Болашағымыздың баяндылығы- балаларымыздың еншісінде.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашағымыздың баяндылығы- балаларымыздың еншісінде.

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің ертеңгі тірегі болатын жас ұрпақ тәрбиесінің ұлттық кірпішін қалайтын киелі орын "Гүлмерей" бөбекжай - балабақшасына 10 жыл толуына байланысты рефлексиялық есеп.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Болашағымыздың баяндылығы- балаларымыздың еншісінде.

Ынтымақ мөлтекауданы, «Гүлмерей» бөбекжай- балабақшасы.

Еліміздің ертеңгі тірегі болатын жас ұрпақ тәрбиесінің ұлттық кірпішін қалайтын киелі орын , «Гүлмерей» бөбекжай- балабақша есігі 2017 жылы 02 қазанда ашылды.

Қазіргі таңда типтік жобада салынған  балабақшаның 3 тобында  61 бала тәрбиеленіп  жатыр. Балабақша бүлдіршіндерді тәрбиелеуге қажетті заманауи жабдықтармен, ойыншықтармен  қамтамасыз етілген. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие ісін мемілекеттік жалпыға міндетті стандартын негізге ала отырып, ұлттық педагогикалық бағытта жетілдіруде. Сондай-ақ, балабақшада әдіскер, психолог, әуез жетекшісі сынды қызметкерлер балдырғандарға тереңдете білім береді.

Балғын балалардың шуақты күлкісі мен шаттық нұрына толтыру мақсатында ашылған балабақшаның негізгі мақсаты: Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Рухы асқақ, іргесі берік ел болу үшін, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауды басты назарда ұстаймыз. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби — педагогикалық оқулықтарға енгізген , қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы М. Жұмабаев: « Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»-деп айтқанындай, «Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз» (М. Жұмабаев) Ұжым мүшелері ұлы ақынның өсиеттерін үнемі назарда ұстайды.

«Гүлмерей» бөбекжай- балабақшасы, қазіргі таңда өз статусын қалыптастырып үлгерген балабақша. Балабақша ұжымы, әр баланы адамгершілік пен имандылыққа, ізгілік пен еркіндікке негізделген жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру қажеттілігін тәрбиенің негізгі өзегі етіп алып отыр. Осы мақсатта балабақша ұжымындағы қызметкерлердің барлығы дерлік өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын іскер мамандар.

Білім саласында білімі мен әдістемелік шеберлігін шыңдауда жалықпайтын тәрбиешілер күн сайын тәрбие ісіне тың ізденіспен, жаңаша қырынан келіп, сәби санасын жетілдіруге ерекше жауапкершілікпен қарап, бүлдіршіндердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіліп, педагог- тәрбиешілердің алуан тақырыптардағы ашық сабақтары мектепке дейінгі тәрбие ісінің ерекшеліктерін тереңірек аша түсуіне мол мүмкіндік береді. Халқымыздың атадан балаға мирас болып қалған балалардың жасына сай қажеттілігіне жауап бере алатын бірден-бір тәрбие құралы-ұлттық ойындар екені анық. Осы орайда, балабақша ұжымы ең алдымен, ұлттық ойындар  арқылы баланың ойын дамытып, одан әрі қарай ұлттық тәрбие беруді мақсат тұтқан. Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар: « Ине мен жіп» , « Кім қалай дыбыстайды?». Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар: « Ойыншықты сипатта», « Орындықты тап».Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар: «Мен жеңімпазбын», « Құлақ – мұрын». Ойлауды дамытуға арналған ойындар: « Ойлан да аяқта», « Қарама – қарсы сөзді ата». Қиялды дамытуға арналған ойындар: « Менің көніл – күйім қандай», « Жаңа ертегі».Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар: « Ұқсас суретті тап», « Заттарды қабылдау» сияқты ойын түрлері балаларды жан- жақты дамыту мақсатында үнемі жүргізіліп отырады. Сонымен бірге, біздің балабақшаның өз ерекшеліктерінің бірі -түскі ұйқы мезгілінде, тыңдалым дағдысын, қиялын дамыту мақсатында, тәрбиешілер ұлттық нақышта киініп, «әжемнің ертегі» тақырыбында қызықты ертек айтып, балаларға жайлы, тәтті ұйқы силайды. Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде екенін сезінген ұжым мектепке дейінгі тәрбие ісінің ерекшеліктерінде қазақи қасиеттеріміз бен салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз арқылы ,бүлдіршіндердің жүрегін тербей отырып, ой-санасын адамгершілікке, парасаттылыққа, адалдыққа, рухани ізгі қасиеттерге баулып өсіруге бағыт-бағдар береді. Бөбектерге салт-дәстүріміз бен  әдет-ғұрыптарымызды таныстырып, ана тілімізді құрметтеуге баулып, келешекте олардың халқымыздың асыл қазыналарын сақтай білетін, өз елінің патриоты болып өсерін негізге алады. Осы турасында балабақша қызметкерлері  балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін оларға мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету секілді ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру үшін ең алдымен,  халқымыздың салт- дәстүрін құрметтеруден таныстырудан  бастап, амандасу, күлімсіреу сияқты қарапайы қасиеттерге үйретеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.07.2023
217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі