УДК
371.3
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Раева Самал
Баймуратовна
Samal08.07.69@mail.
ru
І.Жансүгіров атындағы Жетісу
университетінің
Педагогика- психология 2 курс
магистрі
Талдықорған,
Қазақстан
Aннотaция: Мақалада қазіргі білім беру
жағдайында стандартты емес кәсіби міндеттерді өз қызметі арқылы
шеше алатын білікті педагогикалық кадрлар қажетілігі жайлы
баяндалған. Педагогикалық мамандықтың негізгі формаларының бірі –
қарым-қатынас, яғни мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасқа
тұжырымдама жасалған. Маманға жаңа білім беру парадигмасындағы
өнімді өзара әрекеттесу негізі ретінде студенттерге тиімді әсер ету
құралдарын меңгеруге көмектесуде болашақ педагогты кәсіби
іс-әрекетке дайындаудағы алғы шарттарына толқалған. Болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік дағдыларын қалыптасуы
бойынша рухани жаңғыру мен төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы талаптарға сәйкес мемлекетте шығармашыл, зияткерлігі,
коммуникативтік қарым-қатынас мәдениеті, креативтілігі дамыған,
бәсекеге қабілетті мамандардың көбеюіне ықпал етудің тиімді жолдары
ұсынылған.
Кiлт
сөздep: коммуникативті дағдылар,
құзыреттілік кəсіби құзыреттілік,кәсіби тұлға, сөйлеу ортасы,
педагогикалық іс-әрекет.
Қазіргі білім беру жүйесінде
елеулі өзгерістер орын алуда. Ғылыми білімі терең, ғылыми-зерттеу
тәжірибесі мен педагогикалық шеберлігі бар мамандарды даярлауды
жетілдірудің жаңа әдіс-тәсілдері мен жолдары белсенді түрде ізденіс
үстінде. Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына, оның эрудициясына,
білімі мен мәдениет деңгейіне жоғары талаптар
қойылады. Бұл мәселені шешудің бір жолы
– студенттердің коммуникативтік құзіреттілігін дамыту арқылы
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жеке тұлғасын қалыптастыру,
олардың еңбек нарығындағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда
бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізетін маман ретінде
даярлаудың мақсатты тәсілін жүзеге асыру процестерінде
жатыр.
Мұғалім ұйымдастыратын кез
келген іс-әрекет түрінің нәтижелі болуы әдіс-тәсілдерді саналы
түрде таңдауға ғана емес, сонымен қатар оқушылармен эмоционалды
қарым-қатынасты үйлестіре білуге, педагогикалық қарым-қатынасты
жаңаша құруға, туындаған келіспеушіліктерді жемісті шешуге
байланысты. Қазіргі бастауыш сынып мұғалімінің шеберлігі оның
психологиялық-педагогикалық заңдылықтарды білу негізінде
коммуникативтік мәселелерді шешуінен көрінеді. Сондай-ақ,
еліміздегі білім беру жүйесінде гуманистік бағыт барған сайын
басымдылықққа ие болып келе жатқанын атап өткен жөн. Отандық білім
беру жүйесіндегі соңғы тенденциялар әрбір оқу орнының оқу-тәрбие
үрдісіне гуманистік парадигманы енгізу контекстінде
қарастырылады. Оқушы тұлғасының оқу-тәрбие
процесіндегі маңыздылығын түсіне отырып, мұғалім оқушыны оқу
іс-әрекетінің объектісінен өзінің оқуының нәтижесіне тікелей
қызығушылық танытатын белсенді субъектіге ауыстырады. Мұғалім мен
оқушы арасында гуманистік бағыттылықпен сипатталатын
қарым-қатынастарды орнату, яғни өзара сенім, жауапкершілікті
тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін
педагогикалық тәжірибеде әдістерді қолдану басты міндеттердің бірі
болып табылады. Педагогикалық процестің
аталған құрамдас бөліктерін мұғалімнің белгілі бір деңгейдегі
коммуникативті дағдыларынсыз елестету мүмкін емес. Коммуникативті
компонент оның барлық практикалық дағдыларының негізі болып
табылады. Бұл дағдылар болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау
процесінде қалыптасатын эмоционалдық-коммуникативтік құзыреттілік
құрамдас бөлігі болып табылады.
Жалпы алғанда коммуникация -
бұл қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен ақпарат алмасуы,
білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үдерісі болып
табылады. Ал, құзыреттілік (лат.тілінен competere - сәйкес келу,
жақындау) - бұл маманның белгілі бір кәсіби міндеттерді шешудегі
жекелік қабілеттері. Осы орайда, педагогтардың кәсіби
құзыреттiлiгiнiң қалыптасуы мен дамуына ерекше мән берiлiп отыр.
Әсiресе болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде қоғамдағы
өзгерiстерге дер кезiнде әрекет ете ала ма, яғни, бiлiм беру
үдерiсiнiң субъектiсi ретiнде өзiнiң позициясын дұрыс анықтап,
өзгертiп, жасөспірім тұлғасын мақсатқа бағытты дамыту үшiн
инновациялық iс-әрекеттi енгiзу мәселесi
туындады.
Коммуникацияның
психологиялық-педагогикалық негіздерін көрші Ресей мемлекетінің
педагог ғалымдары А.А.Бодалева, Б.А.Ананьева, А.А.Леонтьев,
В.А.Кан-Калика, Н.В.Кузьмина өз еңбектерінде қарастырған.
А.А.Леонтьев психологияның маңызды міндеті - сөйлеу арқылы тұлға
мен қоғам арасындағы байланысқа күшейтілген әсер ете отырып,
психологиялық теория тұрғысынан вербальды қарым-қатынасты қамту деп
санайды [1]. Ал, отандық педагог ғалымдар С.М. Жақыпов,
Б.А.Жетпісбаева [2] білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын
дамыту бойынша, Х.Т. Шерьязданова [3], Н.Б. Жиенбаева [4], Ж.К.
Исаева [5] мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының
коммуникациясын қалыптастыру ерекшеліктері бойынша, Л.А.Шалабаева
[6] жеткіншектердің диалогтық қарым-қатынасын дамыту бойынша,
Н.Н.Подобед [7], К.А.Абдреимова [8] жоғары сынып оқушыларының
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелерін терең
зерделенген.
Атап айтар болсақ, С.М.
Жақыпов қарым-қатынас мәселесін зерттеуге пәнаралық негізден,
кешенді түрде келу қажеттілігін айтып кеткен. Ғалым пайымдауынша,
біріккен ой әрекетінің және біріккен диалогты танымдық іс-әрекет
қалыптасуының негізгі тірегі ортақ мотивтердің және дербес
іс-әрекет мақсаттарының болуына байланыстырса [3], Х.Т.Шерьязданова
мен А.А.Бодалев қарым-қатынас адамдар арасында байланыс орнатып оны
дамыту бірлескен іс-әрекет қажеттілігі негізінде туындайтынын және
қарым-қатынас бірлескен іс-әрекет барысында тұлға қалыптасуына өзге
адамдармен жағымды өзара әрекеттесу ерекшеліктері әсер ететіндігін,
сонымен қатар, қарым-қатынас мазмұнының диалогтық негізі қағидасы
екендігін айтып өткен Н.Б.Жиенбаева адамның жан-жақты қалыптасуы
мен дамуының педагогикалық-психологиялық негіздерін, қалыптастыру
жолдарын, әрі қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық және саяси
жағдайлардың қарқынды өзгерістері студенттердің педагог қызметінде
маңызы жоғары болатын тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды
көкейкесті ететіндігін өз еңбектерінде көрсете білген
[4].
Болашақ педагогтардың
коммуникативтік құзыреттілігінің құрамдас бөлігі әлеуметтік
сезімталдық болып табылады. Әлеуметтік сезімталдықтың болмауы -
педагог-психологтардың өзгелермен қарым-қатынасында туындайтын
қиындықтардың қайнар көзі болуы мүмкін. Сезімдерді, ойларды және
әрекет-қылықты дұрыс анықтау және алдын болжау тәжірибемен және
жаспен келетінін естен шығармау қажет. Болашақ педагогтардың
әлеуметтік сезімталдығының дамуына «ореол эффектісі» (барлық
адамдарға таралатын бір ерекшелік туралы пікір), проекция (өз
қасиеттерін, әсіпесе, қажет еместерін өзгелерге ысыру),
стереотиптік бағалау кедергі келтіреді. Жалпы коммуникативтік
құзыреттіліктердің құрамдас бөліктерін топтауға болады.
Ғылыми-теориялық зерттеулерге негізделе отырып, біз коммуникативтік
құзыреттіліктердің мынадай құрамдас бөліктерін ажыратып
көрсетеміз:
Кесте 1. Коммуникативтік
құзыреттіліктердің құрамдас бөлігі
№
|
Құзыреттіліктердің құрамдас
бөлігі
|
Сипаттамасы
|
1
|
Эмоциялық-сезімдік
|
Мәнерлілік сипатымен
негізделеді, коммуникацияның вербальді және вербальсіз
түрлері.
|
2
|
Болжамдық
|
Қарым-қатынасқа түсу
ережелерін ұсынатын төмендегідей сипаттағы білімді меңгеруі
тиіс:
- кәсіби іс-әрекет аймағында
қарым-қатынастың қандай түрлерін пайдалану
керек;
- қарым-қатынастың әрбір
сатысында қандай кезеңдерін бөлуге
болатындығы.
Педагогтың кәсіби
қарым-қатынас ерекшеліктерін
білдіреді.
|
3
|
Мотивациялық-құндылықтық
|
Педагогтың кәсіби қызметінде
негізгі әдеп қағидаларын ұсынатын коммуникативтік құзыреттілік.
Педагог тұлғаның құқығы мен еркіндігін және қызығушылықтарын
құрметтеу қағидаларын сақтауы, жекелік басым құндылықтарға
бағдарлануы, құпиялылықты ұстануы
тиіс.
|
4
|
Конфликтілік
|
Қарым-қатынас барысында
конфликт алдындағы жағдайды сезіну, алдын алу және орын алғанда
шешу тәсілдерін меңгеру
|
Коммуникативті дағдыны
қалыптастыруда төмендегідей үш негізгі коммуникативті қабілеттілік
көрсетіледі:
1.Тұлғааралық
қарым-қатынас(пікір алмасу)
қабілеті;
2.Адамдардың өзара бір-бірін
қабылдауы және түсіну қабілеті;
3.Тұлғааралық әрекеттесу
немесе араласу қабілеті.
Біріншіден,тұлғааралық
қарым-қатынас қабілеті оқушының ақпарат жеткізе білуі, сол
ақпаратты жеткізуде вербальды және вербальды емес тәсілдерді
қолдануы, диалог құра білуі, жанындағы адамды мұқият тындай білуі
болып табылады.
Екіншіден, қарым-қатынастың
одан әрі жалғасуы үшін белгілі тақырыпқа бағытталу, әңгімелесуші
адамның көңіл-күйіне де мән беру және оның жаңа қырларын ашуға
талпыну,сонымен қатар белгілі бір жағдайда жігерлендіруге
тырысу.
Үшіншіден, бейтаныс адамдармен
тиісті қарым-қатынас орнату білу және кез-келген адам сені жағымды
қабылдауы үшін өзіңді ортада дұрыс ұстай білу.
[9]
Осы негізгі болашақ
педагогтардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың 3 негізгі
қабілеттілігін пайдалана отырып, келесі педагогикалық шарттарды
анықтауға болады.
1. Тұлғалық-дамытушылық
шарттар.
Оның
құраушылары:
- дивергенттік - болашақ
бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативтік эмоционалдық әрекеті,
мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз
тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы. Коммуникативтік мұғалім үшін
өзгенің тәжірибесін қайталау емес, өз жаңалықтарын, білгендері мен
түйгендерін басқаларға ұсына алуы, шығармашылық бағыттылықтың
болуы.
- ақпараттық және ойлау қоры -
кең көлемде қабылдай алуға, қайта құруға, қайта анықтауға
қабілеттілік;
- анықталмағандыққа ашықтық
пен толеранттылық;
- мақсаттары мен мотивтері.
Қарым-қатынасқа қажеттілік әрбір адамның жетекші рухани
қажеттіліктерінің бірі болғандықтан бастауыш сынып мұғалімінің
коммуникативтік эмоционалдықты қалыптастыруға мотивация табысты әрі
ықпалды қарым-қатынас құруға тілек білдіруде, кәсіби және
кез-келген тұлғааралық өзара әрекеттестікте мақсат болады.
Кез-келген дағдыларды оқу үдерісінде қалыптастыру ықпалдырақ іске
асырылады. Сондықтан білімгер осы дағдылардың құндылығын сезінетін
болса, оларды қалыптастыру бойынша жұмыстар білімгерлер тарапынан
мақсатты іске асырылуы тиіс.
- қарым-қатынас бойынша арнайы
білімдер мен ерекшеленген іскерліктер -коммуникация мен өзара
әрекеттесудің, әлеуметтік қабылдаудың негізгі механизмдерін, нақты
жолдарын, техникаларын, деңгейлерін, стилдерін, қарым-қатынас жасау
жолдарын білуі.
- міндеттерді орындауға
бағдарлану.
2.Ұйымдастыру шарттары:
Олар:
- Оқу ғимаратының
материалдық-техникалық жабдықталуы. Коммуникативті-эмоционалдық
дағдыны қалыптастыру мақсатына жетуге оң ықпал ететін аудиториялық
және аудиториядан тыс оқу-тәрбие ісінің іске асырылуы. Оқу-тәрбие
үдерісінде коммуникативтік эмоционалдықтың маңызды сипаттарын
қалыптастыру тек сабақ уақытында ғана емес аудиториядан тыс
іс-әрекеттерде де орындалады.
3. Дидактикалық
шарт.
- Дидактикалық ұстанымдарды
сақтау. Білім алушылардың коммуникативтік эмоционалдық қабілеттері
мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес оқу материалын ұсынудың ішкі
логикасын дидактикалық ұстанымдар анықтаса, ал оқытудың мақсаттық
тұғырларын анықтауға классикалық дидактикалық ұстанымдар
көмектеседі, сонымен қатар нақты жағдайларда мұғалім үшін жетекші
рөл атқарады.
- Таңдау әдістері мен оқыту
формалары мақсатқа сәйкес бағытталуы. Мұндай таңдау оқыту мазмұны
мен мақсаттарының ерекшеліктерімен анықталады. Болашақ бастауыш
сынып мұғалімнің коммуникативтік дағдысын қалыптастыру үшін тиімді
оқыту әдістерін талдау келесі әдістердің тиімділігін көрсетті:
коммуникативтік әдіс, тест әдісі, тренинг технологиясы, жобалар,
іскерлік ойыны, сауалнамалар, миға шабуыл әдісі, пікірталас және
т.б. Оқытудың ұйымдастыру формалары бойынша ең ыңғайлысы пайдалану
шарты білім алушылардың жеке ерекшеліктері менпсихологиялық
сыймдылықтарын ескеру арқылы микротоп құру болып табылатын топтық
оқыту формасы болады.
Қазіргі таңдағы ғылым мен
техниканың, ақпараттық сонымен бірге инновациялық технологиялардың
өте тез дамуы арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша педагогикалық
пәндерді кәсіби бағытта меңгертудің қажеттілігі өте
үлкен.
Қорытындылай келе, бүгінгі
таңда болашақ мұғалімдердің қоғам сұранысының талаптарына сай
эмоционалдық-коммуникативтік дағдысын арттыру қажеттілігі еліміздің
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған сәйкес білім
берудің парадигмасының өзгеруі және бүгінгі күнгі
әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты
білім беру мекемелерінің жаңа бағдарын анықтауға әсер
етеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
-
Леонтьев А.А. /Под ред. М. К.
Кабардова. - 2-е изд., перераб. и дополн. - М.- Нальчик, 1996. -
Серия "Библиотека психолого-педагогической литературы". -96
с.
-
Жетписбаева Б.А., Жилбаев
Ж.О., Байдельдинова Г.М. Студенттердің жеке дағдыларының қалыптасуы
// Қарағанды университеті. Хабаршы «Педагогика» сериясы. -
Қарағанды, 2017. № 2 (86). 11 - 15 б.
3
-
Шерьязданова Х.Т. Суркова Т.И.
Педагогу о стиле общения с детьми. – Алматы: Рауан, 1996. - 145
с.
-
Жиенбаева Н.Б. Коммуникативный
образовательного процесса. – Алматы, 2006. - 176 с. субъект
в
-
Исаева Ж.К. Общая теория
диалога. - Павлодар, 2012. – 155 с.
структуре
-
Шалабаева Л. И. Психолого -
педагогические условия развития диалогической формы общения
подростков. - Алматы, 2017 ж. - 185
б.
-
Подобед Н.Н. Педагогические
условия формирования толерантности общения старшеклассников:
автореф. ... канд. пед. наук.: – Алматы, 2007. - 25
с.
-
Абдреимова К. А. Оқыту
процесінде диалог арқылы жоғары сынып оқушыларының ізгілік
қасиеттерін қалыптастыру: автореф. ... канд. пед. наук.: - Алматы,
2006. – Б. 24
-
Руководство для учителя.
Образовательная программа курсов повышения квалификации
педагогических кадров по предметам начальных классов. АОО
«Назарбаев Интеллектуальные школы»,
2015