Материалдар / Бөлімдік Жиындық Бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бөлімдік Жиындық Бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2020
669
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Информатика
10 сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019


Page 2

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және ӛткізуге кӛмек құралы ретінде
құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Информатика» пәні
бойынша жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану- математикалық бағыттағы 10-
11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы негізінде
дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың
тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған
бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта
білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.
Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру
бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне
және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет -сайтындағы
қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2


Page 3

МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........ 4
«Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
«Деректерді ұсыну» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .......................................................... 8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ...... 12
«Алгоритмдеу және программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............................. 12
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ...... 16
«Веб-жобалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................................. 16
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ...... 20
«Ақпараттық жүйелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................... 20
3


Page 4

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 10.6.1.2 IP-мекен-жайының мақсатын және көрсетілуін
түсіндіру
10.6.1.3 Д омендік атаулардың жүйесінің (DNS) мақсатын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
•IP-адресті, оның бөліктері мен классын анықтайды
•IP-адрес пен домендік атауды ажыратады
•DNS мақсаты мен оның жұмыс жасау принципін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1.С уретте жергілікті желінің (LAN) физикалық топологиясы көрсетілген. LAN
сегменттерге бөлінген.
Келесі құрылғылар үшін сәйкес келетін IP-адрес ұсыныңыз:
a) А арқылы белгіленген Router1 үшін
_______________________________________________________________________
b) B арқылы белгіленген Router1 үшін
_______________________________________________________________________
c) C арқылы белгіленген ко мпьютердің желілік картасы үшін
_______________________________________________________________________
2.IP-адрес - бұл 32-разрядты сан, мысалы: 205.123.4.192
4


Page 5

IP-адрестің бір бөлігі желі нөмірі үшін, ал бір бөлігі хост нөмірі үшін
қолданылады.

Келесі ұғымдарды түсіндіріңіз:
Желі нөмірі: ____________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Хост нөмірі: ____________________________________________________________
_______________________________________________________________________

3. IP-адрестерд ің көпшілігі үш кластың біріне тиісті болып табылады:
• егер 32-биттік адрес 0-ші биттен басталса, онда бұл А класстың адресі.
• егер 32- биттік адрес 10- ші биттен басталса, онда бұл В класстың адресі.
• егер 32- биттік адрес 110- ші биттен басталса, онда бұл С класстың адресі.
IP-адрес қай классқа жататынын анықтау жолын сипаттаңыз .
_________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________


4. Бірінші бағанда берілген мәліметтер URL, домендік атау немесе IP-адрестің қайсысына
жататынын анықтаңыз, жалауша белгісін қойыңыз.
URL Домендік
атау
IP-адрес
https://lektsii.org
210.55.250.178
lektsii.org

5. Domain Name Server (DNS) мақсатын сипаттаңыз.
__________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

6. Пайдаланушы браузерде веб-адресті енгізгенде сұралған веб-сайт экранда көрінеді.
Компьютердің өзіне қажетті ақпаратты алу барысын түсіндіріңіз. Өз жауабыңызға келесі
ұғымдарды қосыңыз: IP -адрес, URL, сұралған бет және DNS сервері.
___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________


5


Page 6



Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
IP-адресті, оның
бөліктері мен классын
анықтайды

1
А белгісіндегі құрылғының IP-адресін
анықтайды;
1
В белгісіндегі құрылғының IP-адресін
анықтайды;
1
С белгісіндегі құрылғының IP-адресін
анықтайды;
1
2
желі нөмірі ұғымын сипаттайды; 1
хост нөмірі ұғымын сипаттайды; 1
3
IP-адрес класын анықтау жолын
ситаппайды;
1
IP-адрес пен
домендік атауды ажыратады

4
URL анықтайды; 1
домендік атауды анықтайды; 1
IP-адресті анықтайды; 1
DNS мақсаты мен
оның жұмыс жасау принципін сипаттайды

5 DNS мақсатын сипаттайды; 1
6
IP-адрес ұғымын қолданады; 1
URL ұғымын қолданады; 1
сұралған бет ұғымын қолданады; 1
DNS сервері ұғымын қолданады. 1
Барлығы: 14
6


Page 7

«Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата- аналарға ақпарат
беруге арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________


Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
IP-адресті, оның бөліктері мен
классын анықтайды

IP-адресті, оның бөліктері мен
классын анықтауда қиналады



А /В /С белгісіндегі құрылғының IP-
адресін анықтауда / желі /хост нөмірін
анықтауда / IP-адрес класын анықтау
жолын сипаттауда қателіктер жібереді

IP-адресті, оның бөліктері мен
классын дұрыс анықтайды


IP-адрес пен домендік атауды
ажыратады
IP-адрес пен домендік атауды
ажыратуға қиналады

URL /домендік атауды / IP-адресті
анықтауда қателік жібереді

IP-адрес пен домендік атауды
дұрыс ажыратады

DNS мақсаты мен оның жұмыс
жасау принципін сипаттайды
DNS мақсаты мен оның жұмыс
жасау принципін сипаттауға
қиналады


DNS мақсатын сипаттауда / IP-адрес /
URL / Сұралған бет / DNS сервері
ұғымын қолдануда қателік жібереді

DNS мақсаты мен оның жұмыс
жасау принципін дұрыс
сипаттайды



7


Page 8

«Деректерді ұсыну» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты 10.2.1.1 Ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік,
он алтылық санау жүйесіне және кері аудару
10.2.2.2 Берілген логикалық элементтер үшін ақиқат
кестесін құру
10.2.2.4 Л огикалық өрнекті логикалық сызбаға өзгерту
немесе керісінше

Бағалау критерийі Білім алушы
• Ондық санау жүйесіндегі бүтін санды басқа санау
жүйелеріне және керісінше аударады
• Логикалық элементтер үшін ақиқат кестесін
құрады
• Логикалық өрнекті сызбаға және керісінше
түрлендіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырмалар

1. X
10=129 ондық санау жүйесінде берілген бүтін санды басқа санау жүйелері не
аударыңыз. Есептің шешу жолын көрсетіңіз.
Екілік санау жүйесіне
_________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Сегіздік санау жүйесіне _______________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

2. Х
16=D4 он алтылық санау жүйесінде берілген санды ондық санау жүйесіне
аударыңыз. Есептің шешу жолын көрсетіңіз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

3. логикалық өрнегін сызбаға түрлендіріңіз.










8


Page 9


4. 1-суреттен логикалық сызба берілген. Сызбаны логикалық өрнекке түрлендіріңіз.

1-сурет

___________________________________________________________________________

5. 1-суретте берілген логикалық сызба үшін ақиқат кестесін құрыңыз.

А В С Q
0 0 0
0 0 1
0 1 0
0 1 1
1 0 0
1 0 1
1 1 0
1 1 1

6. логикалық өрнегінің ақиқат кестесін толтырыңыз.

А В С А+В


0 0 0
0 0 1
0 1 0
0 1 1
1 0 0
1 0 1
1 1 0
1 1 1



Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Ондық санау
жүйесіндегі бүтін
санды басқа санау
жүйелеріне және
керісінше аударады
1
Ондық жүйеде берілген санды екілік
санау жүйесіне аудару тәсілін көрсетеді;
1
есептің нәтижесін дұрыс есептейді; 1
ондық жүйеде берілген санды сегіздік
санау жүйесіне аудару тәсілін көрсетеді;
1
есептің нәтижесін дұрыс есептейді; 1
2
он алтылық жүйеде берілген санды ондық
жүйеге аудару тәсілін көрсетеді;
1
9


Page 10

есептің нәтижесін дұрыс есептейді; 1
Логикалық өрнекті
сызбаға және
керісінше
түрлендіреді
3
логикалық өрнектегі дизъюнкция,
инверсия амалдарын логикалық сызбаға
түрлендіреді;
1
логикалық өрнектегі конъюнкция амалын
логикалық сызбаға түрлендіреді;
1
4
логикалық сызбадағы бірінші амалды
өрнекке түрлендіреді;
1
логикалық сызбадағы екінші амалды
өрнекке түрлендіреді;
1
Логикалық
элементтер үшін ақиқат кестесін құрады
5
логикалық сызба бойынша ақиқат
кестесін толтырады;
1
6
ақиқат кестесінің бірінші бағанын
толтырады;
1
ақиқат кестесінің екінші бағанын
толтырады;
1
ақиқат кестесінің үшінші бағанын
толтырады.
1
Барлығы:

14
10


Page 11

«Деректерді ұсыну» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата- аналарға ақпарат беруге арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні _______________________________________



Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Ондық санау жүйесіндегі
бүтін санды басқа санау
жүйелеріне және керісінше
аударады
Ондық санау жүйесіндегі бүтін
санды басқа санау жүйелеріне
және керісінше аудар уда
қиналады



Ондық жүйеде берілген санды екілік
/сегіздік санау жүйесіне /он алтылық
жүйеде берілген санды ондық
жүйеге аудару тәсілін көрсетуде /
нәтижесін дұрыс есептеуде
қателіктер жібереді



Ондық санау жүйесіндегі бүтін
санды басқа санау жүйелеріне және керісінше дұрыс аударады


Логикалық өрнекті сызбаға
және керісінше түрлендіреді
Логикалық өрнекті сызбаға және
керісінше түрлендіруде қиналады




Логикалық өрнектегі дизъюнкция,
инверсия / конъюнкция амалын
логикалық сызбаға / логикалық сызбадағы бірінші / екінші амалды
өрнекке түрлендіруде қателіктер
жібереді

Логикалық өрнекті сызбаға және
керісінше дұрыс түрлендіреді





Логикалық элементтер үшін
ақиқат кестесін құрады
Логикалық элементтер үшін
ақиқат кестесін құруда қиналады


Логикалық сызба бойынша ақиқат
кестесін /ақиқат кестесінің бірінші /екінші /үшінші бағанын толтыруда
қателіктер жібереді


Логикалық элементтер үшін
ақиқат кестесін дұрыс құрады


11


Page 12

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Алгоритмдеу және программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты 10.5.1.1 Функциялар мен процедураларды пайдаланып
бағдарламалау тілінде код жазу
10.5.1.2 Жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен
функцияларды пайдалану
10.5.1.3 Ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарды
пайдалану
10.5.1.4 Практикалық есептерді шешу үшін сұрыптау
алгоритмдерін іске асыру

Бағалау критерийі Білім алушы
• Функциялар мен процедураларды қолдану
ерекшелігін анықтайды
• Жолдарды өңдейтін функциялар мен
процедураларды қолданады
• Файлдармен жұмыс жасайтын операторларды
ақпаратты оқу және жазу үшін пайдаланады
• Сұрыптау әдісін қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырмалар
1. Max функциясы екі санның максимумын анықтайды. Негізгі программада
max(a,max(b,c)) командасы қызметін анықтаңыз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

2. F процедурасы екі санның максимумын анықтайды. Кодта кеткен қателікті анықтаңыз.
void f(int x, int y)
{
if (x >y
return x ;
else
return y;
}
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

3. Жолдармен жұмыс жасайтын келесі функциялардың қызметін сипаттаңыз.

strcat(s1, s2)
___________________________________________________________________________

strncat (s1, s2, n);
___________________________________________________________________________

12


Page 13

4. Жолдармен жұмыс жасайтын функцияларды пайдаланып, келесі әрекеттерді
орындайтын программалық код үзіндісін жазыңыз.
(i) енгізілген жолдық қатарда «а» әріпі қанша рет кездесетінін анықтаңыз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

(ii) енгізілген екі жолдық қатардың ұзындығын салыстыратын программалық код
жазыңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________

5. Файлдармен жұмыс жасайтын операторларды пайдаланып, екі санның минимумын
анықтайтын программалық код жазыңыз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

6. Сұрыптаудың көпіршікті әдісі қолданылған программалық код үзіндісін толықтырыңыз.

Int temp;
for (int I = 0; I < size – 1; i++) {
for (int j = 0; j < size – I – 1; j++) {
if (arr[j] > arr[j + 1]) {
temp = arr[j];
___________________________
___________________________ } } }






13


Page 14


Бағалау
критерийі
Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Функциялар мен
процедураларды
қолдану
ерекшелігін
анықтайды
1
Функцияны қолдану ерекшелігін
ескеріп, берілген команданың
орындайтын іс-әрекетін анықтайды;
1
2
процедураны қолдану ерекшелігін
ескеріп, қателікті анықтайды;
1
Жолдарды
өңдейтін функциялар мен процедураларды қолданады

3
бірінші функцияның қызметін
сипаттайды;
1
екінші функцияның қызметін
сипаттайды;
1
4 (і)
циклда strlen функциясын қолданады; 1
символды іздеу шарты мен санын
анықтау командасын жазады;
1
4 (ii)
салыстыру шартын дұрыс жазады; 1
шартқа сәйкес орындалатын әрекеттерді
жазады;
1
Файлдармен
жұмыс жасайтын операторларды ақпаратты оқу және жазу үшін пайдаланады
5
енгізу файлын құрады; 1
шығару файлын құрады; 1
екі санның қосындысын анықтайды; 1
нәтижені шығару файлына жазады; 1
енгізу және шығару файлдарын жабады; 1
Сұрыптау әдісін
қолданады
6
бірінші бос орындағы команданы дұрыс
анықтайды;
1
екінші бос орындағы команданы дұрыс
анықтайды.
1
Барлығы: 15
14


Page 15

«Алгоритмдеу және программалау» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата- аналарға ақпарат беруге арналған
рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Функциялар мен процедураларды
қолдану ерекшелігін анықтайды


Функциялар мен
процедураларды қолдану
ерекшелігін анықтауға қиналады


Функцияны қолдану ерекшелігін ескеріп,
берілген команданың орындайтын іс-
әрекетін анықтауда / процедураны
қолдану ерекшелігін ескеріп, қателікті
анықтауда қателіктер жібереді

Функциялар мен
процедураларды қолдану
ерекшелігін дұрыс анықтайды


Жолдарды өңдейтін функциялар
мен процедураларды қолданады





Жолдарды өңдейтін функциялар
мен процедураларды қолдануға
қиналады


Бірінші /екінші функцияның қызметін
сипаттауда / циклда strlen функциясын
қолдануда / символды іздеу шарты мен
санын анықтау командасын жазуда
қателіктер жібереді

Жолдарды өңдейтін
функциялар мен
процедураларды дұрыс
қолданады


Файлдармен жұмыс жасайтын
операторларды ақпаратты оқу және жазу үшін пайдаланады



Файлдармен жұмыс жасайтын
операторларды ақпаратты оқу
және жазу үшін пайдалануда
қиналады


Енгізу /шығару файлын құруда / екі
санның қосындысын анықтауда /
нәтижені шығару файлына жазуда /енгізу
және шығару файлын жабуда қателіктер
жібереді

Файлдармен жұмыс жасайтын
операторларды ақпаратты оқу және жазу үшін дұрыс
пайдаланады


Сұрыптау әдісін қолданады


Сұрыптау әдісін қолдануға
қиналады

Бірінші /екінші бос орындағы команданы
анықтауда қателіктер жібереді

Сұрыптау әдісін дұрыс
қолданады

15


Page 16

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Веб-жобалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты 10.4.2.1 Web-парақшаларды әзірлеуде HTML-тегтерін
қолдану
10.4.2.2 W eb-парақшаларды жасауда CSS қолдану
10.4.2.4 Веб-бетте мультимедиа нысандарын енгізу
үшін HTML тегтерін қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы
• HTML-тегтері мен CSS қолдану арқылы web-
парақшаларды әзірлейді
• HTML-тегтерін қолданып веб -бетке
мультимедиа нысандарын қояды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырмалар

1. Төменде берілген кодқа қарап веб-парақша мазмұнын салыңыз.












2. Берілген кесте құратын код үзіндісін толықтырыңыз. «Аты» және «Жасы» кестедегі тақырып қатарларын қосатын код жазыңыз.
<table>
_______________________________ _______________________________ _______________________________ _______________________________
<tr>
<td>Арман</td>
<td>25</td>
</tr>
</table> <table>


3. Футбол туралы қызықты мәліметтер жөнінде сайтқа сілтеме жасайтын кодты
толықтырыңыз.
<a _______________="http://faktiler.kz">Фудбол туралы қызықты мәліметтер</a>
16


Page 17

4.CSS-ті қолдану тәсілдері арасында сәйкестік орнатыңыз.
Кірістірілген
CSS (Inline CSS)
Ішкі CSS
(Internal CSS)
Сыртқы CSS
(External CSS)

5.Веб-бетке сурет қою командасын толықтырыңыз.
<body>
<
h2>
Ерекше архитектура</h2>
<__________________="pic_trulli.jpg" alt="Trulli" width="500" height="333">
</body>
6.Берілген youtube видеоларын веб-бетте ойнату кодтарын салыстырыңыз,
айырмашылығын анықтаңыз.
1
2
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
17


Page 18

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
HTML-тегтері мен
CSS қолдану арқылы
web-парақшаларды
әзірлейді
1
<h2> </h2> мазмұнын дұрыс анықтайды; 1
<ul> </ul> мазмұнын дұрыс анықтайды; 1
<li> </li> мазмұнын дұрыс анықтайды; 1
2
«Аты» тақырып қатары үшін кодты дұрыс
жазады;
1
«Жасы» тақырып қатары үшін кодты
дұрыс жазады;
1
3 сайтқа сілтемені дұрыс көрсетеді; 1
4
кірістірілген CSS қолдану тәсілін
анықтайды;
1
ішкі CSS қолдану тәсілін анықтайды; 1
сыртқы CSS қолдану тәсілін анықтайды; 1
HTML-тегтерін
қолданып веб-бетке
мультимедиа
нысандарын қояды
5 сурет қою тегін анықтайды; 1
6
бірінші youtube видеоларын веб-бетте
ойнату кодының ерекшелігін анықтайды;
1
екінші youtube видеоларын веб-бетте
ойнату кодының ерекшелігін анықтайды.
1
Барлығы: 12
18


Page 19

«Веб-жобалау» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата- аналарға ақпарат беруге арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні _______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
HTML-тегтері мен CSS қолдану
арқылы web-парақшаларды
әзірлейді
HTML-тегтері мен CSS қолдану
арқылы web-парақшаларды
әзірлеуде қиналады
<h2> </h2> /<ul> </ul> /<li> </li>
мазмұнын анықтауда / «Аты» / «Жасы»
тақырып қатары үшін кодты жазуда /
сайтқа сілтемені көрсетуде /кірістірілген
CSS /ішкі CSS / сыртқы CSS қолдану
тәсілін анықтауда қателіктер жібереді
HTML-тегтері мен
CSS қолдану арқылы web-
парақшаларды дұрыс әзірлейді
HTML-тегтерін қолданып веб-
бетке мультимедиа нысандарын
қояды
HTML-тегтерін қолданып веб-
бетке мультимедиа нысандарын қоюға қиналады
Сурет қою тегін /бірінші /екінші youtube
видеоларын веб-бетте ойнату кодының
ерекшелігін анықтауда қиналады
HTML-тегтерін қолданып веб-
бетке мультимедиа
нысандарын дұрыс қояды
19


Page 20

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ақпараттық жүйелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.3.1.4 Bigdata-ны пайдалануда оң және теріс
әсерлерін бағалау
10.3.2.1 Деректер қоры жолдарының мәліметтер типін
анықтау (SQL);
10.3.1.3 Деректер қорында бірінші кілтті анықтау
10.3.3.1 Конструкторды пайдаланып іріктеу сұрауын
құру
10.3.3.2 Web-беттердің деректер базасымен
байланысын орнату
Бағалау критерийі Білім алушы
•Bigdata-ның артықшылығы мен кемшілігін
бағалайды
•Деректер қорының мәліметтер типін анықтайды
•Деректер қорының кілттік өрісін анықтайды
•SQL сұранысты конструктор арқылы жүзеге
асырады
•Веб-бетті деректер қорымен байланыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1.Төменде Bigdata туралы мәліметтер берілген. Артықшылығы мен кемшілігін
анықтаңыз.
A. Үлкен ақпаратты талдау инновациялық шешімдерді табады
B. Үлкен ақпаратты талдау нәтижесінде алынған үлкен нәтижелер жаңылыстыруы мүмкін
C. Үлкен ақпаратты талдау құпиялылықты сақтамайды
D. Ғылым мен зерттеуді жақсартуға көмектеседі
E. Көп мөлшердегі мәліметтер құрылымданбаған
F. Бір платформа шексіз ақпаратқа ие
G. Үлкен ақпаратты сақтау орындары қымбат болуы мүмкін
H. Үлкен ақпаратты жылдам жаңалау нақты сандарға сәйкес келмеуі мүмкін
Артықшылығы Кемшілігі
А
2.Компания өзінің берілгендер қорында клиенттері туралы толық ақпаратты
сақтайды. Берілгендер қорындағы келесі өрістер үшін берілгендер типін анықтаңыз.
Өріс атау Берілгендер типі
ҚР азаматы
Телефон нөмірі
20


Page 21

3.Реляциондық берілгендер қорының Жеткізуші және Өнім кестелері берілген.
Өнім кестесі үшін кілттік өрісті анықтаңыз және өз таңдауыңызды негіздеңіз.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4.SQL-де жазылған сұранысты конструктор арқылы жүзеге асырыңыз .
SELECT Өнім.Атауы, Өнім.Бағасы, Жеткізуші.ПоштаКоды
FROM Өнім , Жеткізуші
WHERE Өнім .Бағасы > 100 AND Жеткізуші .Аты-жөні = ‘Пернебаев Ж’
5.Сұраныс нәтижесінде пайда болатын кестені анықтаңыз, суретін салыңыз.
6.Веб-бетті деректер қорымен байланыстыратын код үзіндісін толықтырыңыз.
<?php
$__________________ = "localhost";
$__________________= "username";
$__________________= "";
$__________________="school";
// Create connection
$conn = mysqli_connect($________________, $________________, $________________,
$________________);
?>
21


Page 22

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Bigdata-ның
артықшылығы мен
кемшілігін бағалайды.
1
Bigdata-ның артықшылығын
анықтайды;
1
bigdata-ның кемшілігін анықтайды; 1
Деректер қорының
мәліметтер типін
анықтайды.
2
бірінші өрістің берілгендер типін
анықтайды;
1
екінші өрістің берілгендер типін
анықтайды;
1
Деректер қорының
кілттік өрісін анықтайды. 3
кілттік өрісті анықтайды; 1
өз таңдауын негіздейді; 1
SQL сұранысты
конструктор арқылы жүзеге асырады.
4
бірінші бағанды дұрыс толтырады; 1
екінші бағанды дұрыс толтырады; 1
үшінші бағанды дұрыс толтырады; 1
төртінші бағанды дұрыс толтырады; 1
5
кесте өрістерін анықтайды; 1
кесте мазмұнын дұрыс толтырады; 1
Веб-бетті деректер
қорымен
байланыстырады.
6
бірінші айнымалыны анықтайды; 1
екінші айнымалыны анықтайды; 1
үшінші айнымалыны анықтайды; 1
төртінші айнымалыны анықтайды. 1
Барлығы: 16
22


Page 23

«Ақпараттық жүйелер» бөлімі үшін жиынтық бағалау нәтижесі бойынша ата- аналарға ақпарат беруге арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні _______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Bigdata-ның артықшылығы мен
кемшілігін бағалайды
Bigdata-ның артықшылығы мен
кемшілігін бағалауда қиналады
Bigdata-ның артықшылығы н /
кемшілігін анықтауда қателіктер
жібереді
Bigdata-ның артықшылығы мен
кемшілігін дұрыс бағалайды
Деректер қорының мәліметтер
типін анықтайды
Деректер қорының мәліметтер
типін анықтауда қиналады
Бірінші / екінші өрістің берілгендер
типін анықтауда қателіктер
жібереді
Деректер қорының мәліметтер
типін дұрыс анықтайды
Деректер қорының кілттік өрісін
анықтайды
Деректер қорының кілттік өрісін
анықтауда қиналады
Кілттік өрісті анықтауда / өз
таңдауын негіздеуде қателіктер
жібереді
Деректер қорының кілттік
өрісін дұрыс анықтайды
SQL сұранысты конструктор
арқылы жүзеге асырады
SQL сұранысты конструктор
арқылы жүзеге асыруға қиналады
Бірінші /екінші /үшінші /төртінші
бағанды толтыруда /кесте өрістерін
/мазмұнын толтыруда қателіктер
жібереді
SQL сұранысты конструктор
арқылы дұрыс жүз еге асырады
Веб-бетті деректер қорымен
байланыстырады
Веб-бетті деректер қорымен
байланыстыруда қиналады
Бірінші /екінші /үшінші /төртінші
айнымалыны анықтауда қателіктер
жібереді
Веб-бетті деректер қорымен
дұрыс байланыстырады
23


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!