Жобаның тақырыбы:
«Менің кіші Отаным»
Мақсаты:
Білімділік: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
бағдарламасында аясында Отаны туралы білімдерін
кеңейту. Елбасы туралы мағлұмат беру. Тәуелсіз, бейбіт ел
туралы ұғым қалыптастыру.Туған жер туралы,кең-байтақ
жеріміз, жөнінде ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге,
ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге
жетелеу.
Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне
деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу. Отансүйгіштікке баулып, патриоттық тәрбие
беру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,
махаббат сезімін ояту. Оқушыларды достыққа,
адамгершілікке, елінің мұрасын жалғастырушы азамат
болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы. Елбасы
суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері, қанатты
сөздер, буклет, Астана қаласына байланысты
суреттер.
Әдісі: Саяхат сабақ .
Формасы: жоба
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық тәрбие
беру.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Кіріспе
-
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы
Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда
елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің
тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен
жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті
бар.Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш президентін сайлады. 1
желтоқсан-Тұңғыш прещидент мерекесін атап өтеміз. Қазақстанды
мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі
мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай
ұйымдастырған «Менің кіші Отаным!» атты жобамызға қош
келіпсіздер!
-
Балалар, «Отан дегеніміз не?»
(Оқушылардың жауаптары
тыңдалады)
-
Отан дегеніміз - адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен,
жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын
адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы.
Бүгінгі жобамыз төрт бөлімнен
тұрады.
1. «Менің Тәуелсіз
Мемлекетім»
2. «Менің Елбасым» /Елбасымыз
туралы презентация көрсету/
Елбасына арналған тақпақтар
3.
«Менің өлкем» аялдамасы.(Шыбышыда тұратын халық санымен таныстыру,
киелі жерлерімен таныстыру)
4..
«Шыбышы ауылының тұрмысы мен мәдениеті. Салт-дәстүр мен әдет
ғұрыптары»
Мұғалім:
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туын,Әнұран-
Тәуелсіздікке тән белгі-
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер
-
«Менің Тәуелсіз
мемлекетім,
рәміздерім»
.
«Отан» видео көрсету
Отан туралы, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Рәміздері туралы білімдерін жетілдіру (Бүктеме
қолдану)
Елтаңба, Ту, Әнұран – Мемлекеттік рәміздер. Олар
еліміздің тарихын, дәстүрін,
болашағын айқын
көрсетеді.
Біз
– Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
«Үш
бақытым» М.Мақатаев
Ең
бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
2. «Менің Елбасым»
Балалар,
желтоқсан айында қандай мерекелер бар? Оқушылардың жауаптары. Олай
болса, «Менің Елбасым»
бөлімінде Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға
арналады.
Алаулаған
алабынан нұр тамып,Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай
жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ
жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп,
елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге
тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару
оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1
желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған
екен.
Н.Ә.Назарбаев
кім? Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең
ойлы тұлға.
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы
облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының
есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі
Мырзабала беріпті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын
қатты құрмет тұтты.
Жасынан зерек,
алғыр азаматболған. Нұрсұлтан ата 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ
батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін
бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы
болыпты.
Еңбек жолын
Теміртау қаласында темір балқытушы болып
бастаған.
1991 жылы 1
желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. .
Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында
жетті.Әли: Елбасының көптеген кітаптары бар. Атап
айтсақ,Бейбітшілік кіндігі (А.,
2002),
Сындарлы он жыл
(А., 2002),Еуразия жүрегінде (А., 2005).Қазақстан жолы (А., 2012).
Тәуелсіздік белестері т.б
/Елбасымыз туралы презентация
көрсету/
Елбасына арналған тақпақтар.
Айару:Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Жұлдызай:Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Айбек:Тәуелсіздікті елге
сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине
Елбасының арқасы
Елбасымыз жыл сайын Қазақстан халқына өзінің
жолдауларын жолдайды. Сондай жолдауларының бірі 2017 жылы
жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында келесі
бөліміміз,
3. «Менің өлкем» деп
аталады. «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен,
бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның
өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде
әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.
Туған жерге, оның мәдениеті мен
салт-дәс¬түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы
патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.» декен Елбасымыз өзінің
мақаласында.
Отан туралы тақпақтарын айтады
Жұлдызай:
Арман:
Кәусар:
Өркен:
Айару:
«Менің өлкем» презентация көрсету /»Шыбышым»
әнінің әуеніне/
4.Қазақтардың тұрмысы мен
мәдениеті.
Салт-дәстүр мен әдет ғұрыптары» Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз
бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда
ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті – киіз үйі, ұлттық
киімі, өю-өрнегі,ерекшеы, ұлттық музыкалық аспаптары біздің ауылда
кең тараған.Сондай дәстүрге кезек берейік.
Әжелер салт-дәстүр көрсетеді.
дастарқаны, ұлттық музыкалық аспаптарымен
ерекшеленеді.Біздің ауыл мал шаруашылығымен айналысады.Киіз үй,
ұлттық киім, қазақтың ою-өрнегі, дастарқан
Би:
«Алға,Қазақстан»
Қорытынды.
Бүгін сендер саяхатқа шығу арқылы Отанымыз туралы
көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын. Біздің Отанымыз Қазақстан
екенін, еліміздің тарихы өте бай екенін білдіңдер. Біз бәріміз өз
Отанымызды, әсем Астанамызды мақтан етеміз. Өйткені елімізде
адамдар бір-бірін сыйлайды, көп ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір
сүреді.
Қазақстанда бәрімізге тең құқық берілген. Білім
алғысы келетін адамдардың бәріне жақсы мүмкіндік бар. Балалар,
сендер де мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өздеріңе артқан
үмітті, сенімді ақтағандарың жөн. Білім сапарында сендерге ақ жол
тілеймін! Еліміздің мақтан тұтар азаматы
болыңдар!