Ұзақ мерзімді жоспар: | 5 тарау «Бос уақыт және хобби» |
Мұғалім: | Кайбалиева Г.С. |
Күні: |
|
Сыныбы: 5 | Қатысқаны: | Қатыспағаны: |
Сабақ тақырыбы: | Мен бос уақытымды қалай өткіземін? |
Осы сабақ арқылы жүзеге асыратын оқу мақсаттары | 5.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.5.Ж3. Сюжеттегі суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құру |
Сабақмақсаттары | А. Мәтінді оқып, қосымша ақпаратты анықтайды |
| В. Мәтіннен алған ақпараттарды жинақтап,сұрақ құрастырады. |
| С. Түрлі жағдаяттар бойынша ұсынылған сюжетті суреттер арқылы әңгіме құрайды. |
Бағалау критерийі | -Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді,өз көзқарастарын білдіреді. -Ұсынылған суреттерді өмірмен байланыстыра отырып, әңгіме құрайды. |
Тілдік мақсаттар | Мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай қолданады, әңгіме құрылымын сақтайды, сұрақтар қояды. |
Құндылықтарға баулу | Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау қабілетін дамыту |
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану |
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Бос уақытты бағалап, дұрыс ұйымдастыруды біледі. Күн тәртібі туралы жалпы түсініктері бар. |
Сабақта жоспарланған кезеңдер | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы5 мин
| Топқа бөлу 1-топ «Хобби» (сары)2-топ «Демалыс» (жасыл)Жетекші сұрақтар 1.Бос уақытыңызда не істейсіз?2.Қандай пайдалы іспен шұғылданасыңдар?(кітап оқу,дүкен аралау, серуендеу, балық аулау,суға жүзу, театрға бару,доп ойнау, тоғызқұмалақ ойнау, тамақ пісіру)«Ассоцация» әдісі (жеке жұмыс)
| Түрлі түсті қағаздар(стикер)
Қ/б. Мұғалімнің бақылауы бойынша бағалау |
Сабақтың ортасы 20мин
| Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен бос уақытымды қалай өткіземін?»Оқылым тапсырмасы. Негізгі ойды анықтап, өзекті мәселеге 2 сұрақ құрастырыңдар. Дескриптор:1.Мәтінді мұқият оқиды,негізгі ақпаратты анықтайды.2. Негізгі мәселеге 2 сұрақ құрастырады. Әдісі:Ойлан. Жұптас. БөлісОқушы әрекеті: Топ мүшелері мәтін мазмұнымен таныса отырып, әрқайсысы өз сұрақтарын құрастырады.Оны топта талқылап,маңызды деп тапқандарын келесі топқа қояды.Кітап оқу – босқа уақыт өткізу емес, кітап – адамның ең тамаша қорегі әрі кеңес беретін бірден-бір ақылшысы мен досы. Ол тілімізді, ділімізді, дінімізді және де қиял-күшімізді өз қалпында ұстап, ойлау қабілетімізді дамытады.Спортпен шұғылдану –адамды әрдайым сергек етіп тұратын, науқастануға қарсы қолданатын табиғи шұғылданыстың бір түрі.
2-тапсырма.Жазылым тапсырмасы 1-топ Берілген суреттер бойынша 3 сөйлем құраңыз2-топ «Менің бос уақытым» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.
Бағалау критерийі: 1.Суреттің мазмұнын ашатын 3 сөйлем құрастырады.2.Тақырыпқа сай, 5-6 сөйлемнен тұратын әңгіме жазады.
Оқушы әрекеті:Оқушылар өз қалауы бойынша тапсырманы жазбаша орындайды,оны өзара талқылайды.«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі бойынша топтан бір оқушы ортаға шығып оқиды, қалғандары сұрақ қойып әңгімені талқылайды.
|
Қ/ бағалау Мадақтау сөздер арқылыЖарайсың! Керемет!Ойыңды жақсы жеткіздің!
ҚБ: Қол шапалақтау. |
Сабақтың соңы10 мин
Кері байланыс5 мин | Жуан, жіңішке сұрақтар:Балалар, адам ештеңемен шұғылданбаса, ешнәрсемен айналыспаса, ол қандай адам? Қандай жағдай орын алады деп ойлайсыңдар?2.«Жалпы адамдар бос уақыттарын қызықты, пайдалы өткізу керек» дегенді сіз қолдайсыз ба?3. Бос уақыттың адам өміріне әсері қандай?Адам бос уақытында өз қызығушылығына сәйкес келетін істермен айналысса адамға үлкен шабыт беретінін,өмірге құлшындыратынын түсіндік.Кері байланыс«Бір ауыз сөз» Оқушылар стикерге бір ауыз сөзбен бүгінгі сабақ туралы ойларын жазады.(ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, есте сақтадым) |
Қ/б Мұғалімнің бақылауы бойынша
Кері байланыс орнатады
|