анықтама. Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда пирамида дұрыс пирамида деп аталады.

Анықтама. Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофомасы деп аталады.

 «Білім биржасы» оқыта үйрету ойыны.

Ойынның мақсаты: Көп акция, «акционер» атану.

Білімдік  мақсаты: Тапсырмаларды қатесіз, тез орындап, көп ұпай жинау немесе жақсы жауап беріп, баға алу.

I.Нарықтық  шолу: мүмкіндіктері мен қиындықтар, өнеркәсіп жетекшілерін сайлау (Блум  таксономиясы бойынша сабақтың басында әр оқушы  өзін-өзі бағадайды)

II. Бәсекелестік  бағытын айқындау

Флипчартттағы кестелерді алдымен орындарын тез толтыру. (дұрыс толтырған оөушы қара тусті акция алады)

III. Мақсат – міндеттерді орындау.

Тақтада  тапсырмалары  бар конверттер ілінеді. Әр топ өздеріне тиісті конверттен  деңгейлік тапсырмалар алады.
деңгейіндегі тапсырманы орындаған топ ақ түсті акция алады.
         деңгейіндегі тапсырманы орындаған топ ақ түсті акция алады.
         деңгейіндегі тапсырманы орындаған топ ақ түсті акция алады.

Әр акция  тапсырманы орындаған оқушыда қалады. Алдарындағы  бағалау бетшесіне  белгі қойылады. Соңынан жинаған акцияларының құны есептеледі.

IV. «Биржа білімпазын бекіту»

8,9,10,12,13,14,16,19

V.Үйге тапсырма:№11,15,18,23

VI. Сабақты қорытындылау(aкцияларды есепиеу, финанстық және бизнес жоспардың орындалуы)

VII. Бағалау

 

Компоненттер

Критерилер

Білу



Игерді



-Параллелепипед, дұрыс көпжақтар, пирамида  фигураларын ажырата білді; -Есеп шығарғанда мәндерін таба білді;

Түсіну

-Оқушы материалды түсінеді;

-Фигуралар арасындағы байланысты  түсінді.

Қолдану

-Фигураларды кез-келгенін жатқа біледі;

-Фигуралар арасында байланысты есеп шығаруда пайдаланады.

Анализ

(Талдау)





Шығармашылықпен


-Есептердің мағынасын талдай алады;

-Келесі  қадамды болжай алады.

-Күрделі есептерді түрлендіруді қателеспей  орындайды.

Синтиз

(Топтау)

-Әр есепте қажетті формуланы ең қысқа  жолмен таңдай алады.

-Өз бетімен есептер құрастыра алады.

Білімді

бағалау

-Материалдың мәнін бағалай біледң;

-Тақырып бойынша зерттеу жүргізе алады.

 

 

Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх













































лум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі

  25 января 2015, 18:01

Коучинг  тақырыбы: Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі

Мерзімі: 22.01.15

Өткізгендер: Жашкеева Назиха Елубаевна, Жумагулова Кулжан Сахановна

Коучинг тақырыбы:

Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі

Коучинг мақсаты:

Оқушының өз ойларын дәйектеп, сын тұрғысынан ойлауға үйрету үщін Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берудің  қажеттігін зерделеу.


Сілтеме:

МАН, 41-бет,үлестірмелі материалдар.

С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»


Коучинг нәтижесі:

 Блум таксономиясы бойынша дұрыс құрылған тапсырмалар беру ойлау қабілетіне әсер етеді


Түйінді идея:

Сыни ойлау оқушының ой дербестігін, белсенділігін  дамытады,  ойын дәйектеуге  үйретеді.

Сабақ ресурстары:

Плакат, стикер, маркер, «Блум таксономиясын»  сипаттайтын слайд, А4 қағазы


Оқыту әдісі:

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту


Орындалатын тапсырмалар:

«Көңілді күн» сергіту сәті, фильм бойынша сұрақ дайындауға постер құру.


 

Коучинг сабақ мазмұны

Жұмыс кезеңдері

Коуч әрекеті


Мұғалімдер әрекеті

1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу

5 минут

«Табиғаттың тамашасы» тренингін ұйымдастырады.

Түрлі-түсті шарлар  арқылы мұғалімдерді 3-4 топқа бөледі.

Мұғалімдер ортаға шығады, шеңбер жасайды және күзгі ауа райын бейнелеу арқылы арқаларына массаж жасайды.

 Үш-төрт топқа бөлінеді.

2. Миға шабуыл

10 минут

 «Менің атым Қожа» фильмін еске түсіру үшін  мұғалімдерге үзінді көрсетіледі де, 3 сұрақ құруға тапсырма береді.


Мұғалімдер топтасып,фильм оқиғасын еске түсіргеннен кейін, постердің бірінші бөлігіне фильм оқиғасына сәйкес  сұрақтарын жазады.

3. Теориялық  кезең

«Блум таксономиясы» стратегиясымен таныстыру және осы стратегия бойынша жұмыс ұйымдастыру

20 минут

Мұғалімдерге таныстырылым көрсетеді және Блум таксономиясына негіздеп  сұрақ құрастыру үшін қажетті етістіктер ұсынады.

Тапсырма:

1. Фильм оқиғасы бойынша Блумның ойлау деңгейлеріне сәйкес сұрақтар

шығаруларыңызды сұраймын.

2. Өз құрастырған сұрақтарыңызбен салыстырыңыздар.

3. Сұрақтарыңыздың сәтті шыққан, сәтсіз шыққан жерлерін топпен талдаңыздар. Себебін анықтаңыздар. Қандай қиындықтар туындады?

Өздері дайындаған сұрақтардың сәтті,сәтсіз шыққанын бағалау үшін үш түспен бояу тапсырылады.

    Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық деңгейлер

сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау  және/немесе

бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек.

    Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

Блум теориясымен және сұрақтарын құрумен танысқаннан кейін, екінші бөлігіне Блум бойынша қайтадан сұрақтар әзірлейді.

Стикерлер арқылы өздері дайындаған сұрақтарына өздері баға береді және тақтаға шығып,сұрақтар неліктен үш түске бөлінгенін түсіндіреді (сәтті шыққан сұрақтар)





«Блум таксономиясы» стратегиясы жайлы мәлімет алады. Сын тұрғысынан ойлаудың ойлантудағы маңызымен және ойлаудың алты құралымен танысады.


Кері байланыс

10 минут

Мұғалімдерге кері байланыс жасату үшін сұрақ қойылады.

Сіз үшін оқушылар ішіндегі Қожа кім? Неліктен олай ойлайсыз?



«Блум таксономиясы» бойынша жұмысты ұйымдастырғанда неге қол жеткізуге болатыны жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі.



Блум бойынша сұрақ құрастыру тапсырмасын бергенде қиындық  болды ма? Не себепті деп ойлайсыз?



Бүгінгі тапсырма сізге ойлануға мүмкіндік туғызды ма?



Жұмыс барысында арларыңызда керағар пікірлер болды ма,егер болса, оны қалыпты мәселе  деп ойлайсыз ба?



Әр топ өз пікірін айтады.






























Рефлексия

5 минут

Сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын жазуға  «Ауа райы» парақшасын таратады.

Әр топ коучинг туралы ойларын, сезімдерін жазады.

 

Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх





















 «Блум таксономиясы» коучинг сабақ

Жалпы мақсаты

Блум таксономиясы туралы түсік беру

Күтілетін нәтиже

Блум таксономиясыоқу үдерісінде қолдана алады.

Табыс критерийлері

  1. Блум таксономиясы тармақтарын ажырата білу.

  2. Блум таксономиясы сұрақтарын қоя білу.

  3. Блум таксономиясын пайдалана білу.


Дерек көздер

Презентация,ғаламтор, МАН

Сабақта қоданылатын материалдар

Флипчарттар, маркерлер, стикерлер(түрлі түсті), тапсырма орындайтын қағаздар, бейнетаспа, экран, ноутбук, проектор

Сабақ барысы:

Коучинг сабақты өткізу кезеңдері

уақыты

Тәлімгердің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Сәлемдесу

Топтарға бөлу,топ ережесін құру

3 мин

Кеспе қағаздарға блум таксаномиясының тармақтарын жазу арқылы яғни, білу, түсіну-бір топ. Қолдану, талдау-бір топ. Жинақтау, бағалау -бір топ.

Мұғалімдер топтарға бөлініп отырады,әр топ өз ережесін және рөлдерін анықтайды

Ой шақыру

10 мин

Сұрақтар:

1) Білу дегеніміз не?

2) Түсіну дегеніміз не?

3) Қолдану дегеніміз не?

4) Талдау (Анализ)дегеніміз не?

5) Жинақтау ( Синтездеу)дегеніміз не?

6) Бағалау дегеніміз не?


Топтар ақылдаса отырып, стикерлерге түйінді сөздерді (қайталанбауы тиіс) жазып айтады.

Ақпарат материалы

2 мин

Блум таксономиясы

Блум таксономиясы туралы түсінік алады.

Ақпаратты тану

25 мин

Джигсо әдісі бойынша өз бетінше Блум таксономиясы туралы түсінік алады.

Мұғалімдер өз бетінше материалды меңгеріп тақырып туралы өз ойларын ортаға салады.

Теориялық материал


5 мин

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам

Туралы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Блум таксономиясы туралы толық мағлұмат алады

Топтық жұмыс

және кері байланыс

10 мин

Блум моделі бойынша сұрақтарды классификациялау(флипчартта орындау)

Сұрақтар : Бұл тапсырманы орындауда қандай қиындықтарға ұшырастыңыз? Дағды мен машықты дамыту үшін сіз осындай сұрақтар мен тапсырмаларды қолданар ма едіңіз?

Мұғалімдер флипчарттар жасайды, түсіндіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Сергіту

2 мин

Дене мүшелерімен 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрларын жазу

Мұғалімдер қимылды қайталайды.

Топтық жұмыс

15 мин

«Қызыл телпек » ертегісі бойынша тапсырма беру

Мұғалімдер тапсырманы блум таксаномиясы бойынша өз топтарында талқылайды.

Бағалау

5мин

Блум баспалдағы бойынша бағалау

Мұғалімдер өз ойларын айтады

Қосымша

10 мин

Сабақтың құрылымы және деңгейлік тапсырмаларды орындау

Мұғалімдер керек жерін жазп алады.

Коучинг сабақтың қорытындысы

3 мин

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»әдісі

-жағымды әсерін жазады

-ұнаған жайттарды жазады

-ұсыныс немесе бір жаксы тілек

Мұғалімдер стикерлерге жазып, тақтаға іледі.



Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

оучинг-сабағының қысқа мерзімді жоспары

Күні 06.11.2014 ж.
Коучинг тақырыбы: "Болашаққа апарар 7 қадам"
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, www.cpm.kz

Жалпы мақсаты: Әріптестерімізді педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында ҚР педагог кадрлары біліктілігін арттыратын деңгейлік бағдарламаларындағы 7 модульді ұштастыра отырып, білім берудің инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау. Мұғалімдерге айқындалған критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай бiлуге қол жеткізуін үйрету, өзiн-өзі бағалау және өзара бағалау үдерiстерiнің дамуына ықпал ету.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер әлемдік педагогикада орын алған сыни тұрғыдан ойлау технологиясының жаңа әдіс-тәсілдерін үйреніп, алған білімдерін тәжірибе арқылы дәлелдей алады.
Түйінді идеялар: • «Сыни тұрғыдан ойлау» деген сөз тіркесінде қолданылатын «сыни» деген термин «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. 
• Блум таксономиясын (ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі) тапсырма арқылы ұғындыруға болады.
• Топтық жұмыс - белгілі мақсатқа жету үшін қолданатын қарым-қатынас құралы.
Коучинг түрі Коучинг-саяхат
Ресурстар Презентация, үлестірмелі материалдар, видео-сергіту, аудио-дыбыстар, өрмек

Коучинг-сабағының жүру барысы
Коучинг кезеңдері Уақы ты Коучтың іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекетері Қамтылған модульдің атауы
Салемдесу + эпиграф 1 мин Коуч тақырыпты айтып, коучинг эпиграфымен таныстырады "Шәкірт келер зейінді, ұстазы болса бейімді"
Топтарға бөлінуі 2 мин Барлық қатысушыларды кассаға шақырып, түрлі-түсті билет алуды ұсынады Вокзалдағы хабарландыру дыбысын естіген кезде, қатысушылар билет түсі арқылы түстес вагонға отырады
Психология-лық дайындық 2 мин Саяхатқа аттанбас бұрын көздерін жұмып, әсерлі әуен тыңдап, болашақ сапар туралы ойлануды ұсынады Көздерін жұмып, сыни тұрғыдан ойлау құралы -"Елестету" арқылы өз болашақ жолдарын елестетеді • Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
• Оқытуда АКТ-ны пайдалану
"Теория" бекеті 12 мин
Әр топқа- 4 мин Әр топқа мәтін береді. 1-топқа - Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту. 2-топқа - Талантты және дарынды балаларды оқыту. 3-топқа - Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Қоңырау сыңғырын естіген кезде, "Теория" бекетіне барады. Өз мәтініне қатыс-ты ұғым, дата, есім, фото таңдап, "Ой, ұғым және есімдер" себетіне жинақ-тайды. Таңдау себебін дәлелдейді • Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
• Талантты және дарынды бала-ларды оқыту
• Оқыту үшін ж/е оқуды бағалау

"Тәжірибе" бекеті
10 мин
Әр топқа- 3 мин + 1 мин түйін
Әр топқа оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар береді. 1-топқа - Бастауыш саты - "Ойлан, тап" әдісі. 2-топқа - Орта буын - "Фишбон" әдісі. 3-топқа - Жоғары буын - "Ақылдың алты қалпағы". 1-топ: Белгілі бір тақырып-та сөз жасырып, стикерге жазып, көрмеу үшін бір-бірінің маңдайына жапсы-рады. Сөзді табатын қаты-сушы «иә», «жоқ» деген жауапты талап ететін сұ-рақтарды қоя алады. 2-топ: Белгілі бір тақырып-та әр топқа мәтін беріледі. Мәтінмен танысып, ортақ проблеманың шешімін із-дестіреді. Төменге - факті-лер, жоғарына - себептері тізбектеледі. Соңында қо-рытынды түйін жасалады. 3-топ: Белгілі бір тақырып-та әр қалпақ өзіне тән қасиеттерімен тақырыпты зерттейді.
• Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
• Оқушылардың жас ерекшелік-теріне сәйкес білім беру
• Топтық жұмыс
"Сергіту" алдамасы 2 мин
Әуенге қимылмен билейді Оқытуда АКТ-ны пайдалану
"Креатив" бекеті 10 мин Білу - Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар? Түсіну - Алма мен апельсин-ді пайдаланудың денсаулық-қа пайдасын салыстырыңыз.
Қолдану - Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?
Талдау - Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа ана-ғұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздері-ңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.
Жинақтау - Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзі-ңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайда-лы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың
алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.
Бағалау - Мектептен кейін балаларға алма бәлішін бер-ген пайдалы деп санайсыз ба? Неге - иә, неге - жоқ? Көрініске шыққан алманы жан-жағынан Блум таксономиясы қадамдары бойынша зерттейді. • Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
• Блум таксономиясы



Рефлексия
3 мин Оқытудағы кедергілерді анықтауды ұсынады "Өрмекшінің өрмегі" әдісі арқылы қатысушылар оқы-тудағы кедергілерді айтып, шешу жолдарын іздестіреді "Өрмекшінің өрмегі" әдісі
2 мин Бүгінгі коучингтан не түсінгенін, не үйренгені туралы сұрайды. «Баспалдақ» әдісі бойынша әр сатыға нені үйреніп, нені түсінгендерін жазады. «Баспалдақ» әдісі
Түйін 1 мин Бүгінгі алған білімдеріңізді әрі қарай дамытып, әр қадамыңызды нық бассаңыз, баспалдақтың жоғарынан көрінетініңізге сенімдімін. Коучинг эпиграфында айтылғандай, біздің алдымызға келген оқушымыз зейінді болар, егер біз - ұстаздар қауымы, бейімді болсақ! 

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Блум таксономиясын  математикада қолдану

Қуаншалиева Сания Есенқызы

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы

Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектеп математика пән мұғалімі

 

 

 

«Мен  еш  уақытта   өз оқушыларыма  ешнәрсе  үйретпеймін,

мен тек қана  олардың  оқуы  үшін   жағдайлар туғызамын».

А. Эйнштейн

 

Біз көргенімізді, естігенімізді ұмытамыз, ал өзіміздің жасағанымызды , орындағанымызды  мәңгі есімізде сақтаймыз. Бүгінгі таңда мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймайды, жан-жақты, тәрбиелі, адамгершілігі мол, білікті, құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етуі  тиіс. Сондықтан сабақтың әрбір жоспарында   оқушының құзіретті болып  қалыптасуына ,олардың алған білімдерін шынайы өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасайтындай  жаңа оқу тапсырмалары  болуы шарт.

Олай болса,қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді.

-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;

-пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;

тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын қарастыру.[2] Ал әлемнің көптеген елдерінде Блум  таксономиясы кеңінен қолданылуда. Блум таксономиясындағы Блум сөзіне тоқталатын болсақ Америкалық  ғалым Блум Бенджамин есіміне байланысты. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.Таксономия  — белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн.

Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия – берілген нысандарды олардың иерархиясын (белгілі бір  құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.[10]

Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін  білім игеруге бағытталған 6 қадамға сәйкес  тапсырмаларды құруды қажет етеді.

Олар:білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау.Блум таксономия-сының  деңгейлері: білу,түсіну,қолдану қадамы төмен және орта деңгейлер (өнімсіз деңгейлер), талдау,жинақтау,бағалау қадамы жоғары  деңгей (өнімді деңгейлер) болып бөлінеді.[5]

І. Білу.Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Шәкірт:

  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

  • Нақты фактілерді біледі;

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

  • Ережелерді, қағидаларды біледі.

Тапсырмалар түрі:

Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

ІІ. Түсіну.Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Шәкірт:

  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Тапсырмалар түрі:

         Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

ІІІ. Талдау.Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

Шәкірт:

  • Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;

  • Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,

  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

Тапсырмалар түрі:

         Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

IV.Қолдану.Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Шәкірт:

  • Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

  • Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

  • Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Тапсырмалар түрі:

         Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.

  1. Синтез (жинақтау, жүйелеу).Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Шәкірт:

  • Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.

Тапсырмалар түрі:

      Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

  1. Бағалау.Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Шәкірт:

  • Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

  • Жаңа мыңжылдық талабына сай, мұғалім – бақылаушы емес, бағалаушы да емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Қазір менің алдымда орта буын оқушылары отыр. Сөзім дәйекті болу үшін жоғарыда көрсетілген Блум таксономиясын өз тәжірибемде қалай, қандай жолдармен іске асыратыныма тоқталайын.[6]















Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені  көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаттары:

  • Көпмүшені көбейткіштерге жіктей білу;

  • Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығару, топтау тәсілдерін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушыларды математикалық сауаттылыққа және алған білімдерін пәнаралық байланыста пайдалана білуге тәрбиелеу.[1]

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, бекіту сабағы.
Әдіс — тәсілдері:Блум-таксономиясы , сұрақ — жауап, тест орындау
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру «Бағдаршам» түстері бойынша топқа бөлу. а) оқушылармен амандасу; ә) оқушыларды сабаққа әзірлеу.

  2. Үй жұмысын тексеру: №262 (1, 2, 6)

  • 2a4 — 4a3b + 10a2b2 — 3a2b — 6ab2 — 15b3

  • 2) x4 — 7×3 + 13x2y — 6xy3

6) 2×4 + 9x3y + 3x2y2 — xy3 + 12y4 III. Біліп-тану.Қайталау-оқу айнасы.

  1. Бірмүше дегеніміз не? (Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.)

  2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не? (Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады)

  3. Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер (2ху; а5; 3х2; 3а2х3у; авс)

  4. Көпмүше деп нені айтамыз? (Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз)

  5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не? (Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру)

  6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек)

  7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не? (Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек)

  8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек

9.Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?

IV.Түсіну.Оқулықпен жұмыс.

260.              Көпмүшеге түрлендір:

1) (x — 2)(x+3)+(x+2)(x — 3)=2×2 – 12

2) (a — 1)(a+2)+(a+1)(a — 2)=a2 — 4

3) (a+1)(a+2)+(a+3)(a+4)=2a2 +10a+14

4) (x — 1)(x — 2)+(x — 3)(x — 4)=2×2 — 10x+14

261. Көбейткіштерге жікте:

1) ax2 — bx2 — bx+ax — a+b=(a — b)(x2+x — 1)

2) ax2+bx2 — bx — ax+a+b=(a+b)(x2 — x — 1)

3) ax2+bx2+ax — cx2 +bx — cx=(a+b — c)(x+1) x

4) ax2+bx2 — bx — ax +cx2 — cx=(a+b+c)(x — 1) x

V.Қолдану.   Ұшқыр ойдан ұтымды жауап (тест)

  1. Ұқсас бірмүшеліктерді табыңыз : 1) -5ху; 2) 7а;  3)  2ху;  4) –8.

А. 1; 2.     В. 1 ; 3.     С. 1 ; 2,         Д) 3 ; 4.

  1. Өрнектердің қайсысы көпмүшелік болады?

1) 5х + у3;     2) 12ху;     3) 3.     4)  а2ху3      А. 3.   В. 2.    С. 1       Д)  4.

  1. Өрнекті ықшамдаңыз: а3 × (3а3)2. А. 3а6 В. 3а9       С. 9а9       Д) 6а9 

  2. Көпмүшелікті стандарт түрге келтіріңіз: 4 × х × х × х × 2 – 6х5 + х3 × х4

 А. 4х – 6х5 + х7.     В. 8х3 – 6х5 + х7       С. х7 – 6х5+ 8х        Д. х7 – 6х5+ 8х 

  1. Ықшамдаңыз: (9а – 2b) – (5а – 3b).

 А. 4а + 5b       В. 4аb        С. 4а + b       Д. х7 – 6х5+ 8х 

  1. Өрнекті көпмүше түрінде жаз2а(а2 + а + 1)    

 А. 2а3 + 2а2 + 2а       В. 2а3 – 2а + 2а.            С. 2а3 + 2а + 1         Д. 2а3 + 2а

VI.Талдау. “Кім жылдам?”

Өрнекті ықшамдаңдар:     (x-2)(x+3);     (а2-4в2)(в2-3а2)

Көпмүшені көбейткіштерге    жіктеңдер:   х32+x-1;      ав-2а-2в+4

Тепе-теңдікті дәлелде:  (а+в)(а2-ав+в2)=а33                 (а-в)(а+в)=а22

VII.Қорытындылау .

VIII.Бағалау.

   IX.Үйге тапсырма  . № 177 ә)  № 178 ә)  № 179





































Жоғарыда өткізілген сабақтың артықшылығы оқушы жеке тұлға ретінде биіктігі көрінеді.Әр оқушы өз пайымдауы мен түйсігіне сүйене отырып жеке қабілетін ашуға қадам жасаған.Дәстүрлі сабақтан гөрі оқушы іс-әрекеті басымырақ.Әр оқушы өздігінен ойлануға әрекеттенген,өз бетімен жекелей жұмыс жасауға ынталанған. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулудың негізгі сатылары оқушы іс-әрекеті мен жүзеге асып жатыр.Оқушының оқуға деген ынтасының өсуіне оң ықпалдығы ұжымның жұмыс жасауға бейімделуден,жеке тұлғаның еңбегінің түзілуі білімге деген құштарлығын толықтыра түседі. Жалпылау ойлаудан,жекелей ойлау оқытудың жүйелілігін қалыптастырды. [4] Блум таксаномиясы негізіндегі жүйе оқушылардың өз беттерімен зерттеу,іздену қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып,олардың дарын,қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді.
-білімді оқушылар өз іс-әркеттерімен алу жүзеге асады.

-жұмысты оқушылардың таңдап алуына ерік береді.

-жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.

-берілетін білімін ең негізгі түйінді дәмін таңдап ала білуге жаттығады.
-алдында тұрған қиындықты жеңуге үйренеді..Ең бастысы,жеке тұлға қасиеттерін шығармашылық деңгейде жеткізеді.[7] Кешегі сабақ

  • Жеке жұмыстанады;

  • Сұраққа бір жауаппен шектеледі;

  • Диалог тек оқушымен мұғалім арасында болды;

Бүгінгі сабақ ерекшелігі

  • Ізденісі ұлғаяды;

  • Оқушы мен оқушы арасында диалогтік қарым-қатынас орнайды ;

  • Ойын еркін жеткізеді;

  • Топпен жұмыс істеп үйренеді;

  • Салыстыра зерттей біледі;

  • Сыни ойлауы мен көзқарасы жүйелі дамиды;

  • Өзін-өзі реттейді;[8]

Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады. Атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, блум таксономиясы- оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы. Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады: оның кестесі төмендегідей:

 

Елбасымыз    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әлемнің әміршісі – еңбек.Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», — деп ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Біздің еңбегіміз білім жолынан көрінеді. Сондықтан да мұнымен шектеліп қалмай алдағы уақыттарда да өз білімімді жетілдіріп, жаңа технологияның тағы да белсенді,  тиімді жолдарын білуге, сонымен жұмыстануға әрекеттенемін.

 

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

БЛУМ таксономиясы

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. 
«Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.

                                                                                  
Мазмұны


Білу
Таным мен ойлаудың де төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
·Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
·Нақты фактілерді біледі;
·Жұмыстың орындалу ретін біледі,
·Негізгі ұғымдарды біледі;
·Ережелерді, қағидаларды біледі.


Ережелерді, теорияларды формуларды еске түсіру, жазу, атап көрсету, жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
— Зат есім деген не?
— Етістік деген не?


Түсіну

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.
НегНегзгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндегін көрсету:
Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Аударма жасау /трансляция/ – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
(мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Экстраполяция-/ Жорамалдау/ Құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату;

– оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
·Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
·Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
·Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.


Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

-Зат есім етістікті саластыр
— Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;
— Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;
— Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.


Қолдану

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
— Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
— Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.


.
Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.



Талдау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

-Элементтерді талдау,
-Қарым қатынасты талдау,
Ұйымдастыру қағидаттарын талдау;
— Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
— Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
— Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
— Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.


Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
— Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.
— “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз?

Жинақтау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну;
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

— Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
— Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
— Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.

Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
1. Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну


Бағалау

Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

— Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
— Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
— Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!